N 3267 болып тіркелген "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 1 бұйрығы. Қазастан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3344. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде N 3267 болып тіркелген "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815  бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесінде:
     1-тармақ ", жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Қаржы департаменті (Литвиненко Т.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
     3. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     Министрдің
     міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады