Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысқандарға және Чернобыль атом электростанциясының апатынан және басқа да радиациялық апаттардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға әлеуметтiк төлемдер төлеу қағидалары туралы

Күшін жойған

Екібастұз қалалық әкімиятының 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 60/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2004 жылғы 12 ақпанда N 2277 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2005 жылғы 23 мамырдағы N 332/6 қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2005 жылғы 23 мамырдағы N 332/6 қаулысымен.

            Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облысы "Чернобыль одағы" қоғамдық бiрлестiгiнiң үндеуiн ескере отырып және Чернобыль атом электростанциясы апаты салдарынан зардап шеккен тұлғаларды әлеуметтiк қолдау үшiн, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Чернобыль атом электростанциясының апатынан және басқа да радиациялық апаттардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға және Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысқандарға әлеуметтiк төлемдер төлеу қағидалары   бекiтiлсiн (бұдан әрi - Қағида).
      2. "Екiбастұз қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қағидаларға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi төлесiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Ғ.Ш.Балтабековаға жүктелсiн.

      Екiбастұз
      қаласының әкiмi В.Набитовский

Екiбастұз            
қаласы әкiмдiгiнiң        
2004 жылғы "26" қаңтардағы  
"Чернобыль атом электростанциясы
апаты зардабын жоюға қатысқандарға
және Чернобыль атом электростанциясының
апатынан және басқа да радиациялық апаттардың
салдарынан зардап шеккен тұлғаларға әлеуметтiк
төлемдер төлеу қағидалары туралы"
60/2 қаулысымен бекiтiлдi    

Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысқандарға және Чернобыль атом электростанциясының апатынан және басқа да радиациялық апаттардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға әлеуметтiк төлемдер төлеу қағидалары туралы Қағидалар

      1. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес Чернобыль атом электростанциясының апатынан және басқа да радиациялық апаттардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға және Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысқандарға әлеуметтiк төлемдер төлеу ретiн анықтайды.
      2. Чернобыль атом электростанциясының апатынан және басқа да радиациялық апаттардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға және Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысқандарға әлеуметтiк төлемдер төлеу белгiленген үлгiдегi өтiнiштер бойынша (1, 2 қосымшалар) "Екiбастұз қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiмен жүргiзiледi.
      Өтiнiшпен бiрге мына құжаттар қоса берiледi:
      1) тұрғылықты мекен-жайынан анықтама;
      2) Чернобыль атом электростанциясының апатынан және басқа да радиациялық апаттардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға және Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысқандығы туралы құжаттың көшiрмесi;
      3) жеке куәлiк көшiрмесi;
      4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмірi (РНН);
      5) почта бөлiмшесi көрсетiлген жеке есеп шот нөмiрi;
      6) облыстық диагностикалық орталыққа тексерiлуге барған жағдайда, облыс орталығына барып қайтуға пайдаланған билеттер (Чернобыль атом электростанциясының апатынан және басқа да радиациялық апаттардың салдарынан зардап шеккен тұлғалар үшiн).
      Әлеуметтiк төлемдер азаматтар барлық қажеттi құжаттарды тапсырған айынан бастап тағайындалады.
      3. Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысушыларға әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi айына қала көлiгiмен жүргенде шығатын шығынның 100% есебiмен анықталады және өткен ай сайын төленiп тұрады (3-қосымша)
      4. Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысушыларға бiр жолға төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi бiр адамға 5000 теңге (3-қосымша).
      5. Чернобыль атом электростанциясының апатынан және басқа да радиациялық апаттардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға және Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысқандарға "Облыстық диагностикалық орталық" мемлекеттiк мекемесi қазыналық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнында үнемi тексеруден өту үшiн облыс орталығына барып-қайтуға кеткен жол шығыны төленедi (3-қосымша).
      6. Төлем ақша қаражатының өтiнiш берушiнiң есеп шотына почта бөлiмшесiне аударылу жолымен төленедi.
      7. Әлеуметтiк төлемдердi қаржыландыру жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен жылдық бюджет аясында жүргiзiледi.

Чернобыль атом электростанциясының
апатынан және басқа да радиациялық
апаттардың зардабынан азап шеккен
тұлғаларға және Чернобыль атом
электростанциясы апаты зардабын
жоюға қатысушыларға әлеуметтiк
төлемдер ережелерiне   
1-қосымша         

Екiбастұз қаласы халықты әлеуметтiк
қорғау басқармасының бастығына

      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________

                              мекен жайы ___________________________

      РНН________________________________
      Есеп шот № ________________________
      Почта бөлiмшесi____________________

ӨТIНIШ

      Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабынан азап шеккен тұлға ретiнде қала көлiгiнде жүруге бiр жолға берiлетiн ақшалай төлемақы тағайындауыңызды сұраймын. Өтiнiшке қоса:
      1. Тұрғылықты мекен-жайдан анықтама
      2. Чернобыль атом электростанциясының апатынан және
      басқа да радиациялық апаттардың зардабынан азап шеккен
      тұлға екендiгi және Чернобыль атом электростанциясы апаты
      зардабын жоюға қатысқандығы туралы құжаттың көшiрмесi
      3. жеке куәлiктiң көшiрмесi
      4. салық төлеушiнiң тiркеу нөмірi (РНН)
      5. почта бөлiмшесi көрсетiлген жеке шот нөмірi

      күнi, айы, жылы__________                      Қолы_________

Чернобыль атом электростанциясының
апатынан және басқа да радиациялық
апаттардың зардабынан азап шеккен
тұлғаларға және Чернобыль атом
электростанциясы апаты зардабын
жоюға қатысушыларға әлеуметтiк
төлемдер ережелерiне   
2-қосымша        

      Екiбастұз қаласы халықты әлеуметтiк
қорғау басқармасының бастығына    

  мекен жайы ________________________

РНН________________________
Есеп шот № ________________
Почта бөлiмшесi____________

ӨТIНIШ

      Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабынан азап шеккен тұлға ретiнде облыс орталығына барып- қайту өтемiн төлеуiңiздi сұраймын. өтiнiшке қоса:
      1. тұрғылықты мекен-жайдан анықтама
      2. Чернобыль атом электростанциясының апатынан және
      басқа да радиациялық апаттардың зардабынан азап шеккен
      тұлға екендiгi және Чернобыль атом электростанциясы апаты
      зардабын жоюға қатысқандығы туралы құжаттың көшiрмесi
      3. жеке куәлiктiң көшiрмесi
      4. салық төлеушiнiң тiркеу нөмірi (РНН)
      5. почта бөлiмшесi көрсетiлген жеке шот нөмірi
      6. облыс орталығына барып-қайту билетi

күнi, айы, жылы__________ Қолы_________

Чернобыль атом электростанциясының
апатынан және басқа да радиациялық
апаттардың зардабынан азап шеккен
тұлғаларға және Чернобыль атом
электростанциясы апаты зардабын
жоюға қатысушыларға әлеуметтiк
төлемдер ережелерiне    
3-қосымша           

Чернобыль атом электростанциясының апатынан және басқа да радиациялық апаттардың зардабынан азап шеккен тұлғаларға және Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысушыларға жеңiлдiк беру үшiн, қаржы шығыны
есебi

      2003 жылдың 24 желтоқсаны бойынша Екiбастұз аймағында Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысушылар саны 15 адам, Чернобыль атом электростанциясы және басқа да радиациялық апаттар зардабынан азап шеккен тұлғалар 40 адам, оның - 8 адамы ауылдық аймақта тұрады.
      Жоғарыда көрсетiлген санаттарға жеңiлдiк беру үшiн қаржы шығыны есебi:
      1. Чернобыль атом электростанциясы апатын жоюға қатысқандардың барлығына қала көлiгiнде тегiн жүру
      Шығын есебi: 14400х15 адам = 216000 теңге,
      14400 теңге бiр жылдық билет құны
      2. Адам басына 5000 теңге мөлшерiнде бiр жолға берiлетiн жәрдемақы төлеу
      Шығын есебi: 5000х15 адам = 75000 теңге
      3. Чернобыль атом электростанциясы және басқа да радиациялық апаттан азап шеккен тұлғаларға тоқсанына бiр рет қазыналық коммуналды "Облыстық диагностикалық орталық" мемлекеттiк мекемеге үнемi қаралуы үшiн облыс орталығына барып-қайту жол шығынына 600 теңге төлеу.
      Жылдық шығын есебi:
      40 адам х 600 теңге х 4 рет = 96000 теңге, мұнда 600 теңге
      облыс орталығына 1 рет барып-қайту жол құны.
      Шығын есебi ауыл аймағында тұратын тұлғалардың (8 адам) Екiбастұз қаласына дейiнгi жол шығынынсыз есептелген.
      Барлығы: 2004 жылы көрсетiлетiн жәрдемақы сомасы 387000 теңге.
      Шығын есебi 2003 жылдың 24 желтоқсаны бойынша баға құнымен есептелген.
      Чернобыль атом электростанциясы апатын жоюға қатысушылар мен Чернобыль атом электростанциясы апатынан зардап шеккен тұлғалар санын Павлодар облысы Республикалық мемлекеттiк қазыналық мекеме" Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және еңбек Министрлiгiнiң зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталығы" Екiбастұз қалалық бөлiмшесi бердi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады