Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi сарбаздар жасақтарды қызметiнiң қағидасы туралы

Жаңа

Май аудандық Мәслихатының (III сайланған Y сессиясы) 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2004 жылғы 5 ақпанда N 2242 тіркелді

      Азаматтардың Конституциялық құқықтары мен еркiндiктерiн қамтамасыз ету, сонымен қатар тұрғындарды қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысуға тарту мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Ерiктi негiзде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi сарбаздар жасақтары қызметiнiң қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Селолық округтердiң әкiмдерi ауданның елдi мекендерiндегi лайықты тұрғындар санынан сарбаздар жасағын құрсын.
      3. Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы келiсiм бойынша сарбаздар жасақтарына iс жүзiндегi, әдiстемелiк және құқықтық көмектер көрсетсiн.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Әлжановқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi Т.Мүбәраков

Аудан әкiмiнiң      
2004 жылғы "12" қаңтардағы
"Қоғамдық тәртiптi сақтау
жөнiндегi сарбаздар жасақтары
қызметiнiң қағидасы туралы"
N 1 шешiмiмен бекiтiлдi 

Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi сарбаздар жасақтары қызметiнiң Қағидасы

1. Жалпы қағидалар

      1. Сарбаздар жасақтарының бөлiмшелерi ауылдық әкiмшiлiктермен азаматтардың тұрғылықты жерлерi бойынша iшкi iстер органдарына қоғамдық тәртiптi сақтауда және құқық бұзушылықтың алдын алуда, сондай-ақ қылмысты ескерту мен болдырмауда көмек көрсету үшiн құрылады.
      2. Сарбаздар жасақтарының бөлiмшелерi ерiктi негiзде Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтар санынан жасақталады, ауылдық округ әкiмiнiң, учаскелiк полиция инспекторының, ақсақалдар кеңесiнiң және басқадай қоғамдық бiрлестiктердiң, шаруа қожалықтарының ұсыныстары бойынша азаматтардың жеке өтiнiштерiнiң негiзiнде.
      3. Азаматтардың жасаққа қабылдау жөнiндегi өтiнiштерi ауылдық округ әкiмiнiң атына тапсырылады. Жасақ мүшелiгiне үмiткерлер криминалдық статистика және арнайы тiркеу басқармасында тексеруден өтедi.
      4. Егер үмiткер сотталған болса, онда ол жеке және моральдық мiнездемесi жағынан сарбазға қойылатын талаптарға сәйкес болса, ауыл әкiмiнiң шешiмiмен сарбаздар жасағының мүшелiгiне алынады.
      5. Сарбаздар жасағының бөлiмшелерiне жалпы басшылық етудi ауылдық округтердiң әкiмдерi мен учаскелiк полиция инспекторлары жүзеге асырады.
      6. Ауылдық округтердiң әкiмдерi сарбаздар жасақтарының iшкi iстер органдарымен қарым-қатынас мәселелерiн үйлестiредi.
      7. Меншiк нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар мен азаматтар сарбаздар жасақтарының бөлiмшелерiне қоғамдық тәртiптi сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға жан-жақты көмектесiп, ықпал етедi.

2. Негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi

      8. Сарбаздар жасақтарының негiзгi мiндеттерi болып iшкi iстер органдарына учаскелiк полиция инспекторларымен бiрлесе отырып, ауылдық округтердiң аумақтарында, көшелерiнде күндiзгi және түнгi уақыттарда, сондай-ақ көпшiлiк-мәдени және спорттық iс-шаралар өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алуда күзет жүргiзу жолдарымен көмек көрсету болып табылады;
      iшкi iстер органдарының қызметкерлерiмен бiрге мал ұрлығын ескерту, алдын алу және ашу, маскүнемдiктi, нашақорлықты, балалардың бақылаусыз қалуын және кәмелетке жасы толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, ескерту жөнiндегi жұмыстарға қатысу.

3. Сарбаздар жасақтарының құрылымы және олардың жұмыс iстеу принциптерi

      9. Сарбаздар жасақтары ауылдық округтердiң аумақтарындағы жасақтар бөлiмшелерiнен құрылады.
      10. Аудандық сарбаздар жасақтары штабын басшы басқарады, оның мiндеттерi Май аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмiнiң бастығына жүктеледi.
      11. Ауылдық округтер аумақтарындағы сарбаздар жасақтары бөлiмшелерiн ауылдық округтер әкiмi мен учаскелiк полиция инспекторлары ұсынған және аудандық штаб басшысымен лауазымына тағайындалатын және босатылатын командир басқарады.
      12. Аудандық сарбаздар жасақтары штабының басшысы сарбаздар жасақтары қызметтерiнiң мәселелерi бойынша iшкi iстер органдарымен қарым-қатынасты үйлестiрудi қамтамасыз етедi, сарбаздар жасақтары бөлiмшелерiнiң қызметiн сараптайды, сонымен қатар жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдайды;
      1) аудан әкiмiне және аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығына қоғамдық тәртiптi сақтауды және құқық бұзушылықтың алдын алуды жақсарту жөнiнде ұсыныстар жасайды;
      2) сарбаздар командирлерiн мадақтау және жазалау мәселелерiн қарайды.
      13. Сарбаздар жасақтарының командирлерi сарбаздар жасақтарына басшылық етедi, учаскелiк полиция инспекторларымен бiрлесе отырып, сарбаздар жасақтарының мүшелерiн iрiктейдi, оларды тағайындауды және оқытуды жүргiзедi;
      1) жасақ мүшелерiнiң кезекшiлiкке шығу кестесiн құрады;
      2) қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi мiндеттердi жасақ мүшелерiнiң орындауын ұйымдастырып, бақылайды.
      14. Кезекшiлiкке түсер алдында жасақ командирi жасақ мүшелерi үшiн ауылдық округ аумағындағы оперативтiк жағдай, олардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттер туралы нұсқаулық өткiзедi.

4. Жасақ мүшелерiнiң мiндеттерi мен құқықтары

      15. Жасақ мүшелерi мiндеттi:
      - қоғамдық тәртiптi сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алуға белсендi қатысуға, аудандық штаб басшысының және жасақ командирiнiң нұсқаулары мен талаптарын орындауға.
      16. Жасақ мүшелерiнiң құқықтары:
      1) азаматтардан қоғамдық тәртiптi бұзуды тоқтатуды талап етуге;
      2) қажет болған жағдайда iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қатысуымен құқық бұзушыны аудандық iшкi iстер бөлiмiне немесе учаскелiк полиция пунктiне алып баруға.

    5. Мадақтау және жазалау шаралары

      17. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 тамыздағы "Қоғамдық тәртiптi сақтауға, қылмыстардың алдын алуға және болдырмауға қатысқан азаматтарды мадақтау Ережелерiн бекiту туралы" N 1243 қаулысына сәйкес аудандық комиссияның шешiмiмен құқық бұзушылармен күрес жүргiзуге белсендi қатысқан сарбаздар, қоғамдық ұйымдармен, шаруа қожалықтарымен, мекемелермен, алғыс жариялау, сыйлық немесе сыйақы беру жолдарымен мадақталады.
      18. Сарбаздар жасақтарының мүшелерiн марапаттау салтанатты түрде ауыл жиындарында, жиналыстарда жүргiзiледi.

6. Жасақ бөлiмшелерiн қорғау шаралары

      19. Жасақ бөлiмшелерiнiң мүшелерi кезекшiлiк кезiнде жарақат алған кезде, оларды емдеу аудандық бюджет қаражатынан төленедi.

  7. Жасақты материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      20. Сарбаздар жасақтарына ғимарат бөлудi, қызметтiк телефон құруды, ғимаратты пайдаланғаны үшiн жалақы мен коммуналдық қызмет төлемдерiн төлеудi, атқарушы органдар жүзеге асырады.

8. Заңдылықты сақтауды бақылау

      21. Сарбаздар жасақтарының қызметiнде заңдарды сақтауды бақылау ҚР-ның "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заңына сәйкес прокуратура органдарымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады