Облыс ормандары күзетінің өртке қарсы шаралары туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 5 сәуірдегі N 55 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 11 мамырда N 1235 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N 213 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008.07.30 N 213 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8-і шілдедегі Орман кодексінің 15 бабын орындау үшін облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстағы орман күзеті жөніндегі қоса берілген өртке қарсы іс-шаралар Жоспары бекітілсін.
      2. Аудан әкімдері өрт қауіпі бар кезеңде меншік нысандарына қарамастан барлық кәсіпорындарға, мекемелерге ормандарда мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге, облыс әкімінің орман және аңшылық шаруашылығы басқармасымен келіспей от жағуға, орман жұмыстарында от алдыру, қоректендіру жүйелерінде ақаулары бар басқа да механизмдерді және ұшқын бұқтырғыштары жоқ автокөліктерді қолдануға тыйым салсын.
      3. Білім департаменті (Денкенова) мектеп оқушыларымен студенттер арасында әрдайым ормандағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсін.
      4. Облыс әкімінің көлік және коммуникациялар департаменті (Сыздықов) автокөлік жолдары бойындағы минералдандырылған жолақтарды таза жағдайда ұстасын.
      5. Солтүстік Қазақстан облыстық автокөлік жолдары басқармасы (Жанкин) автокөлік жолдары бойындағы кедергілік және қорғаныш жолақтарын өртке қарсы тиісті жағдайда ұстау ұсынылсын.
      6. Қаулының орындалуын бақылауды облыс әкімінің орынбасары С.В.Развинге жүктелсін.

       Облыс әкімі

Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 5 сәуірдегі
"Облыс ормандары күзетінің өртке қарсы
шаралары туралы" N 55 қаулысына қосымша

  Облыс ормандары күзеті бойынша өртке қарсы
іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар

Жауаптылар

Орындалу
мерзімі

1. Орман өртімен күресу үшін
облыстық төтенше жағдайлар
басқармасымен және
мемлекеттік өртке қарсы
қызметпен өзара іс-қимыл
жасау жоспарын әзірлеу және
келісу.

Солтүстік Қазақстан
облысы әкімінің
орман және аңшылық
шаруашылығы
басқармасы

20 Сәуір

2. Орман өрттерін анықтау
және оларды сөндіру
құралдарын дайындық қалпына
келтіру. Өрт-химиялық
станцияларын, өрт
жасақтарын, тірек пункттерін
қажетті мамандармен, өртке
қарсы техникамен және
керек-жарақпен жабдықтау.

Солтүстік Қазақстан
облысы әкімінің
орман және аңшылық
шаруашылығы
басқармасы

20
Сәуір

3. Орман өртін алдын алу
жөнінде ормандағы өрт
қауіпсіздігі ережесін
бұзғандармен жауапты
тұлғалардың іс-шараларына
БАҚ арқылы кең түсінік беру
жұмыстарын ұйымдастыру.

Солтүстік Қазақстан
облысы әкімінің
орман және аңшылық
шаруашылығы
басқармасы

Әрдайым

4. Барлық өрт қауіпі
кезеңінде мемлекеттік орман
күзетін және орман күзетімен
байланысты емес жұмыстарда
мемлекеттік техника
құралдарын (автокөлік,
трактор, бульдозерлерді)
пайдалануға тыйым салынсын.

Петропавл қаласының
және аудан әкімдері

10 Сәуір
-1 қараша

5. Аудандық өрт сөндіру
жоспарын әзірлеу және
бекіту, ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарының және
мекемелерінің көлік
техникасын меншік
нысандарына қарамастан,
орман және дала өрттерін жою
механизміне тарту.
Жасақтарының жедел қимылдар
аудандық байқауын өткізу,
облыс әкімінің орман және
аңшылық шаруашылығы
басқармасымен жедел қимылдау
жасақтардың байқауын
өткізудің кестесін құрып,
мерзімін бекіту.

Петропавл қаласының
және аудан әкімдері,
облыс әкімінің орман
және аңшылық
шаруашылығы
басқармасы

20 Сәуір

6. 2003 жылғы күзде ылғал аз
және қысқы қардың
жеткіліксіздігінен, 2004
жылы көктемнің ерте келуін
ескере отырып, ерекше
күзетілетін табиғи
аумақтарға және табиғат
ескерткіштеріне заңды және
жеке тұлғалардың техникамен
келуіне тыйым салынсын және
жүріс-тұрыстары шектелсін.
Кіре берістерде жол
полициясымен мемлекеттік
орман күзетінің бірігуімен
уақытша бекеттер қойылу.

Қала және аудан
әкімдері, ішкі істер
басқармасы, облыс
әкімінің орман және
аңшылық шаруашылығы
басқармасы

28 Сәуір
4 мамыр,

7 мамыр
-11 мамыр
дейінгі
кезеңдерде

7. Мемлекеттік орман қоры
аумағындағы ормандарда
жоғары өрт қауіптілігі
кезеңінде орманды пайдалану
құқығы тоқтатылуға дейін,
заңды және жеке тұлғалардың
келуіне тыйым салынсын.

Қала және аудан
әкімдері, облыс
әкімінің орман және
аңшылық шаруашылығы
басқармасы

Әрдайым

8. Орман қоры маңындағы ауыл
шаруашылығы егістіктерінде,
жайылымдарда, шабындықтарда
егіннен қалған сабақтарды,
басқа да өсімдіктер
қалдықтарын жағуды
ұйымдастыруды шаруа
қожалықтарының және басқа
ауыл шаруашылығы ұйымдарының
орындауын бақылау.

Аудан әкімдері,
облыс әкімінің ауыл
шаруашылығы, сатып
алу және өнімді
қайта өңдеу
департаменті, облыс
әкімінің орман және
аңшылық шаруашылығы
басқармасы

Әрдайым

9. Орман қабырғасына 20
метрге жақын ауыл
шаруашылығы мәдениеттерінің
дақылдары үшін жер өңдеуге
және орман шекарасына
дейінгі 50 метрге жақын
жерге сабанды үюге тыйым
салынсын.

Облыс әкімінің ауыл
шаруашылығы, сатып
алу және өнімді
қайта өңдеу
департаменті және
облыс әкімінің орман
және аңшылық
шаруашылығы
басқармасы

Әрдайым

10. Сабанмен егіннен қалған
сабақтарын жағардағы жердің
айналасындағы аумақ 15-20
метр радиуста тез жанғыш
материалдардан тазартылсын
керек және айналасындағы
минералдандырылған жолақтар
жалпақтығы 1,4 метрден кем
болмасын.

Аудан әкімдері,
облыс әкімінің ауыл
шаруашылығы, сатып
алу және өнімді
қайта өңдеу
департаменті және
облыс әкімінің орман
және аңшылық
шаруашылығы
басқармасы

Әрдайым

11. "Орман өрттерінің
қоршаған ортаға әсері" атты
тақырыпта жалпы мектептік
жиналыстар, сынып
сағаттарын, азаматтар
жиналысын өткізуге кесте
әзірленсін және бекітілсін.

Петропавл қаласының
және аудан әкімдері,
облыстық білім беру,
ауыл шаруашылығы,
сатып алу және
өнімді қайта өңдеу
департаменті

Сәуір-
мамыр

12. Орман және дала өртіне
оранған аумақтағы
тұрғындарды мүмкіндігінше
эвакуациялау мәселелерін
қайта пысықтау.

Облыстық төтенше
жағдайлар басқармасы

Кесте
бойынша

13. Мемлекеттік орман қоры
жерлерінде орналасқан
балалар сауықтыру лагерлері,
туристік базалар, тұрғын
пункттері аумақтарының өртке
қарсы жағдайын тексеруді
әрдайым қадағалап отыру.

Облыстық төтенше
жағдайлар басқармасы

Кесте
бойынша

14. Облыс ормандарын сақтау
мәселесі туралы, көктемгі
егістік жұмыстарға дайындық
және оларды өткізуді
аудандық жиналыстарда
қарастыру.

Қала және аудан
әкімдері, облыс
әкімінің ауыл
шаруашылығы, сатып
алу және өнімді
қайта өңдеу
департаменті және
облыс әкімінің орман
және аңшылық
шаруашылығы
басқармасы

өткізу
шарасы
бойынша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады