Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі
N 305
бұйрығымен
.
______________________________
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология
комитеті Төрағасының
2005 жылғы 22 сәуірдегі
N 118 бұйрығымен
бекітілген
Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу
жөніндегі сарапшы-аудиторларды дайындау және
аттестаттау ережесі
Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бап екінші абзацының 11) тармақшасына, 16-бап 4-тармағына сәйкес әзірленді және стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау тәртібін белгілейді.
1. Осы ережеде мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор (бұдан әрі - сарапшы-аудитор) - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген тәртіпте аттестатталған тұлға.
2) Сарапшы-аудиторды аттестаттау - сарапшы-аудиторлардың уәкілетті орган белгілеген талаптарға құзыреттілігін бағалау және бекіту жөніндегі үшінші тараптың әрекеті.
3) Сарапшы-аудитор құзыреті - маманның стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті білім, машық пен жеке қасиеттерінің жиынтығы.
4) Сарапшы-аудитор аттестаты - маманның аттестаттаудың көрсетілген саласында қызметін жүзеге асыру үшін аттестатталғанын растайтын белгіленген үлгідегі құжат.
5) Сарапшы-аудиторлыққа кандидат - уәкілетті орган комиссиясының қарауына оны сарапшы-аудитор ретінде аттестаттау үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынған маман.
6) Аттестаттау саласы - құзыреттілігі аттестатпен расталған, бір бағыт шегіндегі сарапшы-аудитордың қызмет саласы.
2. Сарапшы-аудитор ретінде осы ереже белгілеген талаптарға жауап беретін, уәкілетті орган құрған аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) ұсынысы бойынша аттестаттаған мамандар бола алады.
3. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау әрекеттің мынадай бағыттары бойынша жүргізіледі:
1) стандарттау;
2) өнімнің, процестердің, қызметтер көрсету және менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау;
3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын аккредиттеу.
4. Өнімнің, қызметтер көрсету мен сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметінің нақты бағыттары ҚР СТ 1.26 мемлекеттік стандартта белгіленген.
5. Сарапшы-аудиторлыққа кандидат аттестат алу үшін мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) Аттестаттаудың өтінілген саласында екі жылдан кем емес істеген жұмыс өтілі бар жоғары кәсіби білімі не аттестаттаудың өтінілген саласында алты жылдан кем емес істеген жұмыс өтілі бар орта кәсіби білімі болуы керек.
2) Аттестаттаудың өтінілген саласында кәсіптік оқудан (теориялық даярлықтан және қайта даярлықтан) өтуі керек. Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды кәсіптік даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
3) Аттестаттаудың өтінілген саласында тәжірибелік дайындықтан (машықтанудан) өтуі тиіс.
6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеумен, менеджмент жүйелерін сертификаттаумен байланысты бағыттар бойынша машықтану теориялық оқу курсын аяқтаған уақыттан бастап 2 жылдан кешіктірілмей, басқа бағыттар бойынша - бір жыл ішінде өтуі керек.
7. Машықтанулар мазмұны негізінде машықтану өтетін ұйымдар мен олар тағайындаған сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың жұмыс істеген стажы мен жұмыс орнына, олардың біліктілігіне байланысты машықтандыру басшысы анықтайды.
8. Машықтандыру басшысы сарапшы-аудиторлыққа кандидат машықтанатын бағытта және аттестаттау саласында аттестатталған сарапшы-аудитор болу керек.
9. Республикада аттестаттаудың жаңа салалары бойынша сарапшы-аудитордың машықтануы үшін жағдай болмаған жағдайда, машықтандыру басшысын тағайындау туралы шешім уәкілетті органмен келісім бойынша қабылданады.
10. Машықтану саны:
1) стандарттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар үшін - 4 рет (стандарттар мен нормативтік құжаттарды дайындау және сараптама жүргізуді, нормативтік құжаттар базасын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауды қоса);
2) менеджмент жүйесін сертификаттау - жалпы ұзақтығы 20 жұмыс күнінен кем емес, 4-тен кем емес (құжаттамаларды талдау, тексерулерге қатысуды және олар туралы есеп дайындауды қоса);
3) өнімнің және көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар үшін - 4-тен кем емес (түрлі схемалар бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстарға қатысуды қоса);
4) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар үшін - 4 (сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын) аттестаттық зерттеу жөніндегі комиссия жұмысына қатысуды қоса) болуы керек.
12. Мамандардың меңгерген теориялық курсына, біліктілігін көтеруіне және өткізілген тәжірибе жинақтауына байланысты сарапшы-аудитор қызметтің бір немесе бірнеше бағыттарына аттестаттала алады.
13. Сарапшы-аудитор ретінде аттестаттауға үміткер маман Комиссияға өтініш, машықтанудан өткені туралы есеп және жеке карточкасын беруі тиіс.
Машықтанудан өткені туралы есеп және жеке карточканың нысаны осы ереженің 2 және 3-қосымшаларында берілген.
14. Комиссия уәкілетті орган басшысы немесе оны алмастырушы тұлға бекіткен Сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия туралы ережеге сәйкес әрекет етеді.
15. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау үш кезеңмен жүргізіледі:
1) берілген құжаттардың түгелдігін тексеру;
2) Комиссияның берілген құжаттарды қарауы және шешім қабылдауы;
3) сарапшы-аудитор аттестатын рәсімдеу және оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізбесінде тіркеу.
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір айдан артық болмауы тиіс.
16. Оң шешім қабылданса сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа аттестат беріледі. Аттестатқа уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастырушы тұлға қол қояды.
18. Теріс шешім қабылданса Комиссия сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа себебі көрсетілген қабылдамау қағазын жібереді.
Стандарттау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды,
сәйкестікті растау,
аккредиттеу жөнінде
сарапшы-аудиторларды
дайындау және аттестаттау
ережесіне 1-қосымша
Өнім мен қызметтер көрсетудің сәйкестігін
растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың
әрекеттерінің ұсынылатын бағыттары
1. Өнімнің сәйкестігін растау:
1) тұрмыстық химия;
2) медициналық арланған бұйымдар;
3) кабельдік;
4) жеңіл өнеркәсіп;
5) дәрілік құралдар;
6) машина жасау;
7) металлургия;
8) минералды тыңайтқыштар;
9) мұнай;
10) қару (қызметтік-штаттық, азаматтық) және оған оқ-дәрі;
11) парфюмерлік-косметикалық;
12) тағам өнеркәсібі;
13) радиотехникалық;
14) ауыл шаруашылық өндірісі;
15) байланыс құралдары;
16) құрылыс материалдары мен конструкциялар;
17) ағаш өңдеу тауарлары;
18) отындық шикізат;
19) химиялық;
20) электрондық;
21) электротехникалық.
2. Қызметтер көрсетудің сәйкестігін растау:
1) қонақ үй, мотельдер, кемпингтер;
2) қоғамдық тамақтану;
3) шаштараз;
4) химиялық тазарту;
5) аккредиттеуге дайындау бойынша;
6) автомотокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
7) сауда;
8) туристік және экскурсиялық.
3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау:
1) сапа менеджменті жүйесі;
2) сындарлы бақылау нүктелерін талдау негізінде тағам өнімдерінің сапа жүйесі;
3) қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйесі;
4) еңбекті қорғау және кәсіби аурулардың алдын алу жүйесі.
Стандарттау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды,
сәйкестікті растау,
аккредиттеу жөнінде
сарапшы-аудиторларды
дайындау және аттестаттау
ережесіне 2-қосымша
Сарапшы-аудитордың жеке карточкасының нысаны
(сарапшы-аудиторлыққа кандидат)
Суретке арналған орын
Жеке карточка
_________________________________________________________
сарапшы-аудитордың (сарапшы-аудиторлыққа кандидат)
___________________________________________________________________
Маман аттестатталатын жүйе атауы
___________________________________________________________ бойынша
(аттестаттау саласы)
Толтырылған күні ____________________________________________
1. Жеке деректер
Тегі _______________ Аты _____________ Әкесінің аты _________
Туылған жылы ________________ Білімі ________________________
Аяқтаған оқу мекемесінің атауы ______________________________
Аяқтаған жылы _____________диплом N _________________________
Диплом бойынша мамандығы_____________________________________
Диплом бойынша біліктілігі __________________________________
Ғылыми деңгейі ______________________________________________
Аттестат ____________________________________________________
(сарапшы-аудитордың)
N _______________ берілген "____"_____200___ж.
Қайта аттестатталған күні____________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________
Лауазымы __________________________ жұмыс телефон ___________
Үйінің мекен-жайы ______________________ үй телефон _________
2. Өндірістік әрекет
Күні |
Ұйым, |
Негізгі |
|
басталуы |
аяқталуы |
лауазымы |
міндеттері |
3. Стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарға қатысу.
Тексеретін кәсіпорын (ұйым) атауы
|
Тексерілген
|
Тексеру
|
4. Біліктілікті көтеру
Күні |
Оқыту түрі |
Мамандану |
Куәлік N |
_____________________________ ____________________________
сарапшы-аудиторлыққа сарапшы-аудитор қолы және
кандидат қолы қолының таратылуы
Стандарттау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды,
сәйкестікті растау,
аккредиттеу жөнінде
сарапшы-аудиторларды
дайындау және аттестаттау
ережесіне 3-қосымша
Сипаттама-пікірмен бірге машықтанудан өту
туралы есеп беру нысаны
Сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың
машықтанудан өткені туралы
N ____ ЕСЕП
___________________________________________________________ бойынша
(аттестаттау саласы)
___________________________________________________________________
(машықтаушы - кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
(есеп мәтіні)
Машықтанушы ______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Машықтану басшының сипаттама - пікірі:
Бағалау саласы |
Баға
|
Білімі: |
|
Қазақстан Республикасы заңнамасының
|
|
Техникалық реттеу саласында негіз
|
|
Жұмыстар мен тексерулерді жүргізу әдіс-
|
|
Білімін іс жүзінде пайдалана алуы |
|
Жеке қасиеттерін іске асыру |
|
Жалпы баға |
|
Машықтану басшысы,
___________________________________________________________________
(сарапшы-аудитор, кәсіпорын басшысы, маман,
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты; аттестаттың тіркелу N, қызмет бағыты,
___________________________________________________________________
лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтілі)
___________________________________________________________________
(қолы, қолының таратылуы)
Ескертпе:
Есеп мәтінінде:
1) машықтаудан өткен күн(дер), машықтау өткен ұйым атауы мен
мекен-жайы (мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде
тіркелген ұйымының аккредиттеу аттестатының N);
2) машықтау стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу
жөніндегі құжаттар мен материалдар бойынша өткізілді (тексерілетін
ұйым атауы және мекен-жайы);
3) қандай ереже мен процедураларды анықтайтын құжаттарға
сәйкес жұмыстар жүргізілгені;
4) аттестаттау процедурасының қорытындысы, сынау
хаттамаларының және негізінде тексерілетін тексеру объектісінің
сәйкестігі (сәйкеспейтіні) туралы шешім қабылданған басқа да
құжаттардың нөмірі;
5) аттестатты беру туралы қабылданған шешім көрсетіледі.