Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 90
бұйрығымен
.
__________________________________________
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
6-1-бабына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелері бекітілсін.
2. Ішкі бақылау материалдарын сараптау, құқықтық жұмысы және қызметкерлерді бақылау басқармасы (Е.Е. Жананов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және бұйрықты ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының орынбасары Б.А. Әлімбековке артылсын.
4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданылуға енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қаржылық бақылау және мемлекеттік
сатып алу комитеті Төрағасының
2005 жылғы 22 ақпандағы N 32
бұйрығымен бекітілген
Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар,
жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді
Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару
Ережелері
1. Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1134 қаулысына сәйкес әзірленген.
2. Ережелер Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді (бұдан әрі - субъектілер) Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару тәртібін белгілейді.
3. Субъектілердің мемлекеттік реестрі (бұдан әрі - Мемлекеттік реестр) - Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер соңымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарналарының) елу және елуден артық пайызы немесе акциялық бақылау пакеті мемлекеттің меншігінде болатын заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалардың тізімі.
4. Мемлекеттік реестр жалпыға қол жетімді ақпараты бар мемлекеттік ақпараттық қор болып табылады (мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын басқа құпиясы бар ақпараттан басқа).
5. Мемлекеттік сатып алу процесін реттейтін уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңға және Ережелерге сәйкес субъектіні Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару туралы шешімді қабылдайды.
6. Мемлекеттік реестрге енгізу үшін Ережелерге қосымшаға сәйкес формамен жазылған, бірінші басқарушының (немесе оның орнындағы тұлғаның) қолы қойылған және субъектінің мөрімен куәландырылған өтінішті субъект уәкілетті органға ұсынады.
7. Субъекті Ережелер күшіне енгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні аралығында, егер
Заңға
сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға субъектілердің міндеті пайда болса (акцияларының (үлестерінің) елу және одан артық пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің, мемлекеттік кәсіпорынның құрылуы, заңды тұлғалардың, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың пайда болуы; жарғылық капиталдағы акцияларды немесе үлестерді алу-сату, акцияларды, үлестерді жарғылық капиталда сенімгерлік басқару, басқа мүлікті) осы Ережелер қолданысқа енгізілгеннен кейін - 10 (он) күн ішінде осындай міндеттеме туғаннан кейін уәкілетті органға осы өтінішті ұсынады.
Субъекті Мемлекеттік реестрге енгізу туралы енгізудің негіздемелерін растайтын құжаттарды қосып өтінішті ұсынады: заңды тұлғалар бірыңғай мемлекеттік тіркелімнен үзіндінің тұпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері, акцияларды, жарғылық капиталдағы үлестерді, немесе басқа мүлікті алу-сату шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, акцияларды, үлестерді жарғылық капиталда немесе басқа мүлікті сенімгерлік басқару шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
8. Мемлекеттік реестрден шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:
1) егер субъект жойылса;
2) егер субъект Қазақстан Республикасы
мемлекеттік сатып алу
туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетін жоғалтса.
9. Мемлекеттік реестрден шығу үшін субъект Ережелердің 9-тармағында көзделген шарты келуінен кейін 10 (он) күн аралығында уәкілетті органға бірінші басқарушының (оның орнындағы тұлғаның немесе қол қоюға уәкілетті тұлғаның) қолы қойылған аталған шартының пайда болғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (жойылу туралы заңды тұлғалардың реестрінен үзіндінің тұпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, акцияларды, жарғылық капиталдағы үлестерді, немесе басқа мүлікті алу-сату шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, акцияларды, үлестерді немесе басқа мүлікті сенімгерлік басқару шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері) қосылған өтінішті ұсынады.
10. Уәкілетті орган он күндік мерзім ішінде Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару туралы субъектілерді хабарлайды.
12. Мемлекеттік реестрге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшін субъектілер құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізгеннен, қайта құрылғаннан кейін 10 (он) күн аралығында уәкілетті органға осы өзгерістер және толықтырулар немесе қайта құрылу туралы мәліметтерді ұсынады. Ақпарат жазба түрде, субъекттің бірінші басқарушысының (немесе оның орнындағы тұлғаның) қолы қойылып және нотариалды куәландырылған өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген құрылтай құжаттардың көшірмелері немесе қайта құрылу туралы мәліметтері бар нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелері қосылып ұсынылады.
Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың
есебінен тауарлар, жұмыстар
және қызметтерді сатып алуға міндетті
субъектілерді Мемлекеттік реестрге
енгізу және шығару Ережелеріне қосымша
Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар,
жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті
субъектілердің Мемлекеттік реестрге енгізу үшін өтініші
Осымен Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар,
жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілердің
Мемлекеттік реестріне енгізуді cұраймын
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
(субъекттің толық атауы)
_
|_| - тапсырысшы;
_
|_| - үшін ұйымдастырушы ретінде
___________________________________________________________________,
___________________________________________________________________.
заңды тұлға (заңды тұлғалар) үшін өтініш беруші ұйымдастырушы болып
табылатын сол заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) толық атауы
Субъекттің толық атауы:
мемлекеттік тілде: ___________________________________________
СТН __________________________
ОКПО _________________________.
Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер:
тіркеу номері ________________
тіркеу күні __________________.
Ұйымдық-құқықтық форма:
_
|_| - акционерлік қоғам,
_
|_| - мемлекеттік қазыналық кәсіпорын,
_
|_| - шаруашылық қызметі құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын,
_
|_| - мемлекеттік мекеме,
_
|_| - мемлекеттік қор,
_
|_| - басқа формасы: ____________________.
Орналасқан жері туралы мәліметтер:
толық почталық мекен-жайы ____________________________________
телефон номері _______________________________________________
факс номері __________________________________________________
электрондық почта мекен-жайы ________________________________.
Бірінші басқарушы:
тегі _________________________
аты _________________________
жөні _________________________
СТН _________________________.
Меншік түрі:
_ _
|_| - мемлекеттік, |_| - жеке.
Құрылтайшылардың салымы бойынша үлесін (мың теңге) көрсете отырып жарғылық капиталды бөлу:
мемлекеттік (мың теңге, %) __________________
жеке (мың теңге, %) _________________________
Құрылтайшылар құрамы:
Заңды тұлғалар:
Құрылтайшының толық атауы ____________________________________
СТН __________________________ (егер заңды тұлға салық
төлеуші ретінде тіркелмеген болса және Қазақстан Республикасының
резиденті болмаса, оның салық есепте тұрмайтыны туралы Қазақстан
Республикасы салық органының анықтамасының тұпнұсқасы немесе
нотариалды куәландырылған көшірмесі қосылады).
Жеке тұлғалар:
тегі _________________________
аты _________________________
жөні _________________________
СТН _________________________ (егер жеке тұлға салық төлеуші
ретінде тіркелмеген болса және Қазақстан Республикасының резиденті
болмаса, оның салық есепте тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасы
салық органының анықтамасының тұпнұсқасы немесе нотариалды
куәландырылған көшірмесі қосылады).
Осымен жоғарыда аталған мәліметтер уәкілетті органмен
тексерілуіне келісемін.
Өтініштегі мәліметтердің дұрыстығына кепілдімін.
_____________________________ ___________________________
(бірінші басқарушының немесе (қолы)
оның орнындағы тұлғаның тегі,
аты-жөні)
М.Ө. ___________________________
(уақыты)