Қауіпті өндірістік объектілердің лауазымды адамдары мен қызметшілерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 318 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2005 жылғы 4 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3614. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 75 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Ішкі Төтенше жағдайлар министрінің 2009.04.17 N 75 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-р "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" өкімін орындау үшін және Қазақстан Республикасының "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Заңының талаптарына, қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объектілердің лауазымды адамдары мен қызметшілерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті мен оның аумақтық органдары Ереженің орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Н.Қ.Бижановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2005 жылғы 12 сәуірдегі  
N 318 бұйрығымен бекітілген

Қауіпті өндірістік объектілердің лауазымды адамдары мен
қызметшілерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды
ұйымдастыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік инспекциясының бақылауындағы органдардың, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен объектілердің, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, құрылыс, монтаждау, жөндеу және аталған кәсіпорындар, ұйымдар мен объектілер үшін жұмыстарды орындайтын басқа да ұйымдардың, кәсіпорындардың лауазымды адамдары мен қызметшілерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқыту тәртібін айқындайды.

      2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында лауазымды адамдар мен қызметкерлерді оқыту тәртібі үздіксіз оқыту негізінде белгіленеді, оқыту сапасы емтихан тапсыру арқылы тексеріледі.

      3. Емтихан билеттері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандандырылған оқу ұйымдарымен әзірленеді (бұдан әрі - оқу ұйымдары) және емтихан комиссиясының төрағасымен бекітіледі.

2. Оқытуды ұйымдастыру тәртібі

      4. Қауіпті өндірістік объектілердің лауазымды адамдары мен қызметшілерінің қауіпсіздік саласындағы білімін тексеру Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) бекіткен типтік бағдарламалар есебімен әзірленген оқыту бағдарламалары бойынша оларды дайындау болып саналады.

      5. Қауіпті өндірістік объектілердің лауазымды тұлғалары мен қызметшілері оқу ұйымдарында дайындық пен оқытудан өтеді.

      6. Типтік бағдарламалардың жобалап алынған оқыту-тақырыптық жоспары (курстың көлемі 40 сағаттан тұрады) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды қарайтын тақырыптарды құрауы тиіс. Жекелеген жағдайларда Комитет органдарының келісімі бойынша лауазымды адамдар мен қызметкерлерді қайта даярлау кезінде оқыту бағдарламасының көлемі қысқартылуы мүмкін.

      7. Оқу ұйымдарымен әзірленген оқу бағдарламалары Комитеттің аумақтық органдарымен келісіледі.

      8. Оқу бағдарламаларының мазмұны дайындықтан және оқытудан өтетін адамдардың қызметтерінің бағытына сәйкес болуы тиіс (1-қосымша).

      9. Дайындау және оқыту бағдарламалары:
      1) оқу жоспарынан (2-қосымша);
      2) оқу-тақырыптық жоспарынан (3-қосымша);
      3) оқу бағдарламасынан (4-қосымша) тұруы тиіс.

      10. Оқыту курсы аяқталғаннан кейін оны өткені туралы анықтама беріледі. Анықтамаға сабақтың мерзімі, олардың тақырыбы және оқытуды ұйымдастыру туралы ақпаратты енгізу талап етіледі. Анықтамаға ұйымның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

Қауіпті өндірістік объектілердің  
лауазымды адамдары мен қызметшілерін
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 
оқытуды ұйымдастыру ережесіне   
1-қосымша            

Оқыту бағдарламалары бойынша дайындау және
оқытудан өтетін адамдардың қызмет бағыттары

      1. Мына:
      1) мұнай және газ өнеркәсібінің объектілері, магистральды құбырлы көлік объектілерін қоса алғанда;
      2) газ шаруашылығы объектілерін;
      3) астықты сақтау және өңдеу өндірісі мен объектілерін;
      4) химиялық, мұнай химиялық, мұнай өңдеу өнеркәсібінің өндірісі және объектілерін;
      5) металлургия өнеркәсібінің өндірісі мен объектілерін;
      6) қауіпті өндірістік объектілерде (химиялық, мұнай химиялық және мұнай өңдеу өнеркәсібінің қадағалауындағы объектілерді қоспағанда) пайдаланылатын техникалық қондырғыларға арналған қорғану жүйелері мен қауіпсіздік аспаптарының технологиялық процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін жобалаушы ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін дайындау.
      2. Мына құрылыстар бойынша:
      1) пайдалы қазба кен орындарын ашық әдіспен өндіру жөніндегі өндірістер мен объектілердің;
      2) пайдалы қазбалар кен орындарын жер асты әдістерімен өндіру жөніндегі өндірістер мен объектілердің;
      3) көліктік жер асты объектілері мен құрылыстарының;
      4) арнайы жер асты құрылыстарының;
      5) пайдалы кен қазбаларын өңдеу және байыту жөніндегі өндірістер мен объектілердің;
      6) мұнай және газ өнеркәсібінің, магистральды құбырлы көлік объектілерін қоса алғанда, өндірістер мен объектілердің;
      7) газ шаруашылығы объектілерін (газбен жабдықтау объектілерінің (жүйелерінің) құрылысын техникалық қадағалау);
      8) астықты сақтау және өңдеу өндірістері мен объектілерін;
      9) химиялық, мұнай химиялық, мұнай өңдеу өнеркәсібінің өндірістері мен объектілерінің құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін дайындау;
      10) металлургия өнеркәсібінің өндірістері мен объектілерінің құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін дайындау.
      3. Мыналарды:
      1) көмір өнеркәсібінің өндірістері мен объектілерін;
      2) тау-кен руда өнеркәсібінің өндірістері мен объектілерін;
      3) бақылауындағы жер қойнауын күзету және геологиялық-маркшейдерлік бақылауды қадағалау өндірістері мен объектілерін;
      4) мұнай және газ өнеркәсібінің өндірістері мен объектілерін, магистральды құбырлы көлік объектілерін қоса алғанда;
      5) химиялық, мұнайхимиялық, мұнай өңдеу өнеркәсібінің өндірістері мен объектілерін;
      6) қазандықтарды қадағалау объектілерін (бу және су жылытатын қазандар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, бу және ыстық су құбырлары) (ұйымның аттестаттау комиссиясының мүшелері);
      7) көтергіш құрылғыларды (жүк көтергіш шығырандар, көтергіштер, лифтілер және басқалары) (ұйымның аттестаттау комиссиясының мүшелері);
      8) металлургиялық және кокс химия өндірістері мен объектілерін;
      9) газ шаруашылығының объектілерін;
      10) астықты сақтау және өңдеу өндірістері мен объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін дайындау.
      4. Мыналарды:
      1) химиялық, мұнайхимиялық, мұнай өңдеу өндірістері мен объектілеріндегі монтаждау, іске қосу жұмыстарын;
      2) металлургиялық және кокс химиялық өндірістерінің объектілеріндегі монтаждау, іске қосу жұмыстарын;
      3) газ шаруашылығы объектілеріндегі (жүйелерінде) (газбен жабдықтау объектілерін (жүйелерін) монтаждауға техникалық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мен қызметкерлер) монтаждау, іске қосу жұмыстарын;
      4) қазандықтарды қадағалау объектілеріндегі монтаждау, іске қосу жұмыстарын;
      5) көтергіш құрылғылардағы монтаждау, жөндеу іске қосу жұмыстарын;
      6) қауіпті өндірістік объектілердегі қорғану жүйелері мен қауіпсіздік аспаптары бойынша монтаждау, іске қосу жұмыстарын;
      7) тау-кен өндірісінің объектілеріндегі монтаждау, жөндеу және тексеру жүргізу жұмыстарын;
      8) мұнай және газ өнеркәсібінің өндірістері мен объектілеріндегі монтаждау, жөндеу жұмыстарын;
      9) магистральды және кәсіпшілік құбырлары мен олардың объектілеріндегі монтаждау, жөндеу жұмыстары;
      10) астықты сақтау және өңдеу өндірістері мен объектілеріндегі монтаждау, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін дайындау.
      5. Мыналарды:
      1) жарылыстан қорғайтын І және ІІ топтағы электр жабдықтары мен кен орнын және қалыпты орындаудағы электр жабдықтарын;
      2) тау-кен шахта жабдықтарын;
      3) мұнай және газ өнеркәсібінің, магистральды құбырлы көлік және геологиялық барлау өндірістері мен объектілеріне арналған жабдықтарды;
      4) қазандықтарды қадағалау объектілерін;
      5) көтергіш құрылғыларды;
      6) газ жабдықтарын, жабдықтарды (техникалық қондырғыларды) жөндеу, қалпына келтіру және сынаудан өткізу, желдеткіш және түтін шығатын жүйелерді жөндеу және қалпына келтіру, автоматтандыру, қорғану және дабылдағыш жүйелерін жөндеу;
      7) химиялық, мұнайхимиялық, мұнай өңдеу өнеркәсібіне арналған жабдықтарды;
      8) қауіпті өндірістік объектілерге арналған аппаратуралар мен бақылау жүйелері, өлшеу, авариядан қорғау және дабылдағыш, технологиялық процестерді басқару құралдары;
      9) қауіпті заттарды тасымалдауға арналған көлік құралдары мен арнайы контейнерлерді;
      10) темір жолға кіретін жолдарды;
      11) қауіпті жүктермен вагондарды тасымалдау үшін пайдаланатын жеке меншік (жалға алынған) локомотивтерді;
      12) металлургиялық және кокс химиялық өндірістерінің объектілерін;
      13) астықты сақтау және өңдеу өндірістері мен объектілерінде пайдаланылатын техникалық қондырғыларды жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін дайындау.
      6. Мыналарды:
      1) жабдықтар шығаратын ұйымдардың сапаны бақылау қызметінің;
      2) жабдықтар шығаратын ұйымдардың жобалау-конструкторлық қызметінің басшыларын дайындау.
      7. Сараптау ұйымдарының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін дайындау.
      8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында дайындау мен оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін дайындау.
      9. Жарылыс жұмыстары және жарылғыш материалдармен жұмыс істейтін лауазымды адамдар мен орындаушыларды, жарылғыш материалдар қоймасының меңгерушілерін дайындау.
      10. Қауіпті заттарды темір жол және автокөлік жолдарымен тасымалдаумен айналысатын ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін дайындау.

                                    Қауіпті өндірістік объектілердің
                                          лауазымды адамдары мен
                                        қызметшілерін өнеркәсіптік
                                      қауіпсіздік саласында оқытуды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  2-қосымша

    Лауазымды адамдар мен қызметшілерді дайындау және
  оқыту жөніндегі бағдарламаның оқыту жоспарының нысаны

Келісілді
Комитеттің
аумақтық органының
басшысы
Келісілді
Тапсырыс беруші
ұйымның басшысы
(міндетті емес)
Бекітілді
Дайындау және
оқыту жөніндегі
ұйымның басшысы

                       Оқыту жоспары
______________________________________________________________
                       (бағдарламаның атауы)

Мақсаты ______________________________________________________

Тыңдаушылардың санаты_________________________________________

Дайындау мерзімі______________________________________________

Сабақ режимі__________________________________________________

N

Бөлімдер мен
пәндердің
атаулары

Барлық
сағаты

Оның ішінде

Бақылау нысаны

Дәрістер

Практикалық сабақтар

1






2







Барлығы





                                     Қауіпті өндірістік объектілердің
                                          лауазымды адамдары мен
                                        қызметшілерін өнеркәсіптік
                                      қауіпсіздік саласында оқытуды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  3-қосымша

      Лауазымды адамдар мен қызметшілерді дайындау
           және оқыту жөніндегі бағдарламаның
           оқыту-тақырыптық жоспарының нысаны

Келісілді
Комитеттің
аумақтық органының
басшысы
Келісілді
Тапсырыс беруші
ұйымның басшысы
(міндетті емес)
Бекітілді
Дайындау және
оқыту жөніндегі
ұйымның басшысы

                 Оқыту-тақырыптық жоспары
____________________________________________________________________
                 (бағдарламаның, бөлімнің атауы)

Мақсаты ______________________________________________________

Тыңдаушылардың санаты_________________________________________

Дайындау мерзімі______________________________________________

Оқыту нысаны _________________________________________________

Сабақ режимі__________________________________________________

N

Бөлімдердің және
пәндер мен
тақырыптардың
атаулары

Барлық сағаты

Оның ішінде

Бақылау
нысаны

Барып
оқитын
сабақ,
іскерлік
ойындары
және
т.т.б.

Практикалық
сабақтар

1
1.1
1.2






2
2.1
жә-
не
т.т.б







Барлығы





                                     Қауіпті өндірістік объектілердің
                                          лауазымды адамдары мен
                                        қызметшілерін өнеркәсіптік
                                      қауіпсіздік саласында оқытуды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  4-қосымша

      Лауазымды адамдар мен қызметшілерді дайындау және
          оқыту жөніндегі оқу бағдарламасының нысаны
____________________________________________________________________
                (дайындау жөніндегі ұйымның атауы)

                  Курстың немесе пәндердің
                     оқу бағдарламасы
____________________________________________________________________
                           (атауы)

      1. Кіріспе
      2. 1-ші тақырып (оқыту материалының мазмұны және баяндау     жүйелілігі).
      2-ші тақырып және т.т.б.
      3. Курсты немесе пәнді оқып-үйрену жөніндегі әдістемелік нұсқамалар.
      4. Бақылау тапсырмалары.
      5. Әдебиеттер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады