Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаттың 2009.10.27 N 18/10 Шешімімен
"Баспана байланысы туралы" 1997 жылғы сәуірдің 16-дағы N 94 Қазақстан Республикасының Заңына ("Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы", 1997 жылғы, N 8, б.84) сәйкес Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімі ұсынған аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үі ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге тұрғын ұй көмегін берудің ережесі туралы бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2000жылғы 20 қарашадағы N 6/19 (тіркелу N 210 2001 жылғы қаңтардың 3-дағы) шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға
тұрғын үй ұстауға және коммуналдық
қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге
тұрғын үй көмегін берудің ережесі туралы
2004 жылғы 29 қаңтардағы 4/3 аудандық
мәслихаттың шешіміне БЕКIТIЛГЕН
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін берудің ережесі
1. Тұрғын үй көмегіне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің тұтыну ақысын төлеуге (жеке тұрғын үйлерден басқа) халықтың аз қамтамасыз етілген жігіне берілетін өтемақы.
2. Егер өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй нормалары және коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалатын төлемдер, отбасы бюджетінде осы мақсатпен жұмсалатын шығындар үлесінен артатын болса тұрғын үй көмегі, осы көмек тағайындалған сәтте ауданда тұрақты тұратын және пәтер иесі (жалдаушысы, жалға алушысы) болып табылатын тұлғаларға беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалатын шығындардың үлесі тұрғындарына отбасының жиынтық табысының 30 % мөлшерінде белгіленеді.
3. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметті тұтынуға белгіленген нормалардан артық төлемдер жалпы негізде жүргізіледі.
4. Егер отбасында күту қажет деп танылған мүгедектерді күтетін немесе жас шамасы 3 жасқа дейінгі бала (біреу және одан да көп) күтіп отырған сонымен қатар 9 жастан жоғары емес, 4 және одан да көп баланың кішісі 1-сынып аяқтағанша дейін тәрбиемен айналысатындардың тұлғаны есептемегенде, жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген тұлғалар болса, ондай отбасыларының тұрғын үй жәрдемін алуға құқығы жоқ.
5. Тұрғын үй көмек екінші деңгейлі банктер арқылы ақшалай төлем түрінде беріледі. Ақшаның келіп түсуіне байланысты алушылардың есеп шотына ауыстырылады.
6. Тұрғын үй көмек бір тоқсанға тағайындалады. Көмекті тағайындауға арналған құжаттар соңғы айдың 25-не дейін қабылданады.
7. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлеміне отбасының мүмкін шығындарының ең жоғарғы шектеулі үлесі, отбасының табысы, коммуналдық қызметке тарифтер мен нақты шығындар өзгерген жағдайда бұрынғы тағайындалған көмек қайта есептеледі.
8. Тұрғын үй көмегін алушылар өз пәтерінің меншік нысанының, отбасы құрамының және жиынтық табысының кез келген өзгерістері туралы 10 күн ішінде еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына хабарлауға тиіс. Нақты мәліметтер берілмеген, артынан көтеріңкі және заңсыз көмек тағайындалған жағдайда жалдаушы (иесі) бір жылға жәрдемақы алуға құқығынан айырылады, заңсыз тұрғын үй көмегі алынған сомалар заңды түрде қайтарылуға қажет.
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім пәтер иесінің өтініші мен оған қоса берілген құжаттар негізінде қабылданады:
1) Отбасы құрамы туралы анықтама.
2) Отбасының барлық кірістері туралы анықтама.
3) Жеке тіркеуге тұрған жұмыссыздар анықтама қағазды сенім білдірген орыннан әкелу.
4) Оқу орнынан анықтамалар.
5) Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке төлем шығындар жөніндегі шығындар.
10. Ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижесінде көмек тағайындалатын отбасына келісім шарт жасалады. Шарт екі дана болып жасалады, оның біреуі тұрғын үйдің меншік иесінде сақталады. Көрсетілген шарт тұрғын үй көмегін көрсетуге негіз болып табылады.
11. Ақпараттың дұрыстығына күдік туған жағдайда, халықты еңбек жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі заңды және жеке тұлғаларға сұрау салады. Олар тұрғын үй көмегін алушының кірістері туралы мәлімет беруге міндетті.
12. Көмектің мөлшері пәтер иесінің немесе тұрмыстық-коммуналдық қызметті тұтынғаны мен пәтерді күтуге төленетін ақылары мен компенсациялық шаралармен қамтамасыз етілетін норма шегінде және осы отбасының шығындарының ең жоғарғы деңгейінің айырмашылығы ретінде есептеледі.
13. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.