Аудан әкімдігінің резервін пайдалану ережесі туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 13 мамырдағы N 70 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 10 маусымда N 1279 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 шілдедегі N 253 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2011.07.27 N 253 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 13-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Аудан әкімдігінің резервін пайдалану ережесі бекітілсін.

      Уәлиханов ауданының әкімі

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 13 мамырдағы N 70
"Аудан әкімдігінің резервін пайдалану
ережесі туралы" қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

Аудан әкімдігінің резервін пайдалану
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. Уәлиханов аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес қаржы жылына бөлінген сомалар шеңберінде, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің резерві қаражатын бөлу және оны пайдалану ережесін Осы ереже белгілейді.
      2. Аудан әкімдігінің резерві Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 13-бабына және "Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 261, 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19 "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" және 2000 жылғы 19 мамырдағы қаржы жылындағы аудандық бюджетінің құрамына көлденен шығындарды қаржыландыру үшін енгізілген өзгерістерге сәйкес құрылады. Аудан әкімдігінің резервінде мыналар көзделген табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою және басқада көлденең шығындар, аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген шығындар;
      сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қаражаттар.
      Сот шешімдері бойынша аудан әкімдігі резерві құрамындағы жергілікті органдарының міндеттемелерін өтеу үшін көзделген қаражаттары толық ұсталып, өтелмеген міндеттемелер болған жағдайда, аудан әкімдігі, аудандық мәслихатқа жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы аудан әкімдігінің резервін көбейту туралы ұсыныс жасайды.
      3. Аудан әкімдігінің резервінен қаржы бөлу, аудан әкімдігінің қаулысында белгіленген тәртіппен іске асырылады және қаражат алушы, қаражаттың мөлшері, оның Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2002 жылғы 16 қазанында N 2012 тіркелген экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығымен бекітілген бірыңғай бюджеттік жіктеуіне сәйкес пайдалану мақсаты мен бағыты белгіленеді.
      4. Аудан әкімдігі резервінің қаражаты белгілі мақсатқа арналады, ол қаражат аудан әкімдігінің қаражат бөлу туралы қаулысында қарастырылмаған қажеттіліктерге жұмсалуы тиісті емес. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы қаулы қаржы жылы аяқталған күннен бастап жойылады. Пайдаланбаған қаржы қалдықтары, сондай-ақ аудан әкімдігі резервінен мақсатты емес пайдаланған қаражат аудандық бюджетке қайтарылуға жатады.
      5. Уәлиханов ауданы әкімдігінің резерві мөлшері аудандық бюджетіне түсетін сомалар көлемінің 2 пайызынан аспауы тиіс.
      6. Егерде бюджеттің орындалуы барысында бюджеттің тапшылығы белгіленген деңгейден асып түскенде немесе бюджетке түскен кірістің айтарлықтай төмендеген жағдайларында белгіленген тәртіппен аудан әкімдігі резервінің шығындары бойынша секвестірлеу енгізіледі.

2. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше
жағдайларды жоюға қаражат бөлу тәртібі

      7. Аудан әкімдігінің резервінен төтенше жағдайларды жою үшін бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне қаражат бөлу мәселесін аудандық қаржы басқармасымен келісу бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарастырады, белгіленген тәртіппен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасына рұқсатнама қояды. Сонымен негіздлетінтін материалдарды және олардың тізімін беру тәртібін аудандық қаржы басқармасы мен аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия белгілейді.
      8. Төтенше жағдайларды жою үшін аудан әкімдігі резервінен қаражаты, сондай-ақ мыналарға бөлінеді:
      төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсету үшін;
      зардап шеккен халықты тамақтандыру және уақытша тұрғылықты орнын ашу мен оны қүту үшін;
      авариалық-құтқарушы мен авариялық-қалпына келтіру щұғыл араласу құрылымдарын техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен және саймандармен қосымша жабдықтау үшін;
      меншігінің нысанына қарамастан авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына жұмырылдырылған кәсіпорындар мен ұйымдар жасаған жұмыстарға төлеу үшін;
      төтенше жағдай аймағына күштер мен құралдар тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды өтеу үшін;
      төтенше жағдайларды жоюмен байланысты басқа да іс-шаралар үшін.

3. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жергілікті
атқару органдарының сот шешімдері бойынша міндеттемелерін
өтеу үшін қаражат бөлу

      9. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдарының сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімімен немесе қазіргі заңдармен белгіленген тәртіппен қаржыландырылатын атқарушы орган дайындайды.
      10. Жергілікті атқарушы органдарының сот шешімдері бойынша міндеттемелері, соттың орындау құжаттары болғанда ғана аудан әкімдігі резервінің есебінен өтеледі және міндеттемелер мекемелердің сметасы есебінен өтелмейді.

4. Көлденен басқа да шығындар үшін қаражат бөлу

      11. Аудан әкімдігі резервінің есебінен мынадай көлденен шығындар қаржыландарылады: аудандық бюджетті құру барысында толық немесе ағымдағы қаржы жылында кідіртпей шешілуге жататын мақсаттарға шығындар.
      12. Аудан әкімдігінің резервінен көлденең басқа да шығындарға қаражат бөлу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері аудандық қаржы басқармасына қаражат бөлу туралы негіздер мен есептерге қосыла берілген өтініштерін береді.
      13. Аудандық қаржы басқармасы берілген өтініштің негізінде аудандық әкімдігінің резервінен қаражат бөлу мүмкін емес екендігі туралы қорытынды шығарады.
      14. Бюджеттік бағдарлама әкімгерінің өтініші бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда көлденен басқа да шығындар үшін қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулының жобасын өтініш берген аудандық бюджеттік бағдарлама әкімгері заңмен белгіленген тәртіппен дайындайды.

5. Бақылау және есеп беру

      15. Аудандық қаржы басқармасы тоқсан сайын аудан әкімдігі резервінің қаражатын пайдалану туралы аудандық әкімдікке ақпарат беріп отырады.
      16. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат алған бюджеттік бағдарлама әкімгерлері аудандық қаржы басқармасы белгіленген тәртіп пен мерзімінде қаражатты пайдалануы, жүргізілген жұмыстардың көлемі мен бағасы туралы аудандық қаржы басқармасына есеп беруі тиіс.
      17. Аудан әкімдігінің резерві қаражатын нысаналы пайдалануын бақылау аудандық қаржы басқармасы, қазынашылық басқармасы және қаржылық бақылау комитетінің басқармасы жүргізеді.
      18. Аудан әкімдігінің резерві қаражатын пайдалануын бақылау Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен бақылау департаменті жүргізеді.
      19. Бөлінетін бюджеттік қаражаттың нысаналы және нәтижелі пайдалануы үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдылығында көзделген тәртіпке қаражат алушыға жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады