2004-2005 жылдарға арналған Атырау облысы қалалары мен аудан орталықтарының»сәулет-қала құрылысы бейнесiн жақсарту жөнiндегi өңiрлiк бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Атырау облыстық Мәслихатының ІV сессиясының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N№62-ІІІ шешiмi. Атырау облысының әділет Департаментінде 2004 жылғы 12 ақпанда N 1838 тіркелді

      Облыстық әкiмияттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N№273 "а"»"2004-2005 жылдарға арналған Атырау облысы қалалары мен аудан орталықтарының»сәулет-қала құрылысы бейнесiн жақсарту жөнiндегi өңiрлiк бағдарламасы туралы" қаулысын қарап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының  6 бабын басшылыққа ала отырып, облыстық мәслихат IV сессиясында шешім етті :

      1. Облыстық әкiмияттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №273 "а" қаулысымен ұсынылған "2004-2005 жылдарға арналған Атырау облысы қалалары мен аудан орталықтарының сәулет-қала құрылысы бейнесiн жақсарту жөнiндегi өңiрлiк бағдарламасы" бекiтiлсiн (жалғанды).

      Облыстық Мәслихат
      IV сессиясының төрағасы

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

Атырау облыстық әкімияттың қаулысы
2003 жылғы 19 желтоқсан 273 "а"

2004-2005 жылдарға арналған Атырау облысы қалалары мен
аудан орталықтарының»сәулет-қала құрылысы бейнесiн жақсарту
жөнiндегi өңiрлiк бағдарлама туралы

      Қазақстан Республикасының»2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының »27 бабына сәйкес облыс әкiмияты қаулы етеді :

      1. Қоса берiлген 2004-2005 жылдарға арналған Атырау облысы қалалары мен аудан орталықтарының»сәулет-қала құрылысы бейнесiн жақсарту жөнiндегi өңiрлiк бағдарламасы мақұлдансын және облыс мәслихатының кезектi сессиясына бекiтуге ұсынылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.Нокинге жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

Облыс әкімиятының
19.12.2003 жылғы N№273 "а"
қаулысына қосымша

2004-2005 жылдарға арналған Атырау облысы қалалары мен аудан
орталықтарының сәулет-қала құрылысы бейнесін жақсарту
жөніндегі өңірлік бағдарлама

1. Бағдарлама паспорты

      Атауы - 2004-2005 жылдарға арналған Атырау облысы қалалары мен аудан орталықтарының сәулет-қала құрылысы бейнесін жақсарту жөніндегі өңірлік бағдарлама (ілгері қарай - Бағдарлама).
      Бағдарламаның қысқаша мазмұны - Осы бағдарламада облыстың қалалары мен аудан орталықтарының сәулет-қала құрылысы бейнесінің қазіргі жағдайына талдау жасалынған, нақты іс-шаралар кешені мен оларды жүзеге асыру жоспары белгіленген.
      Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі - 2004-2005 жылдар.

2. Кіріспе

      Атырау облысы Гурьев облысы 1938 жылы құрылған және Қазақстан Республикасының оңтүстік батысында орналасқан.
      Облыстың құрамына 7 әкімшілік аудандар (Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Индер, Қызылқоға, Мақат, Жылыой) және 2 қала кіреді.
      Облыс аумағы 140, 5 мың шаршы шақырым алып жатыр, яғни республиканың 4,8 пайызын құрайды.
      Облыста 2003 жылғы 1 қаңтарға 452 мың адам тұрды, оның ішінде: қала тұрғындары - 263,5 мың адам, ауыл тұрғындары - 188,4 мың адам, Қалалық елді мекендердің саны - 16 бірлік, соның ішінде - 2 бірлік, жұмысшы поселкелер - 14 бірлік, Ауылдық елді мекендердің
саны - 189 бірлік.
      Облыс Ресей Федерациясы, Батыс Қазақстан және Орталық Азия көлік жолдарының аралығында ыңғайлы экономика-географиялық жағдайда орналасқан.
      Еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық құрылымындағы өзгерістер сәулет-қала құрылысы қызметін жүзеге асыруда жаңа тәсілдерді талап етуде.
      Нарықтық қарым-қатынастың қалыптасуы жағдайында жоспарлық-қала құрылысын жоспарлау талаптарына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады.
      Облыстың қалалары мен аудан орталықтарының сәулет-қала құрылысы бейнесін жақсарту мәселесі ең маңызды мәселенің бірі болып табылады.

3. Мәселенің қазіргі жағдайын талдау

      Соңғы уақытта облыстың қалалары мен аудан орталықтарының сәулеттік бейнесі айтарлықтай өзгерді.
      Тұрғын үйлердің, сауда мекемелерінің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде, тұрғын үйлердің 1-ші қабаттары кәсіпкерлік қызметінің объектілеріне қайта жабдықталуда.
      2003 жылдың қаңтар-қазан айларында тұрғын үй құрылысына 2781 миллион теңге инвестиция жұмсалынды, бұл 2002 жылдың сәйкес кезеңінен 43,1 пайызға артты.
      Барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар арқылы жалпы көлемі 153974 шаршы метр 1203 пәтер тұрғызылды, бұл 2002 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 1,4 есеге артық.
      2003 жылдың қаңтар-қазанында облыстың барлығына жуық ауданында тұрғын үй құрылысын тұрғызу деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Құрманғазыда 2,3 есе, Атырау қаласында 2,1 есе, Махамбетте 1,7 есе, Мақатта 6 есе, Индерде 23,4%-ға , Исатайда 0,8%, ал Жылыойда 24,5%-ға төмендеді.
      Облыстағы тұрғын үй құрылысы негізінен мемлекеттік емес секторлар арқылы жүзеге асырылды, оның қомақты үлесін тұрғындар құрады, олармен пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің тиісінше 81,6% және 80,4%-ы тұрғызылған.
      Дегенмен, елді мекендердің инфрақұрылымын жаңартуды бұрынғы ескі тетіктерінің тіршілігін тоқтату және мемлекеттік реттеу негізінде ұйымдастыру, дамыту, жайластыру мен аумаққа құрылыс салу жаңа принциптерінің жоқтығымен қатар аумақты игеру белгілі келеңсіз
салдарға әкеліп соқтырды.
      Облыстың аудан орталықтарында негізгі заң құжаты бекітілген бас жоспар жоқ.
      70-80 жылдары жасақталған елді мекендердің құрылыс салу сызбасы ескіріп, өзінің маңызын жойған.
      Дайындалған аумаққа құрылыс салу жоспарының жоқтығынан құрылыс салуға жер телімдерін бөлу жоспарланбаған түрде жүргізілуде, бұл көбінесе нормативтік қала құрылыс талаптарымен
мүлдем келісілмеді.
      Өткен жылдарда құрылыс негізінен бос аумақтарда жүзеге асырылды, нәтижесінде қазіргі уақытқа дейін аяқталған қала құрылыс кешені, толықтай тұрғызылған даңғыл, сәулеттік тораб құрылмаған, аудан орталықтарын көріктендіруі өте қиын жағдайда.
      Кәсіпкерлік қызметінің объектілеріне қайта жоспарланатын 1-ші қатарлар қасбеттерін бірыңғай стилінде ресімдеу мәселесі аяқталмаған.
      Осы уақытқа дейін Атырау, Құлсары қалаларында және аудан орталықтарында инженерлік коммуникацияларын құжаттандыру, түгендеу жүргізілмеген.
      Инженерлік шаруашылықты пайдалану мәселелері күннен күнге ауырлауда.
      Бірде бір инженерлік қызметінде өзінің аймағындағы коммуникацияларды санамағанда басқа коммуникациялар туралы нақты және анық ақпараты жоқ.
      Осы себептен жер жұмыстары орындалған кезде желілер бүлінуде.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Қала құрылысы саласының негізгі міндеті тұрғындардың толыққанды бағалы өмір сүру және тіршілік ету аумағын туғызу, аймақты қала құрылыс қызметі үшін тиімді пайдалану болып
табылады.
      Бағдарламаның мақсаты - селолар және ауылдар, қалалардың даму және қайта құру процесінде сәулеттің идеялық-көркемдік деңгейін арттыру, сәулет-қала құрылысы ансамблінің, тұрғызылып жатырған тұрғын-азаматтық ғимараттар мен үйлердің, мәдени-тұрмыстық,
өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқа да бағыттағы объектілердің мәнерлік шешімін қамтамасыз ету.
      Облыс қалалары мен аудан орталықтарының сәулеттік-қала құрылыс бейнесін жақсарту қажеттілігі көптен бері пісіп жеткен, күннен күнге көкейтестілік болуда, сондықтан әзірленген бағдарлама өте уақытылы.

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру тетігі

      Облыстың қалалары мен аудан орталықтарының сәулет қала құрылысы бейнесінің жағдайын талдау көптеген маңызды мәселелерді айқындады, оларды шешуге келесі негізгі бағыттар ықпал ету тиісті:
      1) Атырау, Құлсары қалаларының бос аумақтарына құрылыс салу жобасын жасақтау;
      2) мемлекеттік қала құрылыс кадастрын құру және жүргізумен, жоспарлау жобаларымен қоса аудан орталықтарының бас жоспарын жасақтау;
      3) қолданыста бар инженерлік коммуникация желілерін түгендеу және құжаттау;
      4) аймақтың топографиялық түсірімін дайындау.
      Облыстың қалалары мен аудан орталықтарының бейнесін ғимараттар мен құрылыстардың сәулеті ғана емес, белгілі дәрежеде ортаның элементтері анықтайды.
      Ландшафттық сәулетсіз ортаны сәулет қала құрылыстық белгілі безендіру, яғни, экологиялық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын көгалдандырусыз толық безендіру болмас еді.
      Осы бағытта "жасыл кілем" атты жоба жасақталады.
      Бағалы эстетикалық ортаны қалыптастыруда фонтандар ерекше орын алады, олардың айналасында психологиялық жайлы және жайлы микроклимат аймағы құрылады.
      Қалалар мен аудан орталықтарының сәулеттік бейнесінде сыртқы жарнама және визуалдық ақпарат құралдары орын алуда, 2003 жылдың 10 айында "Қала көркемдеу" МКК 723-жарнамалық құрылымдар орнатты, оның ішінде 204-билборд, 20-беклайт, 48-брандмауэр, 162-жарнамалық қалқан, 67-тотем, 218-лайтбокс, 4-тривижн.

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Бағдарламаның міндеттері мен мақсатын жүзеге асыру үшін күрделі салымдар мен материалдық-техникалық шығындар қажет.
      Бағдарламаны қаржыландыру көздері болып шаруашылық субъектілерінің қаражаты, сонымен қатар басқа да заңға қайшы келмейтін көздері қаралған.

7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру тұрғындардың өмір жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді, облыстың қалалары мен аудан орталықтарын жоспарлауда оң факторларды күшейтіп, келеңсіз сәттерді жояды.
      Жалпы бағдарлама қалалар мен аудан орталықтарының әлеуметтік дамуын жақсартуға бағытталған, соның ішінде жалпы сәулет саласын жетілдіру, аумақты көріктендіру және көгалдандыру шаралары қаралады.
      Қалалар және аудан орталықтарының сәулет-қала құрылысы бейнесін жақсарту жөніндегі аумақтық бағдарлама қоса берілген іс-шаралар жоспарына сәйкес (өңірлік бағдарламаға қосымша) жүзеге асырылады.

2004-2005 жылдарына арналған бағдарламаны жүзеге асыру iс-шараларының»жоспары

Р/С

Iс-шаралар

Аяқталу
түрi

Орындауға
(жүзеге асыруға)
жауапты

Орындалу
(жүзеге асыру)
мерзiмi

Болжамды шығын-дар

Қаржы-
лан-
дыру көзi

1

2

3

4

5

6

7

1.

Қазiргi заманғы материалдарды
қолдана отырып, автокөлiк
тұрақтарын ұйымдастырумен
ғимараттардың қасбеттерiн
жаңғырту, аумақты көрiктенді-
ру мен көгалдандыру, контур-
лық иллюминацияны орнату,
асфальт пен мен жаяу жол
тақтасын төсеу. Қалалар мен
аудан орталықтарының кiрме
жолдары мен көшелерiн
безендiру.Жеке құрылымдардың»
қаржысын қатыстырумен
қалаларды көркемдеу, көрiнiс
жарнамаларын жақсарту. 

Нобай жобалары

Қалалар және аудандар әкiмдерi

2004-
2005 жылдар

 

Барлық қаржыландыру көздерi

2

Шағын сәулет нысандар
құрылысын салу (балаларға
арналған ойын алаңдарын
жайластыру).

Нобай жобалары

Қалалар және аудандар әкiмдерi

2004-
2005  жылдар

 

Барлық қаржылан
дыру көздерi

3

Атырау және Құлсары қалалары
аймағындаы бос жерлерiне
құрылыс жоспарларын әзiрлеу.

Құрылыс салу жобасы

Атырау және Құлсары қалалары-ның әкiмдерi

2004-
2005 жылдар

 

Барлық
қаржыландыру көздерi

4

Ауылды өркендету бағдарлама- сына сәйкес, аудан орталық-
тары мен елдi мекендердi»
құрылыс салу жоспарларын
әзiрлеу.

Құрылыс салу жобасы

Аудан әкiмдерi

2004-
2005 жылдар

 

Барлыққаржыландыру көздерi

5

Қоғамдық бағыттағы
нысандардың»құрылыс барысын
бақылау.

Тексеру актiсi

Қалалық және аудандық сәулет бөлiмдерi

2004-2005 жылдар

 

Талап етiлмей-дi

6

Инвестиция есебiнен салынып
жатқан нысандарға мониторинг жүргiзу. 

Монито-
ринг

Қалалық және аудандық сәулет бөлiмдерi

Үнемi

 

Талап етiл-
мейдi

7

Қолданыста бар инженерлiк
құрылым жүйелерiн
құжаттандырып, түгендеу
жүргiзу.

Түгендеу актiсi

Атырау, Құлсары қалалары-ның әкiмдерi

2004-
2005 жылдар

 

Барлық
қаржылан
дыру көздерi

8

Әдiрестiк жоспар әзiрлеу
сызбасын реттеу.

Әкiмдер шешiмi

Атырау, Құлсары қалалары-ның әкiмдерi

Әрқашан-да

 

Барлық
қаржыландыру көздерi

9

Кейiннен оларды өндiрiске
ұсынумен шағын сәулет
нысандар мен көрiктендiру
элементтерiн әзiрлеуге
конкурстар ұйымдастыру.

Конкурс хаттама-сы

қалалық және аудандық сәулет бөлiмдерi

Үнемi

 

Барлық қаржыландыру көздерi

10

Тозығы жеткен және авариялық
тұрғын үйлердi күрделi
жөндеу, бұзу жөнiндегi
аймақтық бағдарламаға қатысу.

Қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң  шешiмi

Қалалық және аудандық сәулет бөлiмдерi

2004-
2005 жылдар

 

Барлық қаржыландыру көздерi

11

Сәулет және қала құрылысы
саласындағы мемлекеттiк
талаптар мен құрылыс салу
ережелерiнiң»сақталуын
бакылауды қамтамасыз етуге
жәрдемдесу.

 

Қалалық және аудандық сәулет бөлiмдерi

¶Үнемi

 

Талап етпейдi

12

Облыс бойынша елдi
мекендерде, Атырау, Құлсары
қалаларының мөлтек аудандары
мен тұрғын үй сiлемдерiне
спорт алаңдарын салу.

Жұмыс жобасы

Қалалар және аудандар әкiмдерi

2004-
2005 жылдар

 

Барлық қаржыландыру көздерi

13

Атырау қаласының ескi аумағын
бөлшектеу жоспарының жобасын
дайындау.
  Тұрғын қалашықты»жағалау
аумағын көркейту және қайта
жоспарлау жобасын дайындау,
ойын, сауда және қызмет
көрсету аумақтарын
ұйымдастыру.
« Тұрғын қалашығы» мөлтек
аудандағы тарихи және мәдени
мұраларды сақтау.

Жұмыс жобасы

Атырау қаласының әкiмi

2004-
2005 жылдар

 

Барлық қаржыландыру көздерi

14

Облыс әкiмиятының әлеуметтiк-
экономикалық саладағы
қаулыларының орындалуын
қамтамасыз ету.

Ақпарат орындау

Қалалар және аудандар әкiмдерi

Үнемi

 

Барлық қаржыландыру көздерi

15

Тиiстi қызмет мекемелерімен
бiрлесiп құрылыс-құрастыру
жұмыстарының және жоспарлау
өнiмдерiнiң сапасын арттыруға
арналған iс-шараларды
әзiрлеу.

Шаралар жобалау

Қалалар және аудандар әкiмдерi

Үнемi

 

Барлық қаржыландыру көздерi

16

Жаңа нысандар мен жер асты
инженерлiк жүйелердi
кiрiстiрiп қалалар мен
аудандар орталықтарының
зерттелмеген  аудандардың
жерлерiн топографикалық
түсiрiмiн жасау. Бiрiншi
кезекте әлеуметтiк жағдайды
шешетiн жұмыстарды атқару.
  Атырау қаласы бойынша:
1) Атырау мөлтек ауданы
2) Жұмыскер поселкесi
3) СМП-163
4) Әлиев-Құрманғазы көшелерi
5) СМП-136
6) Еткомбинаты аумағы
7) Контейнерная ауданы
    Аудандар бойынша:
а) Махамбет поселкесi
б) Исатай, Аққыстау селолары
в) Индербор поселкесi
г) Ганюшкин селосы
д) Миялы селосы
е) Мақат, Доссор поселкелерi
ж) Құлсары қаласы

1:500-
1:1000 масштаб
тағы топотүсiрiлiм

Қалалар және аудандар әкiмдерi

2004-
2005 жылдар

 

Барлық қаржыландыру көздерi, соның iшiнде шаруашы-лық субъектiлерi

17

Қазiргi құрылыс салуды
(қалыптасқан және жаңа) 
ексере отырып Атырау
қаласыны» бас жоспарын
түзету. «Қаланың аумақтық
даму сызбасы» және «көше-жол
торабы және көлiк сызбасы»
тараулары бойынша жұмыс
жоспарын әзiрлеу.

Бас жоспар жобасы

Атырау қаласының
әкiмi

2004-
2005 жылдар

 

Барлық қаржыландыру көздерi

18

Атырау қаласы орталық
бөлiгiндегi  гараждарды
шығарып, арнайы бөлiнген
орындарға орнату.

Атырау қаласы әкiмiнiң шешiмi

Атырау қаласының әкiмi

2004-
2005 жылдар

 

Барлық қаржыландыру көздерi

19

Жөндеу құрылыс жұмыстарының
сапасын бақылау жөнiндегi
тұрақты жұмыс iстейтiн
комиссия құру.

Қала және аудан әкiмдерiнiң шешiмi

Қала және аудан әкiмдерi

2004-
2005 жылдар

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады