2004 жылы аудан аумағындағы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімиятының 2004 жылғы 13 мамырдағы N 72/1 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 4 маусымда N 2544 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімінің 2007 жылғы 3 қазандағы хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімінің 2007 жылғы 3 қазандағы хатымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы  жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1), 2) тармақшасына сәйкес әлеуметтiк төлемдердiң дұрыс тағайындауын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудан аумағындағы азаматтардың  жекелеген  санаттарына  әлеуметтiк  төлемдерiн тағайындау Қағидасы  қосымшаға сәйкес   бекiтiлсiн.
      2. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдерiн тағайындайтын комиссиясы құрылып, құрамы аудандық мәслихатқа  бекiтуге  ұсынылсын.
      3. Осы  қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң  орынбасары А.Ш.Закирьяновқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi Т.Мүбәраков

Май ауданы әкiмдiгiнiң  
2004 жылғы 13 мамырдағы  
"2004 жылы аудан аумағындағы
азаматтардың жекелеген  
санаттарына әлеуметтiк  
қолдау туралы"     
N 72/1 қаулысымен     
      бекiтiлген         

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк
төлемдерiн тағайындау
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ережелер

     1. Осы Қағида облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылдың 26 наурыздағы "2003-2005 жылдарға арналған облыста кедейлiктi төмендету жөнiндегi бағдарламаны iске асыру жөнiндегi 2004 жылға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес 2004 жылғы 24 ақпандағы 4/1 Май аудандық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген "Жергiлiктi уәкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтiк көмектi тағайындау" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлiк өнiмдерi түрiнде бiр реттiк көмек ұйымдастыру және кейбiр әлеуметтiк сұрақтарын шешетiн жағдайларға ақшадай қаржы бөлудi ұйымдастырады.     

2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдерге
құқығы бар азаматтардың санаттары

      2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдер алуға құқықтары бар азаматтар:
      1) аудан аумағындағы тұрмысы төмен атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасыларына трансферттер түрiнде қаржы бөлiп, оған картоп тұқымдарын сатып әперу;
      2) аудан аумағында аз қамтылған, атаулы әлеуметтiк көмек алатын азаматтарға трансферттер түрiнде қаржы бөлiп, оған iрi қара мал, ұсақ мал қой сатып алу;
      3) Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiне 9 мамыр мерекесiне берiлетiн материалдық көмек ретiнде қаржылай бөлу;
      4) Кеңес үкiметiнiң әскерiн Ауғанстаннан шығарғанына 15 жыл толуына орай, ауған соғысына қатысқан және мүгедектерге бiр жолғы әлеуметтiк материалдық көмек көрсету;
      5) Ақсай санаториясында емдеуден өту үшiн Көктөбе - Павлодар - Алматы және Алматы - Павлодар - Көктөбе бағытындағы жол шығындарын және аз қамтылған отбасылардың балалары және мүгедек балаларға, аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң жолдауы бойынша республика көлемiнде санаторияларға емделу үшiн жiберiлгендерге барып қайту жол ақыларын өтеу;
      6) аудандағы тұрғындарды әлеуметтiк қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерiне қарттар күнiне бiр жолғы материалдық көмек көрсету;
      7) 6000 мың теңгеге дейiн зейнетақы алатын жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге және ең ауыр науқас мүгедек балалардың отбасыларына (3 адам) 2 тоннадан көмiр және 1 куб ағаштан алып беру;
      8) көлiк шығындарын қайтару үшiн жыл iшiнде екi рет тұрғын орнынан аудан орталығына дейiн барып қайту қоғамдық көлiк құнын 100%  туберкулезбен ауыратындарға өтеп беру түрiнде материалдық көмек көрсету;
      9) аудандық жұмыспен қамту бөлiмiнде тiркеуде тұрған азаматтар кенеттен қайтыс болған жағдайда, олардың жерлеу рәсiмдерiн жасау үшiн бiр жолғы материалдық көмек жасалады;
      10) тың игерудiң 50 жылдығына орай тың игеру кезiнде жұмыс жасап, қазiргi уақытта зейнетақы алатындарға бiр жолғы материалдық көмек көрсету;
      11) аз қамтылған жалғыз басты азаматтарға және 6 одан көп 18 жасқа толған балалары бар жанұяларға ай сайын жарық жүйелерiнiң шығынын өтеп беру айына 50 квт;
      12) 18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға мүгедектер күнi қарсаңында бiр жолғы материалдық көмек ретiнде көмек көрсету және оларға мерекелiк шаралар ұйымдастыру;
      13) аудан бойынша соғыс ардагерлерiне ай сайын жарық жүйелерiнiң шығынын өтеп беру, айына 50 квт;
      14) аудан бойынша соғыс ардагерлерiне абонент төлемдерiнiң 50% ай сайын өтеп беру үшiн қаржы бөлу.

3. Тағайындау тәртiбi

      3. Аудан аумағында тұратын тұрмысы төмен және атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылар өздерiнiң тұрғылықты жерлерiндегi ауыл әкiмдерiне iрi ұсақ қара мал немесе көкөнiс тұқымдарын қағиданың 1 қосымшасына сәйкес өтiнiш бередi.
      4. Ауыл әкiмi жергiлiктi жердегi учаскелiк комиссиямен бiрiгiп, қағиданың 2 қосымшасына сәйкес өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайын тексередi.
      5. Тұрмысы нашар отбасыларының тұрмыс тiршiлiгiн тексерiп, тексерiс актiсiнде толық баяндап, әлеуметтiк көмек қажет ететiн азаматтардың тiзiмiн тексерiс актiсiне және салық төлеушiнiң нөмiрiн қосып, аудандық әлеуметтiк көмектi тағайындау жөнiндегi комиссияның қарауына сәйкес жiбередi.
      6. Бөлiм комиссиямен барлық құжаттарды қарастырып барып, әлеуметтiк төлемдердi тағайындайтын болады. Жергiлiктi жерлердегi ауыл әкiмдерi мен учаскелiк комиссия азаматтардың жеке шоттарына трансферттер түрiнде бөлiнген қаржыны дұрыс бағытта жұмсалуын қадағалайды және арнайы комиссияға еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне толық ақпарат бередi.
      7. Әлеуметтiк көмектiң түрi, яғни, iрi немесе ұсақ малмен көмек жасалған азаматтар, атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың қатарынан шығатын болады.
      8. Аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң тапсырысы бойынша санаторияға демалысқа барып қайтқан аз қамтылған жанұялар балаларының жол шығындарының төленуi тiзiм арқылы және жол билеттерiнiң сомасы негiзiнде жасалады.
      9. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан бойынша халықты әлеуметтiк қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерiне - қарттар күнi қарсаңында бiр жолғы өтем-сыйақылар 1000 мың теңге көлемiнде берiлетiн болады.
      10. Аудандағы туберкулезбен ауыратын адамдарға жылына екi рет тұрғылықты жерлерiнен аудан орталығына барып қайту үшiн еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне жол шығындарын растайтын және аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң тiзiмi бойынша науқастығына байланысты құжатты табыс ету арқылы жасалады.
      11. Төменгi зейнетақы алатын зейнеткерлер мен ең ауыр науқас мүгедек балалардың жанұяларына берiлетiн көмек, жергiлiктi жерлердегi учаскелiк комиссияның берген қорытындысы негiзiнде және аудандық комиссияның шешiмi бойынша берiледi.
      12. Зейнеткерлер мен мүгедектердiң тiзiмдерi мен қоса олардың салық төлеу нөмiрi қоса тiркеледi.
      13. Аудан аумағында тұратын тұрмысы нашар отбасылары, егер олардың отбасыларының кiрiсi кедейшiлiк сызығынан аспаса, Қазақстан Республикасының азаматтары және белгiлi бiр кезеңге дейiн Қазақстан Республикасының азаматтығын алмағандардың да азаматтық алу процедурасын өтеушiлер көмек алуға құқығы бар. Осындай көмек алуға 18 жасқа дейiнгi балалармен тұратын, төмен зейнетақы алатын жалғыз басты азаматтардың да құқығы бар. әлеуметтiк жәрдемақы алуға тiлек бiлдiрушiлер учаскелiк комиссия төрағасы болып табылатын ауыл әкiмiнiң атына өтiнiш бередi. Ауыл әкiмi учаскелiк комиссиямен жәрдемақы алуға мұқтаж адамдардың материалдық жағдайын анықтап, аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне ұсыныс жасайды. Сонымен қатар өтiнiш берушiлер мен учаскелiк комиссия құжаттарының дұрыстығына және жалған ақпарат болмауына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық жауап бередi.
      14. Осы Қағиданың 2 бабы 1 тармағының 10,12 тармақшаларында көрсетiлген азаматтардың тiзiмi аудандық зейнетақымен қамту орталығымен салыстырма жасалып аудандық арнайы комиссия бекiтедi.
      15. Әрбiр азаматтың салық төлеу және жеке шотының нөмiрi алынып бiр жылғы жәрдемақылар аударылатын болады.
      16. Осы Қағиданың 2 бабы 1 тармағы 11, 13, 14 тармақшаларында көрсетiлген азаматтардың тiзiмдерi әрбiр селолық округтердегi учаскелiк комиссияның берген мәлiметтерi бойынша арнайы комиссия бекiтедi азаматтардың салық төлеу және жеке шот нөмiрлерi көрсетiлген тiзiмi негiзiнде ай сайын өтемақылар жасалады.

4. Әлеуметтiк төлемдер нормативi

      17. Әлеуметтiк көмектi қажет етушiлерге, аз қамтамасыз етiлген отбасыларының мүшелерiне ауыл әкiмiмен келiсiм бойынша жеке тұлғаларға трансферттер түрiнде қаржы қаралады.

5. Тұрмысы нашар өте мұқтаж
отбасыларына төлемi тәртiбi

      18. Трансферттер түрiнде жеке тұлғаларға бөлiнген қаржы "Казпочта" аудандық бөлiмi арқылы шоттарға аударылады.

6. Есеп және есеп беру

      19. Тұрмысы нашар отбасыларына әлеуметтiк бiр мезгiлдiк төлемдердi, атап айтқанда, осы Ереженiң пункттерiнде көрсетiлген тағайындау, есеп және есеп берудi жүргiзудi аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмi жүргiзедi. Жағдайды анықтау, алғашқы құжаттарды жинау және тiркеу, құжаттардың дұрыстығын тексеру жұмыстарын селолық округтер жанындағы мемлекеттiк әлеуметтiк көмектiң берiлуiн қарайтын және тағайындайтын учаскелiк комиссия жүзеге асырады.
      20. Селолық округ жанындағы учаскелiк комиссия тұжырымына сәйкес барлық бiрiншi құжаттар аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне берiледi, есеп беру бөлiмi аудандық бюджеттен бөлiнген қаржы туралы есептi жүргiзедi және бағдарламаның орындалғаны туралы жоғары органдар алдында есеп бередi. Сондай-ақ қаржының толық игерiлгенi және дұрыс жұмсалғаны туралы жауап бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады