Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Репсубликасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 99 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3612. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 (V064181) қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40   қаулысымен .
______________________________

      Банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде мүлкін сату тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1136 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 11 басылымдарында 2000 жылғы 22 мамырда - 4 маусымда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1502 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 82  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
      кіріспеде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" деген сөздер "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Қаржылық ұйымдарды тарату департаменті (Бадырленова Ж.Р.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларына жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылық байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады