"Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 432 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 17 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылда 22 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3454. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 644 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008.12.30 N 644 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 123-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

     1. "Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3321 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     атауындағы "нұсқаулықтың тәртібі туралы" деген сөздер "ережелер" деген сөзбен ауыстырылсын;

     1-тармақта "қоса беріліп отырған тәртібі туралы нұсқаулық" деген сөздер "қоса беріліп отырған Ережелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
     деректемелердегі "Бекітілген" деген сөз "Бекітілген" деген сөзбен ауыстырылсын;
     атауында және барлық мәтін бойынша:
     "тәртібі туралы нұсқаулық", "Осы Нұсқаулық әзірленген", "осы Нұсқаулықпен" деген сөздер тиісінше "Ережелер", "Осы ережелер әзірленген", "осы Ережелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

     1-тармақта "анықтайды" деген сөз "анықтайды" деген сөзбен ауыстырылсын;

     13-тармақта:
     мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
     "9-бағанда тіркелген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;";
     "10-бағанда орындалмаған міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;";
     "9" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын;

     42-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
     "Мемлекеттік, жергілікті бюджеттерін атқару туралы айлық (жылдық) есептерді (облыстардың, республикалық мәні бар қаланың, астананың бюджеттерін атқару туралы жиынтық есепті) жасаған кезде "Тіркелген міндеттемелер", "Орындалмаған міндеттемелер" бағандары толтырылмайды және есептердің бағандарының құрамынан алынып тасталады.";

     көрсетілген Нұсқаулықтың 1-қосымшасында:
     деректемелерде "тәртібі туралы нұсқаулықтар" деген сөздер "Ережелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

     көрсетілген Нұсқаулықтың 2-қосымшасында:
     деректемелерде "тәртібі туралы нұсқаулықтар" деген сөздер "Ережелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Есепті кезеңге берілген рұқсаттардың сомасы" бағанынан кейін мынадай мазмұндағы бағандармен толықтырылсын:
     "Тіркелген міндеттемелер";
     "Орындалмаған міндеттемелер";
     "Кассалық атқару" бағанында "9" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын;

     көрсетілген Нұсқаулықтың 3-қосымшасында "тәртібі туралы нұсқаулықтар" деген сөздер "Ережелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

     көрсетілген Нұсқаулықтың 4-қосымшасында:
     деректемелерде "тәртібі туралы нұсқаулықтар" деген сөздер "Ережелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Есепті кезеңге берілген рұқсаттардың сомасы" бағанынан кейін мынадай мазмұндағы бағандармен толықтырылсын:
     "Тіркелген міндеттемелер";
     "Орындалмаған міндеттемелер";
     "Кассалық атқару" бағанында "9" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын;
     "Есепті кезеңде түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына % кассалық атқару (9-баған:6-баған)"  бағанында "10" деген сан "12" деген санмен ауыстырылсын;
     "Атқарылатын (бекітілген, нақтыланған, түзетілген) бюджетке % кассалық атқару" бағанында "11" деген сан "13" деген санмен ауыстырылсын;

     көрсетілген Нұсқаулықтың 5-қосымшасында:
     деректемелерде "тәртібі туралы нұсқаулықтар" деген сөздер "Ережелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Есепті қаржы жылына түзетілген бюджет" бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағандармен толықтырылсын:
     "Тіркелген міндеттемелер";
     "Орындалмаған міндеттемелер";
     "Кассалық атқару" бағанында "6" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын;
     "(бекітілген, нақтыланған, түзетілген) бюджетті атқарудан кассалық атқарудың ауытқуы" бағанында "7" деген сан "9" деген санмен ауыстырылсын;
     "Атқарылатын (бекітілген, нақтыланған, түзетілген) бюджетке % кассалық атқару" бағанында "8" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын.

     2. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады