Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 16.09.2005 № 264а қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдың) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" қаулысын және облыстық әкімияттың 2004 жылғы 21 мамырдағы N 127 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 4 Президенттің Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" мәжіліс хаттамасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы»қаулысын орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық әкімияттың 2004 жылғы 11 наурыздағы N 68 "Жергілікті деңгейде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын несиелеуге бюджеттік кредиттер беру Ережесін бекіту туралы" (Атырау облысы Әділет департаментінде 2004 жылғы 16 сәуірде N 1926 нөмірімен тіркелді және 2004 жылғы 11 мамырда N 53 "Прикаспийская коммуна" және 2004 жылғы 6 мамырда N 51 "Атырау" газеттерінде жарияланды) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жергілікті деңгейде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын несиелеуге бюджеттік кредиттер беру Ережесіндегі:
32 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"32. Бизнес-жобаларды іріктеп алудағы негізгі басым бағыттар болып табылатындары:
өндіріс;
бәсекеге қабілетті өнім шығару;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамыту;
көкөніс-бақша дақылдарын өсіру;
балық аулау және балық шаруашылығы;
құрылыс материалдарын шығару;
тұрғын үй құрылысын дамыту;
көтерме сауданы ұйымдастыру;
қызмет көрсетулерді ұсыну;
село округтерінде сауда ұйымдастыру;
техниканы, тұрмыстық техниканы қоса, жөндеуді ұйымдастыру.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Супрунға жүктелсін.
Облыс әкімі