Ақтоғай ауданының "Құрметті Азаматы" атағын беру жөніндегі Қағида туралы.

Күшін жойған

Ақтоғай аудандық мәслихатының 2004 жылғы 20 мамырдағы N 6/5 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 16 маусымда N 2615 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 4 наурыздағы N 31/4 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 4 наурыздағы N 31/4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабының, 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      Қоса берiлiп отырған "Ақтоғай ауданының құрметтi азаматы" атағын беру туралы Қағида бекiтiлсiн.

      Сессия төрайымы Ү. Келдiбаева

      Аудандық Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов

                          3-шақырылған           
Ақтоғай аудандық Мәслихаттың    
2004 жылғы 20 мамырдағы 5-сессиясының
"Ақтоғай ауданының құрметтi азаматы
туралы"№N 6/5 шешiмiне      
бекiтiлген            

Ақтоғай ауданының құрметтi азаматы атағын беру туралы
ҚАҒИДА

1. Кiрiспе

      1. "Ақтоғай ауданының құрметтi азаматы" атағы мыналарға берiледi:
      1) жоғарғы мемлекеттiк наградалармен марапатталған Ақтоғай ауданының тұрғындары және тума азаматтары - Отан қорғаушыларға;
      2) өзi еңбек еткен кезеңде ауданның дамуына айрықша елеулi үлес қосып, ауылдастарының қадiрiне бөленген, еңбекке деген кiршiксiз адал және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмiрдегi, жас ұрпақты тәрбиелеу iсiндегi белсендi әрекетi үшiн, аудан халқының алдында жоғары бедел және құрметке ие болған, жасы 50 - ге жеткен Ақтоғай ауданының тумалары мен тұрғындарына.
      Әрине олардың барлығы да басқа қалалар мен елдi мекендер "Құрметтi азаматы" атағын иеленбеген болуы тиiс.
      2. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" атағы Ақтоғай аудандық Мәслихаттың сессиясының шешiмiмен берiледi.
      3. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" атағын беру туралы өтiнiш селолық жиын шешiмi негiзiнде селолық округ әкiмдерiнiң, мемлекеттiк мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың, өндiрiстiк кәсiпорындардың коллективтерiнiң жиналысының ұйғарымымен берiлуi мүмкiн.
      4. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматына" куәлiк, құрмет Дипломы мен Белгi табыс етiледi.

2. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы"
дипломының сипаттамасы

      5. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" дипломы қатқыл ақ қағаздан жасалады. Мұқабасында қазақ және орыс тiлдерiнде "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" атты жазуы болады. Дипломның iшкi бетiнде түрлi-түстi бояумен Қазақстан Республикасының Ел таңбасы және "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" атағын беру туралы аудандық Мәслихат сессиясы шешiмiнiң мәтiнi орын алып, сол жағындағысы қазақша, оң жағындағысы орысша толтырылады.
      Диплом Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалауы түстес арнаулы папкаға салынады.

3. "Ақтоғай ауданының құрметтi азаматы"
Белгiсi туралы

      6. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" Белгiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалауының түсiне келтiрiлiп, көлемi шеңбер болып, металдан дайындалады.
      Белгiде "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" деген қазақ тiлiнде жазу бар.

4. Көрсетiлетiн көмектi беру тәртiбi мен мөлшерi

      7. Аудандық бюджетте қарастырылған "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтiк төлемдер" (258-051) бағдарламасы бойынша жылына бiр рет Ақтоғай ауданының құрметтi азаматына 7,0 (жетi) мың теңге көлемiнде әлеуметтiк жәрдем көрсетiледi.

5. Ақтоғай ауданының құрметтi азаматтарын тiркеу

      8. Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматтарын тiркеу Ақтоғай селосындағы аудандық музейiндегi "Құрмет кiтабында" жазылады.

6. Ақтоғай ауданының "Құрметтi азаматы" атағынан айыру

      9. Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы атағынан аудандық Мәслихат мына жағдайларда айырады:
      1) соттың ұсынысы бойынша заңдылықты белгiленген негiз бен тәртiпте қылмыс жасағаны үшiн сотталған азаматтар;
      2) азаматтық ар-ожданына шүбә келтiретiн қылық жасағанға қоғамдық ұйымдар, азаматтардың ұсыныстары мен аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссиясының қорытындысы бойынша айырылады.
      10. Құрметтi азамат атағынан айырылған тұлға аудандық Мәслихатқа Дипломын, оның куәлiгiн, Белгiсiн қайтарып бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады