2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын өткiзу және "2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарды кредиттеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 38
қаулысын
орындау yшiн облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Облыстық бюджеттен өзгерiстер қосымшаға сәйкес облыс мәслихат сессиясына бекiтiлуге енгiзiлсiн.
2. 10.1.257.010.000 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi кредиттеу»бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi болып Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаментi тағайындалсын.
3. 16.1.260.006 Жергiлiктi атқарушы органының қарыздарын өтеу»бюджеттiк бағдарлама 2004 қаржылық жыл iшiнде секвестрленуге жатпайды деп белгiленсiн.
4. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаментi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi кредиттеудi кредиттеу жөнiндегi операцияларын қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргiзсiн.
5. Қоса берiлгендер бекiтiлсiн:
1) 2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылық машиналары yшiн қосалқы бөлшектер және ауыл шаруашылық техникасын жалға алу немесе сатып алу yшiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi кредиттеу Ережесi;
2) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге берiлген бюджеттiк кредиттiк ресурстарға қол жеткiзiмділiгiн және мақсатты пайдаланылуын бақылау мәселелерi жөнiнде облыстық ведомствоаралық комиссия құрамы.
6. Қаржы департаментiне кредиттердi мақсатты пайдаланылуына бақылау жасасын,ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаментi кредиттi толық және белгiленген мерзiмде қайтаруды қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.И.Сүлейменовке жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 3 ақпандағы
N 21 қаулысымен бекiтiлген 2004 жылғы көктемгi
егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi
ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар
өндiрушiлерiн кредиттеу туралы
2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқым дәрiлеуiш, ауыл шаруашылығы машиналары yшiн қосалқы бөлшектер және ауыл шаруашылығы техникасын жалға алу немесе сатып алу yшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi кредиттеу
Ережелерi
Осы кредиттеу Ережесi«2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарды кредиттеудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 38 қаулысына сәйкес жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқым дәрiлеуiштер, ауыл шаруашылық машиналары үшiн қосалқы бөлшектер сатып алу және ауыл шаруашылық техникасын жалға алу немесе сатып алуға бюджеттiк қаржыдан жеңiлдетiлген кредиттеудiң шарттарын, мерзiмдерiн және механизмiн айқындайды.
Бағдарлама әкiмшiсi - ауыл шаруашылығы тауарлар өндiрушiлердi кредиттеу жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны негiздеу және жүзеге асыру үшiн жауапты және жергiлiктi бюджет қаржысынан қаржыландырылатын мемлекеттiк орган.
Заем берушi банк - екiншi деңгейдегi банк немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң соңғы қарыз алушыларды одан әрi кредиттеу үшiн облыстық бюджеттен бюджеттiк кредит алатын банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым.
Соңғы қарыз алушы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен айналысатын заңды тұлға немесе жеке тұлға.
3.1. Облыс әкiмдiгi республикалық бюджеттен алынған кредиттi - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаментi - бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi арқылы Заем берушi банкке,одан әрi ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылық машиналары үшiн қосалқы бөлшектер сатып алуға және ауыл шаруашылық техникасын жалға алуға немесе сатып алуға қайтарымдылық, мерзiмдiлiк және қамтамасыздығы шарттарында нөлдiк сыйақысы ставкасы бойынша кредиттеу үшiн бөледi.
3.2. Облыстық бюджеттi нақтылауда кiрiс бөлiгiнде 601601 "Республикалық бюджеттен берiлетiн кредиттер", 501603 Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге берiлген кредиттердi қайтару» кодтар бойынша түсiмдер қарастырылады. Шығыстар бөлiгiнде - 10.1. 257. 010. 000 "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi кредиттеу", коды 161260006 "Жергiлiктi атқарушы органның қарызын өтеу»бағдарламалары бойынша шығыстар қарастырылады.
3.3. Бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес заем берушi Банктердi айқындайды, олармен жанар-жағар май материалдарын (кредиттiк ресурсының 80% кем емес), тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылық машиналары үшiн қосалқы бөлшектер сатып алуға және ауыл шаруашылық техникасын жалға алуға немесе сатып алуға кредиттiк жүйеге қызмет көрсетуге және кредиттiк ресурстарды облыстық бюджетке 2004 жылғы 15 қарашадан кешiктiрмей қайтаруға кредиттеу келiсiм-шартын жасайды. Кредиттеу келiсiм-шартында заем берушi Банктер берiлген кредиттер үшiн оператормен және соңғы заем алушылармен есеп айырысу жағдайларына тәуелсiз алынған қаражаттарды облыстық бюджетке қайтару мiндетi айтылады.
3.4. Бағдарлама әкiмшiсi мен заем берушi Банктер арасындағы кредиттiк келiсiм-шарт жергiлiктi атқарушы органда тiркеледi.
3.5. Заем берушi Банк сәйкес келiсiм-шарт негiзiнде ауыл шаруашылығы тауарлар өндiрушiлерге,Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң тәжiрибелiк кәсiпорындарына (станцияларына)мақсатты кредиттер бередi.
3.6. Ведомствоаралық комиссия кредиттiк ресурстарын ауылшаруашылық тауар өндiрушiлер арасында бөлiнуiн бақылайды.
3.7. Қарызға алған қаражатты республикалық бюджетке қайтару ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн жасалады.
3.8. Кредиттiк ресурстарды дер уақытында қайтарылмаған немесе мақсатты пайдаланылмаған жағдайда облыс әкiмдiгi жасалған кредиттiк келiсiм-шартқа сәйкес заем берушi Банкке санкция ұсынады.
Облыс әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 3 ақпандағы N 21
қаулысымен бекiтiлген
2004 жылғы көктемгi егiс және
егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi
ұйымдастыруға ауыл шаруашылық
тауар өндiрушiлерiн кредиттеу туралы
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге берiлген бюджеттiк кредиттiк ресурстарға қол жеткiзімдiлігiн және мақсатты пайдаланылуын бақылау мәселелерi жөнiнде облыстық ведомствоаралық комиссия құрамы
Сүлейменов
|
Комиссия төрағасы,
|
Сюникаев
|
Комиссия төрағасының орынбасары,
|
Комиссия мүшелерi: |
|
Айнабеков
|
Қазақстан Республикасының Ауыл
|
Лаптев
|
Жер ресурстарын басқару
|
Молдашев
|
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң бақылау комитетiнiң басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) |
Пономарев
|
Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi Қазақстан Республикасының агенттiгi департаментiнiң директоры (келiсу бойынша) |
Оразалинов
|
Қаржы департаментi бастығының орынбасары, бақылау- тексерушiлiк басқармасының бастығы |
Кунгурцева
|
Комиссия хатшысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаментiнiң есеп жүргiзу және қаржыландыру -бөлiмiнiң бастығы |
Облыстық әкiмдiктiң
2004 жылғы 3 ақпандағы N 21
қаулысына қосымша
2004 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерiстер енгiзу туралы
1. Облыстық бюджет кiрiстерi 2000000 мың теңгеге көбейтiлсiн, соның iшiнде:
Са
|
Сы
|
Кiшi сынып |
Ерекшелiгi |
Атауы |
Сомасы мың теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
А |
В |
6 |
01 |
6 |
01 |
Республикалық бюджеттен түсетiн кредиттер |
1000000 |
6 |
01 |
6 |
03 |
Ауыл шаруашылық өндiрушiлерiне берiлген кредиттердi өтеу |
1000000 |
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ |
2000000 |
2. Облыстық бюджет кiрiстерi 2000000 мың теңгеге көбейтiлсiн, соның iшiнде:
Функ
|
Функция |
Мекеме |
Бағдарлама |
Атауы |
Сомасы мың теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
А |
В |
10 |
1 |
257 |
010 |
Ауыл шаруашылығы тауарөндiрушiлерi
|
1000000 |
16 |
1 |
260 |
006 |
Жергілікті атқарушы органның борышын өтеу |
1000000 |
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ |
2000000 |