Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.10.22 № 558 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу (әкету), сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану нұсқаулық бекітілсін.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
2. Астана, Алматы қалалары, облыстардың және көліктегі Ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Арнайы полиция басқармасының бастықтары осы Нұсқаулықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің сынақ тапсыра отырып, зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Тыл департаментінің (Ыбраев Б.Ә.), Астана, Алматы қалалары, облыстардың және көліктегі Ішкі істер департаменттерінің, облыстардағы және көліктегі ішкі істер бас басқармаларының, ішкі істер басқармаларының бастықтары Нұсқаулықта көзделген қажетті мөлшердегі бланкілерді дайындасын және олармен ішкі істер органдарын қамтамасыз етсін.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
4. "Түрлі түсті бейнедегі көбейту (көшіру) техникасын шеттен әкелу, іске асыру, сатып алу, сақтау, есепке алу және пайдалану, онымен жабдықталған көбейту учаскелерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1993 жылғы 31 желтоқсандағы N 473 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 66 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И. Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.А. Алпысбаев) жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
генерал-лейтенант
2005 жылғы 26 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және
спорт министрі
2005 жылғы 1 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2005 жылғы "___" ____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2005 жылғы 11 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2005 жылғы 10 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі -
Қаржы министрлігі
кедендік бақылау
Комитетінің төрағасы
2005 жылғы 17 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 28 наурыздағы
N 198 бұйрығымен
бекітілген
Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу (әкету), сатып алу, есепке алу,
сақтау және пайдалану туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
Ескерту: Нұсқаулықтың атауына өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық тізбесі "Сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 448 қаулысымен бекітілген түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын (бұдан әрі - көбейту техникасы) Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың шеттен әкелуін (әкетуін), сатып алуын, есепке алуын, сақтауын және пайдалануын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын нақтылайды.
Нұсқаулық Қорғаныс министрлігінің, Республикалық ұланның, Президент Күзеті қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Бас Прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) органдары мен бөлімшелеріне таратылмайды.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
1-1. Көбейту учаскесі дегеніміз кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін пайдаланылатын көбейту техникасымен жабдықталған заңды тұлғаның үй-жайы (оның ішінде жалға алған үй-жайы).
Ескерту: 1-1-тармақпен толықтырылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
2. Көбейту техникасын есепке алу, сақтау немесе пайдалану тәртібін бұзғаны үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамаларына сәйкес жауапқа тартылады.
2. Көбейту техникасын сатып алу
Ескерту: 2-тарау жаңа редакцияда - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
3. Көбейту техникасын сатып алу құқығына рұқсат алу кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын әкелетін (әкететін), сататын (өткізетін), пайдаланатын заңды тұлғаларға таратылады.
3-1. Көбейту техникасын сатып алу құқығына рұқсатты (1-қосымша) заңды тұлғаның жазбаша қолдаухатты негізінде оның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органы береді, онда: сатып алынатын техниканың атауы, маркасы, моделі, (рұқсат беру мүмкіндігі, пайдаланылатын түстердің саны мен басу технологиясы), қандай мақсатқа арналғаны (сату (өткізу) немесе пайдалану үшін) көрсетіледі.
Кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын заңды тұлғалар ішкі істер, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өртке қарсы қызмет органдарының өкілдері қол қойған үй-жайлардың көбейту техникасын пайдалану мен сақтаудың белгіленген талаптарына сәйкестігі туралы тексеру актілерінің көшірмелерін қосымша ұсынады.
4. Сатып алу құқығына рұқсат алты ай мерзімге беріледі.
3. Көбейту техникасын сақтау (пайдалану)
5. Заңды тұлға көбейту техникасын сатып алған күннен бастап бір апта мерзім ішінде жазбаша өтініш негізінде кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын көбейту техникасын оны пайдаланатын жерде сақтауға рұқсат алуға міндетті.
Өтінішке:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен құрылтай құжаттарының нотариалдық расталған көшірмелерін;
көбейту техникасымен жұмыс істейтін, оны сақтауға және пайдалануға жауап беретін, оның техникалық қызмет көрсетуін жүзеге асыратын адамдардың тізімін кадрларды есепке алу жөніндегі сауалнамалармен және жеке парақтармен бірге (2-қосымша), адамдардың аталған жұмыс түріне жарамдылығын куәландыратын құжаттарды (психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлердің анықтамалары), сотталмағаны туралы құжатты;
көбейту техникасы (атауы, шығарған фирмасы, моделі мен сериялық нөмірі) туралы қажетті мәліметтер бар құжаттардың көшірмелерін;
көбейту техникасын пайдалану шарттарының санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелер мен нормаларға сәйкестігі туралы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы қызмет органдарының актілері;
көбейту техникасының белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы сертификат;
көбейту техникасын есепке алу, сақтау және пайдалану үшін жауапты адамды тағайындау туралы заңды тұлғаның басшысы бұйрығының (өкімінің) көшірмесі қоса тіркеледі.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
6. Ішкі істер органы өтініш түскен күннен бастап бір айдың ішінде көбейту техникасын сақтауға және пайдалануға арналған үй-жайдың осы Нұсқаулықтың 7-12 тармақтарында белгіленген талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында тексеру жүргізеді.
7. Көбейту техникасын сақтауға және пайдалануға арналған үй-жай аталған техниканы бақылаусыз пайдалану мүмкіндігін болдырмау мақсатында, басқа үй-жайлардан бөлек, техникалық жағынан (күзет-өрт сөндіру белгілерімен, күзет орнымен немесе ішкі істер органдары күзетінің орталық пультіне байланысқан сигналмен, берік есіктермен, тиектермен және т.б. жабдықталған) нығайтылуы тиіс.
8. Бірінші қабаттағы терезелерде ішінен ашылатын жарма (жылжымалы) торлар орнатылады. Өрт баспалдақтары, күнқағарлар немесе жақын тұрған ғимараттардың шатырлары болғанда, торлар оларға жақын терезелерде орнатылады, олар өндірістік үй-жайларға кіруге кедергі жасайды.
9. Көбейту учаскелерінің кіру есіктері тақтайдан бір танапты (кем дегенде 40 мм), берік және сенімді немесе шифрленген құлыптармен жабдықталып, екі жағынан мырышталған темірмен қапталған болуы керек.
10. Көбейту учаскелері, сондай-ақ көбейтуге тапсырыстарды қабылдайтын және дайын материалдарды беретін жұмыс орны бөтен адамдардың кіруіне мүмкіндік бермейтін, қабырғалармен және қоршаулармен бөлектенген үй-жайларда орналасуы керек.
11. Жұмыс аяқталғанда көбейту техникасы бар үй-жайлар пломбаланады (мөр басылады), ал кілттер күзетке жауапты адамға қол қойылып, арнайы журналда күні мен уақыты белгіленіп, тапсырылады. Кілтті бергенде, оны алған адамның аты-жөні және қолы, уақыты қойылады.
12. Дайын өнімді қабылдауға және беруге арналған арнайы үй-жай болмаған жағдайда, кіру есігі белгі беретін датчигі бар тереземен жабдықталады немесе кіре берісте тосқауыл орнатылады.
13. Тексерістен кейін ішкі істер органының қызметкері заңды тұлға өкілінің қатысуымен көбейту учаскесінде көбейту техникасын сақтауға (жұмыс істеуіне) арналған үй-жайдың сәйкестігі туралы акт (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 111 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2257 болып тіркелген, бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген "Лицензиялық-рұқсат жүйесін жүзеге асыру жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысы туралы" нұсқаулыққа 12-қосымша) толтырады.
14. Көбейту техникасын саяжай учаскелерінде, гараждарда, қора мен басқа қора-қопсыларда және адамдардың уақытша тұратын жерлерінде сақтауға (пайдалануға) рұқсат берілмейді.
15. Көбейту техникасын сақтауға (пайдалануға) рұқсат (3-қосымша) үш жыл мерзімге беріледі.
16. Көбейту техникасын пайдалануға рұқсат тек оны тіркегеннен кейін және осы Нұсқаулықтың талаптарын қатаң сақтаған жағдайда аумақтық ішкі істер органынан сақтау мен пайдалануға рұқсат алғаннан кейін беріледі.
17. Заңды тұлғаның құпия басылымдарды көбейту жөніндегі қызмет көрсету құқығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
18. Көбейту техникасын:
1) Конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздіктің беделін түсіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық артықшылыққа шақыратын; қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын баспа өнімдерін, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы басылымдар мен бейнелеулерді дайындау және көбейту үшін;
2) ақша белгілерін, құнды қағаздарды, төлем карточкаларын, акциздік жинау маркаларын, басқа да төлем мен есеп құжаттарын, куәліктерді, дипломдарды және тағы басқаларды дайындау үшін;
3) авторлық құқық пен аралас құқықтармен қорғалатын жазбаша және басқа да графикалық шығармалардың түпнұсқалары мен көшірмелерін бір немесе одан көп данада дайындау және тарату үшін пайдалануға жол берілмейді.
19. Есептеуіші жарамайтын көбейту техникасында жұмыс істеуге жол берілмейді. Есептеуіштің ақауын жөндеген соң, ол туралы есептеуіштің күнделікті көрсетулерін есепке алатын кітапқа тиісті жазба жазылады.
Дайындаушы зауыт санауыштар көздемеген көбейту техникасын пайдалану осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзу болып табылмайды.
Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
20. Көбейту техникасының техникалық, оның ішінде кепілдік қызметі, оны жөндеу және жөндеуден кейін қайтару сервис орталықтарында көбейту учаскелеріне жұмыс істеуге берілген рұқсатты көрсеткен соң жүргізіледі. Бұл ретте түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын, түрлі-түсті баспа бұйымдарын дайындауда орындалған жұмыстарды және бақылаушы органдар тексерулерін есепке алу кітабына (бұдан әрі - Кітап) (4-қосымша) жөндеу-профилактикалық жұмыстың басталуына дейінгі және олар орындалғаннан кейінгі есептеуіш көрсетулері жазылады. Жөндеу кезінде жасалған құжат көшірмелері заңды тұлғаға есеп беру үшін қайтарылады, бұл туралы шығынға жазу кітабында жазба жүргізіледі.
21. Лицензиялық-рұқсат жұмысын жүзеге асыратын аумақтық ІІО қызметкері кітапта есептеуіштің соңғы көрсетулерін жазады, оның астынан сызық жүргізеді, жалған көрсетулердің жазылуын болдырмау мақсатында қол қойып, күні және лицензиялық-рұқсат жүйесінің мөрін қояды. Көбейту техникасын басқа заңды тұлғаға сатқанша немесе тапсырғанша одан әрі қолдануға тыйым салынады.
22. Заңды тұлғаның көбейту техникасын сатып алу құқығына рұқсаты бар болған жағдайда, кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын заңды тұлға оған көбейту техникасын бере (өткізе) алады.
Көбейту техникасын оны өз кәсіпорнының қажеттіліктері үшін, оның ішінде іс жүргізу барысында пайдаланатын заңды тұлғаға беру (өткізу) ішкі істер органдарының рұқсатынсыз жүзеге асырылады.
Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
23. Көбейту техникасын басқа заңды тұлғаға берген (өткізген) заңды тұлға ол туралы бір апта мерзім ішінде аумақтық ішкі істер органына хабарлайды.
Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
24. Жарамсыз болған көбейту техникасы есептен шығарылады және құрамында заңды тұлғаның көбейту техникасын есепке алуға, сақтауға және пайдалануға жауапты өкілі мен ішкі істер органы лицензиялық-рұқсат жүйесінің қызметкері бар комиссия жояды. Заңды тұлға есептен шығарылатын көбейту техникасының әр бірлігі туралы ішкі істер органын жазбаша хабардар етеді, хатқа есептен шығару туралы актінің көшірмесін қоса береді.
25. Егер осы техниканы есепке алу, күзету, сақтау (пайдалану) үшін жауапты болып тағайындалған адамның Бұйрықтың 27-тармағының талаптарына сәйкес рұқсаты болмаған жағдайда ішкі істер органы көбейту техникасын сақтауға (пайдалануға) рұқсат беруден бас тартады.
26. Ішкі істер органы көбейту техникасын сақтауға (пайдалануға) рұқсат беруден бас тартылғаны туралы заңды тұлғаның басшысын оның себептерін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.
27. Көбейту техникасын сақтауға (пайдалануға) рұқсат беруден бас тарту сот тәртібімен қарастырылуы мүмкін.
4. Көбейту техникасын шеттен әкелу (шетке шығару)
28. Қазақстан Республикасына көбейту техникасын шеттен әкелуге және одан тысқары шетке шығару құқығына рұқсатты Қазақстан Республикасының Ішкіісмині мынадай құжаттардың:
шеттен әкелінетін және шетке шығарылатын көбейту техникасының атауы мен саны, әкелуге (әкетуге) жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың сериясы мен нөмірі; көрсетілген құралдар әкелінетін немесе әкетілетін мемлекет; шеттен әкелуін немесе шетке шығарылуын жүзеге асыратын кеден бекеті көрсетілген ұйым басшысының қолдаухаты;
жабдықтың ерекшеліктері қоса берілген контракт (шарт) көшірмесі;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеуі) туралы куәлігінің көшірмесі және құрылтай құжаттардың (қажет болғанда) көшірмелері;
ұйымның орналасқан не болмаса көбейту техникаларын пайдаланатын орны бойынша аумақтық ішкі істер органдары беретін сатып алу құқығына рұқсаттардың көшірмелері.
28-1. Көбейту техникасын әкелуді (әкетуді) реттейтін нормалар осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көрсетілген органдар мен бөлімшелерді қоспағанда, барлық заңды тұлғаларға таратылады.
Ескерту: 28-1-тармақпен толықтырылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
29. Шеттен әкелу (шетке шығару) құқығына рұқсат (4-қосымша) алты ай мерзімге мынадай кедендік режимде беріледі:
1) еркін айналымға арналған тауарларды шығару;
2) тауарлардың экспорты.
5. Көбейту техникасын есепке алу және
заңды тұлғаның құжаттамасын жүргізу
30. Ішкі істер органдары көбейту техникасын есепке алуды жүргізеді. Сақтауға рұқсат берілген көбейту техникасы бірліктерінің саны зауыт нөмірі бойынша көбейту техникасын сақтауға (пайдалануға) құқық беретін рұқсатта және Бұйрықтың 14-қосымшасының талаптарына сәйкес объектілерді есепке алу журналында көрсетіледі.
31. Кіріс алу мақсатында баспа өнімін дайындау үшін көбейту техникасын пайдаланатын заңды тұлға орындалған жұмыстардың парақтарын есепке алуды нөмірленген, тігілген және "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедері бар ішкі істер органының мөрімен бекітілген кітапта жүргізеді.
Кітап металл сейфте (шкафта) көбейту учаскесіне жауапты адамда сақталады, ол оны ішкі істер өкілдеріне көбейту техникасы есептеуішінің көрсетуін журналдағы жазбамен салыстыру мақсатында көрсетеді.
Ескерту: 31-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
32. Көбейту техникасын өткізетін заңды тұлға нөмірленген, тігілген және "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедері бар ішкі істер органының мөрімен бекітілген өткізілетін түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын есепке алу журналында (6-қосымша) оны есепке алуды жүргізеді.
Ескерту: 32-тармақпен толықтырылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
Түрлі-түсті бейнедегі
көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, сатып алу,
есепке алу, сақтау және
пайдалану туралы
нұсқаулыққа N 1 қосымша
20___ж. "__"_________________ N_ рұқсат ету түбіршегі ______________________________ __________________ сатып алуға берілді. Берілген күннен бастап ____ ай Мөр басатын Бастық _______________________ 20_ж."__"_____ дейін ұзартылды Мөр басатын Бастық _______________________ Ескерту. Рұқсат берген ішкі |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ________________________________ (ішкі істер органының атауы) 20___ж."____"___________________ N___ рұқсат етудің көшірмесі ________________________________ (түрлі-түсті бейнедегі ________________________________ көбейту-көшіру техникасының ________________________________ атауы, маркасы, моделі, ________________________________ саны жазбаша ____________________ сатып алуға ________________________________ алған адамның Т.А.Ә., ________________________________ оның мекенжайы) берілді. Берілген күннен бастап _____ ай ішінде жарамды. Мөр басатын орын М.П. Бастық _________________________ (қолы) 20__ж. "__"_____ дейін ұзартылды Мөр басатын орын Бастық _________________________ (қолы) Ескерту. Сатып алушының қолында қалады. СЦК-ны сатып алу кезінде келесі жағын сатушы ұйым толты- рады және тіркеу кезінде ішкі істер органдарына ұсынылады. |
---|
кестенің жалғасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ________________________________ (ішкі істер органының атауы) 20___ж."____"___________________ N___ рұқсат ету ________________________________ (түрлі-түсті бейнедегі ________________________________ көбейту-көшіру техникасының ________________________________ атауы, маркасы, моделі, ________________________________ саны жазбаша ____________________ сатып алуға ________________________________ алған адамның Т.А.Ә., ________________________________ оның мекенжайы) берілді. Берілген күннен бастап _____ ай ішінде жарамды. Мөр басатын орын М.П. Бастық _________________________ (қолы) 20__ж. "__"_____ дейін ұзартылды Мөр басатын орын Бастық _________________________ (қолы) Ескерту. Сатушы ұйымда қалады және сату кезінде келесі жағы толтырылады. |
---|
(келесі беті)
түр.- |
мар- |
мо- |
нө- |
шық- |
дайындаушы |
20_____ж._____________________ Сатушы ұйымның мөртаңбаңсы |
кестенің жалғасы
түр.- |
мар- |
мо- |
нө- |
шық- |
да- |
20_____ж._____________________ Сатушы ұйымның мөртаңбаңсы |
Түрлі-түсті бейнедегі
көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, сатып алу,
есепке алу, сақтау және
пайдалану туралы
нұсқаулыққа N 2 қосымша
КӨБЕЙТУ УЧАСКЕСІНЕ ЖАУАПТЫ АДАМНЫҢ
САУАЛНАМАСЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________
___________________________________________________________________
2. Лауазымы _______________________________________________________
3. Ұйымның атауы __________________________________________________
4. Туған жылы _______________ 5. Туған жері________________________
___________________________________________________________________
(село, қала, аудан, облыс, өлке, республика)
6. Ұлты ___________________________________________________________
7. Паспорты (жеке куәлігі) ________________________________________
___________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
8. Кызметі мен үйінің мекенжайы, телефон нөмірлері ________________
___________________________________________________________________
9. Куәландыру:
Мен, ______________________________________________________________
(көбейту учаскесіне жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты)
"Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу,
сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану туралы" нұсқаулықтың
талаптарымен таныстым, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік
туралы ескертілдім.
___________________
(қолы)
200___ ж. "____ " _______________
Ескерту: Сауалнаманың бланкісі болмаған жағдайда оның орнына
осы сауалнаманың 9-бағанында көрсетілген талаптарға сәйкес жауапты
адамды жазбаша куәландырудың қосымша көрсетулері бар кадрларды
есепке алу жөніндегі жеке парақтың бланкісін пайдалануға рұқсат
етіледі.
Түрлі-түсті бейнедегі
көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, сатып алу,
есепке алу, сақтау және
пайдалану туралы
нұсқаулыққа N 3 қосымша
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі _______________________________ (ішкі істер органының атауы) N_____ РҰҚСАТ ЕТУ ТҮБІРШЕГІ 20__ ж. "____"_____________ _______________________________ (ұйым басшысының тегі, _______________________________ аты-жөні, мекенжайы және _______________________________ қызметтік телефоны) _______________________________ (объект, түрлі-түсті бейнедегі _______________________________ көшіру-көбейту техника _______________________________ бірліктерінің саны) _______________________________ (ашу, жұмыс істеу, сақтау _______________________________ (пайдалану), өткізу құқығы _______________________________ жауапты адамның тегі, аты-жөні, _______________________________ қызметтік телефоны, _______________________________ жауапты адам ретінде _______________________________ тағайындaу туралы бұйрықтың _______________________________ нөмірі мен датасы) _______________________________ дербес жауапкешілігімен берілді. 20__ ж. "__"____________ дейін жарамды. Бастық ________________________ (қолы) Рұқсат ету мерзімі 20_ж. "___" _____________ дейін ұзартылды. Бастық ________________________ (қолы) Қосымша:___________ беттегі ТТБККТ тізімі (тізбесі) 20__ ж. "____"__________ дейін ұзартылды. Бастық ________________________ (қолы) |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі _______________________________ (ішкі істер органының атауы) N_____ РҰҚСАТ ЕТУ 20 __ ж. "____"_____________ _______________________________ (ұйым басшысының тегі, _______________________________ аты-жөні, мекенжайы және _______________________________ қызметтік телефоны) _______________________________ (объект, түрлі-түсті бейнедегі _______________________________ көшіру-көбейту техника _______________________________ бірліктерінің саны) _______________________________ (сақтау (пайдалану), _______________________________ өткізу құқығы _______________________________ жауапты адамның тегі, аты-жөні, _______________________________ қызметтік телефоны, _______________________________ жауапты адам ретінде тағайындау _______________________________ туралы бұйрықтың N, датасы) _______________________________ дербес жауапкершілігімен берілді. 20__ ж. "__"____________ дейін жарамды. Бастық ________________________ (қолы) Рұқсат ету мерзімі 20_ж. "___" _____________ дейін ұзартылды. Бастық ________________________ (қолы) Қосымша:___________ беттегі ТТБККТ тізімі (тізбесі) 20__ ж. "____"__________ дейін ұзартылды. Бастық ________________________ (қолы) |
---|
Түрлі-түсті бейнедегі
көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, сатып алу,
есепке алу, сақтау және
пайдалану туралы
нұсқаулыққа N 4 қосымша
Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын,
түрлі-түсті баспа бұйымдарын дайындауда орындалған
жұмыстарды және бақылаушы органдар тексерулерін
есепке алу
КІТАБЫ
Жүргізу үшін жауапты адам ________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы)
20____ж. «___» _____________ басталған
20____ж. «___» _____________ аяқталған
1-тарау. Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру
техникасын есепке алу
N |
ТТБККТ |
Мар- |
Зауыт |
Са- |
ІІО |
Бекіту |
ІІО-ның |
Ес- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
2-тарау. Түрлі-түсті бейнедегі бұйымдарды
дайындауда орындалған жұмыстарды есепке алу
N |
Орын- |
ТТБККТ |
Орын- |
Түрлі- |
Дайын- |
Жұмыс |
Пайдала- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Жұмыстың |
Жарамсыз- |
Ескерту |
9 |
10 |
11 |
Ескертпе: Жарамсыздықты жою туралы актілерге аппаратты жөндеу және
бабына келтіру кезінде жиналып қалған жарамсыз парақтар енгізіледі.
Аталған актілер жарамсыз парақтардың жинақталуына қарай жазылады
және 1 жыл бойы сақталады.
3-тарау. Бақылаушы органдар өкілдерінің болуын есепке алу
N |
Бақылаушы орган |
Болу |
Анықталған |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Түрлі-түсті бейнедегі
көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, сатып алу,
есепке алу, сақтау және
пайдалану туралы
нұсқаулыққа N 5 қосымша
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі _______________________________ (ішкі істер органының атауы) N_____ рұқсат ету түбіршегі _______________________________ _______________________________ (ұйымның атауы) _______________________________ (жүк қай елге шығарылатыны көрсетіледі) _______________________________ (жүк қай елден кіргізілетіні көрсетіледі) _______________________________ (түрлі-түсті бейнедегі көшіру- көбейту техникалары, олардың атауы, маркасы, моделі цифрлар мен жазба түрінде берілетін саны) _______________________________ кеден бекеті арқылы____________ (жүк қай елге апарылады, көрсетілсін____________________ әкету (әкелу) құқығына берілді. Жүк әкелуге (әкетуге) жауапты _______________________________ (Т.А.Ә.) _______________________________ (төл құжатының немесе жеке куәлігінің сериясы және нөмірі) Рұқсат ету_____________________ ________________ дейін жарамды. _______________________________ 20 __ж. "____" ________________ Мөр басатын Бастық __________ орын _________________ (қолы) |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі _______________________________ (ішкі істер органының атауы) N_____ рұқсат ету ______________________________ ______________________________ (ұйымның атауы) ______________________________ (жүк қай елге шығарылатыны көрсетіледі) ______________________________ (жүк қай елден кіргізілетіні көрсетіледі) ______________________________ (түрлі-түсті бейнедегі көшіру- көбейту техникалары, олардың атауы, маркасы, моделі цифрлар мен жазба түрінде берілетін саны) ______________________________ кеден бекеті арқылы___________ (жүк қай елге апарылады, көрсетілсін___________________ әкету (әкелу) құқығына берілді. Жүк әкелуге (әкетуге) жауапты ______________________________ (Т.А.Ә.) _______________________________ (төл құжатының немесе жеке куәлігінің сериясы және нөмірі) Рұқсат ету_____________________ ________________ дейін жарамды. _______________________________ 20 __ж. "____" ________________ Мөр басатын Бастық __________ орын _________________ (қолы) |
---|
Түрлі-түсті бейнедегі
көбейту-көшіру техникасын
шеттен әкелу, әкету,
сатып алу, есепке алу,
сақтау және пайдалану
туралы нұсқаулыққа
6-қосымша
Ескерту: 6-қосымшамен толықтырылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 185 бұйрығымен .
Өткізілген түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру
техникасын есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Жүргізілуіне жауапты адам __________________________________________
____________________________________________________________________
20____ж. "___" _____________ басталды
20____ж. "___" _____________ аяқталды
N р/с |
Өткізілген ТТБККТ атауы (маркасы, моделі) |
Зауыттық нөмірі |
Өткізілген күні |
Сатып алу құқығына ІІО рұқсат берген қағаздың нөмірімен күні* |
ТТБККТ атауы, оны сатып алған заңды тұлғаның атауы немесе жеке адамның Т.А.Ә. |
ТТБККТ сатып алған заңды тұлғаның немесе жеке адамның мекен жайы |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
* Ескертпе: 5-баған сатып алушы (көбейту техникасын пайдаланатын, әкелетін, әкететін және өткізетін заңды тұлға) сатып алу құқығына тиісті рұқсатты көрсеткен жағдайда толтырылады.