Аудандық ономастика комиссиясы туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімиятының 2004 жылғы 5 мамырдағы N 69/1 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 31 мамырда N 2530 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 151/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 151/6 қаулысымен.

       Ауданның тарихи-мәдени мұрасының тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау және оларды қайта құрау, ономастика саласында мемлекеттiк тiл саясатын iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудандық ономастика комиссиясы құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа бекiтуге ұсынылсын.
      2. Комиссияның Ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау мен жұмысын үйлестiру аудан әкiмiнiң орынбасары А.Закирьяновқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi Т.Мүбәраков

Май ауданы әкiмдiгiнiң  
2004 жылғы 5 мамырдағы  
"Аудандық ономастика   
комиссиясы туралы"    
N 69/1 қаулысымен бекiтiлген

Аудандық ономастика комиссиясының
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Ономастика комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) географиялық объектiлердiң атауына бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен олардың есебiн жүргiзудi реттеу, Май ауданының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау және оларды  қайта атау мақсатында ономастика саласында мемлекеттiк тiл саясатын iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк кеңестiк органы болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссияның жеке құрамы аудандық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi.
      4. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
      5. Май ауданындағы топонимикалық объектiлердiң жаңадан берiлген, қайта аталған және нақтыланған атауларын бекiтудi комиссияның қорытындысы болып ұсыныс болған кезде ғана, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
      6. Комиссияның қызметiн ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және әдiстемелiк қамтамасыз етудi Май ауданының iшкi саясат бөлiмi жүзеге асырады.

2. Негiзгi мiндеттерi

      7. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) ауданның географиялық атауларды жинақтау, жүйелендiру және зерделеу, бұрын жоғалтылған тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiнде ұсыныстар жасау;
      2) ауданның жаңа географиялық объектiлер үшiн атаулар әзiрлеуге қатысу;
      3) ономастикаға қатысты географиялық және тарихи-мәдени пәндеме ретiнде қолдау көрсету болып табылады.

3. Негiзгi функциялары

      8. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында:
      1) орфографияның, ғылыми транскрипцияның және қалыптасқан мәдени-тарихи және әлеуметтiк факторлардың қолданылып жүрген нормаларының негiзiнде;
      2) өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының, темiр жол және автомобиль жолдары станцияларының, пошта бөлiмшелерiнiң, ғылыми-зерттеу жобалау ұйымдарының, мекемелердiң, кәсiпорындардың,  жалпы бiлiм беретiн, арнаулы орта және кәсiптiк оқу орындарының;
      3) елдi мекендердiң, көшелердiң, даңғылдардың, алаңдардың тұғырлы атауын сақтауға бағытталған шаралардың кешенiн жүзеге асырады;
      4) ауданның тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыруға белсендi ықпал етедi.

4. Комиссияның құқығы

      9. Ұйымдардың, шығармашылық одақтардың, жекелеген азаматтардың тарихи топонимдердi қалпына келтiру немесе ауыстыру мәселелерi жөнiндегi хаттарды қарайды және жоғарғы органдарға тиiстi ұсынымдар енгiзедi.
      10. Ауданның мемлекеттiк басқару органдарының басқа да ұйымдардың материалдары, хабарлаулары және ақпараттары бойынша ономастика саласында мемлекеттiк тiл саясатын iске асырудың жай-күйiн талдайды.

5. Жұмысын ұйымдастыру

      11. Комиссияның отырысы комиссияның отырысында қабылданатын және оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi. Егер оған оның мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысса комиссияның отырысы күшi бар деп саналады.
      12. Комиссияның шешiмi оның отырысына қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен ашық дауыс берумен қабылданады.
      13. Қажет болған жағдайда комиссияның құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн жұмыс топтары құрылады.
      14. Комиссияның хатшысы отырыстардың жұмыс жоспарын, күн тәртiбiн жасайды, комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс қағаздарын жүргiзуге жауап бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады