Атырау облысының мүгедектерiне газетке жазылуды ресімдеуде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету Тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы N 45 қаулысы. Атырау облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 15 наурызда N 1876 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011 жылғы 4 қазандағы N 288 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011.10.04 N 288 қаулысымен.
      III шақырылған облыстық мәслихаттық IV сессиясының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 59-III "III шақырылған облыстық мәслихаттық III сессиясының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 23-III шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" шешiмiне сәйкес облыстық әкiмият қаулы етеді:
      1. Қоса берiлген Атырау облысының мүгедектерiне газетке жазылуды ресiмдеуде бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Атырау қаласы және аудандар әкiмдерi, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы осы қаулымен бекiтiлген Тәртiпке сәйкес бiржолғы әлеуметтiк көмектi тағайындауды және берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Атырау облыстық қаржы басқармасы облыстық бюджетте 258.15.00 "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бағдарламасы бойынша осы мақсатқа қаралған қаражат есебiнен бiржолғы әлеуметтiк көмектi уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.И. Байғожинға жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

Облыстық әкiмияттың
2004 жылғы 12 ақпандағы
№ 45 қаулысына қосымша

Атырау облысының мүгедектерiне газетке жазылуды
рәсiмдеуде бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Тәртібі

      Осы тәртiп Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуiрдегi № 374-I "Азаматтардың кейбiр санаттарына жеңiлдiктер беру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңы , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi сауықтыру Бағдарламасы туралы" қаулысы негiзiнде және III шақырылған облыстық мәслихаттың IV сессиясының 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 59-III "III шақырылған облыстық мәслихаттың III сессиясының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 23-IIIшешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" шешiмiне сәйкес жасақталды.

1. Тағайындау тәртiбi

      1.1. Атырау облысының мүгедектерiне газетке жазылуды ресiмдеуде бiржолғы әлеуметтiк көмек (алға қарай - әлеуметтiк көмек) жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен тағайындалады.
      1.2. Әлеуметтiк көмектi тағайындауға құқығы бар азаматтар тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде жеке арыз тапсырады.
      1.3. Әлеуметтiк көмек тағайындалғаннан кейiн жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына алушылардың мекен-жайы көрсетiлген тiзiмдi жасақтап, жолдайды.
      1.4. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әлеуметтiк көмектiң дұрыс тағайындалуына жауап бередi.

2. Әлеуметтiк көмектi төлеу және қаржыландыру тәртiбi

      2.1. Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру 2004 жылға арналған жергiлiктi бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      2.2. Жергiлiктi органдар облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына қаржыландыруға өтiнiм бередi.
      2.3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы жергiлiктi органдардың өтiнiмi негiзiнде облыс бойынша әлеуметтiк көмектi төлеуге қажет қаражат мөлшерiн анықтап, облыстық қаржы басқармасына өтiнiм бередi.
      2.4. Атырау облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының өтiнiмi негiзiнде жергiлiктi бюджетте қаралған қаражат есебiнен әлеуметтiк көмектi төлеуге қаражат бөледi. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы қаражат түскеннен кейiн, оларды сонымен қатар, келiсiм-шартқа сәйкес комиссиялық сыйақыны да "Қазпошта" Ашық Акционерлiк қоғамының облыстық филиалының ағымдағы шотына аударады.

3. Есеп жүргiзу және есеп беру тәртiбi

      3.1. Әлеуметтiк көмек көрсетудiң есебiн жүргiзу және есеп беру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.
      3.2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы "Қазпошта" Ашық Акционерлiк қоғамының облыстық филиалымен бiрге әлеуметтiк көмекке төленген қаражатқа салыстыру актiн жасайды.
      3.3. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары белгiленген үлгiде және тәртiппен облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына есеп бередi.
      3.4. Әлеуметтiк көмектi төлеуге бөлiнген қаражатты мақсатты пайдалануға бақылау жасау уәкiлеттi органдармен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады