Мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет Төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 136 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3657. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы  N 172  (қолданысқа енгізілу тәртібін   7-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.
__________________________________

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  iске ауру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдiұлы Момышевқа жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық оның бiрiншi ресми жарияланғаннан бастап он күнтiзбелiк күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы       
Индустрия және сауда министрлігінің 
Техникалық реттеу және метрология  
жөніндегі комитет Төрағасының    
2005 жылғы 13 мамырдағы N 136     
бұйрығымен бекітілді        

  Мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер және сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізу ережесі

МАЗМҰНЫ       

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңының  7-бабына  сәйкес әзірленген және сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және импорттаушылардың өзара әрекеттерін белгілейді.
       Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 тамыздағы N  226  Бұйрығымен.

                         

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу - ол арқылы аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы екенін ресми танитын рәсім;
      1-1) өтініш-декларация - импорттаушы Қазақстан Республикасына өзі әкелген өнімнің адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық талаптарға сәйкестігін, осы өнімге белгіленген техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін өзінің жауапкершілігі арқылы мәлімдейтін және сәйкестікті растау бойынша тіркелгеннен бастап бір айдан жоғары емес мерзімде өнімнің сәйкестігін растау бойынша жұмыстарды жүргізетін құжат;
      2) сәйкестікті растау жөніндегі органдар - меншік нысанына қарамастан, өнімді, көрсетілетін қызметті өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді, көрсетілетін қызметті берушілер мен тұтынушылардан тәуелсіз, штатында сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды  және (немесе) бекітіліп берілетін қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар;
      2-1) импорттаушы - өнімдерді (тауарды) Қазақстанның ішкі рыногында өткізу үшін шеттен әкелетін заңды немесе жеке тұлға;
      3) сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;
      4) сәйкестікті растау схемасы - объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып, айқындау тәсілдері;
      5) стандарттау жөніндегі техникалық комитет - бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық - кеңесші орган;
      6) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге уәкілетті мемлекеттік орган.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 тамыздағы N  226  Бұйрығымен.

      2. Сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер және сәйкестікті растау жөніндегі органдардың өзара әрекеттері мынадай принциптерде негізделеді:
      1) техникалық реттеу жүйесінің және сәйкестікті растау ережелерінің бірлігі мен тұтастығы;
      2) бір органның аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктерді қоса атқаруын болдырмау;
      3) бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі;
      4) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсіздігі;
      5) сәйкестікті растау жөніндегі орган уәкілетін үшінші тұлғаларға берудің ретсіздігі.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 тамыздағы N  226  Бұйрығымен.

  2. Мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі
техникалық комитеттер және сәйкестікті растау
жөніндегі органдардың қатысуымен сәйкестікті растау
және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізу

      3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер:
      1) сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы негізге алынушы мемлекеттік стандарттарды, халықаралық, өңірлік стандарттарды, шетел мемлекеттердің және ұлттық стандарттарды, оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге;
      2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген міндетті сәйкестікті растауға жататын бір текті өнімдердің сәйкестігін растауды жүргізудің нақты процестері мен процедураларына мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге;
      3) сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы мемлекеттік стандарттарды, шет мемлекеттердің халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды және оларға енгізілетін өзгерістерді сараптауға қатысады.

      4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте заңды тұлғалардың өтінімі бойынша жүзеге асырылады.

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың құқық қабілеттілігі, олар аккредиттеу аттестатын алған кезде туындайды және оның қолданылу мерзімінің бітуіне, Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңының  36-бабында  белгіленген тәртіптен күші жойылуына деп тануына байланысты тоқтатылады.

      6. Өнімнің және процестердің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды:
      1) өнімді өндіруші (орындаушы) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында;
      2) өнімді тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органның сертификаттау жүргізуі нысанында;
      3) сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімге, процестерге сертификаттауды жүргізу және сәйкестік сертификатын беру нысанында жүргізіледі.

      7. Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің сәйкестігін растау міндетті немесе ерікті сипатқа ие.

      8. Сәйкестікті міндетті растау кезінде адамның өмірі мен денсаулығы, олардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық регламенттер, нақты стандарттар және басқа да нормативтік құжаттардың өнімнің міндетті талаптарына сәйкестігін растайды.

      9. Өнімнің сәйкестігін міндетті растау техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі және сәйкестікті растау схемалары бойынша жүзеге асырылады.

      10. Өнімнің сәйкестігін ерікті растау стандарт немесе өзге нормативтік құжатқа өтінім берушінің таңдауы бойынша, сондай-ақ өтінім берушінің арнайы талаптарына өнімнің сәйкестігі расталады.

      11. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды басқару техникалық реттеу мемлекеттік жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

      12. Өнімдердің, процестердің сәйкестігін растау саласында мынадай жұмыстар жүргізіледі:
      1) сәйкестікті растау жөніндегі органға (сәйкестік туралы өтінімдер) өтінім беру және оны қарау;
      2) өтінімді (сәйкестік туралы) қарау нәтижелері, сәйкестікті растау схемасын таңдау бойынша шешімді қабылдау;
      3) өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтінім беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі органның арасында шарт рәсімдеу;
      4) өтінілген өнімдердің үлгілерін сәйкестендіру, сұрыптауын жүргізу және оларды сынақ зертханасына (орталық) ұсыну;
      5) өтінілген өнімдердің және сәйкестікті растаудың таңдалған схемасында көзделген басқа да жұмыстардың үлгілеріне сертификатталған сынақ жүргізу;
      6) сынау нәтижелерін талдау немесе сәйкестік туралы өтінішпен алынған құжаттарды қарау;
      7) сәйкестік сертификатты беру мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау;
      8) сертификатты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі тізілімінде тіркеу және оны өнімнің сәйкестігі белгісін таңбалауға құқылы өтінім берушіге беру;
      9) өнімдердің сертификатталған сипаттамаларының тұрақтылығына және сапа менеджмент жүйесінің (егер бұл сертификаттау схемасымен қарастырылса) қалыптастырылуына инспекциялық бақылау жүргізу;
      10) өнімдерді сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат беру;
      11) аккредиттеу саласында өнімнің (тауардың) берілген түріне ие сәйкестікті растау жөніндегі органда өтініш-декларациясын тіркеуді жүргізу.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 тамыздағы N  226  Бұйрығымен.

         12-1. Өтініш-декларацияны аккредиттеу саласында өнімнің берілген түріне ие сәйкестікті растау жөніндегі орган импорттаушымен сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге шарт бекіткеннен кейін рәсімдеп тіркейді.
      Белгіленген тәртіпте рәсімделіп тіркелген өтініш-декларация импортталатын өнімді тек кедендік рәсімдеу үшін ғана заңды күшіне ие болады.
      Өтініш-декларация бойынша кедендік ресімдеуден өткен өнім өтініш-декларацияны тіркеген сәйкестікті растау жөніндегі органда белгіленген тәртіпте әрі қарай сәйкестігі расталуға жатады.
       Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 тамыздағы N  226  Бұйрығымен.

         12-2. Өтініш-декларация сыртқы экономикалық әрекеттік тауарлық номенклатурадағы кодқа (СЭӘ ТН) сәйкес сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің нақты түріне рәсімделеді.
      Өтініш-декларация:
      1) өтінушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар;
      2) тауарға ілеспе құжаттар (шот-фактура, жүкқұжат, инвойс);
      3) тауардың шығу тегін растайтын құжаттар;
      4) өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттар;
      5) өнімге (тауарға) нормативтік құжаттар.
      Осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған құжаттардың болмауы өтініш-декларацияны тіркеуден бас тартуға негіз бола алмайды.
      Өтініш-декларацияны сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы голографический белгімен қорғалған бланкте рәсімдейді.
      Өтініш-декларацияның әрекет ету мерзімін сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды өткізу үшін қажетті уақытты есепке алып, бірақ бір айдан артық емес уақытқа сәйкестікті растау жөніндегі орган белгілейді.
       Ескерту. 12-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 тамыздағы N  226  Бұйрығымен.

         12-3. Сәйкестікті растау жөніндегі орган, егер бұл осы Ереже талаптарына қарсы келетін болса, өтініш-декларацияны рәсімдеуден және тіркеуден бас тартады.
      Бұл жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша негізделген бас тартуды рәсімдейді.
       Ескерту. 12-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 тамыздағы N  226  Бұйрығымен.

         12-4. Импорттаушы өнімді жеткізу жөнінде өзінің міндеттерін орындамаған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш-декларацияның әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның аумақтық басқармаларына хабарлайды.
      Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестігі расталудан өтпеген өнім және осы Ережені бұзған импорттаушы туралы ақпаратты барлық мүдделі ұйымдарға береді.
       Ескерту. 12-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 тамыздағы N  226  Бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі сәйкестікті растау саласында, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттауда, жүйе тізілімін жүргізуде біртұтас саясат жүргізуді және сәйкестікті растау мақсаттарын іске асыруға қажетті өзге де талаптарды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады