Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 12.01.2016 № 16 бұйрығымен.
Әкімшілік тәжірибе мәселелерінде, ішкі істер органдары бөлімшелеріндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы біркелкі қолдану, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол полициясының құқық қолдану қызметін одан арғы жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1639 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылы N 33 жарияланған, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2093 болып тіркелген, 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 777 , нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2153 болып тіркелген 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 43 , нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2536 болып тіркелген 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 536 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта:
"Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің төрағасы, бастықтарына" деген сөздер алынып тасталсын;
"Күзет" РМК" деген сөздер "Мамандандырылған күзет қызметі республикалық бас басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықта:
1) 33-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамға белгіленген үлгідегі хабарландыру жіберіледі (20-қосымша).";
2) 51-тармақта "ұйғарым шығарады" деген сөздерден кейін "(21-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын:
3) 60-тармақта "мен уақытша ұстау изоляторында (ТИ және УҰИ)" деген сөздер "(ТИ)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
4) 61-тармақтың бірінші абзацындағы "ТИ және" деген сөздер алынып тасталсын;
5) 65-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралын жүргізуші адам құқық бұзушылық жасаған кезде тиісінше жол полициясының, әскери көлік полициясының лауазымды адамдары" деген сөздер "жол полициясының лауазымды адамдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Кодекстің 283-285 , 287, 289, 297 , 298, 298-1 , 302-306 , 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451 , 453, 457, 460 , 461, 463 (екінші және үшінші бөлігі), 467-471-баптарында аталған тәртіп бұзу жасалған жағдайда осы бұйрықтың 70-тармағында аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралын, шағын көлемді кемені ұстау себептері жойылғанға дейін оларды арнайы алаңға немесе тұраққа жеткізу жолымен, соның ішінде басқа көлік құралын (эвакуатор), шағын көлемді кемені пайдалану немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шешу арқылы көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді ұстауға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.";
7) мынадай мазмұндағы 69-1, 69-2-тармақтармен толықтырылсын:
"69-1. Көлік құралын уақытша сақтау үшін арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізілуі (эвакуация) мына жағдайларда да қолданылады, егер де көлік құралдарының жүргізушілері тоқтау немесе тұрақтау тәртібін бұзып өздері болмаса, сонымен қатар жүргізушілермен жолда қалдырған көлік құралдарын, егерде олардың орналасуын анықтау мүмкіндігі болмаса. Ұсталған көлік құралы, шағын көлемді кеме арнайы тұраққа басқа жерде жүретін көлік құралының көмегімен (эвакуатор), немесе басқа кемеге тіркеу арқылы жеткізілуі мүмкін. Көлік құралын жеткізуді (эвакуациялауды) жүзеге асыратын жол полициясы қызметкерімен көлік құралының иесін анықтау, соның ішінде жақын маңайда орналасқан көпшілік баратын орындарды (дүкендер, кинотеатрлар, базарлар және тағы басқалар) аралап шығу, сонымен қатар жақын жердегі үйлердің тұрғындарынан сұрау жүргізу бойынша жеткілікті шаралар алдын ала қабылдануы керек.
69-2. Көлік құралын пайдалануға тыйым салуды жүргізушілермен көлік құралдарын оларды пайдалануға тыйым салынған ақаулармен, немесе тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған, немесе белгіленген тәртіпте тіркелмеген, немесе азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі өзінде болмаған, немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген, сол сияқты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ, не жасырын, жасанды немесе Мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін нөмірлік белгілермен басқарған жағдайларда жол полициясының уәкілетті лауазымды адамымен жүзеге асырылады.";
8) 70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Көлік құралын ұстауды жол полициясының лауазымды адамдары жүргізеді.
Көлік құралын, шағын көлемді кемені ұстау, жеткізу және тыйым салу туралы белгіленген нысандағы акт толтырылып әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға тігіледі (22-қосымша).
Ұсталған көлік құралын, шағын көлемді кемені сақтау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және коммуналдық меншік болып табылатын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.";
9) мынадай мазмұндағы 70-9, 70-10, 70-11-тармақтармен толықтырылсын:
"70-9. Ұсталған көлік құралын арнайы тұрақтарға немесе алаңдарға жеткізгеннен кейін сақтаушы көлік құралын, шағын көлемді кемені қабылдау - тапсыру актісін (23-қосымша) көлік құралының, шағын көлемді кеме иесінің (көлік иесінің өкілі), ал ол болмаған жағдайда екі куәгердің, өкілетті лауазымдық тұлғаның қатысуымен үш данада құрастырады. Көлік құралын, шағын көлемді кемені қарау және тізімін алу сақтаушымен аталған тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Қабылдау - тапсыру актінің бірінші данасы құқық бұзушылыққа құрастырылған әкімшілік хаттамасымен бірге өкілетті лауазымдық тұлғаның бөлімшесіне тапсырылады, екінші данасы көлік құралының, шағын көлемді кеменің иесіне (көлік иесінің өкіліне) беріледі, үшіншісі сақтаушыда қалады.
70-10. Көлік құралын, шағын көлемді кемені ұстау себептерінің жойылғандығына көзі жеткен уәкілетті лауазымды адам арнайы алаңға немесе тұраққа қойылған көлік құралын, шағын көлемді кемені иесіне қайтаруға рұқсат береді (24-қосымша) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада немесе көлік құралының, шағын көлемді кеменің ұсталғаны жөніндегі хаттамаға тиісті жазу енгізеді.
70-11. Жүргізушісі, кеме жүргізушісі жоқ көлік құралдарының, шағын көлемді кемелердің ұсталғаны жөнінде аумақтық ішкі істер органының кезекші бөліміне дереу хабарланады. Ішкі істер органының оперативтік кезекшісі тәулік ішінде көлік иесіне (көлік иесінің өкіліне) көлік құралының, шағын көлемді кеменің ұсталғаны жөнінде хабарлайды, қажет болған жағдайда көлік құралының, шағын көлемді кеменің иесін (көлік иесінің өкілін) анықтау үшін қажетті шаралар қолданады.";
10) мынадай мазмұндағы 72-1-тармақпен толықтырылсын:
"72-1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған кезден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады (25-қосымша).";
11) мынадай мазмұндағы 73-1, 73-2, 73-3-тармақтармен толықтырылсын:
"73-1. Әкімшілік құқық бұзушылық жағдайын қосымша айқындау мерзімін жеке адамды анықтай алмау себебі бойынша создырып алу жағдайларында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасалған фактісі бойынша үш тәуліктен аспайтын мерзімге толтырылады.
73-2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қарау үшін әкімшілік бұзушылық туралы істі қарауға уәкілдік берілген судьяға, органға (лауазымды адамға) үш тәулік ішінде жіберіледі.
73-3. Осы Кодекстің 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлардың тым болмаса біреуі болған жағдайда істі жүргізіп жатқан лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қысқарту жөнінде қаулы шығарады.";
12) 74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Жеке және заңды тұлғалардың хабарларын немесе арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарларды тексеру барысында азаматтардың іс-қимылында әкімшілік құқық бұзушылықты тікелей анықтау немесе айқындау жағдайында Кодекстің 38-43 баптарында белгіленген әкімшілік жауапкершіліктерді болдырмайтын жағдайлар болмағанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген жағдайларды тексеруді аяқтағаннан кейін тез арада толтырылады.";
13) мынадай мазмұндағы 74-1, 74-2, 74-3, 74-4-тармақтармен толықтырылсын:
"74-1. Жеке адамды анықтамау себебі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жасалған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша Кодекстің 638-бабында белгіленген мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады.
Құқық бұзушылық жасаған жеке адамды анықтағаннан кейін жасалған құқық бұзушылықты бекіту мақсатында жол полициясының лауазымды адамы іс бойынша ұйғарым шығарады, оның негізінде нақты кінәлі адамға нақты тәртіп бұзушылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады. Алғашқы хаттама қалған құжаттармен бірге ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жіберіледі.
74-2. Егер нақты деректер процеске қатысушылардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе қысым жасау жолымен алынса немесе процестің өзге де ережелерін бұза отырып алынған нақты деректердің дұрыстығына ықпал етіп немесе ықпал етуі мүмкін болып осы кодекстің талаптарын бұза отырып алынса, дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайды деп танылуы тиіс.
74-3. Өздеріне қатысты іс қозғалған жеке адамға немесе оның заңды өкіліне, заңды тұлғаның заңды өкіліне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкіндік берілуге тиіс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсініктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзінің бас тарту себебін баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тіркеледі. Өздеріне қатысты іс қозғалған жеке адамға немесе оның заңды өкіліне, заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге оның өтініші бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін оның көшірмесі алған қолы қойылып, дереу тапсырылады.
74-4. Көлік құралдарының жүргізушілерімен жыл ішінде жауапкершілігі Кодекстің 461 , 462, 463, 464, 465, 466, 468, 469, 470 және 471-баптарында көзделген жол қозғалысы ережелерін біреуден артық бұзған немесе жауапкершілігі Кодекстің 246 , 247, 461 , 468, 470 , 474, 475 және 483-баптарында көзделген көлік құралдарын пайдалану ережелерін біреуден артық бұзған жағдайларда әкімшілік іс қозғалады және осы бұйрықтың 72-1 және 73-2-баптарында белгіленген тәртіпте рәсімделеді.";
14) 86-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлік төлеттіру туралы шешім қабылдау үшін сотқа жіберу туралы;";
15) мынадай мазмұндағы 86-1-тармақпен толықтырылсын:
"86-1. Кодекстің 539-бабының 3-бөлігінде көрсетілген әкімшілік жазалау шаралары, соның ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, міндетті түрде қолдануға жатпайтын жағдайларда, оларды қолдану қажеттігі жоқ болған кезде, істерді лауазымды адамдары осы Кодекстің 636-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар тиісті орган 539-баптың үшінші бөлігінде көзделген, соның ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға байланысты шараларды қолданбай қарауы мүмкін.";
16) мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:
"87-1. Бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жаза әр құқық бұзушылық үшін жеке-жеке қолданылады."
17) мынадай мазмұндағы 92-1-тармақпен толықтырылсын:
"92-1. Кодекстің 461 - 472 , 476-баптарында көзделген ескерту, айыппұл салу, арнаулы құқықтан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолдану кезінде ол жүргізуші куәлігіндегі талонға уәкілетті лауазымды тұлғамен ресімделеді және белгіленеді.";
18) 101-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
19) 150-тармақта "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 422 және Қазақстан Сыртқыісминінің 2000 жылғы 8 тамыздағы N 100" деген сөздер "Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртіптерін қолдану және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көші-қонының алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 215, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 08-1/93 және Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 35-п", нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2889 болып тіркелген" деген сөздермен ауыстырылсын.";
20) 156, 158-тармақтарда "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Жол полициясы комитетіне" деген сөздер сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 162-тармақта "Комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің бастықтары" деген сөздер сәйкес "департаменттерінің бастықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес 20, 21, 22, 23, 24, 25-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Астана және Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының бастықтары, облыстардағы Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының бастықтары жол полициясы бөлімшелерінің жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы департаментінің бастығы полиция полковнигі Ө.Т.Түсімовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер Министрі
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 5 қаңтардағы
N 1 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығымен бекітілген
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы" Қазақстан
Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы
кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі
Нұсқаулыққа 20-қосымша
ХАБАРЛАНДЫРУ
Азамат (ша) _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Сіз жол берген әкімшілік құқық бұзушылықты қарау үшін
20___ж. "___" ___________сағат "___"__________ мекен-жайындағы N___
кабинетке келуіңіз керек.
Ішкі істер органының лауазымды адамы ________________________
___________________________________________________________________
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу керек.
Сіз келмеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс
қарала береді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексінің 618 , 625-баптарының негізінде істі дұрыс қарау
және іс бойынша қабылданған қаулыны орындау үшін Сіз мәжбүрлеп
жеткізілетін боласыз.
___________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
20___ж. "____"___________ ___________________
(қолы)
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 5 қаңтардағы
N 1 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығымен бекітілген
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы" Қазақстан
Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы
кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі
Нұсқаулыққа 21-қосымша
Сот сараптамасын тағайындау туралы
ҰЙҒАРЫМ
20____жылғы "____"______________ _______________қ. (кенті, селосы)
2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексін басшылыққа ала отырып,
Уәкілетті адам ____________________________________________________
(лауазымды адамның Т.А.Ә.,
___________________________________________________________________
қалалық, аудандық, желілік органның атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған орны және мәнісі, уақыты)
түріндегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы кодексінің ___________бабын бұзғаны үшін
___________________________________________________________ тұратын
(тұратын мекен-жайы көрсетіледі)
___________________________________________________________________
Жұмыс істейтін орны________________________________________________
Лауазымы __________________________________________________________
азамат (ша) _______________________________________________________
(азаматтығы, Т.А.Ә.)
жасаған құқық бұзушылық туралы әкімшілік іс жүргізу ісінің
материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы Кодексінің 543-бабына сәйкес қарап, осы
материалдар бойынша арнаулы білімнің қажет екендігін ескеріп,
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 611-бабын басшылыққа ала отырып,
ұйғардым :
1. Осы іс бойынша сараптама тағайындалсын _________________________
(сараптаманың түрі)
2. Сараптама жүргізу ______________________________________________
(сарапшының Т.А.Ә., немесе
________________________________________________________тапсырылсын
сараптама жүргізілетін органның атауы)
3. Сарапшының шешуіне мынадай мәселелер қойылсын __________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Сарапшыға ______________________________________________________
___________________________________________________________берілсін
(сарапшыға берілетін материалдардың тізбесі)
___________________________________________________________________
(сараптама тағайындаған адамның Т.А.Ә. және лауазымы)
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 5 қаңтардағы
N 1 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығымен бекітілген
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы" Қазақстан
Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы
кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі
Нұсқаулыққа 22-қосымша
Көлік құралын, шағын көлемді кемені ұстау,
жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы
АКТІ
200__жылғы "___" ____________ __________________
(толтыру орны)
___________________________________________________________________
(Жол полициясы қызметкерінің лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)
1. Көлік құралының маркасы, нұсқасы, түсі: ________________________
___________________________________________________________________
2. Нөмірлік белгісі__________________ 3. Қозғалтқышы_______________
4. Шассиі_________________________ 5. Қорабы_______________________
6. Шығарылған жылы___________ 7. КҚТҚ сериясы, нөмірі______________
8. Көлік құралының иесі____________________________________________
___________________________________________________________________
9. Иесінің мекен-жайы______________________________________________
10. Көлік құралының, шағын көлемді кеменің жүргізушісімен
жіберілген тәртіп бұзудың мән-жайы_________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
11. Техникалық жағдайы туралы қорытынды:___________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
12. Іс бойынша қабылданған шешім: _________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жол полициясының қызметкері _________________________
(қолы)
Көлік құралының иесі ________________________________
(қолы)
Айқындалғандарды жою туралы мәліметтер ____________________________
(бар бұзушылықтарды жою бойынша
___________________________________________________________________
қабылданған шараларды тексеруді жүзеге асырған қызметкердің
лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)
Қабылданған шешім _________________________________________________
___________________________________________________________________
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 5 қаңтардағы
N 1 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығымен бекітілген
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы" Қазақстан
Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы
кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі
Нұсқаулыққа 23-қосымша
Автокөлікті айып тұрағына сақтау үшін
N_________ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ АКТІСІ
200__жылғы "___" ____________ ____________________________
қойылған уақыты (сағ.,мин.)
Мен, жол полициясының өкілі _______________________________________
___________________________________________________________________
лауазымы, атағы, Т.А.Ә.
және айып тұрағы бойынша кезекші:
___________________________________________________________________
айып автотұрағы өкілінің Т.А.Ә.
бірінші тапсырды, екінші қабылдады
Автомобиль (мотоцикл) ______________ мем.нөмірі____________________
Қозғалтқыш N________________қорап N______________тиістілігі________
___________________________________________________________________
иесінің Т.А.Ә., оның мекен-жайы, телефон N, ұйымның атауы,
мекен-жайы
АВТОМОБИЛЬДІҢ (МОТОЦИКЛДІҢ) ЖИЫНТЫҒЫ
1. Дөңгелектің қалпақтары 15. Жастықша
2. Сәндік дискілер 16. Руль дөңгелегінің қабы
3. Бензобактың қақпағы 17. Орындықтардың қабы
4. Шынытазалағыш щеткалар 18. Оталдырудың кілті
5. Тұманға қарсы фаралар 19. Жүк салғыштың кілті
6. Артын көру айнасы 20. Қауіпсіздік белбеулері
7. Жанын көру айнасы 21. Аптечка
8. Антена 22. Апаттылық тоқтау белгісі
9. Қосалқы дөңгелек 23. Өрт сөндіргіш
10. Аспаптардың жиынтығы 24. Қосымша жабдықтар
11. Көтергіш _________________
12. Радиомагнитола 25. Суыту жүйесінде___________
13. Күл салғыш 26. Басқалары_________________
14. Жанармай тетігінің көрсеткіші__
2. СЫРТҚЫ ЗАҚЫМДАРЫ
___________________________________________________________________
3. БАҒАЛЫ БҰЙЫМДАРДЫҢ НЕМЕСЕ ЖҮКТІҢ БАР БОЛУЫ
___________________________________________________________________
4. ҰСТАУ СЕБЕБІ
___________________________________________________________________
5. ЖИЫНТЫҒЫ, СЫРТҚЫ ЗАҚЫМДАРЫ, ЖҮКТІҢ БАР БОЛУЫ
куәгерлермен дәлелденеді (жүргізуші болмаған
жағдайда толтырылады)
1. ________________________________________________________________
Куәгердің Т.А.Ә., мекен-жайы, телефоны, жұмыс орны _____________
қолы
2. ________________________________________________________________
Куәгердің Т.А.Ә., мекен-жайы, телефоны, жұмыс орны _____________
Қолы
Жиынтығымен КЕЛІСЕМІН: жүргізуші ___________________
Автомобильді (мотоцикл) тапсырды қабылдады ___________________
(артқы жағы)
N_______актіге сәйкес көлік құралын алуға
ҚОЛХАТ
200___ж. "___" ___________ ___ сағат_________мин. _________________
___________________________________________________________________
қандай құжат бойынша: техқұжаты, жүргізуші куәлігі
__________________________________________________автомобиль алынды
Жол полициясының рұқсаты N___________ _____________________________
Берілу куәгерлердің қатысуымен жүргізілді (көлік құралының шын
мәнісіндегі ахуалы актінің жазуларымен сәйкес келмеген жағдайда
толтырылады)
1. ________________________________________________________________
Куәгердің Т.А.Ә., мекен-жайы, телефоны, жұмыс орны ____________
қолы
2. ________________________________________________________________
Куәгердің Т.А.Ә., мекен-жайы, телефоны, жұмыс орны ____________
қолы
Ескертпе: 1. Көлік құралының,
ондағы заттардың, жүктің
сақталуына жауапкершілікті
айып тұрағы атқарады
2. Ақшалар, бағалы заттар
сақталуға алынбайды
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 5 қаңтардағы
N 1 бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығымен бекітілген
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы" Қазақстан
Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы
кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі
Нұсқаулыққа 24-қосымша
Ұсталған көлік құралын беруге
N________ рұқсат
Мен, ______________________________________________________________
Рұқсат берген жол полициясы қызметкерінің лауазымы, атағы, Т.А.Ә.
Көлік құралын беруді сұраймын _____________________________________
Маркасы
Мемлекеттік нөмірі _____________________
Құжаттың атауы___________________сериясы__________нөмірі___________
Алушының Т.А.Ә.____________________________________________________
Ұстау себебі ______________________________________________________
200____ж. "____"________________ _________________________
жауапты адамның қолы
N______акті бойынша ұсталған көлік құралы рұқсатқа сәйкес
200____ж. "____"________________берілді.
Тұрақ бойынша кезекші _____________________________________________
Т.А.Ә.
__________________________
қолы
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 5 қаңтардағы
N 1 бұйрығына 6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 486 бұйрығымен бекітілген
"Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы" Қазақстан
Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы
кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде
қолдану жөніндегі
Нұсқаулыққа 25-қосымша
Азамат (ша) _____________________ҚРӘҚБтК_____баптары бойынша
толтырылған АА сериялы N 000000 хаттаманы және қаулыны 200___ж.
"____"__________алдым ________________________ _____________
(лауазымы, тегі) (қолы)
Жол қозғалысы ережелерін әкімшілік бұзу туралы
АА N 000000 Хаттама
200__ж. "___"_______ __сағат _минут _______________________________
(хаттаманы толтырған орны)
___________________________________________________________________
(лауазымды тұлғаның лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)
Осы хаттаманы жазуымның себебі азамат _____________________________
(бұзушының тегі, аты, әкесінің аты)
Азаматтығы_______________________Туған жылы және жері______________
Тұратын жері_______________________________________________________
Жеке басының куәлігі_______________________________________________
(сериясы, нөмірі, кіммен берілді)
Жұмыс орны, лауазымы_______________________________________________
Жүргізуші куәлігі__________________________________________________
(сериясы, N, кіммен және қашан берілді,
санаттарының болуы, алынған немесе алынбаған)
200__ж. "__"________ __сағ.__мин. азамат (ша)______________________
көлік құралын басқаруда____________________________________________
(Жол қозғалысы ережелерін бұзған орны және мәнісі)
___________________________________________________________________
яғни ЖҚЕ _________баптарын бұзып ҚРӘҚБтК _________баптарында
көзделген құқық бұзушылық жасады
Куәгерлер, жәбірленушілер, жеке (заңды) тұлғалардың заңды өкілдері
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., тұратын жері)
___________________________________________________________________
Метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, датасы, текникалық құралдың
көрсеткіші_________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жеке тұлғаға (заңды тұлғаның өкіліне) және өндіріске қатысушыларға
ҚР ӘҚБтК 584-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері
түсіндірілді ______________________________________________________
(қолы)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірістің тілі
___________________________________________________________________
(тәртіп бұзушының ауызша өтініші немесе арызы бойынша қолы)
Қорғаушының заңдылық көмегі және аудармашы_________________________
(қажет, қажет емес, қолы)
Жеке тұлғаның (заңды тұлғаның өкілінің) түсініктемесі______________
________________________________________________ __________________
(қолы)
Бұрын әкімшілік жазаға тартылды ___________________________________
(қандай органмен жазаға тартылды, датасы,
ҚРӘҚБтК бабы, кім анықтаманы жүргізді)
Көлік құралы: Маркасы __________ МТНБ______________ КҚТҚ N_________
Көлік иесі____________тіркеу орны__________________________________
Қозғалтқыш N______________қорап N_____________шассиінің N__________
КҚ ұсталды____________ Жүргізуші жеткізілді________________________
(сақтау орны) (қалалық, аудандық, желілік орган)
Хаттамаға тіркеледі _______________________________________________
(хаттамаға тіркелетін құжаттардың тізбесі,
құжаттың, санаттың сериясы және нөмірі)
Қолдар: ___________________________________________________________
(хаттама толтырған лауазымды адамның)
______________________ __________________________________________
(құқық бұзушының) (куәгерлердің, жәбірленушілердің)
Іс бойынша шешім қабылдау: келу қайда және қашан___________________
Уәкілетті адам ____________________________________________________
(лауазымы, аудандық, қалалық, желілік органның атауы,
атағы, тегі, қолы)
Хаттамамен таныстым. Хаттаманың көшірмесін алдым. _________________
(Т.А.Ә., қолы, қол қоюдан бас тартты)