Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 122 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 25 сәуірде № 269-18 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы Э.С. Бергеневке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі
      А. Ибраев

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 22 сәуірдегі
№ 122 Қаулыға
қосымша

Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Медициналық мекемелермен облыстық ауруханаларға емделуге жіберілген ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемі жөніндегі ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 996 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1959 болып тіркелген).

      2. "Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ережелерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 1169 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2180 болып тіркелген).

      3. "Бородулиха ауданының жалғыз басты өте мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу Ережелерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1299 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2341 болып тіркелген).

      4. "Аудандық жедел штаб құру және жоғары патогенді құс тұмауын болдырмау және онымен күресу бойынша іс- шаралар бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 1695 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-21 болып тіркелген).

      5. "Үйде тәрбиенелетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 1771 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-27 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады