Білім және кәсіби кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесін құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 18 қазандағы N 590 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 28 қазанда N 2002 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 91 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының  27-бабы  1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      1. Білім және кәсіби кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесі құрылсын. 

      2. Қоса беріліп отырған Үйлестіру Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге енгізілсін. 
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсін. 

      Облыс әкімі

Әкімдіктің 2004 жылғы 18 қазандағы
N 590 қаулысына қосымша

Білім және кәсіби кадрларды дайындау мәселелері
жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесі туралы

  ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Білім және кәсіби кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесі (одан ары Кеңес) кәсіби кадрларды дайындау және білім жөніндегі мәселелерді іске асырудағы келісілген көзқарастарды, шешімдерді және ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылған. 
      2. Кеңес кеңес беруші-кеңесуші орган болып табылады. 
      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын , "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын , Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

  2. Кеңестің міндеттері мен мақсаттары

      4. Кеңестің негізгі міндеттері мен мақсаттары: 
      1) кәсіби кадрларды дайындау және білім үрдісіне қатысатын мемлекеттік мекемелер мен органдардың келісілген қызметін іске асыру үшін ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу; 
      2) кәсіби кадрларды дайындау және білім мәселесінде қоғамдық ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен байланысу. 

  3. Кеңестің құзыреті

      5. Кеңестің құзыретіне:
      1) білім саласындағы тиісті бағдарламаларды жүзеге асырудағы келісілген шараларды әзірлеу; 
      2) кәсіби кадрларды дайындау және білім үрдісін жақсартуға арналған ұсынымдарды әзірлеу;
      3) облыс экономикасының әр түрлі салаларына кәсіби кадрларды дайындауға ұсынымдар енгізу үшін білім саласында әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру;
      4) кәсіби кадрларды дайындау және білім үрдісіне қатысатын қоғамдық ұйымдармен, заңды және жеке тұлғаларымен ақпаратты тиімді алмасуды және білім саласындағы ұстамдық мәселелер бойынша қызметін келістіру енеді. 

  4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

      6. Кеңеске басшылықты облыс әкімінің орынбасары - Кеңестің төрағасы жүргізеді. Кеңестің төрағасы болмаған кезде отырыстар Кеңес төрағасы орынбасарларының бірінің басшылығымен өткізіледі. 
      7. Кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін Кеңес мүшелерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескеріп төраға қалыптастырады. Кеңестің жұмыстарына кәсіби кадрларды дайындау және білім үрдісіне қатысатын мекемелердің, ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатыса алады. Кеңестің отырысы тоқсанына бір реттен жиі емес өткізіледі. Кеңестің отырысы қажет болған жағдайда кезектен тыс Кеңес төрағасының немесе оның елу пайыз мүшелерінің бастамасымен өткізіле алады. Отырыс Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екінші бөлігі қатысқанда құқылы деп есептеледі. 
      8. Кеңес өз жұмысына мемлекеттік органдардың басшыларын, ғалымдарды және мамандарды тарта алады (келісім бойынша).
      9. Кеңестің жұмыс органы облыстық білім департаменті болып табылады.
      10. Кеңес, төраға немесе отырыста басшылық жасаған оның орынбасарлары қол қойған хаттамамен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      Аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады