"Қалаға сіңірген еңбегі үшін" белгісімен наградталған Екібастұз қаласы азаматтарына әлеуметтік төлем төлеудің Қағидалары туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімиятының 2004 жылғы 7 сәуірдегі N 177/4 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 5 мамырда N 2423 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 447/8 қаулысымен

       Есерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 447/8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес және "Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн" белгiсiмен наградталған азаматтардың қаланың дамуы мен қалыптасуына қосқан зор үлесiн ескере отырып, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн" белгiсiмен наградталған азаматтарға әлеуметтiк төлем төлеу туралы Қағида (бұдан былай - Қағида, қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. "Екiбастұз қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Қағидаларға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi төлесiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Ғ.Ш.Балтабековаға жүктелсiн.
      4. Аталмыш қаулы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеуден өткен соң және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн күшiне енедi.

      Екiбастұз қаласының әкiмi В.Набитовский

Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң    
2004 жылғы 7 сәуірдегі      
      "Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн"   
      белгiсiмен наградталған Екiбастұз қаласы
      азаматтарына әлеуметтiк төлем төлеудiң
      Қағидалары туралы"       
      N 177/4 қаулысымен       
      бекiтiлген           

"Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн"
белгiсiмен наградталған Екiбастұз қаласы
азаматтарына әлеуметтiк төлем төлеу туралы
Қ А Ғ И Д А

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148 Заңына сәйкес жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтарға әлеуметтiк төлемдер төлеудiң тәртiбiн анықтайды.
      2. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау "Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн" белгiсiмен наградталған тұлғалардың белгiленген үлгiдегi өтiнiштерi бойынша (1-қосымша) "Екiбастұз қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiмен орындалады.
      Өтiнiшке:
      1) тұрғылықты жерiнен анықтама;
      2) наградталғанын растайтын құжат көшiрмесi;
      3) жеке куәлiгi көшiрмесiмен;
      4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      5) банк филиалы көрсетiлген жеке есеп шот нөмiрi қоса берiледi.
      Әлеуметтiк төлемдер өтiнiш берiлген айдан бастап төленедi.
      3. Бiр адамға айына төленетiн әлеуметтiк төлем мөлшерi қалалық көлiктегi жолақысына, телефон байланысы мен коммуналдық қызметiне өткен жылдың 50 пайызы есебiмен айсайын төленетiн болып анықталады.
      4. Төлем екiншi деңгейдегi банктерде өтiнiш берушiнiң жеке шоттарына ақшалай қаражат аударылу жолымен төленiп отырады.
      5. Әлеуметтiк төлемдi қаржыландыру жергiлiктi өкiлеттi атқару органдарымен бекiтiлген жылдық бюджет аясында жүзеге асырылады.
      6. "Екiбастұз қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз етуге 258-051-000 "Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша қажеттi қаражат туралы қаржы басқармасына ай сайын тапсырыс берiп отырады.

     "Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн"    
белгiсiмен наградталған Екiбастұз қаласы
азаматтарына әлеуметтiк төлем төлеудiң
Қағидаларына            
қосымша              

Халықты әлеуметтiк қорғау 
басқармасының бастығы   
З.Б.Оспановқа      
______________ мекен-жайда
тұрақты тұратын     
      ______________________  
      СТН___________________  
Салым__________________  
      Банк филиалы_________________

      Ө Т I Н I Ш

      "Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн" белгiсiмен наградталған тұлға ретiнде айсайын ақшалай төлем тағайындауыңызды сұраймын. Өтiнiшке қоса:
      - тұрғылықты жерден анықтама;
      - наградталғанын растайтын құжат көшiрмесi;
      - жеке куәлiктi көшiрмесiмен;
      - салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      - банк филиалы көрсетiлген жеке есеп шотты жолдап отырмын.

       Күнi_______________________       Қолы____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады