"Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2005 жылғы 14 наурыздағы N 81-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 15 қарашадағы N 291-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5015 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабының 3) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2005 жылғы 14 наурыздағы  N 81-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3533 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 10 желтоқсанда N 51 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:

      6-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) NOTAM - кез келген аэронавигациялық жабдықты (немесе оның жұмыс регламентін) іске қосу немесе өзгерту, қызмет көрсету және ұшу ережелері туралы ақпаратты қамтитын хабарлама; немесе уақытылы ескерту ұшулардың қауіпсіздігі үшін маңызды мәні бар қауіп туралы ақпарат;";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

" 3. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      8. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері туралы, сондай-ақ осы қызметтерді көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағында жариялайды.
      9. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың (бұдан әрі - Пайдаланушы) аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін алуға өтініштерін аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілері мәлімдеген көлеміне немесе осы қызметтерді пайдаланудың басқа жағдайларына қарамастан тең жағдайларда қабылдайды.
      10. Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтеріне қол жеткізудің жағдайларын күштеп тануға немесе осы қызметтердің тұтынушыларын кемсітуге алып келетін өзге де іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.
      11. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мақсатында аэронавигация саласында табиғи монополиялар субъектілерімен шарт жасасу үшін, Пайдаланушылар аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне мынадай құжаттардың:
      1) қазақстандық Пайдаланушылар:
      мемлекеттік басқару органы берген арнайы пайдалану жөніндегі (пайдалану талаптары және шектеулері) ережені қоса бере отырып Пайдаланушы сертификатының;
      азаматтық кеменің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің;
      Мемлекеттік басқару органы берген әуе кемелерінің барлық үлгілері бойынша ұшу жарамдылығы сертификаттарының;
      авиакомпанияларға үш әріптік кодты беру туралы Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) хатының;
      заңды тұлғаның жарғысының (құрылтай құжаттары);
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің;
      статистикалық карточканың;
      қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі қосымшасының көшірмесін қоса бере отырып жібереді.
      2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланатын шетелдік Пайдаланушылар, өйткені шетелдік Пайдаланушылар туралы растаушы құжат өз мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлғасы болып табылатындығын дәлелдейтін көшірмелерін қоса бере отырып жолдайды.
      12. Шетелдік Пайдаланушылардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету үшін төлемақы жүргізетін ұйымдар (бұдан әрі - Өкіл) көрсетілген қызметті жүзеге асыруға шарт жасасу үшін аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне, жазбаша хабарламаны, Өкіл өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес, заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттардың нотариалды расталған қосымшасының:
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін;
      статистикалық карточканың нотариалды расталған көшірмелерін қоса бере отырып жібереді.
      13. Пайдаланушылар осы Ережеде санамаланған құжаттарды толық көлемде ұсынған жағдайда, аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілері Пайдаланушылардан өтінішті алған күннен бастап отыз күн мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы  N 1194 қаулысымен бекітілген Аэронавигация қызметтеріне арналған үлгі шартқа (бұдан әрі - Үлгі шарт) сәйкес шарт жасайды және оларға толық көлемде және тиісті сапада реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерін ұсынады.
      14. Пайдаланушы аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектісіне әуе кемесінің, реттелмеген тасымалдауды орындау кезінде ұшу уақытынан үш тәулік бұрын өтініш жасаған жағдайда, реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтеріне қол жеткізу, Қазақстан Республикасы аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған Үлгі шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      15. Пайдаланушылар және Өкілдер осы Ереженің талаптарын сақтаған жағдайда аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне Пайдаланушыларға реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерін ұсынудан бас тартуға жол берілмейді.
      16. Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтері барлық тұтынушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушылар сақтаған жағдайда, мемлекеттік органдар өз құзыретінің шегінде белгілеген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес ұсынылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация
      министрінің міндетін атқарушы
      2007 жылғы 23 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады