Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 97 қаулысы. Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2004 жылғы 27 сәуірде N 2640 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 285 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 24.12.2013 № 285 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Су Кодексіне және Қазақстан Республикасының Үкіметінің "Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы Ережені бекіту туралы" 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысына сәйкес су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, су бетінің ластанып бөлінуіне, бітелуіне және тартылуына жол бермеу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс аумағындағы су қоймаларына іргелес жатқан аумақтардағы жер иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерін алусыз N 1 қосымшаға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең аз ені белгіленсін.
      2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық жүргізуге тиым салатын жағдайлар тізімі бекітілсін (N 2 қосымша).
      3. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері:
      1) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын ауыстыру, оларды белгілермен, аншлагтармен безендіру, жер есебі құжаттарына өзгертулер енгізу және бұл жұмыстардың жүргізілуін ұдайы бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті бюджеттік қаржы ресурстарын кезеңді бөлу жолдарын қарастырсын;
      2) су қорларын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен және басқада уәкілетті органдармен келісу арқылы және өзендердің бітеліп қалуын, ластануы мен тартылуын болдырмайтын тиісті пайдалану режимін сақтау шартында заңда белгіленген тәртіппен көлік жүру мақсатында және басқа да арнайы мұқтаждар үшін су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі аумақты бөлу мен пайдалануды жүзеге асырсын.
      4. Аудандар мен Орал қаласының әкімдеріне, ауылдың (селолық) округтердің әкімдеріне, кәсіпорындардың, мекемелердің, басқа да шаруашылық субъектілерінің басшыларына олардың ведомстволық бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде пайдаланып отырған жерлерін тиісті санитарлық жағдайда ұстауды және шаруашылыққа пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері, қоршаған ортаны қорғау қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган, Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану режимінің сақталуын қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсін.
      7. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы" 2002 жылғы 18 қазандағы N 189 қаулысының ("Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2002 жылғы 16 қарашадағы N 138 санында жарияланған, тіркеу N 1826) күші жойылды деп танылсын.

      Облыс әкімі

Облыс әкімдігінің
2004 жылғы 30 наурыздағы
N 97 қаулысына N 1 қосымша

Облыс аумағындағы су қоймаларына іргелес жатқан
су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең тар ені

      1. Әр жағалау бойынша су қорғау аймағының ең тар ені көп жылдың межелік деңгейі кезіндегі су жиегінен су тасқыны кезеңіндегі көп жылдың деңгейі кезіндегі су жиегіне дейінгі (өзен жайылымын, жайылым жылғаларын, түпкі жағалауындағы тік жарларды, шұңқырлар мен сайларды қоса алғанда) және мынадай қосымша қашықтықтар қоса есептеліп, белгіленеді:

Түрі

Атауы

Ені(м)

Өзендер

Жайық

1000

Облыстық басқа өзендері

500

      Су аймағы жағалауында орналасқан орман алқаптары Қазақстан Республикасының орман заңнамаларына сәйкес су қорғау аймақтарына кіреді.
      2. Суару-суландыру каналдарының су қорғау аймағының ең тар ені (әр жағалау бойынша су деңгейі қалыпты болған жағдайда) - 300 м.
      3. Су құйылатын қоймалар мен көлдердің су қорғау аймағының ең тар ені:

Түрі

Атауы

Ені(м)

2 шаршы километрден асатын су құйылатын су қоймалар мен көлдер

Шалқар, Балықты Сокрыл, Балықты, Сұлукөл, Ақмамық, Жалтыркөл, Бесоба, Бірғазан, Сорайды, Жиенбет, Тұздыкөл, Батпақкөл, Соркөл, Үлкенсор, Аралсор, Қоскөл, Есен-Темір, Төленкөл, Айдын, Боткөл, Жанғабылсор, Қаңбақты, Қамыс-Самар көлдері

500

2 шаршы километрге дейінгі су құйылатын  басқа да су қоймалар мен көлдер

Басқа да шағын су қоймалары, ескі арналар,  тоғандар мен апандар, көлдер

300

      Су құйылатын және арналы су қоймаларының су қорғау аймағының ішкі шекарасы қалыпты тіркелген деңгейі кезіндегі су жиегі бойынша өтеді, ал көлдер үшін судың көп жылдың деңгейінің жағалаулық шегі бойынша өтеді.
      4. Су қоймаларының су қорғау аймағының ең тар ені олар орналасқан өзендердегідей белгіленеді.

Түрі

Атауы

Ені(м)

Арналы су қоймалары

Шаған, 1-ші Казталовка, 2-ші Казталовка, Мамаев, Сокрыл, Сарышығынақ, Айдархан және басқа да облыстық арналы су қоймалары

500

      5. Су қорғау белдеулерінің ең тар ені өзен бойы алаптарының нысаны мен түрі, іргелес дөңдердің тік-еңістігін, жағалаулар мен ауыл шаруашылығы алқаптары құрамының қайта өңделуі болжамын есепке ала отырып айқындалады:

Өзен жағалауына
жағын жарамды жерлердің түрі

Еңістердің құламалығына қарай
су қорғау белдеулерінің ені(м)

Жағадан
еңістігі (нөлдік еңіс)

Жағаға қарай еңіс

3 градусқа
дейін

3 градустан
астам

Жырытынды
жайылымдар,

35

55

100

шабындықтар

35

50

75

Тоғай, бұта

35

35

55

Басқалар

35

35

100

       Бағалы ауыл шаруашылығы жерлерінде су қорғау белдеулерінің ені өзен жағалауларында тал-теректі белдеулер немесе жаға бекітетін қорғаныс құрылғылары болған жағдайда 10 метрге кішірейтіледі.
      Ескерту. 5 тармақтың кестесіне өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2010.08.09 N 183 Қаулысымен.
      6. Елді мекендер шегінде және Орал қаласы бойынша су қорғау белдеулерінің шекарасы оларды салу мен жоспарлаудың нақты жағдайларын, су объектісінің қоқыстануы  әрі ластануын болдырмайтын жағалау аймағын міндетті түрде инженерлік немесе орман-мелиоративтік жайластыруды ескере отырып, белгіленеді.
      Қолданыстағы қызмет үлесі, жеке және заңды тұлғалардың үй маңындағы, саяжайлық және бақшалық учаскелері жерді пайдалану құқына және су қорғау режимін сақтауға мемлекеттік пакеті болған жағдайда су қорғау белдеуі шеңберінде қалады.
      Су қорғау аймақтары мен белдеулерінен жағадан жер беру осы салада қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару мемлекеттік бақылау қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті органдардың, сондай-ақ мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық басқармалардың келісімі бойынша жүргізіледі.

Облыс әкімдігінің
2004 жылғы 30 наурыздағы
N 97 қаулысына N 2 қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде
шаруашылық қызметтерін жүзеге асыруға
тыйым салынатын жағдайлар тізбесі

      Су қорғау аймағы шегінде мыналарға:
      су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін бітелу мен ластанудан сақтайтын құралдармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, жаға және жаңғыртылған объектілерді іске қосуға;
      тыңайтқыштар, пестицидтер, химиялық улы заттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, автомашина мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету мен жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, қоқыс пен өнеркәсіп және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды төгетін құрылғыларды, өлген малдар көмілетін ұраларды, аппаратураларды пестицидтермен және химиялық улы заттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону алаңқайларын орналастыру мен құрылысын салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      құрылыс, су түбін тереңдету және құрылыс жұмыстарын атқару, пайдалы қазбаларды өндіру, кабель, құбыр және басқа да коммуникацияларды өткізу, белгіленген тәртіппен мемлекеттік табиғатты қорғау, су ресурстарын басқару, жергілікті әкімшіліктермен және басқа арнайы уәкілетті органдармен келісілген бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге де жобасы жоқ жұмыстар жүргізуге;
      мемлекеттік табиғат қорғау органдарының, су ресурстары басқармасының, жергілікті әкімшілік және басқа да өкілетті органдардың келісімінсіз су көздеріндегі су жиегінен 200 метрге дейінгі орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен егілген ағаштарды химиялық улы заттармен авиациялық өңдеу және авиациялық жолмен минералды тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілдерін қолдануға;
      органикалық және минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар мен пестицидтер қолдануға;
      шамадан тыс мал жаюға;
      малды тоғыту мен санитарлық өңдеу және судың гидрохимиялық құрамын нашарлататын басқа да шаруашылық қызметін жүргізуге тыйым салынады.
      Су қорғау белдеулері шегінде  мыналарға:
      жер жыртуға, мал бағуға, тал-теректерді кесуге;
      палаталы қалашықтар, автотұрақтар, малдың жазғы лагерлерін жасауға;
      су ұстайтын, су реттейтін, қорғаныс және басқа да арнайы мақсаттарға арналған құрылғылардан басқа ғимараттар мен құрылғылар салуға;
      мемлекеттік арнаулы уәкілетті органдарының келісімі болмаған жағдайда жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлуге және саяжайлар мен ұжымдық бақтар үшін жер беруге;
      Орал қаласы мен елді мекендерде су өткізбейтін күресіндермен жабдықталмаған жеке тұрғын үй аулаларын пайдалануға;
      су қорғау аймақтары мен белдеулерінде суаттардың ластануына жол бермейтін құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстағы нысандарды пайдалануға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады