Аудан көлеміндегі орманда, суармалы жерлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімиятының 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 57/1 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 17 мамырда N 2456 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 07 тамыздағы N 182/8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009.08.07 N 182/8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан көлемiнiң орманында, суармалы жерлерде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi аудандық шұғыл штабы құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясына ұсынылсын.
      2. Iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi аудандық шұғыл штабының Ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Аудан селолық округтерiнiң әкiмдерi:
      1) жергiлiктi жерлерде, үлкен ауқымды табиғи өрттi өшiрудi ұйымдастыру үшiн штабтар құрсын;
      2) Өрт қауiпсiздiгiнiң қаупі жоғарлаған кезде Ертiс өзенi арқылы орманға кiруге, көлiк өткiзуге, өз актiлерi бойынша шектеу қойсын.
      4. Аудандық жер ресурстарының комитетi келiсiм бойынша оперативтiк штабқа, жер пайдаланушылардың телiм шекарасын көрсеткендегi жөнiнде қажеттi картографиялық материалдар берсiн.
      5. Аудандық денсаулық сақтау бөлiмi үй және созылмалы табиғи өртке жұмылдырылған күшке медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн.
      6. Ауданның өртке қарсы бөлiмi және ауданның iшкi iстер бөлiмiмен бiрге келiсiм бойынша өртке қарсы тексеру жұмыстары жүргiзiп, табиғи өрттi өшiруге арналған сабақтар өткiзсiн.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т. Әлжановқа жүктелсiн.

       Аудан әкiмi Т.Мүбәраков

      Келiсiлдi:       

      Май аудандық N№27 өрт сөндiру
      бөлiмшесiнiң бастығы
      Смагулов Марат Мұқышұлы
      9 сәуiр 2004 жыл 

       Май аудандық iшкi iстер
      бөлiмiнiң бастығы
      Дүйсекенов Бүркiт Жұмашұлы
      9 сәуiр 2004 жыл

       Май ауданы жер ресурстарын
      басқару жөнiндегi
      комитетiнiң төрайымы
      Тайшыбаева Еңлiк Ұзаққызы
      12 сәуiр 2004 жыл

Май аудан әкiмдiгiнiң   
      2004 жылғы 13 сәуiрдегi  
      "Аудан көлемiндегi орманда, 
      суармалы жерлерде өрт   
      қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
      туралы" N№57/1 қаулысымен 
      бекiтiлген         

Iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiрудi
ұйымдастыру жөнiндегi аудандық шұғыл штабының құрамы
ЕРЕЖЕСI

  1. Негiзгi ережелер

      1. Iрi ауқымды табиғи өрттердi болдырмау және жоюға байланысты шаралар ұйымдастыру жөнiндегi аудандық шұғыл штаб өрттiң ауқымына, ұйымның материалды-техникалық қорларының жұмылдырылуына қарай, меншiк түрiне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiру кезiндегi әр түрлi ведомстволардың iс-қимылдарын үйлестiрудi жүзеге асыратын консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады.
      2. Шұғыл штаб өз жұмысында басшылыққа табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау және жою мәселелерiндегi қоғамдық қатынастарды, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мәселелерi жөнiндегi халықаралық қатынастарды реттеуiне Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн, аудан әкiмiнiң және облыс әкiмiнiң актiлерiн, сол сияқты осы Ереженi қолданады.

  2. Шұғыл штабының жұмыс тәртiбi

      3. Қалыптасқан жағдайға байланысты шұғыл штабы келесi тәртiптерде жұмыс iстейдi: 
      1) күнделiктi қызмет (күту тәртiбi);
      2) жоғары даярлық;
      3) төтенше даярлық.
      4. Төтенше дайындық тәртiбi кiргiзiлген кезде күш пен құралдарды маршқа келтiру үшiн рұқсат етiлген уақыт:
      1) шұғыл әрекет жасаушы отрядтар үшiн екi сағаттан;
      2) өрт сөндiру және медицина тәртiптер үшiн төрт сағаттан;
      3) басқа барлық жағдайлар үшiн алты сағаттан аспауға тиiс.
      5. Қызмет етудiң осы не басқадай тәртiбiн енгiзу туралы шешiмдi штабтың аға шұғыл жұмыс жөнiндегi бастығы енгiзедi.
      6. Күнделiктi жұмыс тәртiбiнде шұғыл штабтың барлық қызметтерi мен олардың қарамағындағы күштер мен жабдықтар әдеттегi жағдайда жұмыс iстейдi және өздерiнiң негiзгi қызметтерiн орындайды.
      7. Жоғары даярлық жағдайында шұғыл штабтың барлық қызметтерi iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге жiберуге арналған қарамағындағы күштер мен жабдықтарды толық дайындық жағдайына келтiредi де, ары қарай әдеттегi жағдайда өзiнiң негiзгi қызметтерiн орындап, жұмысын жүргiзе бередi. Жоғары даярлық жағдайы гидрометеоорталықтың ұзақ құрғақшылық мезгiлдiң басталуы туралы хабарлары келiп түскенде немесе басқа жағдайларда шұғыл штаб бастығының өкiмi бойынша енгiзiледi.
      8. Төтенше даярлық жағдайында шұғыл штабының қызметiнен басқалардың сол сияқты олардың қарамағындағы жабдықтар табиғи өрттердi жоюға жiберу үшiн толық даярлыққа келтiрiледi және шұғыл штабының өкiмi бойынша өздерiнiң тұрақты аумағында немесе басқа орындарда тұрады. Төтенше даярлық жағдайын табиғи өрттердiң пайда болған кезiнде немесе басқа жағдайларда шұғыл штабының бастығы енгiзедi. 
      9. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың таралу ауқымы мен зоналары келесi кестеде көрсетiлген.

Табиғи
сипатта
ғы
төтенше
жағдай-
лар

Өрт ауданы Зардап шеккен
адамдар саны

Тiкелей
материал
дық
шығын
көлемi
(ең аз
көрсет-
кiш
есебi-
мен,
мың
теңге)

Тоғайлық
шалғын-
дық, га

Қырлық,
га

Дәндi
дақыл-
дар, га

Қаза
болған-
дар
немесе
жаралы-
лар

Өмiр
сүру
жағдайы-
ның
бұзылуы

1 2 3 4 5 6 7

Объектi-
лiк

5д ейiн

20 дейiн

5 дейiн

10 дейiн

100-ден
200-ге дейiн

5000 таяу

Жергiлiк
тiк

5-тен
50-ге дейiн

20-дан
200-ге дейiн

5-тен
50-ге дейiн

10-нан
50-ге дейiн

300-ден
500-ге дейiн

5000-нан
500000-ға дейiн

      10. Объектiлiк ауқымдағы төтенше жағдайларды жоюды басқару тоғайлық, жер,шабындық қорларды иеленушi барлық меншiк түрлерiндегi шаруашылық басшыларына жүктеледi. өрттердi жою үшiн кәсiпорындардың, ұйымдардың күштерi мен жабдықтары пайдаланылады.
      11. Объективтiк ауқымдағы төтенше жағдайларды жою басшылығы ауданның өрт сөндiру штабтарына жүктеледi. өрттi жою үшiн тоғайлық, жер, шабындық қорларды иеленушiлердiң күштерi мен құрал-жабдықтары пайдаланылады.
      12. Төтенше жағдайларды жою басшылығы шұғыл штабқа жүктеледi. Өрт сөндiру үшiн тоғайлық, жер, шабындық қорларын иеленушiлердiң күштерi мен құрал-жабдықтары, сол сияқты ауылдық аумақтардағы iрi табиғи өрттердi сөндiруге арналған күштер мен құрал-жабдықтарды тарту арқылы өрт сөндiрудiң қауырт жоспарына сәйкес әр түрлi меншiк түрiндегi кәсiпорындардың күштерi мен құрал-жабдықтары пайдаланылады.

  3. Шұғыл штабтың қызметтерiнiң негiзгi функциялары

      13. Аудан аумағында iрi ауқымды табиғи өрттердi жою жөнiнде тиiмдi шараларды және осыған тартылатын күштер мен құралдардың үнемi дайын болуын қамтамасыз ету.
      14. Тоғайлық, қырлық, су жағасындағы өрттерiнiң алдын алу жөнiндегi жоспарын әзiрлеп оны жүзеге асыру.
      15. Iрi ауқымды табиғи өрттен сақтандыру мәселесiнде Шұғыл штабқа енбейтiн ұйымдар мен кәсiпорындардың жұмыстарын үйлестiру.
      16. Қазақстан Республикасының қолданысты заңнамасына сәйкес iрi ауқымды табиғи өрттi жою үшiн пайдаланылатын күш пен құралдардың жоспарына енбеген ұйымдар мен кәсiпорындардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру (меншiк нысаны мен ведомстволық иелiгiне қарамастан).
      17. Iрi ауқымды табиғи өрт фактiсi бойынша тексерулер мен сараптамалар жүргiзiлуiн ұйымдастыру.
      18. Iрi ауқымды табиғи өрттi жойғаннан кейiн қоршаған ортаны, азаматтар мен ұйымдардың шаруашылық iстерiн, қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру. 

  4. Шұғыл штабтың қызметi және оның негiзгi мiндеттерi

      19. Аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi бөлiм:
      1) шұғыл штабқа кiретiн барлық қызметтердiң өзара iс-қимыл жасауы туралы нақты ңұсқаулықтар әзiрлейдi;
      2) шұғыл штабқа кiретiн қызметтердiң жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады;
      3) төтенше жағдайларды жою, iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiру кезiнде күштер мен құрал-жабдықтарды материалдық-техникалық күштермен қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi атқару органдарға өз резервтерiнен құрал-жабдықтар бөлу туралы ұсыныс жасайды;
      4) қажеттi кезде жоспардағыдан ортақ, кәсiпорындар мен ұйымдардың iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге арналған күштерi мен құрал-жабдықтарын қосымша тарту туралы шұғыл штабтың қарауына ұсыныс жасайды;
      5) гидрометеоорталықтың мәлiметтерi негiзiнде құрғақшылық мезгiлдiң басталуы туралы ескерту жасайды;
      6) жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына iрi табиғи өрттердi жою үшiн қаржылық және материалдық резервтер құру туралы ұсыныс жасайды;
      7) орындамағаны үшiн жауапкершiлiкке тартуды ұйымдар қимылдарының мiндеттi ережелерiн (меншiк түрiне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан) аудан әкiмдiгiнiң қарауына енгiзедi;
      8) аудандық, объектiлiк кешендi командалық-штабтық үйретулер,
тактикалық-арнайы, өрт-тактикалық үйретулер өткiзудi ұйымдастырады;
      9) iрi табиғи өрттердi сөндiру үшiн күштер мен құрал-жабдықтары жұмылдыру жоспарын әзiрлеудi, жоспардың деректерiне түзету енгiзудi ұйымдастырады;
      10) iрi табиғи өрттердi сөндiрудiң аудандық жоспарын әзiрлеуге бақылау жасауды жүзеге асырады, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларының iрi табиғи өрттердi сөндiру үшiн күштер мен құрал-жабдықтарды жұмылдыру жоспарын орындау туралы есебiн тыңдауды ұйымдастырады;
      11) iрi табиғи өрттердi сөндiру үшiн белгiлi мемлекеттердiң, көршi аудандардың күштерi мен құрал-жабдықтарын жұмылдыру тәртiбiн белгiлейдi:
      12) орман шаруашылығы кәсiпорындарының, аумағында iрi ауқымды табиғи өрт шұғыл мүмкiн елдi мекендердiң өрттiк-техникалық зерттеулерiн өткiзедi;
      13) өртке қарсы тәртiптi қамтамасыз етудi тексеру барысында анықталған ауытқушылықтар мен кемшiлiктердi жою зерттеулерiн өткiзедi;
      14) iрi табиғи өрттердi сөндiру үшiн ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық меншiк түрiндегi кәсiпорындардың күштерi мен құрал-жабдықтарын жұмылдыру жоспарын әзiрлейдi және аудан әкiмiнiң қарауына ұсынады;
      15) жыл сайын iрi табиғи өрттердi сөндiру үшiн күштер мен құрал-жабдықтарды жоспарына түзету енгiзедi.
      20. Аудандық аға орманшысы (келiсiм бойынша):
      ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
      21. Аудандық iшкi iстер бөлiмi (келiсiм бойынша):
      1) iрi ауқымды табиғи өрттердiң қаупi туындаған кезде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етедi;
      2) iрi ауқымды табиғи өрттер аймағына өтуге шектеу алады;
      3) қажет кезiнде рұқсат тәртiбiн енгiзедi;
      4) көлiктердiң колонналарын iрi табиғи өрт орындарына алып баруды қамтамасыз етедi;
      5) iрi ауқымды табиғи өрт аймақтарындағы шығындар мен тұрғындардың көшiрiлуiнiң есебiн жүргiзедi;
      6) тұрғындардың қоныс аударуын ұйымдастырады.
      22. Аудандық телекоммуникация дирекциясы (келiсiм бойынша):
      1) iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiрудi басқаратын органды қолда бар барлық арналарды пайдаланып (меншiк нысанына қарамастан) байланыспен қамтамасыз етедi;
      2) қажеттiлiгiнде байланыс құралдарын жөндеуден өткiзудi қамтамасыз етедi, сол сияқты байланыс желiлерiндегi бүлiнгендердi қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзедi.
      23. Аудандық электр жүйесi акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) iрi ауқымды табиғи өрт сөндiру кезiнде үзiлiссiз электр қуатын берiп тұруды қамтамасыз етедi.
      24. Аудандық "Қазақавтожол" бөлiмшесi келiсiм бойынша iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiру үшiн көлiктiк құралдар бөлу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi:
      1) iрi ауқымды табиғи өрттердiң сөндiру үшiн күштер мен құрал-жабдықтарды жұмылдыру жоспарларында қаралған инженерлiк және басқа арнайы техниканың дұрыс жағдайда ұсталуын және пайдалануға үнемi әзiрлiгiн бақылауды жүзеге асырады;
      2) техника бөлушi кәсiпорындарда қосалқы бөлшектердiң, жанар-жағар материалдардың резервтiк қосалқы қорларын құруды қамтамасыз етедi;
      3) iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiру ауқымында дала жағдайында техникаға қызмет көрсетудi және жөндеудi ұйымдастырады.
      25. Коммуналды шаруашылық, көлiк және коммуникация бөлiмi:
      1) iрi ауқымды табиғи өрттердi жою кезiнде күштер мен жабдықтарды азық-түлiкпен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың орындалуын жүзеге асырады;
      2) iрi ауқымды табиғи өрттердi жою үшiн жұмылдырылған күштер мен құрал-жабдықтарды азық-түлiкпен сауда және тамақтандыру қызметтерi арқылы қамтамасыз етудi ұйымдастыруға ықпал етедi;
      3) iрi ауқымды табиғи өрттердi жою уақытында тамақ өнiмдерiнiң қажеттiлiгiнiң мөлшерiн алдын-ала анықтайды;
      4) жылжымалы пункттердi құруды, ыстық тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етедi;
      5) өз құзырының негiзiнде iрi табиғи өрттердi сөндiруге қатысатын күштер мен құрал-жабдықтарды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк, ведомстволық және объектiлiк, материалдық-техникалық резервтер құруды ұйымдастырады және бақылайды;
      6) қосымша көздерден түсетiн материалдық-техникалық қорлардың пайдаланылуының тәртiбiн белгiлейдi.
      26. Аудандық денсаулық сақтау бөлiмi iрi табиғи өрттердi жою үшiн жұмылдырылған күштер мен құрал-жабдықтарды бағынышты ведомстволық ұйымдары арқылы медициналық қамтамасыздандыруды ұйымдастырады.
      27. Аудандық жер қорларын басқару жөнiндегi комитет (келiсiм бойынша) өз құзырының шегiнде жер пайдаланудың табиғатты қорғау тәртiбiн бұзушыларға тексеру жүргiзедi және шаралар қолданады.
      28. Аудандық ауыл шаруашылық басқармасы:
      егiндiк, шабындық жерлердi қорғауға мекемелердiң дайындығына, олардың материалдық-техникалық базасына қаржы бөлуiне бақылауды жүзеге асырады.

  5. Шұғыл штаб мүшелерiнiң негiзгi қызметтерi

      29. Аудан әкiмiнiң орынбасары (шұғыл штабтың аға оперативтiк бастығы) аудан аумағында iрi табиғи өрттiң басталғаны туралы хабар алғаннан соң:
      1) шұғыл штабты белгiлейдi, өрт сөндiрудi ұйымдастыру басқаруды жүзеге асырады, шұғыл штабтың аға оперативтiк бастығының орынбасарына (төтенше жағдай жөнiндегi бас маман) шұғыл штабты жинауға өкiм етедi;
      2) шұғыл штабтың шұғыл мәжiлiсiн өткiзедi;
      3) iрi табиғи өрттi сөндiрудiң басшысын, өрт орнында жергiлiктi шұғыл штабтың лауазымды тұлғаларын тағайындайды;
      4) iрi табиғи өрттердi сөндiру үшiн жұмылдырылатын күштер мен жабдықтардың қажеттi көлемiн белгiлейдi;
      5) iрi табиғи өрттердi сөндiру үшiн күштер мен жабдықтар бөлетiн нақты ұйымдар мен кәсiпорындардың тiзiмiн белгiлейдi;
      6)  iрi табиғи өрттердi сөндiру барысында жеке бақылауды жүзеге асырады.
      30. Төтенше жағдай жөнiндегi бас маман (шұғыл штабтың аға оперативтiк бастығының орынбасары) аудан аумағында өрт басталғаны туралы хабар алысымен:
      1) жағдайдың қалыптасуына байланысты ауданның азаматтық қорғаныс күштерi мен құрал-жабдықтарын толық әзiрлiкке келтiруге өкiм бередi;
      2) шұғыл штабтың аға оперативтiк бастығының шешiмдерiнiң орындалуын жүзеге асырады;
      3) iрi табиғи өрттердi сөндiру барысын бақылауды жүзеге асырады;
      4) iрi табиғи өрттер туралы толық ақпарат жинақтауды жүзеге асырады;
      5) шұғыл штабтың аға оперативтiк бастығына ақпарат берiп тұрады;
      6) iрi табиғи өрттердi сөндiрудi жақсартуға бағытталған ұсыныстарды шұғыл штабқа ұсынады;
      7) шұғыл штабқа iрi табиғи өрттердiң зардаптардың талқылау нәтижелерi жөнiнде шаралар үшiн ұсыныстар енгiзедi.
      31. Ауданның мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң бастығы (шұғыл штабтың мүшесi) аудан аумағында iрi ауқымды табиғи өрттiң басталуы туралы хабар алысымен:
      1) қызметкерлердi өрт орнына жiбередi;
      2) қажет кезiнде ауданның өртке қарсы қызметiнiң гарнизоны қызмет етудiң жақсартылған варианттарына ауыстыру үшiн бұйрық бередi және резервтiк өрт техникасын әскери әскерлiкке енгiзедi;
      3) шұғыл штабтың өкiмi бойынша iрi ауқымды табиғи өрт орнына көрсетiлген шамадағы күштер мен құрал-жабдықтарды жiбередi;
      4) ауданның өртке қарсы қызметтiң оперативтiк кезекшiсi арқылы ауданның оперативтiк өрт сөндiру жоспары бойынша iрi ауқымды табиғи өрттi сөндiру үшiн ұйымдар мен кәсiпорындардың күштерi мен жабдықтарын көтерудi, жiберудi iске асырады;
      5) шұғыл штабтың нұсқауы бойынша iрi ауқымды табиғи өрттi сөндiрудi басқаруды жүзеге асырады, ол жойылғаннан кейiн өрт сөндiрудiң нәтижесiне талқылау жасайды, талқылау нәтижесi туралы шұғыл штабқа анықтама дайындайды.
      32. Аудандық аға орманшысы (келiсiм бойынша):
      1) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
      2) шұғыл штабқа iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiру үшiн жұмылдырған күштер мен табиғаттардың қажеттi шамасы туралы ұсыныс бердi;
      3)iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге басшылыққа тағайындалған жағдайда, басқа ұйымдардың қызметкерлерi өздерiнiң iс қимылдарын сонымен келiсiп жасайды.
      33. Аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiру үшiн материалдық-техникалық қорларды жұмылдыруға ықпал етедi.
      34. Аудандық телекоммуникация дирекциясының директоры (келiсiм бойынша шұғыл штабтың iрi ауқымды табиғи өрттi орындарымен үздiксiз байланысын қамтамасыз етедi.
      35. Аудандық коммуналды шаруашылық, көлiк және коммуникация бөлiмiнiң бастығы (келiсiм бойынша):
      1) iрi ауқымды табиғи өрт орындарына күштер мен жабдықтар жеткiзу үшiн кәсiпорындардың автобустар бөлуiн ұйымдастырады;
      2) шұғыл штабтың талап етуi бойынша зардап шеккендердi медицина мекемелерiне жеткiзу үшiн автобустар бөледi;
      3) шұғыл штабтың талап етуi бойынша iрi ауқымды табиғи өрт сөндiру орнына жанар-жағар материалдарды жеткiзудi қамтамасыз етедi.
      36. Ауданның экономика бөлiмiнiң бастығы:
      шұғыл штабтың талап етуiмен iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге жұмылдырылған ұйымдарды азық-түлiкпен қамтамасыз етедi, тамақтандыру пункттерiн ұйымдастырады.
      37. Аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң бастығы:
      шұғыл штабтың талап етуi бойынша iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiру орнында медициналық қызметтердi қамтамасыз етедi.
      38. Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы (келiсiм бойынша):
      1) өрт аймағындағы қоғамдық тәртiптi;
      2) өрт аймағына бөгде адамдардың өтуiн шектеудi;
      3) өрт орнына бағыт алған техника колонналарын алып баруды;
      4) шұғыл штабтың талабы бойынша жеке құрам бөлудi;
      5) елдi мекендердiң қоныс аударуы кезiнде азаматтардың тұрғын үйлерiмен, өндiрiс ғимараттарын күзетудi, тонаушылықты болдырмауды және коменданттық қызмет атқаруды жүзеге асырады.
      39. Аудандық қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi:
      шұғыл штабтың талабы бойынша кәсiпорындар мен ұйымдардың iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiру үшiн жұмылдырған күштер мен жабдықтардың шын мәнiндегi шығындарының анықталуының дұрыстығына тексеру жүргiзедi.

  6. Шұғыл штабтың құқықтары

      40. Iрi ауқымды табиғи өрттi сөндiру және тұрғындарды қорғауды ұйымдастыру жөнiндегi шұғыл шараларды қамтамасыз ету үшiн өз құзырлығының шегiнде шешiм қабылдау.
      41. Шұғыл штабтың құзырына жататын мәселелермен жұмыс iстеу үшiн кәсiпорындар мен ұйымдардан материалдар сұрату.
      42. Барлық меншiк түрiндегi ұйымдардың кәсiпорындардың табиғи өртке жол бермеу және оны сөндiрудi ұйымдастыруға бағытталған жоспарды орындау жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру.
      43. Iрi ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге бұрын келiсiлген және бекiтiлген жоспарға енбеген кәсiпорындар мен ұйымдардың күштерi мен құралдарын сәйкес мекемелермен келiсiм бойынша жұмылдыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады