Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 14 наурыздағы N 81-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3533. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (И.Ш.Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрі

      2005 жылғы 23 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының    
міндетін атқарушының    
2005 жылғы 14 наурыздағы  
N 81-НҚ бұйрығымен    
бекітілген        

Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге
тең жағдайлар беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар берудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және  аэронавигация саласында қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      2. Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайлары (бұдан әрі - аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері) барлық тұтынушылардың осы көрсетілетін қызметтерге кемсітпеушілік қол жеткізуін білдіреді.

      3. Осы Ереже аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды ескере отырып ұсыну жағдайына қолданылмайды.

      4. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды өз құзыретінің шегінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды іске асыруды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметін үйлестіру мен реттеуді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік басқару органы) айқындайды.
      Аэронавигация қызметін ұйымдастыру жөніндегі ақпарат АІР, АІС және NOTAM-да жарияланады.

      5. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 712 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережесінің талаптарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұйымдастырылады.

      6. Осы ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
      2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) АІР - Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағы;
      4) АІС - аэронавигациялық ақпараттың нұсқаухаты;
      5) NOTAM - кез келген аэронавигациялық жабдықты (немесе оның жұмыс регламентін) іске қосу немесе өзгерту, қызмет көрсету және ұшу ережелері туралы ақпаратты қамтитын хабарлама; немесе уақытылы ескерту ұшулардың қауіпсіздігі үшін маңызды мәні бар қауіп туралы ақпарат;     
      6) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия аясындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар).
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында айқындалған мәндерде қолданылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.11.15. N 291-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрықтарымен.

2. Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге
тең жағдайлар берудің жалпы қағидаттары

      7. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып, жүзеге асырылады:
      1) аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жетімділігі;
      2) аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің барлық тұтынушыларға қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізуі;
      3) аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері тізбесінің ақпараттық ашықтығы.

3. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.11.15. N 291-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      8. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері туралы, сондай-ақ осы қызметтерді көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағында жариялайды.

      9. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың (бұдан әрі - Пайдаланушы) аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін алуға өтініштерін аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілері мәлімдеген көлеміне немесе осы қызметтерді пайдаланудың басқа жағдайларына қарамастан тең жағдайларда қабылдайды.

      10. Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтеріне қол жеткізудің жағдайларын күштеп тануға немесе осы қызметтердің тұтынушыларын кемсітуге алып келетін өзге де іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.

      11. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мақсатында аэронавигация саласында табиғи монополиялар субъектілерімен шарт жасасу үшін, Пайдаланушылар аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне мынадай құжаттардың:
      1) қазақстандық Пайдаланушылар:
      мемлекеттік басқару органы берген арнайы пайдалану жөніндегі (пайдалану талаптары және шектеулері) ережені қоса бере отырып Пайдаланушы сертификатының;
      азаматтық кеменің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің;
      Мемлекеттік басқару органы берген әуе кемелерінің барлық үлгілері бойынша ұшу жарамдылығы сертификаттарының;
      авиакомпанияларға үш әріптік кодты беру туралы Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) хатының;
      заңды тұлғаның жарғысының (құрылтай құжаттары);
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің;
      статистикалық карточканың;
      қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі қосымшасының көшірмесін қоса бере отырып жібереді.
      2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланатын шетелдік Пайдаланушылар, өйткені шетелдік Пайдаланушылар туралы растаушы құжат өз мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлғасы болып табылатындығын дәлелдейтін көшірмелерін қоса бере отырып жолдайды.

      12. Шетелдік Пайдаланушылардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету үшін төлемақы жүргізетін ұйымдар (бұдан әрі - Өкіл) көрсетілген қызметті жүзеге асыруға шарт жасасу үшін аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне, жазбаша хабарламаны, Өкіл өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес, заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттардың нотариалды расталған қосымшасының:
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін;
      статистикалық карточканың нотариалды расталған көшірмелерін қоса бере отырып жібереді.

      13. Пайдаланушылар осы Ережеде санамаланған құжаттарды толық көлемде ұсынған жағдайда, аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілері Пайдаланушылардан өтінішті алған күннен бастап отыз күн мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекітілген Аэронавигация қызметтеріне арналған үлгі шартқа (бұдан әрі - Үлгі шарт) сәйкес шарт жасайды және оларға толық көлемде және тиісті сапада реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерін ұсынады.

      14. Пайдаланушы аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектісіне әуе кемесінің, реттелмеген тасымалдауды орындау кезінде ұшу уақытынан үш тәулік бұрын өтініш жасаған жағдайда, реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтеріне қол жеткізу, Қазақстан Республикасы аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған Үлгі шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Пайдаланушылар және Өкілдер осы Ереженің талаптарын сақтаған жағдайда аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне Пайдаланушыларға реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерін ұсынудан бас тартуға жол берілмейді.

      16. Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтері барлық тұтынушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушылар сақтаған жағдайда, мемлекеттік органдар өз құзыретінің шегінде белгілеген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес ұсынылады.

Об утверждении Правил предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере аэронавигации

Приказ и.о.Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 14 марта 2005 года № 81-ОД. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 31 марта 2005 года № 3533. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 27 марта 2012 года № 53-ОД

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 27.03.2012 № 53-ОД.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях и регулируемых рынках", подпунктом 6) пункта 21 Положения об Агентстве Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, утвержденного постановлениемПравительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года N 943, ПРИКАЗЫВАЮ:
      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 13.02.2009 N 42-ОД (порядок введения в действие см. п.5 ).

      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере аэронавигации.
      2. Департаменту по регулированию и контролю в сфере телекоммуникации и аэронавигации Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Алиев И.Ш.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту административной работы и анализа Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Досмагамбет Е.М.) довести настоящий приказ до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, Министерства транспорта и коммуникации Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      и.о. Председателя
 
       Согласован
      Министр транспорта и
      коммуникации Республики Казахстан
      23 марта 2005 г.

Утверждены приказом      
и.о. Председателя Агентства  
Республики Казахстан по   
регулированию естественных  
монополий           
от 14 марта 2005 года N 81-ОД

Правила
предоставления равных условий доступа к регулируемым
услугам (товарам, работам) в сфере аэронавигации

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере аэронавигации (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях и регулируемых рынках" и определяют общие принципы обеспечения равного доступа потребителей к регулируемым услугам (товарам, работам) субъектов естественных монополий (далее - субъекты), оказывающих услуги в сфере аэронавигации.
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 13.02.2009 N 42-ОД (порядок введения в действие см. п.5 ).

      2. Равные условия доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере аэронавигации (далее - регулируемые услуги аэронавигации) означают недискриминационный доступ всех потребителей к этим услугам. 

      3. Настоящие Правила не распространяются на случаи предоставления регулируемых услуг аэронавигации с учетом льгот и преимуществ, установленных законодательством Республики Казахстан. 

      4. Организация аэронавигационного обслуживания в воздушном пространстве Республики Казахстан определяется государственным органом, осуществляющим в пределах своей компетенции реализацию государственной политики в области гражданской авиации, государственный контроль и надзор, координацию и регулирование деятельности гражданской и экспериментальной авиации и использование воздушного пространства Республики Казахстан (далее - орган государственного управления).
      Информация по организации аэронавигационного обслуживания публикуется в AIP, AIC и NOTAM. 

      5. Обслуживание воздушного движения в воздушном пространстве Республики Казахстан организуется в соответствии с требованиями Основных правил полетов в воздушном пространстве Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2003 года N 712 и другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      6. В настоящих Правилах применяются следующие понятия: 

      1) потребитель - физическое или юридическое лицо, пользующееся или намеревающееся пользоваться регулируемыми услугами (товарами, работами) субъектов естественной монополии и регулируемого рынка; 

      2) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках;

      3) AIP - сборник аэронавигационной информации Республики Казахстан; 

      4) AIC - циркуляр аэронавигационной информации; 

      5) NOTAM - извещение, содержащее информацию о введении в строй или изменению любого аэронавигационного оборудования (или, регламента его работы), обслуживания и правил полетов; или, информация об опасности, своевременное предупреждение, которого имеет важное значение для безопасности полетов;
      6) регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии - услуги (товары, работы), предоставляемые субъектом естественной монополии в сфере естественной монополии и подлежащие государственному регулированию уполномоченным органом, включая случаи предоставления услуг (товаров, работ) в виде передачи определенного товара потребителю.
      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в значениях, определенных в законодательстве Республики Казахстан о естественных монополиях и регулируемых рынках.
      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными приказами Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 15 ноября 2007 года N 291-ОД (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня его первого официального опубликования); от 13.02.2009 N 42-ОД (порядок введения в действие см. п.5 ).

2. Общие принципы предоставления равных условий
доступа к регулируемым услугам (товарам, работам)
в сфере аэронавигации

      7. Обеспечение равных условий доступа к регулируемым услугам аэронавигации осуществляется исходя из следующих принципов: 

      1) равнодоступность регулируемых услуг аэронавигации; 

      2) проведение единой тарифной политики в отношении всех потребителей регулируемых услуг аэронавигации; 

      3) информационная открытость перечня регулируемых услуг аэронавигации.

      Сноска. Раздел 3 в редакции приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 15 ноября 2007 года N 291-ОД (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня его первого официального опубликования).

3. Порядок организации равного доступа к
регулируемым услугам аэронавигации

      8. Информация об оказываемых регулируемых услугах аэронавигации, а также о технических и технологических возможностях оказания данных услуг публикуются субъектами естественных монополий в сфере аэронавигации в сборнике аэронавигационной информации Республики Казахстан. 

      9. Обращения эксплуатантов гражданского воздушного судна (далее - Эксплуатант) на получение регулируемых услуг аэронавигации принимаются субъектами естественных монополий в сфере аэронавигации на равных условиях, независимо от заявленных объемов либо других условий потребления данных услуг.

      10. Навязывания условий доступа к регулируемым услугам аэронавигации или совершения иных действий, ведущих к дискриминации потребителей данных услуг субъектами естественных монополий в сфере аэронавигации, не допускаются. 

      11. Для заключения договора с субъектами естественных монополий в сфере аэронавигации, в целях получения доступа к регулируемым услугам аэронавигации, Эксплуатанты направляют письменное обращение к субъектам естественных монополий в сфере аэронавигации с приложением копий следующих документов:
      1) казахстанские Эксплуатанты:
      сертификата Эксплуатанта с приложением специального положения по эксплуатации (эксплуатационные требования и ограничения), выданного государственным органом управления;
      свидетельства о государственной регистрации гражданского судна;
      сертификатов летной годности по всем типам воздушных судов, выданных государственным органом управления;
      письма Международной организации гражданской авиации (ИКАО) о присвоении авиакомпаниям трехбуквенного кода;
      устава юридического лица (учредительные документы);
      свидетельства о государственной регистрации юридического лица;
      статистической карточки;
      свидетельства о постановке на учет по налогу на добавленную стоимость.
      2) иностранные Эксплуатанты, использующие воздушное пространство Республики Казахстан, подтверждающего документа о том, что иностранный Эксплуатант является юридическим лицом по законодательству своего государства. 

      12. Организации, производящие оплату за аэронавигационное обслуживание воздушных судов иностранных Эксплуатантов (далее - Представитель), для заключения договора на осуществление указанной деятельности направляют письменное обращение к субъектам естественных монополий в сфере аэронавигации, с приложением нотариально заверенной копии документа, подтверждающего, что Представитель является юридическим лицом по законодательству своего государства. 

      13. При представлении Эксплуатантами документов, перечисленных в настоящих Правилах в полном объеме, субъекты естественных монополий в сфере аэронавигации в тридцатидневный срок со дня получения письменного обращения от Эксплуатантов заключают договор в соответствии с Типовым договором на услуги аэронавигации, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2003 года N 1194 (далее - Типовой договор) и предоставляют им регулируемые услуги аэронавигации в полном объеме и соответствующего качества. 

      14. В случаях, когда Эксплуатант обращается к субъекту естественной монополии в сфере аэронавигации за трое суток до времени взлета воздушного судна, при выполнении нерегулярных перевозок доступ к регулируемым услугам аэронавигации осуществляется в соответствии с Типовым договором, опубликованным в Сборнике аэронавигационной информации Республики Казахстан. 

      15. При соблюдении Эксплуатантами и Представителями требований настоящих Правил субъектам естественных монополий в сфере аэронавигации отказывать Эксплуатантам в оказании регулируемых услуг аэронавигации не допускается. 

      16. Регулируемые услуги аэронавигации предоставляются всем потребителям в соответствии с требованиями к их качеству, установленными государственными органами в пределах своей компетенции, при соблюдении потребителями регулируемых услуг аэронавигации требований, установленных законодательством Республики Казахстан.