Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердің төлеміне тұрғындық жәрдем берудің ережесі туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 29 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 17 ақпанда N 1154 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 қазандағы N 141 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2005.10.14 N 141 Шешімімен

      1999 жылдың 16 қарашасындағы N 477-1 "Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердің төлеміне тұрғындық жәрдем берудің ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім облыстық әділет басқармасында тіркеліп, аудандық "Есіл" газетінде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

      Аудандық мәслихаттың сессиясының төрағасы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы

Бекiтiлді
аудандық мәслихаттың
2004 жылғы 15 қаңтардағы
"Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға
тұрғын үй ұстауға және коммуналдық
қызметтердiң тұтыну ақысын төлеуге
тұрғын үй көмегiн берудiң ережесi
туралы" N 29»шешiмiмен

Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға
және коммуналдық қызметтердiң тұтыну ақысын төлеуге
тұрғын үй көмегiн берудiң
ЕРЕЖЕСI

      1. Тұрғын үй көмегiне - тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтiң тұтыну ақысын төлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жалға пәтер алу шығындарының орнын толтыру үшiн халықтың аз қамтамасыз етiлген жiгiне берiлетiн өтемақы.
      2. Егер өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй нормалары және коммуналдық қызметтi тұтынуға жұмсалатын төлемдер, отбасы бюджетiнде осы мақсатпен жұмсалатын шығындар үлесiнен артатын болса тұрғын үй көмегi, осы көмек (жалдаушы, жалға алушы) болып табылатын тұлғаларға берiледi. Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға жұмсалатын шығындардың үлесi. Есiл ауданының тұрғындарына отбасының жиынтық табысының 30 % мөлшерiнде белгiленедi.
      3. Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтi тұтынуға белгiленген нормалардан артық төлемдер жалпы негiзiнде жүргiзiледi.
      4. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй жайларды жалға тапсырған немесе қайта жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
      5. Егер отбасында күту қажет деп танылған мүгедектердi күтетiн немесе жас шамасы 1,5 жасқа дейiнгi бала (бiреу және одан да көп) күтiп отырған тұлғаны есептемегенде, жұмыс iстеуге қабiлеттi, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтiн және жұмыспен қамту қызметiнде тiркелмеген тұлғалар болса, онда отбасыларының тұрғын үй жәрдемiн алуға құқығы жоқ.
      6. Жайлы секторда тұратын тұлғаларға тұрғын үй көмегi пәтер иесiне (жалдаушыға, жалға алушыға) пәтердi ұстауға және коммуналдық қызметке есептелген сомамен салыстырғанда төлемдi кемiту түрiнде, қолма-қолсыз ақша нысанында өтiнiштерi бойынша қызмет көрсетушiлердiң жеке шоттарына аудару арқылы берiледi. Тұрғын үй көмегiнiң көлемi пәтер және коммуналдық қызмет үшiн iс жүзiнде есептелген төлем сомасынан артық бола алмайды.
      7. Тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанға тағайындалады көмек тағайындауға қажеттi құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-шi жұлдызына дейiн қабылданады, алдында өткен тоқсанның табыстары есепке алынады. Тұрғын үй көмегiн алушыларды қайта тiркеу ресiмдеудiң алғашқы үрдісімен бiрдей.
      8. Тұрғын үй көмегiн алушылар өз пәтерiнiң меншiк нысанының, отбасы құрамының және жиынтық табысының кез-келген өзгерiстерi туралы 10 күн iшiнде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне хабарлауға тиiс.
      9. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы шешiм барлық отбасы  мүшелерiн жеке куәлендіретін құжаттар берген жағдайда пәтер жалдаушының (иесiнiң) өтiнiшi және оған қоса берiлген мынадай құжаттар: отбасы құрамы, жылжымайтын мүлiк орталығы беретiн меншiкте тұрғын үй бар-жоғы, тұрғын үйдiң пайдалы алаңының көлемi, тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметке төлем жөнiндегi шығындар отбасының жиынтық табысы туралы анықтамалар негiзiнде қабылданады.
      10. Табыс етiлген құжаттарды қарастыру нәтижесi бойынша тұрғын үй көмегiнiң есептелуi енгiзiлген еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi мен өтiнiш берушiнiң арасында екi жақтық келiсiм-шарт жасалады. Шарт екi данада жасалады, оның бiреуi тұрғын үйдiң меншiк иесiнде сақталады. Аталған шарт тұрғын үй көмегiн беру үшiн негiз болып табылады.
      11. Ақпараттың дұрыстығына күдiк туған жағдайда, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi тұрғын үй көмегiн алуға өтiнiш берген тұлғаның табысы туралы ақпарат сұрауға құқылы.
      Тұрғын үй көмегiн алуға өтiнiш берген пәтер иесiнiң (жалдаушының, жалға алушының) отбасындағы барлық iс-әрекетке қабiлеттi мүшелерi, өздерiнiң табыстары туралы жеке және заңды тұлғалардан айқындаушы ақпарат алуға келiсiмдерiн растайтын рұқсатқа қолдарын қоюлары тиiс.
      12. Көмектiң мөлшерi өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлетiн нормалар шектерiндегi тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну үшiн меншiк иесiнiң нақты төлемi мен отбасының осы мақсатқа жұмсалатын шығындарының ең жоғарғы шектеулi деңгейiнiң арасындағы айырмашылығы ретiнде есептеледi.
      13. Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет төлемiне отбасының мүмкiн шығындарының ең жоғарғы шектеулi үлесi, отбасының табысы, коммуналдық қызметке тарифтер мен нақты шығындар өзгерген жағдайда бұрынғы тағайындалған көмек қайта есептеледi. Тұрғын үй көмегiн төлеу аудандық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
      14. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер үшiн алдындағы үш айдың нақты шығындарын төлемегені үшiн және бiле тұра жалған құжаттарды берген азаматтарға тұрғын үй көмегiн тағайындауды тоқтата тұруға және алып тастауға құқылы.
      15. Пәтер иесiнiң немесе пәтер иесiнiң қайтыс болған жағдайында, осы пәтердiң тұрғын үй алаңының нормалары және коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi шегiнде тұратын отбасы мүшелерi мұрагерлiк құқығына енгiзiлгенше тұрғын үй көмегi тағайындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады