Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 тамыздағы N 182/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес және аудан аумағында нашақорлықтың таралуына жол бермеу мақсатында аудан
әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Нашақорлықпен күрес жөнiндегi аудандық комиссия құрылып, заңнамаға сәйкес құрамы аудандық мәслихатқа бекiтуiне ұсынылсын.
2. Нашақорлықпен күрес жөнiндегi аудандық комиссиясының Ережесi бекiтiлсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Закирьяновқа жүктеледi.
Аудан әкiмi Т. Мүбәраков
Май аудан әкiмдiгiнің
2004 жылғы 16 сәуiрдегi
"Нашақорлықпен күрес
жөнiндегi аудандық комиссия
туралы" N 58/1 қаулысымен
бекiтiлген
Нашақорлықпен күрес жөнiндегi
аудандық комиссиясының
ЕРЕЖЕСI
1. Нашақорлықпен күрес жөнiндегi аудандық комиссиясы (бұдан әрi комиссия) ауданда нашақорлықпен күрес жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырушы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарына, өкiлеттi және атқарушы органдардың нормативтiк-құқықтық актiлерiне, сол сияқты осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Ауданда нашақорлық пен есiрткiнiң таралуына қарсы тиiмдi iс-қимыл жұмыстарын жүргiзу.
4. Комиссия жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың қарауына мынадай ұсыныстар енгiзедi:
1) Есiрткi, психотроптық заттарының айналымына бақылауды күшейту
2) Есiрткi, психотроптық заттарының заңсыз айналымына қарсы жұмыстарын жетiлдiру.
3) Нашақорлықпен күрес жөнiндегi жұмыстарды күшейту.
5. Комиссия өкiлеттi:
1) Аудан аумағындағы нашақорлық пен күрес жөнiндегi жергiлiктi атқарушы және мемлекеттiк органдармен жұмыс жасауға;
2) Заңнамаларда белгiленген тәртiптерге сәйкес өз өкiлеттiгiне қарай басқадай iс-шараларды өткiзуге.
5. Комиссияның құрамын және қызметiн ұйымдастыру
6. Комиссия құрамы:
1) Комиссия төрағасы
2) Комиссия төрағасының орынбасары
3) Комиссияның жұмысшы органдары аудандық iшкi саясат бөлiмi болып табылады.
4) Жұмыс жоспарларын комиссия белгiлейдi.
5) Комиссия мүшелерiнiң көпшiлiгi қатысса, шешiм қабылданған болып саналады. Дауыстар тең түскенде, комиссия төрағасы дауыс берген, шешiм қабылданған болып есептеледi. өткiзiлген комиссия мәжiлiсiнiң қорытындысы бойынша мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерiнiң қолдары қойылған хаттама жазылады.