Риддер қаласы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімиятының 2004 жылғы 29 қарашадағы N 1316 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 10 желтоқсанда N 2062 тіркелді. Күші жойылды -Риддер қаласы әкімдіктің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 2-15-1719 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды -Риддер қаласы әкімдіктің 2007.04.13 № 2-15-1719 хатымен.

        1999 жылдың 1 сәуіріндегі N 357-1 Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңына сәйкес, 2001 жылдың 23 қаңтарындағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасының негізінде Риддер қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Риддер қаласы әкімияты резервінің қаражатын пайдалану  Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.

      Риддер қаласының әкімі

Риддер қаласы әкімиятының
2004 жылғы 29 қарашадағы N 1316
қаулысымен бекітілді

Риддер қаласы әкімияты резервінің
қаражаттарын пайдалану ережесі

      Осы Ереже Риддер қаласы әкімияты резервінің қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртібін анықтайды.

 1. Жалпы ұғымдар

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Риддер қаласы әкімиятының резерві-тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген және Риддер қаласы әкімиятының қаулысы бойынша біржолғы сипаттағы күтпеген шығыстарды қаржыландыруға арналған қаражаттар;
      2) күтпеген шығыстар-бюджетті қалыптастыру кезінде оларды күтпегендіктен жоспарлауға келмейтін және ағымдағы жылы кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
      3) қалалық жергілікті атқарушы органының, қала бөлімдерінің міндеттемелерін өтеуге арналған Риддер қаласы әкімияты резервінің құрамындағы қаражаттар қарастырылған және соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді өтеу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін қаражаттар;
      4) уәкілетті орган-Риддер қаласының қаржы бөлімі;
      5) Риддер қаласы әкімияты резервінің қаражаттарын алушы-қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісi.
      2. Риддер қаласы әкімияты резервінің қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын бiржолғы сипаттағы күтпеген шығыстарға мына іс-шаралар жатады:
      1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оған жататындар:
      төтенше жағдайдың пайда болуы салдарынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      зардап шеккендер үшiн тұруға және тамақтануға уақытша пункттер ашу және ұстау;
      шұғыл әрекет етудiң апаттық-қалпына келтiру бөлiмшелерiн құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен керек-жарақтармен қосымша жарақтау;
      төтенше жағдайлар аймағына күш пен құралдарды жеткiзудi қамтамасыз ету;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде қауырт, өмірлік маңызы бар және қорғау іс-шараларын жүргізу;
      2) соттардың шешiмдерi бойынша Риддер қаласының жергілікті атқарушы органының, қала бөлімдерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, органдарының мiндеттемелерiн өтеу;
      3) қалалық бюджетті қалыптастыру кезінде оларды күтпегендіктен жоспарлауға келмейтін және ағымдағы жылы кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін күтпеген шығыстар.

 2. Риддер қаласы әкімияты резервінің
қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртібі

      3. Риддер қаласы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлудi қалалық жергілікті атқарушы органы, тиісті қаржы жылында осы мақсаттарға арналған қалалық бюджет шығыстары құрамында бекітілген мөлшердің шегінде өкілетті орган жүзеге асырады, онда алушы, бөлiнетiн қаражаттардың көлемi, оларды пайдаланудың мақсаты, сондай-ақ қайтарымды негiзде қаражат бөлінетін жағдайда оларды беру шарты және қайтару мерзiмi көрсетiледi.
      4. Риддер қаласы әкімияты резервінің қаражаттары қатаң мақсатқа белгіленеді және оны осы ережеде көзделмеген мүдделерге пайдалануға болмайды.
      5. Қаражаттар бөлу туралы Риддер қаласы әкімиятының қаулыларын әзiрлегенде мына шарттарды ескеру қажет:
      1) қалалық бюджетте ағымдағы қаржыландыру жылы қаражаттың болмауы;
      2) Риддер қаласы әкімияты резервінің қаражаттарына қажеттіліктің ағымдағы жылы туындауы және оған қажеттілік алушының жергілікті атқарушы органы мен сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеуден басқа бұрынғы міндеттемелеріне байланысты еместігі.
      6. Қаражаттар бөлу туралы Риддер қаласы әкімиятының қаулылары, жыл өткен соң қаржыландыру сомасына қарамастан күшiн жояды, тек қайтарымды негiзде қаражаттар бөлу туралы шешiмдердің қаржыландыру сомасы толық өтелгенге дейiн күші сақталады.
      7. Риддер қаласы әкімияты резервінің пайдаланылмаған немесе мақсатсыз пайдаланылған қаражаттары қалалық бюджетке қайтарылуы тиіс.

 3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайларды жоюға, қаражаттар бөлу

      8. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда Риддер қаласы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу туралы қолдаухаттарды қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма қарайды.
      9. Негізделген материалдарды ұсыну тәртібі мен олардың тізбесін қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма анықтайды.
      10. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма заңнамада белгіленген тәртіп бойынша Риддер қаласы әкімиятына төтенше жағдайларды жою үшін қаражаттар бөлу туралы қаулының жобасын ұсынады.

 4. Сот шешімдері бойынша міндеттемелерді өтеуге қаражаттар бөлу

      11. Риддер қаласы әкімияты резервінің есебiнен сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi өтеу соттың атқару құжаттары негiзiнде қамтамасыз етiледi.
      Сот шешімдері бойынша төлемдерді жүргізуге міндетті қала бөлімдері, қолданыстағы заңнамаларда көзделген негіздер бар болса, онда барлық соттар инстанцияларына аталған сот актілерін шағымдануға тиіс.
      Қала бөлімдері уәкілетті органға шағымдалған сот актілерінің көшірмелерін ұсынулары тиіс.
      Қала бөлімдері өздерінің құқыққа сай емес қабылдаған актілері, сондай-ақ өздерінің лауазымдық тұлғаларының әкімшілік басқару саласындағы құқыққа сай емес әрекеттері үшін "Қызметті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша бөлінген ақшалармен жауап береді.
      12. Сот шешімдері бойынша қала бөлімдерінің мiндеттемелерін өтеуге резервтен қаражаттар бөлу туралы Риддер қаласы әкімияты қаулысының жобасын заңнамалармен белгіленген тәртіпте тиісті мемлекеттік орган дайындайды.

 5. Өзге де күтпеген шығыстарға қаражаттар бөлу

      13. Өзге де күтпеген шығыстарға Риддер қаласы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу үшін қала бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi, уәкілетті органға тиісті негіздемелерімен бірге қаражаттар бөлу туралы қолдаухат ұсынуы тиіс.
      14. Уәкілетті орган ұсынылған қолдаухат негiзiнде Риддер қаласы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлудiң мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды шығарады.
      15. Қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісiнiң қолдаухаты бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда Риддер қаласы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу туралы Риддер қаласы әкімияты қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіпте сол қала бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі дайындайды.

 6. Бақылау және есептілік

      16. Риддер қаласы әкімиятының резервінен бөлінген қаражаттарды алушылар олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берулері тиіс.
      17. Уәкілетті орган қала әкіміне ай сайын тиiстi кезеңдегі резерв қаражаттарының бағыты мен қалдығы туралы ақпарат ұсынып отырады.
      18. Риддер қаласы әкімиятының резервінен бөлінген қаражаттардың мақсатсыз пайдаланылғаны үшін алушы Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген тәртіпте жауапкершілікте болады.

      Риддер қаласының қаржы
      бөлімінiң меңгерушісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады