Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілгендер бекітілсін:
1) жылқылардың эпизоотикалық лимфангитін алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді;
2) жылқылардың киеңкі ауруын алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді.
2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық ресми жариялаған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық министрінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 67 бұйрығымен бекітілген
Жылқылардың эпизоотикалық індетті лимфангитінің
алдын-алу және жою шараларын жүргізудің
ветеринариялық ережесі
Осы жылқылардың індетті лимфангитінің алдын-алу және жою шараларын жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Індетті лимфангит Lymphangіtіs epіzootіca - созылмалы түрде өтетін, терінің сөл тамырлары мен тері асты шелінің қабынып, іріңді жараға айналуымен ерекшеленетін жылқы, есек, қашар, түйе, жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.
2. Ауру қоздырғышы - (Cryptococcus farcіmіnosus) саңырауқұлақ. Криптококк - іріңдеген тері мен сөл тамырларында сопақша келген денешіктер түрінде кездесіп оның көлемі: ұзындығы 3-5 микрометр, ені 2,0-3,5 микрометр, айқын білінетін қос бейнелі қабықты болады.
3. Жұқпалы ауру қоздырғышының көзі ауру малдар, олар іріңмен бірге сыртқы ортаға көп мөлшерде криптококктарды шығарады.
4. Жылқылардың шоқтық, төс, арқа, бас және мойын маңайындағы жарақаттар аурудың пайда болуына әсер ететін маңызды факторлар болып табылады.
5. Ауру спорадия немесе созылмалы індетті жағдай да пайда болады. Ауру көбінесе күз-қыс уақытында кездеседі.
6. Диагноз індеттанулық деректердің, клиникалық белгілердің және зертханалық, аллергиялық және серологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде анықталады.
7. Микроскопиялық зерттеуге іріңді жарылмаған лимфа түйіндерінен емес, жұмсарған ойық жаралардан алады. Ірің тамшысын 50%-тік глицериннің судағы ерітіндісі бар заттық шыныға енгізеді. Микроскоппен қарағанда қос қабықты сопақша келген торшалар (криптококктар) байқалады.
8. Комплементті байланыстыру реакциясын қою және маллеинизациялау арқылы ауруды ең алдымен маңқадан ажырату керек.
9. Сонымен қатар көбінесе сирақтары зақымдалып, ал ойық жарадағы іріңдерден грамм оң таяқшалар табылатын лимфангоитты ойық жарасынан ажырату керек.
2. Ветеринариялық-санитарлық таза
аймақтарда жүзеге асырылатын
жылқылардың індетті лимфангитінің
алдын-алу іс шаралары
10. Аурудан сақтандыру үшін жылқы әкелетіндердің және өсіруге арналған шаруашылығының, оның аумағының індеттік жағдайын мұқият қадағалап отырады. Шаруашылыққа басқа жақтан әкелінген жылқыларды профилактикалық карантин қойып, тері мен көзге көрінетін кілегейлі қабықтарды тыңғылықты тексеріп отырады. Жылқыларды пайдаланғанда терісін және тері жамылғысын жарақаттауына жол берілмеуіне ерекше көңіл бөлінеді.
11. Індетті лимфангит ауруының тууын ескерту - жылқыларды пайдалану, күтіп-бағу бойынша, ветеринарлық-санитарлық ережелерді қатаң сақтау арқылы қол жеткізіледі.
12. Жылқыларға арналған үй-жайы, шаруашылық құралдары мен бағып-күту заттары әрдайым дезинфекцияланып тұрады.
3. Індетті лимфангиттен таза емес
пункттерде және эпизоотиялық ошақтарда
жүргізілетін шаралар
13. Шаруашылық субъектісінде (табында, аулада) жылқылардың індетті лимфангит ауруы анықталған жағдайда, осы ауылды округта, елді мекенде, қалада қызмет көрсететін ветеринар маманы тез арада ауыл округінің ветеринар инспекторына және ауданның (қаланың) мемлекеттік бас ветеринар инспекторына бұл туралы хабарлайды.
14. Жылқының індетті лимфангит ауруына күдігі туралы хабар алған соң тиісті әкімшілік шекаралық бірліктің мемлекеттік бас ветеринар инспекторы диагнозды қоюға, індеттік тексеріс жүргізуге, аурудан қолайсыз мекен және індет ошағының шекарасын анықтау үшін тез арада ауру ошағына жетуі керек.
15. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті әкімшілік шекаралық бірліктің бас мемлекеттік ветеринар инспекторының ұсынысы бойынша, жергілікті атқару органның шешімімен жылқының лимфангит ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз аумақ деп анықтап, карантин жариялайды.
16. Карантиннің шарты бойынша шаруашылыққа мал әкелуге, әкетуге, жылқыларды (есек, қашар) сатуға және ауыстыруға, ауру және ауруға күдікті малдарды жаюға, сонымен қатар ұрықтандыруға, айғырларды пішуге, ауру және ауруға күдікті биелердің сүтін пайдалануға жол берілмейді.
17. Эпизоотиялық лимфангитпен ауыратын жануарларды қансыз әдіспен жояды. Өлекселерді терісімен бірге өртейді.
18. Аурудан таза емес фермадағы ауырмаған жылқыларды (есектерді, қашарларды) 5 күн сайын клиникалық тексерістен өткізіп отырады. Ішкі шаруашылық жұмыстарға басқа таза ферманың жылқыларымен қатынас болмаған жағдайда ғана жібереді.
19. Ауру шыққан қораны, оның айналасын тазартып, әрбір 15 күн сайын дезинфекциялайды.
20. Дезинфекция үшін 5% әсерлі хлоры бар әкті, 5% формальдегид ерітіндісін, 10% натрий күйдіргі ерітіндісі (натр күйдіргі) қолданылады.
21. Қамыт-сайман, ер-тұрманды 60 градус Цельсий формальдегид буында 1 сағат ұстап, дезинфекциялайды.
22. Осы аурудың қоздырғышына қарсы басқа да тиімді Қазақстан Республикасында тіркелген дезинфекциялағыш препараттар қолданылады.
23. Ауру және ауруға күдікті малдың көңін, жемшөп қалдықтарын, төсеніштерін өртеп жібереді.
24. Карантинді ең соңғы ауру малды құртып, жылқыларды қорытынды клиникалық тексерістен өткізіп, қораны тазалап, дезинфекция жасалғаннан кейін 3 айдан соң алады.
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық министрінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 67 бұйрығымен бекітілген
Жылқылардың киеңкі ауруының алдын-алу және
жою шараларды жүргізудің ветеринариялық
ережесі
Осы жылқылардың киеңкі ауруының алдын-алу және жою шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Киеңкі ауруымен жылқы, есек және олардың будандары ауырады. Індет созылмалы түрде өтеді, қоздырады қан тоғышары - трипаназома және негізінен қоздырушы шағылысқанда беріледі.
2. Қоздырушы - Trjpanasome eguіperdum, айғырдың кілегейлі қабығының қамшысына немесе биелердің қынабынан түсіп көбейеді осы жерде алғашқы жергілікті қабыну бұғылыстарды қоздырады, ауруға сәйкес тері зақымданады, дененің кейбір бөлшектері сау мен салдануға ұшырайды себебі орталық жүйке жүйесінде қабыну үрдістер дамиды. Қоздырушының өсіп-өнуіне ыңғайлы орын зәр шығару және жынысты мүшелердің кілегейлі қабықтарының қан тамырлары осы жерде оларды тез табуға болады, перифериялық қан мен салыстырғанда осы белгімен осы індет су аурудан ажыратылады.
3. Жасырын кезеңі әдетте 2-3 айға тән. Аурудың айқын белгі ағыны үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең - ісіну кезеңі. Екінші кезең - тері бұғылыстар кезеңі. Үшінші кезең - салдану кезеңі. Бірақ жылқылар киеңкі індетпен белгісіз түрде ауырады; көп жануарларда кейбір сәл көрінетін аурудың белгілері байқалынады. Олардың індетпен шалдығуын қанды зерттеп комплементті байланыстыру реакциясы арқылы анықтайды.
4. Киеңкі індеті асыл тұқымды шаруашылық субъектілерге салмақты экономикалық зиян тигізеді, себебі өндірушілер ұзақ уақыт (бір жылға дейін) шағылыстан және іш тастануынан аластатылады.
5. Балау серологиялық (комплемент байланыстыру реакциясы, конглютиндейтін кешендерін байланыстыру реакциясы) және микроскопиялық зерттеулерге негізделінеді.
2. Ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда
жүргізілетін алдын-алу шаралары
6. Індет пайда болуынан ескерту үшін, көбейтуге арналған жылқылардың жеткізуші шаруашылық субъектісінің аймағының, эпизоотологиялық жағдайын тұрақты байқайды. Шаруашылық субъектілерге жаңадан әкелген жылқыларды дауалау карантиніне қояды.
7. Күресу шаралары (дауалау, балау және емдеу) індетті жою үшін арналған жоспарлы шараларды өткізу жолымен және ауру малдың организмін стерильдеу арқылы жүзеге асырылады.
8. Жылқылардың қораларын, сайман құралдармен, бағып-күтуге арналған заттарды мерзімді дезинфекциялайды.
3. Жылқылардың киеңкі ауруынан таза емес
пункттерде және эпизоотиялық ошақтарда
жүргізілетін шаралар
9. Шаруашылықтандырылған субъектіде (табында, қора-жайда) жылқы киеңкісімен ауру мал табылса осы ауыл аймағын елді пунктін, қаланы күтетін ветеринарлық маман осы туралы тез уақытта ауыл аймағының ветеринарлық инспекторына және ауданның (қаланың) мемлекеттік бас ветеринарлық инспекторына хабарлайды.
10. Жылқының киеңкі ауруына күдігі туралы хабар алған соң әкімшіліктік аймақтық мемлекеттік бас мал дәрігер инспекторы балауды қоюға, індеттік тексеріс жүргізуге, аурудан таза емес мекен мен індет ошағының шекарасын анықтауға тез арада ауру ошағына жетуі керек.
11. Таза емес шаруашылық субъектілерінде мал әкелуге, әкетуге, жылқыларды (есек, қашар) сатуға және ары-бері ауыстыруға, ауру және ауруға күдікті малдарды жаюға, сонымен қатар ұрықтандыруға жол берілмейді.
12. Таза емес шаруашылық субъектілерінде шағылыстыру кезеңдерінің арасында сезімтал малдарды, ауырған және ауруға күдікті биеден туған құлындарды жылына үш рет тексеріп отыру қажет.
13. Киеңкі ауруы тіркелген жерлерде, шағылыстыруға түсетін айғырларға міндетті түрде дауалау, өңдеу өткізіледі әр 1 килограмм жылқының салмағына наганиннің 0,01-0,015 грамм мөлшері қолданылады.
14. Ауру және ауруға күдікті малдың көңін, жем-шөп қалдықтарын, төсеніштерін өртейді.
15. Таза емес шаруашылық субъектісінен ақырғы ауру мал бөліп шығарылған соң, 1 жыл өткеннен кейін, егер шаруашылық субъектісінде қалған барлық малдар киеңкі ауруына теріс нәтиже берсе ғана таза аймақ деп жарияланады.