"1999-2015 жылдарға арналған "Таза ауа-Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалуын сауықтырудың кешендi бағдарламасын бекiту туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы  XXV-сессиясының шешiмiне қосымшаның 1.11.1  тармағының 3, 4, 5 тармақшаларының күшiн 2015 жылға дейiн уақытша тоқтата тұру туралы Әдiлет басқармасында 11.06.99 жылы N 57 болып тiркелген, II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 31.10.2001 жылғы XIII-i сессиясының, (20.11.2001 N 404 болып тiркелдi), 23.01.2002 жылғы ХV-i сессиясының (22.02.2002 N 436 болып тiркелдi), шешiмдерiмен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi 03.01. 2001 жылы, 6.03.2002 жылы "Вечерний Алматы", 03.11. 2002 жылы "Алматы Ақшамы" газеттерiнде жарияланды

Күшін жойған

ІІІ-ші сайланған Алматы қаласы Мәслихатының VІ сессиясының 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 54 шешімі. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 4 мамырда N 597 тіркелді. Күші жойылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 56 шешімімен

       Күші жойылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 56 шешімімен
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  заңының  6 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына, Алматы қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн энергия көздерiнiң жұмысын тұрақтандыру мақсатында және "Алматы Пауэр Консолидэйтед" компаниясының ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, Батыс жылу кешенi мен "Алматыжылукоммунэнерго" акционерлiк қоғамы жылу көздерi жылыту маусымында газбен толық қамтамасыз етiлмейтiндiгiн ескере отырып III-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1."1999-2015 жылдарға арналған "Таза ауа-Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтырудың кешендi бағдарламасын бекiту туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы XXV-сессиясының  шешiмiне  қосымшаның 1.11.1 тармағының 3, 4, 5 тармақшаларының күшi 2015 жылға дейiн уақытша тоқтатылсын.
      2. "Алматы Пауэр Консолидэйтед" жабық акционерлiк қоғамы 2015 жылға дейiн қамтамасыз етсiн:
      1) ТЭЦ-1 және Батыс жылу қазандығының жұмысын жобалық сападағы көмiрмен және мазутпен тек жылу беру мерзiмiнде ғана;
      2) ТЭЦ-2-нiң жұмысын жобалық сападағы көмiрмен.
      3. "Алматыжылукоммунэнерго" акционерлiк қоғамы жобалық сападағы көмiрдi және мазутты тек жылу беру мерзiмiнде ғана пайдаланатын болсын.
      4. Алматы қаласының әкiмдiгi, Алматы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы атмосфераға зиянды қалдықтардың нормативтiк шығарылуына тұрақты қадағалауды қамтамасыз етсiн.
      5. "1999-2015 жылдарға арналған "Таза ауа - Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтырудың кешендi бағдарламасын бекiту туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы XXV-i сессиясының шешiмiне қосымшаның 2.5 тармағының 2, 3, 4 тармақшаларының күшiн 2005 жылға дейiн уақытша тоқтата тұру туралы" II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 31 қазандағы XIII-i сессиясы шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
      6. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау экология және төтенше жағдайлар мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға ( А.Б. Бiртанов) және Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А.З. Мурзинге жүктелсiн.

       III-шi сайланған Алматы
      қаласы Мәслихаты VI-шi
      сессиясының төрағасы,
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады