Май аудандық мәслихаттың жұмыс Регламентiн бекiту туралы

Күшін жойған

Май аудандық әкімиятының 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 15/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2004 жылғы 5 ақпанда N 2240 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімінің 2007.10.03 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімінің 2007.10.03 хатымен.

      Мәслихат сессияларын, оның органдарының мәжiлістерiн өткiзу тәртiбi, оларға мәселелер енгiзу және сайлау, олардың қызметi туралы есептерiн тыңдау, депутаттардың сұранысын қарау, аппарат жұмысын ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес Май аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Май аудандық мәслихаттың жұмыс Регламентi бекiтiлсiн.
      2. Мемлекеттiк тiркеуден өтiп келген соң 2004 жылдың 15 қаңтардағы N 15/5 шешiмi аудандық "Шамшырақ" газетiнiң 2 аптаның iшiнде басылсын.

      III-шақырылған аудандық
      мәслихаттың ү-сессиясының
      төрағасы Т.Тұяқбаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Р.Бектемiров

Аудандық Мәслихаттың  
2004 жылғы 15 қаңтардағы 
III-шақырылған V-сессиясы
"Май аудандық мәслихаттың
жұмыс Регламентiн бекiту
туралы" N 15/5 шешiмiмен
бекiтiлдi       

РЕГЛАМЕНТI

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Май аудандық мәслихаты аудан тұрғындарымен сайланатын, олардың ерiгiн бiлдiретiн және ортақ мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны жүзеге асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және iске асырылуын қадағалайтын сайланбалы орган болып табылады.
      Аудандық мәслихат пен оның органдарының жұмыс тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңымен аудандық мәслихаттың шешiмдерiмен белгiленедi.
      2. Аудандық мәслихаттың қызметi мәселелердi ұжыммен еркiн талқылап шешу, жариялылық, жауапкершiлiк және аудандық мәслихат алдынан онымен құрылатын органдарымен, сайланатын және тағайындалған лауазымды адамдарымен есеп беру, азаматтарды мемлекеттiк iстердi басқаруға кеңiрек тарту, қоғамдық пiкiрлердi тұрақты есепке алу негiзiнде жүргiзiледi.
      3. Осы Регламент мәслихаттың сессияларын, оның органдарының мәжiлiстерiн өткiзу, оларға мәселелердi шығарып қарау, мәслихаттың органдарын құру және сайлау, олардың жұмысы туралы есептерiн тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау, сондай-ақ дауыс берудiң, аппараттың жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн және басқа рәсiм және ұйымдастыру мәселелерiн белгiлейдi.
      4. Аудандық мәслихат пен оның органдары қызметiнiң ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн, депутаттарға өкiлеттiлiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетудi аудандық мәслихаттың аппараты iске асырады.
      5. Аудандық мәслихаттың iс жүргiзуi мен мәслихатқа түсетiн хат-хабарлардың өңдеуi аппаратқа жүктеледi және Қазақстан Республикасының «әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының, басқа нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес әзiрленетiн және мәслихат хатшысымен бекiтiлетiн тәртiпте iске асырылады.

2. Аудандық мәслихат сессиясының шақырылуы
мен жұмыс тәртiбi

      6. Аудандық мәслихаттың сессиясының шақыруы мен жұмыс тәртiбi Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 10, 11 баптарына сәйкес iске асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының (бұдан әрi - Заң) 10 бабына сәйкес мәслихаттың кезектен тыс сессиясы бұл мәслихатқа сайланған үштен бiр санынан кем емес депутаттардың, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
      8. Кезектен тыс сессияда оның шақырылуына себеп болған мәселелер ғана қаралуға ықтимал.
      9. Аудандық мәслихатпен қаралатын негiзi мәселелер бойынша шешiмдердiң жобалары және сессияның басқа материалдарды депутаттар мен аудан әкiмiне сессияға бес күннен кем емес қалғанға дейiн, ал кезектен тыс сессия шақырылатын жағдайда, үш күннен кем емес қалған мерзiмге дейiн жiберiледi.
      10. Депутаттар сессияның жұмысында қатысуға мiндеттi. Егер депутат өз мiндеттемелерiн жүйелi ретте орындамаған, оның iшiнде мәслихат сессиясының пленарлық мәжiлiстерiне дәлелсiз себептермен үш сессияға қатарынан себепсiз қатыспаған болса, сессия депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға құқылы.
      11. Сессияның жұмысын ұйымдастыру жағынан төрағалық етушiге көмек көрсету үшiн депутаттардың арасынан секретариат сайланады. Секретариат сессияда депутаттардың өкiлеттiк мерзiмiне ашық дауыс беру жолымен сайланады. Оның дербес құрамы бойынша ұсыныстар төрағалық етушiмен немесе депутаттармен енгiзiледi.
      12. Секретариат сессияның стенограммасын жүргiзудi ұйымдастырады, сөз сұрағандардың тiзiмiн жасайды, сессиясының құжаттары ретiнде депутаттық сұрауларды анықтамаларды, өтiнiштердi, ұсыныстарды және депутаттардың басқа материалдарын тiркейдi, сессияның атына түскен азаматтардың өтiнiштерiн қарау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
      Өтiнiштер және жарыссөзде сөз сұрағандардың өтiнiштерi секретариатқа жiберiледi, онда түскен ретте нөмiрi берiлiп, төрағалық етушiге жiберiледi.
      13. Аудандық мәслихаттың мәжiлiстерi мемлекеттiк және орыс тiлiнде өтедi.
      14. Әр сессияда өзiнiң жұмыс тәртiбi бекiтiледi, онда:сессияларда баяндама жасау үшiн 30-40 минөтке дейiн, қосымша баяндамалар жасауға- 10 минөтке дейiн уақыт берiледi.
      Жарыссөздерде сөз алғандарға 5 минөтке дейiн, жарыссөздерде қосымша сөз алу, сондай-ақ шешiмдердiң жобасын талқылау үшiн минөтке дейiн, кандидатуралар, мәжiлiстi жүргiзу тәртiбi, дауыс берудiң себебi бойынша сөз алу, сұраулар жасау, сұрақтар қою, ұсыныстар мен өтiнiштер, анықтамалар үшiн 3 минөтке дейiн уақыт берiледi. Төрағалық етушi депутаттар көпшiлiгiнiң келiсiмiмен мәжiлiс барысында сөз сөйлеудiң уақытын ұзарта алады. Жарыссөз аяқталғаннан соң баяндамашы мен қосымша баяндама жасаушы қорытынды сөз айтуға құқылы.
      15. Депутат бiр және сол мәселе бойынша екi реттен аса сөз сөйлей алмайды. Баяндамашыға қойылған сұрақтар жазбаша түрде немесе орнынан қойылады.
      16. Сессияда сөз сөйлеушiлерге өзiнiң сөзiн деректі түрде құруына немесе заңсыз әрекет жасауға шақыруға болмайды. Ондай жағдайда төрағалық етушi осындай сөздер мен қылықтарды болдырмау жөнiнде ескерту жасауға құқылы. Екi рет ескерту жасалғаннан кейiн сөз сөйлеушiге сөз берiлмейдi.
      17. Депутат төрағаның рұқсатымен ғана сөз сөйлей алады және талқыланатын мәселеден ауытқуға тиiс емес. Егер жұмыс тәртiбi бұзылса,төрағалық етушi оған ескерту жасауға тиiс. Егер сөз сөйлеуге мүмкiндiк болса, депутаттардың сөз мәтiнi, олардың келiсiмi бойынша сессияның стенограммасына енгiзуге тиiс.
      18. Жарыссөздi тоқтату сессияның шешiмi бойынша ашық дауыс беру жолымен сессияда қатысып отырған депутаттардың жай басылым дауысымен тоқтатылады.

3. Дауыс беру мен шешiм қабылдау тәртiбi

      19. Сессияда әдеттегiдей, дауыс ашық жолымен берiледi. Сессияға қатысып отырған жалпы депутаттар санынан жай ғана басым түрдегi ашық дауыс беру жолымен:
      1) сессияның жұмыс басталуы анықталады;
      2) сессияның аяқтау уақыты белгiленедi;
      3) сессияның күн тәртiбi бекiтiлінедi;
      осы сессияның жұмыс тәртiбi бекiтiледi;
      сессия мәжiлiсiнiң ашық немесе жабық өткiзiлуi жөнiнде шешiм қабылданады есепшелерi сайланады;
      4) жарыссөз тоқтатылады;
      5) дауыс беру тәртiбi анықталады (ашық, жасырын);
      6) тексеру комиссияның құрамы сайланады;
      7) тексеру комиссияның төрағасы сайланады;
      8) тұрақты комиссиялар мен олардың құрамы құрылады;
      9) тұрақты комиссияларының төрағалары бекiтiледi;
      10) жасырын дауыс өткiзу және қорытындысын айқындау үшiн есеп комиссиясы мен оның құрамы сайланады;
      11) есеп комиссиясының шешiмi қабылданады;
      12) есеп комиссиясының хаттамасы бекiтiледi;
      13) сессияның шешiмдерi қабылданады;
      14) регламенттiң жобасын дайындайтын, оған толықтырулар, өзгертулер енгiзетiн жұмыс комиссия құрылады;
      15) кезектi сессияның төрағасы сайланады.
      20. Ашық дауыс беру кезiнде дауыстарды есептеу есеп комиссиясына тапсырылады, оның құрамын сессия белгiлейдi.
      Ашық дауыс берудiң алдында төрағалық етушi дауысқа салынған ұсыныстардың санын көрсетедi, олардың формулировкасын анықтайды, шешiмдi қабылдау тәртiбiн еске салады.
      Дауыс беру дауыс берушiлердi есептемей, жағдайды ескеру жолымен өткiзiлуi мүмкiн. Ашық дауыс беру кезiнде әрбiр депутат бiр дауысқа ие болады және оны «жақтау» және «қарсы» етiп бередi немесе қалыс қалады.
      21. Жасырын немесе ашық дауыс беру жолымен:
      - мәслихат хатшысын сайлау туралы сессияның шешiмi қабылданады, егер бұны жалпы санының жартысынан асатын сайланған депутаттар талап етсе.
      22. Жасырын дауыс беру жолысымен:
      мәслихаттың өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылданады.
      23. Жасырын дауыс берудi ұйымдастыру және оның қорытындысын анықтау үшiн сессия депутаттар арасынан ашық дауыспен есеп комиссиясын сайланады. Есеп комиссиясы өз құрамынан комиссиясның төрағасы мен хатшысы сайлайды. Есеп комиссиясы өз құрамынан комиссиясының шешiмi оның мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
      24. Дауыс берудiң уақыты мен орнын, өткiзу тәртiбiн есеп комиссиясы осы Регламенттiң негiзiнде белгiлейдi және оны есеп комиссиясының төрағасы жариялайды.
      25. Жасырын дауыс берудiң сайлау парақшалары депутаттығын немесе жеке өзiн куәландыратын куәлiктерi бойынша таратылады.
      26. Жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша есеп комиссиясы хаттама жасайды. Оған есеп комиссиясының барлық мүшелерi қол қояды. Есеп комиссия төрағасының баяндамасы бойынша сессия ашық дауыспен есеп комиссиясының хаттамасы бекiтiледi және дауыс берудiң қорытындысы бойынша шешiм қабылдайды.
      27. Депутаттардың бастамасы бойынша аттары жазылған сайлау парақшалары арқылы беру туралы шешiм ашық дауыспен қабылданады.
      28. Аудандық мәслихаттың депутаты өзiнiң жеке дауыс берудi құқығымен пайдаланады. Дауыс беру құқығын басқа бiреуге тапсыруға болмайды. Дауыс беру кезiнде болмаған депутат дауыс берудiң қорытындысы жасалғаннан кейiн дауыс бере алмайды. Тұрақты комиссиясының тапсырысы бойынша сөз алатын депутаттарға сөз кезектен тыс берiледi.
      29. Дауыс берудi өткiзу тәртiбi мен тәсiлдерiнде қателер болғаны анықталса, сессияның шешiмiнен қайта дауыс беру өткiзiледi.
      30. Заңның 11 бабына сәйкес жабық сессияларды өткiзу мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихаттың сессиясында қатысып отырған үштен бiр депутаттарының ұсынысы бойынша қабылданатын шешiммен рұқсат болады, егер бұл үшiн қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе.
      31. Мәслихат сессияларының жұмысында одан бұрын сессияның төрағасымен және мәслихат хатшысымен бекiтiлген тiзiм бойынша (немесе шақырылғандардың тiзiмi) кеңесшi дауыс құқығымен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, облыстық мәслихат депутаттары әкiм, аудан әкiмиятының мүшелерi, басқа лауазымды адамдар, кәсiпорындардың, ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатыса алалы.

4. Тұрақты комиссияларды құру және сайлау тәртiбi

      32. Мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары өз мiндеттерiн Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 14 және 17 баптарына сәйкес атқарады.
      33. Тұрақты комиссиялар сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясында төрағасы мен мүшелерi бар құрамында құрылады. Өкiлеттi мерзiм iшiнде мәслихат олардың құрамына өзгертулер енгiзе алады, қажет болған жағдайда жаңа тұрақты комиссиялар құруға, бұрын құрылған комиссияларды жоюға немесе қайта құруға болады.
      34. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған аудандық мәслихаттың алдынан жауапты болады және есеп бередi.
      Аудандық мәслихаттың хатшысы және ұйымдастыру бөлiмi тұрақты комиссиялардың жұмысын үйлестiредi және iс-тәжірибелiк көмек көрсетедi.
      35. Тұрақты комиссиялар өзiнiң жұмысын комиссия мәжiлiсiнде бекiтiлген жоспарлар негiзiнде жүргiзедi. Тұрақты комиссиялардың мәжiлiстерi қажеттiгiне қарай тоқсанында бiр реттен кем емес шақырылады және сессия өтетiн күнi немесе сессия аралығында өткiзiледi.
      36. Тұрақты комиссиялардың мәжiлiсiнде сол комиссияның мүшесi болып табылмайтын депутаттар, мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлерi кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.
      37. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 13 бабына сәйкес тұрақты комиссиялар өз бастамасы немесе мәслихаттың шешiмi бойынша оның қарамағына жататын және қоғамдық жергiлiктi өкiмет және басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктерiнiң, бұқаралық ақпарат құралдарының, аймақтық өзiн өзi басқару органдарының, еңбек ұжымдарының шақырылуымен көпшiлiк тыңдаулар ұйымдастыра алады (көпшiлiк тыңдауларға өкiлдер жөнiнде ұжымдар өздерi шешедi).
      Комиссия әлеуметтану қызметтер арқылы қоғамдық мүдделi мәселелер туралы тұрғындардың пiкiрiн зерттеп бiлуге және газет арқылы хабарлауға құқылы.
      38. Бiрнеше тұрақты комиссиялардың бiрлескен мәжiлiсiн өткiзгенде қаулылар әр комиссиясының қатысқан мүшелер санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
      39. Тұрақты комиссиялардың қаулыларға тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.
      40. Аудандық мәслихат немесе хатшы мәслихаттың қарамағына жататын кез келген мәселелер бойынша уақытша жұмыс комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың мақсаты мен жұмыс тәртiбi оларды құрған кезде аудандық мәслихаттың сессиясымен белгiленедi және ол мәслихаттың сессиясына есеп бередi.
      41. Мәслихаттың уақытша комиссиялар, басқа да комиссиялар сияқты, мемлекеттiк және қоғамдық органдардан, облыс аумағында орналасқан кәсiпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұрап алуға, өз құзыретi шегiнде мәселелердi зерттегенде сарапшылар мен мамандарды тартуға құқылы, аудандық мәслихаттың сессиясымен берiлген басқа өкiлеттiктерi бар.
      Комиссияның қызметiне кедергi жасайтын лауазымды адамдар қолданылып жатқан заңнамаға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
      42. Комиссия өз жұмысының нәтижесi бойынша аудандық мәслихаттың сессиясына құрылған мәселеге байланысты қорытынды жасап бередi. Ерекше пiкiрi бар комиссияның мүшесi, оны сессияда жариялауға құқылы. Комиссиясының қорытындысы бойынша аудандық мәслихаттың сессиясы шешiм қабылдайды.

5. Аудандық мәслихаттың хатшысы

      43. Заңның 19 бабына сәйкес мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды тұлға болып табылады.
      Ол сессияда депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру жолымен қатысқан депутаттар жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады және қызметiнен босатылады.
      44. Мәслихаттың қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөнiндегi ағымдағы жұмысын мәслихаттың хатшысы атқарады.
      45. Хатшының лауазымды кандидатурасына аудандық мәслихаттың депутаттары ұсынады.
      Мәслихат хатшысының лауазымына кандидат сессияның алдынан алдағы қызметiнiң бағдарламасын баяндап бередi. Әр депутат кандидатқа сұрақтар қоюға, өз ұсыныстары мен тiлектерiн айтуға құқылы. Кандидаттардың талқылануы мәслихаттың шешiмi бойынша тоқтатылады.
      46. Аудандық мәслихаттың хатшысы, егер дауыс беруде депутаттардың жалпы санынан көпшiлiгi қатысқанда сайланды деп саналады.
      47. Аудандық мәслихаттың хатшысы болмағанда, оның өкiлеттiгiн уақытша мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша тұрақты комиссиялар төрағаларының бiрi атқарады.
      48. Егер аудандық мәслихаттың хатшысы өз мiндеттерiн тиiстi атқармаған немесе оны ұятқа батыратын қылықтарды жасаған болса, депутаттардың ұсынысы бойынша өз қызметiнен босатылады.
      Мәслихат хатшысын қызметiнен босату жөнiндегi мәселе, егер бұл үшiн жалпы депутаттар санының жартысынан асатын дауыс берiлсе, күн тәртiбiне енгiзiледi.
      49. Хатшысының қызметiнен босату жөнiнде мәселе қаралғанда оған сөз берiлуге тиiс. Аудандық мәслихаттың хатшысын қызметiнен босатылуы жасырып дауыс беру жолымен қаралғанда, мәселе осы Регламентке сәйкес шешiледi.
      Аудандық мәслихаттың хатшысын қызметiнен босату мәселесi бойынша шешiм қабылданады.

6. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы

      50. Заңның 16 бабына сәйкес аудандық бюджеттiң орындалуын бақылау үшiн мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды. Комиссиясының мүшелер саны мәслихатпен белгiленедi.
      Тексеру комиссиясы және оның төрағасы ашық дауыспен, сессияда қатысып отырған депутаттардың жай көпшiлiк дауысымен сайланады.
      51. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының өкiлеттiгi оның өтiнiшi немесе сайланған жалпы саны үштiң бiрiнен кем емес мәслихат депутаттарының, сондай-ақ мәслихат хатшысының талабы бойынша тоқтатылуы мүмкiн. Бұндай жағдайда шешiм ашық дауыспен, мәслихатқа сайланған депутаттардың жалпы санынан жай көпшiлiгiмен қабылданады.
      52. Тексеру комиссиясының өкiлеттiгi және жұмыс тәртiбi Қазақстан Республикасының "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Аудандық мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыру

      53. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 25 бабына сәйкес мәслихаттың және оның органдарының қызметiн ұйымдастыру, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға олардың өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөнiнде көмек көрсету аудан әкiмиятымен құрылатын аппаратқа жүктеледi.
      54. Ұйымдастыру бөлiмiнiң қызметi аудандық мәслихатпен бекiтiлетiн Аппарат туралы қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады