Болашақта ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі облыстық комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 13 тамыздағы N 172 қаулысы Атырау облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 23 қыркүйекте N 2138 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 62 қаулысымен

      27.03.2009 редакциясында
      Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 13 тамыздағы N 172 қаулысы Атырау облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 23 қыркүйекте N 2138 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 62 қаулысымен
     Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137 "Аграрлық секторға несие беру мәселелері туралы" қаулысын орындау мақсатымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 229 "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамының ауылдық несие серіктестіктерінің қызметіне қатысу ережелерін бекіту туралы" бұйрығының негізінде, облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Болашақта ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі облыстық комиссия құрылсын.
      2. Болашақта ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі Ереже бекітілсін (1 қосымша).
      3. Комиссияның жеке құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын (2 қосымша).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Ищановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыс әкімиятының     
2004 жылғы 13 тамыздағы N 172
қаулысына 1 қосымша    

Болашақта ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже болашақ ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі облыстық комиссияның қызметін анықтайды.
      2. Бұл ереже ауыл шаруашылығы өнімдерін аумақта өңдеу немесе өндірісті нәтижелі жүргізуге ауылдық несие серіктестіктерін (одан әрі - Серіктестік) құру мақсатында жасақталды.

2. Комиссияның қызметі

      3. Облыс әкімиятының қаулысы негізінде болашақта Серіктестіктер құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі облыстық комиссиясы (одан әрі - Комиссия) құрылады, оларға аудан әкімиятынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мекемелерінің ұсыныстары негізінде қалыптасқан Серіктестіктердің қатысушылары туралы тапсырыстар түседі.
      4. Комиссия жоспарланған серіктестіктердің саны шеңберінде аудандық әкімияттардың ұсыныстарын қарайды, ауыл аймақтарын экономикалық әлеуеті бойынша есепке алып, мүмкіндігі бар қатысушылардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137 "Аграрлық секторды несиелеу мәселелері туралы" қаулысымен мақұлданған мемлекеттік қаржы ресурстарының қатысуымен ауыл шарушылығы өнімдерін несиелеу Пилоттық жобасының талаптарына сәйкестілігін тексереді.
      5. Қарау қорытындысы бойынша Комиссия "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы мекен-жайына комиссияның төрағасымен қол қойылған таңдалған ауданда Серіктестікті құру жөнінде арызды жолдайды. Сонымен қатар, Серіктестіктердің потенциалдық қатысушылары жөнінде хабарламалар келесі мәліметтерді мазмұндауы қажет:
       1) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің немесе ауыл шарашылығы өнімдерін өңдеу мекемелерінің аталуы және ұйымдастыру-құқықтық нысаны;
       2) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мекемелері орналасқан ауылдық елді мекендердің аталуы;
       3) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мекемелері қызметтерінің түрлері;
       4) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мекемелері қызметінің мерзімі (жыл);
       5) егін алаңының болуы (га);
       6) иеліктегі жер алқабының орташа бал-бонитеті;
       7) соңғы үш жылдағы орташа өнімділігі (ц/га);
       8) түрі бойынша мал басы (бас);
       9) соңғы үш жылдағы малдың орташа өсімі (бас);
       10) несиелік, соның ішінде мерзімі өткен және бюджетке міндетті төлемдердің берешегі (мың теңге);
       11) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мекемелерінің негізгі қорларының болуы (мың теңге)
       12) соңғы үш жылдағы қаржы қорытындысы (орташа) (мың теңге);
       13) жарғылық капиталдың мөлшері (мың теңге).

Облыс әкімиятының  
2004 жылғы 13 тамыздағы
N 172 қаулысына 2 қосымша

Болашақта ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы

      Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы - Атырау облысы әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы;
Арыстанов Қадыржан - Атырау облысы ауыл шаруашылығы Бақтығалиұлы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
       Комиссия мүшелері:
Аманғалиева Ақсүйрік - экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас Матжанқызы басқармасының шағын кәсіпкерлікті қолдау және инфрақұрылымын қалыптастыру бөлімінің бастығы;
Қанатов Шора Қанатұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Атырау филиалыны экономикалық талдау және статистика бөлімінің жетекші маманы (келісім бойынша);
      Сеилова Мүлкат - облыс әкімі аппаратының Сәлімгерейқызы мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің бас маманы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады