Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 15 қазандағы N 195 қаулысы. Атырау облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 29 қазанда N 2189 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 шілдедегі N 219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011.07.28 N 219 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы"қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Атырау қаласы мен аудан әкімдері Атырау қаласындағы және облыс аудандарындағы қолданыстағы қалалық телекоммуникациялар желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және Атырау қаласы мен аудан мәслихаттарымен 2004 жылдың 1 қарашасына дейін бекітсін.
      2. Атырау қаласы мен аудан әкімдері, Атырау облыстық қаржы басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тұрғын үй көмегінің уақтылы төленуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Байғожинге жүктелсін.

Облыс әкімі
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады