Аудан көлемінде тұрғын үй көмегін берудің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 маусымдағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2004 жылғы 25 маусымда № 2701 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 28 мамырдағы № 28-3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 28.05.2010 № 28-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары" Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкесті Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудан көлемінде тұрғын үй көмегін берудің Ережесі бекітілсін (қосымша N 1 жалғанды).

      2. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 20 сәуірдегі "Аудан көлемінде тұрғын үй көмегін берудің Ережесін"бекіту туралы" N 2 шешімі жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім қол қойған күнінен бастап күшіне енгізілсін.

      Сессия төрағасы Н.Дүйсеков
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ.Мұқанов

  Казталов аудандық мәслихатының
2004 жылғы 2 маусымдағы
"Аудан көлемінде тұрғын үй
көмегін беру Ережесі"
N 2 шешімімен бекітілген
1 қосымша

Аудан көлемінде тұрғын үй көмегін беру
ЕРЕЖЕСІ
1. Тұрғын үй көмегі

      1. Тұрғын үй көмегі халықтық табысы жағынан аз қамтылған санаттарына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін, халықты әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады.

      2. Тұрғын үй көмегі отбасы бюджетіндегі өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормалары шегіндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін ақы төлеу шығындары осы мақсаттарға жұмсалатын ұйғарынды шекті шығын үлесінен асып кеткен жағдайда көрсетіледі. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеудің ұйғарынды шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі.

      3. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері үй заңнамасына сәйкес, отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр құрайды.

      4. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады. Ұсынылған жұмыстан бас тартқан, белсенді түрде жұмыс іздемеген және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысудан бас тартқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      5. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықты тұратын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушысы болатын (жалдаушы) жеке тұлғаға тағайындалады.

      6. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімін 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.

      Тұрғын үйдің меншік иесі немесе жалдаушысы тұрғын үй көмегін тағайындауға жинақталған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады. Әлеуметтік қорғау органына біле тұра жалған мәлімет берген меншік иесі (жалдаушы) бір жылға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңнамамен белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

2. Тұрғын үй көмегін есептеу

      7. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін үйді жалға алушы немесе меншік иесі төмендегі құжаттарды жергілікті атқару органына тапсырады:

      1) өтініш;

      2) отбасы құрамы жөнінде анықтама;

      3) тұрғын үйге меншік құқығы туралы төлқұжат көшірмесі немесе жекешелендіру шарты, мекен-жәй көлемі көрсетілген жалдау келісім шарты;

      4) арыз берердің алдындағы тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық табысы туралы құжаттар мен анықтамалар;

      5) коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары жөнінде анықтама;

      6) жеке куәлік, РНН көшірмелері, коммуналдық қызметтерге ақы төлейтін абоненттік кітапшаларының нөмірлері.

      8. Тұрғын үй көмегін беру жөніндегі жергілікті атқару органы жанындағы комиссияның шешімі тұрғын үй көмегін алушылардың тізімі жинақталған құжаттар аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылады.

      Даулы жағдайда комиссияның шешімі міндетті түрде арыз берушінің белгіленген үлгі бойынша жасалған тұрмыстық жағдайын тексерген акті болғанда қабылданады.

      9. Отбасының жиынтық табысы арыз берердің алдындағы тоқсан ішіндегі табыс түрлерімен анықталады (еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы мал өнімдері және басқалай табыстар).

      10. Арыз берушінің берген құжаттарының растығына күмән туса, әлеуметтік қорғау органы қажет мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажетті ақпаратты беруге міндетті.

      11. Берілген құжаттарды қарағаннан кейін отбасына шарт жасалады. Шарт екі дана жасалып, біреуі меншік иесінде (жалдаушыда) сақталады.

      12. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстау және пайдаланған коммуналдық қызметтер ақысын меншік иесіне (жалдаушыға) белгіленген мөлшер шегінде есептелген сомамен салыстырғанда кеміту үшін аудару арқылы беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін тұрғын үй көмегінің мөлшері нақтылы есептелген сомадан аспауы керек. Тағайындалған тұрғын үй көмегі арыз берушінің өтініші бойынша табиғи газбен және электржарығымен бөлініп қамту мекемелеріне аударылады, ал тезекпен жылытуға тағайындалған тұрғын үй көмегі меншік иесінің есепшотына аударылады.

      13. Отбасының жиынтық табысына отбасының тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғанда жерлеуге берілетін және баланың тууына байланысты берілетін жәрдемақылардан басқа барлық табыстары есептеледі.

      Тұрғын үй көмегі жылына екі рет жылу беру маусымының аяқталуына байланысты және IV тоқсанда тағайындалады.

      14. Көмектің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйде ұстау нормаларына нақтылы төлейтін төлемінің және осы отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын ұйғарынды шекті шығынның айырмасы ретінде есептеледі.

      15. Тұрғын үй көмегін алуға халықтық әлеуметтік осал жіктеріне жататын адамдар:

      1) тұрмысы төмен отбасылар;

      2) мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар;

      3) 20 жасқа дейінгі жетім балалар;

      4) оралмандар;

      5) көп балалы отбасылар;

      6) асыраушысынан айырылған отбасылар.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      16. Меншіктің барлық нысандарындағы үйлерде тұратын тұрғындарға тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

      17. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі меншік иесінің (жалдаушының) тізімдерін рәсімдеп, берілген жәрдемақылардың сомасын көрсете отырып, қаржы органдарына тапсырылады.

      18. Қаржы органдары тізімдемелердің негізінде бағдарламалардың иелеріне жергілікті бюджетте қаралған қаражат есебінен төлем тапсырмаларымен қаржыларды өтейді.

      19. Аудандық қаржы бөлімі тұрғын үй көмегіне төленген бюджеттік қаражаттың дұрыс жұмсалғанын бастапқы құжаттар бойынша жылына бір рет тексеруден өткізеді.

      20. Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуіне байланысты тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады