Медициналық мекелермен облыстық ауруханаларға емделуге жіберілген ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемі жөніндегі ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 996 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2004 жылғы 27 қыркүйекте № 1959 тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 122 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 22.04.2024 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақ Совет Социалистік Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңына, "¥лы Отан моғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қоргау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Жарлығына. сондай ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148-II "Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық әкімиятының 2004 жылғы 17 наурыздағы № 388 "Медициналық мекемелер республикалық ауруханаларга емдеуге бағыттаған ардагерлер мен мүгедектердің жол жүруі ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық департаментінде 2004 жылдың 9 сәуірінде № 1684 тіркелген қаулысына сәйкес Бородулиха ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Медициналық мекемелер облыстық ауруханаға емдеуге бағытталған ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Еңбек, жұмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау Бородулиха аудандық басқармасы (Бектембаева Ф.Ф.) жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес 2581500332 "Бородулиха ауданының бөлек категориялы азаматтарына әлеуметтік төлем" бағдарламасы бойынша төлем жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінін орынбасарыА.К. Суйчиновка жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енсін.

      Аудан әкімі Г. Пинчук

  Бородулиха ауданы
әкімиятының
2004 жылғы "8" қыркүйек
  №996
қаулысына қосымша

Медициналық мекемелермен облыстық ауруханаларға емделуге жіберілген, ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемінің ережелері

І. Жалпы ережелер

      1. Облыстық ауруханаларға медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілетін, аурулардың жол жүру құнының төлемі Бородулиха ауданының денсаулық сақтау бөлімі берген белгіленген үлгідегі жолдамасы болған жағдайларда жүргізіледі.

      2. Бағдамарламаның әкімшісі Бордулиха ауданының еңбек, жүмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы болып табылады.

      3. Аурулардың емделуге және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.

2. Аурулардың емделуге және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру құныньің төлем тәртібі

      4. Бородулиха ауданының еңбек, жүмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы аурудың (екі жаққа) жол жүру төлемін мынадай құжаттардың негізінде жүргізеді:

      1) өтініш;

      2) жеке күәлігі;

      3) Бородулиха ауданының денсаулық сақтау бөлімінің жолдамасы;

      4) тұратын жерден анықтамалар;

      5) жол жүру нақтылығын растайтын билеттер.

      5. Заңнамада белгіленген жағдайларда ауруды (екі жаққа) ертіп жүрген адамның жол жүру төлемі жүргізіледі.

      6. Медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілетін, аурулардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемі темір жол және қалааралық автомобиль көлігіндегі жол жүру қүнының мөлшерінде жүргізіледі. Ауру мен оны ертіп жүрген адам әуе көлігінде жол жүрген жағдайда төлем теміржол көлігінің купелік вагоны билетінің құнымең жүргізіледі.

      7. Емделүге жол жүру нақтылығын растайтын құжаттар емделу жерден келген күннен бастап 45 күннен кешіктірілмей ұсынылу қажет.

      8. Ауру мен оны ертіп жүрген адамның жол жүргенін растайтын билеттер жоғалған жағдайда теміржол немесе автовокзалдардың кассаларынан емделу жерге барып қайтуға дейінгі жол жүрудің құнын растайтын анықтама үсынылу қажет.

      9. Бородулиха ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы құжаттар үсынылған жағдайда, ақшалай қаражаттарды аурулардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жеке шоттарына түсіреді.

      Бородулиха ауданының
еңбек, жумыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығы:
Ф. Бектембаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады