Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 24.12.2013 № 285 қаулысымен
Қазақстан Республикасының Су кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы" 2004 жылғы 30 наурыздағы N 97 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2640 тіркелген және 2004 жылғы 6 мамырдағы облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде N 54 санында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
"Облыс аумағындағы су қоймаларына іргелес жатқан су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең тар ені" деген 1-қосымшасының 5-тармағындағы кестенің "Жағадан еңістігі (нөлдік еңіс)" деген бағанындағы:
"30" және "25" сандары тиісінше "35" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов