Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы N 2/230 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 16 сәуірде N 591 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 шілдедегі N 5/760 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 шілдедегі N 5/760 қаулысымен
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңы  27 бабы 1 тармағы 21 тармақшасы негiзiнде Алматы қаласының аумағында көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдамаларды әзiрлеу мақсатында, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия- консультативтi-кеңесшi орган құрылсын (N 1 қосымша).
      2. Комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
      3. Белгiленген тәртiпте ұсынылған Комиссияның жеке құрамы Алматы қаласы Мәслихатына бекiтуге берiлсiн.
      4. Алматы қаласы Үкiмiнiң 2001 жылғы 30 қарашадағы№N 490 "Көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қалалық комиссия туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп есептелсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И.Заяцқа жүктелсiн.  

      Алматы қаласының Әкiмi      
      Әкiмшiлiк хатшысы  

Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң       
2004 жылғы "15" наурыздағы N 2/230   
"Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы   
көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз  
ету жөнiндегi комиссия туралы"     
қаулысының келiсу парағы         

      Енгiзушi:
      Көлiк және коммуникация
      департамент директорының
      орынбасары                        С.Жұмабеков

      Келiсiлдi:
      Алматы қаласы Әкiмiнiң
      бiрiншi орынбасары                Я.Заяц

      Көлiк және коммуникация
      департамент директоры             В.Сухоруков      
      
      Алматы қалалық IIББ жол
      полициясы басқармасының
      бастығы                           I.Бектұров

      Қалалық төтенше жағдайлар
      басқармасының бастығы             Б.Ысқақов
      
      Қоршаған ортаны қорғау
      басқарма бастығы                  Е.Уандықов
      
      Көлiк бақылау комитетi
      басқармасының бастығы             Н.Бектенов
      
      Заң бөлiмi                        Р.Исабаева

      Таратылсын:№N 3 қабылдау бөлмесiне, аудан
      әкiмдерiне, көлiк және коммуникация
      департаментiне, ҚIIБ ЖПБ-на, АҚТЖБ-на, ҚОҚБ-на,
      КБКБ-на, қалалық көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз
      ету жөнiндегi комиссиясына.

      Хаттама бөлiмiнiң
      меңгерушiсi                       М.Құлсейiтова

Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң        
2004 жылғы 15 наурыздағы N 2/230     
"Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы   
көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз  
ету жөнiндегi комиссия туралы"      
қаулысына 1 қосымша            

       Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2006 жылғы 06 қыркүйектегі  N 6/1078  қаулысымен.

Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы көліктегі
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
Алматы қалалық комиссиясының құрамы

      Мәулен Шапанбайұлы    - Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
      Мұқашев                 комиссия төрағасы 

      Бауыржан Бейсенұлы    - Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы,
      Ысқақов                 азаматтық қорғаныс, авариялар мен
                              дүлей апаттардың алдын алуды және
                              жоюды ұйымдастыру департаментінің
                              директоры 

      Игорь Евдокимович     - комиссия хатшысы
      Ключников       

Комиссия мүшелері:

      Бақтыгелді Емелұлы    - Алматы қалалық Ішкі істер департаменті
      Айқымбеков              жол полициясы басқармасының бастығы 

      Әнуәрбек Сиражұлы     - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіптік
      Әмірханов               қауіпсіздік және көлік
                              қауымдастығының төрағасы,
                              (келісімі бойынша)
      
      Мұрат Махметұлы       - "Көлік ғылыми-зерттеуинституты"
      Бекмағамбетов           Акционерлік қоғамының директоры
                              (келісімі бойынша) 

      Владимир Михайлович   - "Тәуелсіз бағалау және сараптама"
      Дарвин                  жауапкершілігі шектеулі
                              серіктестігінің бас директоры
                              (келісімі бойынша)

      Юрий Викторович       - Қазақстан Республикасының Төтенше
      Ильин                   жағдайлар жөніндегі министрлігінің
                              Алматы қаласы бойынша төтенше
                              жағдайлар жөніндегі департаменті
                              бастығының орынбасары
                              (келісімі бойынша)

      Сұлтанбек Алмасбекұлы - Алматы қалалық табиғи ресустар және
      Мәкежанов               табиғатты пайдалануды реттеу
                              департаментінің директоры 

      Сейітбек Ұзақұлы      - Қазақстан Республикасының
      Түркебаев               Көлік қозғалысы қауіпсіздігі қоры
                              Алматы қалалық филиалының директоры
                              (келісімі бойынша)

Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң        
2004 жылғы "15" наурыздағы N 2/230   
"Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы   
көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз  
ету жөнiндегi комиссия туралы"     
қаулысына 2 қосымша          

Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы көлiкте жол
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия туралы
Ереже

       1. Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтi-кеңесшi орган болып табылады, Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының оның өкiлдiгiн жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы"  Заңында  белгiленген, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңына  сәйкес Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органы басшылық ететiн Комиссияның қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi Алматы қаласының Әкiмi жүзеге асырады.
      2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Алматы қаласындағы жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында жергiлiктi мемлекеттiк реттеу басты мәселесiнде ұсыныстар мен ұсынымдамаларды әзiрлеу болып табылады, осы аумақты Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органының жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi саясаттың негiзгi бағыттарындағы азаматтық қоғам өкiлдерiмен кеңiнен талқылау өткiзу.
      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының өзге нормалық құқықтық актiлерiн, Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң қаулыларын, Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмдерi мен әкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы"  Заңын  жүзеге асырудағы Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының өкiлеттiктерiн жүзеге асыру үшiн жағдай жасау;
      2) Қазақстан Республикасының көлiкте қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелер бойынша қолданыстағы заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жолымен жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жұмыстарын жетiлдiруге жәрдемдесу;
      3) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың Алматы қаласының аумағында көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      4) жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету аумақтық бағдарламасын әзiрлеуге қатысу;
      5) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарының техникалық жағдайларын жақсарту және оның қаланың ауа тазалығына ықпал ету, жыл сайынғы көлiк құралдарының техникалық құралдарын байқаудан өткiзу жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
      6) Комиссияның құзыретiне кiретiн мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың ұсыныстарын қарап, Алматы қаласының Әкiмiне ұсынымдама беру;
      7) көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында жағдайды нақты бiлуде ғылыми зерттеулердi, ақпараттық көрсеткiштердi құрастыруды өткiзуге жәрдемдесуге;
      8) көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында жағдайды толық баяндау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесiп қызмет атқару;
      9) көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiне қатысты азаматтардың өтiнiштерi мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қару;
      10) халықаралық деңгейде өткiзiлетiн көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу, конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу.
      5. Комиссия құзыретi:
      1) Алматы қаласының Әкiмiне тiкелей бағыныстағы және есептегi мемлекеттiк органдардың басшыларын, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелер басшыларын өз мәжiлiстерiнде тыңдау;
      2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, құқық қорғау органдарын қоса қажеттi материалдар мен ақпараттарды сұрастыру;
      3) Комиссия құзыретiне кiретiн мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, өзге ұйымдар мен азаматтардың ұсынысын қарау;
      4) жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жұмыстарын жетiлдiру ұсыныстарын әзiрлеу және оларды Алматы қаласының Әкiмшiлiгiнiң қарауына енгiзу;
      5) Қазақстан Республикасының жол қозғалысының қауіпсiздiгiн мәселелерiн қарастыратын заңдарды талдау, осы мәселенi реттейтiн заң жобаларын әзiрлеуге қатысу;
      6) жол қозғалысының қауіпсiздiгiн мәселелерiн қамтамасыз ету саласында талдама материалдарын, сараптау-ұсыным тұжырымдамаларын және халықаралық шарттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      7) Комиссия мәжiлiсiн әзiрлеуге, аумақтық бағдарламаны әзiрлеуге қатысуға штаттан тыс сарапшыларды, қоғамның белсендi және кәсiби әзiрлiктегi топтарын тарту;
      8) жергiлiктi атқарушы органдарға жол қозғалысының қауіпсiздiгi мәселелерiн қамтамасыз етудегi статистикалық, әдiстемелiк және өзге ақпараттық материалдарды бағыттау;
      9) азаматтардың келiп түскен өтiнiштерiн қарау, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын Комиссия ол бойынша нақты шешiм қабылдауға тиiстi мемлекеттiк органға немесе лауазымды тұлғаға жiберуi мүмкiн.
      6. Комиссия өзiнiң өкiлдiктерiн белгiленген тәртiпте жүзеге асыруда мемлекеттiк үкiмет органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесiп жұмыстар атқарады.
      7. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруда мыналарға құқылы:
      1) мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ ұйымдар мен лауазымдық тұлғалардан қажеттi мәлiметтердi құжаттамалар мен материалдарды сұрастыруға және алуға;
      2) өз мәжiлiстерiнде мемлекеттiк органның тиiстi лауазымды тұлғасынан қаладағы көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге байланысты мәлiметтердi тыңдау;
      3) жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы тәртiп бұзушылықтар туралы мәлiметтердi өкiлеттi мемлекеттiк органдармен тексерудi бiрге өткiзу;
      4) белгiленген тәртiпте ғалымдар мен мамандарды жеке жұмыстарды жүзеге асыруға тарту.
      8. Комиссия құзыретiне сай оның мүшелерi белгiленген заң тәртiбiнде  мемлекеттiк үкiмет органдары мен мемлекеттiк ұйымдарда бола алады.
      9. Алматы қаласы Әкiмiнiң мәлiметiне жiберiлген мәжiлiстерде қабылданған ұсынымдамалар мен тұжырымдамалар комиссияның шешiмi болып табылады.
      Комиссияның ұсынымдамалары мен тұжырымдамалары мәжiлiске қатысқан оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда мәжiлiс төрағасының даусы шешушi болып табылады.
      10. Комиссияның ұсынымдамалары мен тұжырымдамалары, оның құзыретi шегiнде қабылданған осы мәселенi шешу оның құзыретiне кiретiн тиiстi мемлекеттiк органға жiберiледi.
      Комиссияның ұсынымдамалары мен тұжырымдамаларын алған мемлекеттiк орган және оның лауазымды тұлғасы, белгiленген мерзiмде оларды қарап және қабылдаған шешiмiн хабарлайды.
      11. Комиссия Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысымен Алматы қаласы Мәслихаты бекiткен төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және мүшелерден тұрады.
      Комиссия төрағасы мен мүшелерi оның жұмысына қоғамдық негiзде қатысады.
      12. Комиссия төрағасы Комиссияның жұмысына жалпы басшылық етедi, хатшы мен Комиссия мүшелерiне тапсырма берiп, оның мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн анықтайды, қызметтiк құжаттар мен ұсынымдамаларға және тұжырымдамаларға қол қойып, Алматы қаласында көлiк қауiпсiздiгiне байланысты кеңестерге қатысады, Алматы қаласы Әкiмiнiң келiсуiмен Алматы қаласының Әкiмшiлiгiне Комиссияның қызметiн жетiлдiруге ұсыныс бередi.
      Комиссия төрағасының болмауы жағдайында қызметтiк құжаттарға, ұсыныстар мен ұсынымдамаларға оның хатшысы қол қояды.
      13. Комиссия мәжiлiсiн оның төрағасы қажетiне қарай, тоқсанына бiр рет шақырады. Комиссия мәжiлiсi құқықты болып есептеледi егер де оған оның мүшелерiнiң тең жартысынан көбi қатысқан жағдайда.
      Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның мәжiлiсiне Комиссия төрағасының орынбасары төрағалық етедi. 

       Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады