Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оның жұмсалуы туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 870 болып тіркелген, 1999 жылғы 7 тамыздағы N 19/222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 14 ақпандағы 153/219 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 17 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3498

     Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 12 және 34 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оның жұмсалуы туралы есеп берудің Ережелерін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 870 болып тіркелген) 1999 жылдың 7 тамызындағы N 19/222 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     қаулының атауындағы және 1 тармағындағы "Парламент Мәжілісінің депутаттарын" деген сөздер "Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
     аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда сайлау қорлары қаражатын жұмсаудың және олардың жұмсалуы туралы есеп берудің, Ережелерінде:
     ережелердің атауындағы және бүкіл мәтіні бойынша "Парламент Мәжілісінің депутаттарын" деген сөздер тиісті септіктердегі және етістіктің түрлеріндегі "Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
     ережелердің бүкіл мәтіні бойынша "саяси партияның" және "партияның" деген сөздерден кейін тиісті септіктердегі "(сайлау блогының)" деген сөздермен толықтырылсын;
     көрсетілген Ережелерге N1, N2, N3, N4 қосымшаларда:
     қосымшалардың барлық мәтіндері бойынша "Парламент Мәжілісінің депутаттарын" және "Мәжіліс депутаттарын" деген сөздер тиісті септіктердегі және етістіктің түрлеріндегі "Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
     қосымшалардың барлық мәтіндері бойынша "саяси партияның" және "партияның" деген сөздерден кейін тиісті септіктердегі және етістіктің түрлеріндегі "(сайлау блогының)" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап қолданысқа енеді.

         Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
             Төрайымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады