"Өкілдік шығындар" 012 бағдарламасы бойынша 2004 жылға арналған қалалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 159 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 8 сәуірде N 1208 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі N 595 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 03.04.2013 N 595 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148Заңының 31-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, "Республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 281Қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Қоса берілген "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша 2004 жылға арналған қалалық бюджетте көзделген  қаражатты пайдалану Ережесі бекітілсін.
      2. Өкілдік шығыстар шығындары "Республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 281 Қаулысымен бекітілген өкілдік шығындар нормаларына сәйкес жүзеге асырылсын.
      3.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына Б.Қ. Есмановқа жүктелсін.

       Қала әкімі

Қала әкімдігінің "2004 жылға арналған
қалалық бюджетте 012 "Өкілдік  шығыстар"
бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты
пайдалану ережесін бекіту туралы"
2004 жылғы 19 наурыз N 159 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

2004 жылға арналған қалалық бюджетте "Өкілдік шығыстар"
бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже 2004 жылғы қалалық бюджетте 012 "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Өкілдік шығыстар қалалық бюджетте сәйкес қаржылық жылға көзделген және қалалық бағдарлама әкімшісімен шетел делегацияларын қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ қаланың ресми делегацияларының Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі өкілдік мақсаттар үшін бөлінген қаражат.
      Өкілдік шығыстарға:
      1) егер ол қала әкімдігінің сәйкес рұқсат беруші актілерімен бекітілген болса, қалаға шақырылған тұлғалардың аталған пунктке дейінгі көліктік шығыстары мен жататын орындарының төлемдері;
      2) ресми түстік астар, кешкі астар, кофе-брейктер, фуршеттер (жеңіл тамақтану);
      3) ресми қабылдаулар кезіндегі музыкалық сүйемелдеулер;
      4) кәдесыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу;
      5) автокөліктік қызметтер;
      6) аудармашылар қызметінің төлемі;
      7) залдарды жалға алу;
      8) қала әкімдігінің рұқсат беруші актілерімен бекітілген басқа да шығындар жатады.

2. Өкілдік шығындарға бөлінген  қалалық бюджеттің
қаражатын пайдалану тәртібі

      3. Қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері (ілгеріде - әкімшілер) мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде және 2004 жылғы қалалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражат көлеміне қарай өкілдік шығыстарды қажет ететін Жылдық іс-шаралар жоспарын (ілгеріде - жоспар) жасайды және оны қарау үшін қала әкімі аппаратына ұсынады. Жыл ішінде бағдарлама әкімшісі көзделмеген іс-шараларды және бөлінген қаражат көлемі ескеріле отырып, Жоспарға түзетулер енгізуі мүмкін.
      4. Жоспар негізінде әкімшілер қаржы басқармасымен келісе отырып, мемлекеттік органдардың өкілдік шығындарына осы қаулымен бекітілген нормаларға сәйкес қаражат бөлуді жүзеге асырады. Қаражат жетіспеген жағдайда, қаражат қала әкімдігінің резервінен бөлінеді.
      5. Өкілдік шығыстарға қаражат бөлу қала әкімдігінің рұқсат беретін актімен ресімделеді.
      6. Қалалық әкімшілердің өкілдік шығыстарға қалалық бюджеттен қаражат бөлу туралы өтініштерін қала әкімдігі мыналар:
      1) іс-шараларды өткізудің қажеттілігі туралы негіздеме:
      2) делегацияның деңгейі мен форматы бойынша болу бағдарламалары;
      3) делегацияның деңгейі мен форматы бойынша болу бағдарламасын бірге қосатын, іс-шараларды дайындау мен өткізудің жұмыс жоспары;
      4) іс-шараларға қатысушылардың іс жүзіндегі санын растайтын құжаттар;
      5) шығыстардың әр спецификасы негізделген қаржыландыру жоспары;
      6) осы Ереженің 3 тармағына сай Жоспарда сәйкес іс-шара болған жағдайда қарайды.
      7. Осы Ереженің жалпы ережелерінің 2-тармағында белгіленген өкілдік шығыстар бойынша, әкімшілер аталған қызметтерді ұсынатын ұйымдардың деректемелері мен тауарлардың бағасы көрсетілген растаушы құжаттар ұсынады.
      8. Қалалық қаржы басқармасы қала әкімдігінің рұқсат беретін акті негізінде белгіленген тәртіппен қалалық бюджеттің жазылуына өзгерістер енгізеді: бағдарламалар бойынша жоспарлы тағайындалымдарды азайтады және 012 "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша жоспарлы тағайындалымдарды ұлғайтады.

3. Есептілік және бақылау

      9. Қалалық қаржы басқармасы өкілдік шығыстарға бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.
      10. Өкілдік шығыстарға қаражат алған қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қалалық қаржы басқармасына аталған қаражаттың пайдаланылуы туралы тоқсан сайын есеп береді, ал осы өкілдік шығыстарға қаражатты алған тұлғалар, іс-шаралар өткізілгеннен кейінгі 15 күнтізбелік күн ішінде оны растайтын мыналарды:
      1) өткізілген іс-шаралардың іс жүзіндегі қатысушыларының санын растайтын құжаттарды;
      2) осы Ереженің жалпы ережелерінің 2-тармағына сәйкес басқа шығыстар бойынша қала әкімдігінің рұқсат беретін актін;
      3) сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің құны және көлемі көрсетілген, тиісті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатқан ұйымдардың мөрімен бекітілген растаушы құжаттарды (түбіртек, шот-фактура, жөнелтпе құжатттар) бірге қосатын құжат ұсынуы тиіс.
      11. Өкілдік шығыстарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады