Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін және Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылдың 17 мамырындағы N 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3466. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 05 мамырдағы № 253 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

     Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін қарауды жеңілдету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылдың 17 мамырындағы N 91 "Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін және Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" бұйрығына (нормативті-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2891 нөмірімен тіркелген) келесі қосымша енгізілсін:
     Бұйрықпен бекітілген Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесінде:
     32-тармақ алынып тасталсын.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады