"Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің N 2810 болып тіркелген 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3664. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жолаушылар, багаж және жүк багажы тасымалдарын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І  бұйрығына (2004 жылғы 16 сәуірінде N 2810 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесінде:
      4-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жолаушылар тасымалын автоматтандырылған басқару жүйесі (бұдан әрі - АБЖ) - жолаушылар тасымалын орталықтандырылған басқару және орындарды электронды сақтау жүйесі";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) темір жол көлігіндегі тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тасымалдаушы";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде көлік саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасындағы көлік кешенінің қызметін үйлестіруді, реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган";

      7-тармақтың үшінші абзацындағы "өзі" деген сөз алынып тасталсын;

      10-тармақта:
      үшінші абзацта:
      "жеке тұлғаның" деген сөздерден кейін "топ басшысының" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Заңды тұлғалардың өтінішіне ұйым басшысы, жеке тұлғалардың өтінішіне - топ басшысы қол қоюы тиіс";
      төртінші абзац:
      "тізімі" деген сөзден кейін "(екі данада)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Жол жүру құжаттары ресімделгеннен кейін тізімнің екі данасына да жүк құжаттары ресімделгені туралы белгі қойылады, тізімнің біреуі кейіннен вагон жолсерігіне тапсыру үшін топ басшысына беріледі";

      11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жолаушылардың өтінім бойынша жол жүруін ресімдеу жол жүру құжатының бір бланкісінде жүргізіледі. Жол жүру құжатының бір бланкісінде топ басшысының деректемелерін көрсете отырып, 36 артық емес орынды ресімдеуге жол беріледі, айрықша жағдайларда (іссапар кезінде) - жол жүру құжатын әрбір орын үшін бөлек бланкіде ресімдеуге рұқсат етіледі";

      14 және 15-тармақтар алынып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Жолаушы поезд жөнелтілген сәттен бастап, поезға 3 сағат ішінде, не тиісті құжатпен (медицина ұйымының бұрыштық мөртаңбасы және анықтаманы берген дәрігердің мөртаңбасы бар осы медицина ұйымының анықтамасы) расталған ауру немесе қайғылы оқиға жағдайында 3 тәулікке кешіккен кезде, плацкарттың құнын төлеу шартымен жол жүру құжатының (билетінің) күшін басқа поезға жаңғыртуы мүмкін.
      Жол жүруден бас тартқан жағдайда жолаушы жол жүру құнын плацкарттың құнын алып тастап, қайтарып ала алады";

      20-тармақтың бірінші абзацындағы "Қала маңындағы" деген сөздер "Ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақтағы "Қала маңындағы" деген сөздер "Ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      32-тармақтағы "республикалық және мемлекетаралық" деген сөздер "облысаралық және халықаралық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33-тармақтағы "қала маңындағы қатынаста" деген сөздер "ауданаралық және ішкі қатынастарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "мемлекетішілік" деген сөз "облысаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      36-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "мемлекетішілік" деген сөз "облысаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      37-тармақтың екінші және үшінші сөйлемдерінде "мемлекетішілік" деген сөздер "облысаралық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39-тармақта:
      "Қала маңындағы" деген сөздер "Ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қала маңындағы" деген сөздер "ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қала маңындағы қатынас" деген сөздер "ауданаралық және ішкі қатынаста жол жүруге арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      40-тармақтағы "қала маңындағы" деген сөздер "ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41-тармақта:
      "жергілікті" деген сөз алынып тасталсын;
      "ресімдеу үшін" деген сөздерден кейін "ауданаралық қатынастағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "поезд" деген сөз "поезға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      44-тармақта:
      "айыппұл мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "ГУ-57 түбіртегінің нысаны N 2491 нөмірмен тіркелген, "Тұрғындарға қызмет көрсету кезінде фискалдық жадысы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданбай берілетін түбіртектердің және чектерге теңестірілген басқа да қатаң есеп беру құжаттарынының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344  бұйрығымен бекітілген".;

      мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:
      "44-1. Әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы  түбіртек - поездарда айыппұлдарды өндіріп алу үшін қолданылады. Түбіртектің нысаны N 2748 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 13-2-П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі  нұсқаулығында көзделген.
      Әкімшілік айыппұлдар төлеу туралы түбіртек түбіртектен және түбіртектің түбіршегінен тұрады. Ресімдеу кезінде түбіртек төлеушіге беріледі, түбіртектің түбіршегі ішкі ережелерге сәйкес қолданылады";

      45-тармақтың бірінші абзацы "ақысын" деген сөзден кейін ", комиссиялық алымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      49-тармақта:
      "қызметтік" деген сөзден кейін "және бір жолғы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "нөмірі" деген сөзден кейін ", тұлғалар саны" деген сөздермен толықтырылсын;

      59-тармақта:
      "қала маңындағы" деген сөздер "ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "көп қабатты жол жүру құжаттарынан (слип)," деген сөздер алынып тасталсын;
      "талондық билеттерден басқа" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ "слиптің" бақылау купоны" деген сөздермен толықтырылсын;

      60-тармақта "(көп қабатты жол жүру құжаттарынан "слиптерінен" басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;

      62-тармақта "республикалық" деген сөз "облысаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      63-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Касса дұрыс ресімдемеген жол жүру құжаттары (билеттер) актілерге қоса береді және поезды құрастыратын ұйым басшысына тексеру және шаралар қабылдау үшін тапсырады".;

      64-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      69-тармақтағы "Қала маңындағы" деген сөздер "Ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      71-тармақта "станцияның" деген сөзден кейін "(вокзалдың)" деген сөзбен толықтырылсын;

      73-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Вагонның осы үлгісіне "Турист" класының вагондары жатқызылған, олар жатуға арналған ұйықтайтын орындары бар, 4 орынды купелерден тұратын 20 орынды вагондар, төменгі орындар отыруға арналған төрт орындық болып өзгертіледі, әрбір купеде қол жуғыш болады";

      79-тармақтың бірінші абзацында:
      "поездарда" деген сөз "жолаушылар поездарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "алыс және жергілікті қатынас" деген сөздер алынып тасталсын;

      81-тармақта "немесе тікелей поезд бастығында (механик бригадирінде)" деген сөздер алынып тасталсын;

      88-тармақта "Алыс қатынастағы" деген сөздер "Халықаралық қатынастағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      89-тармақта "Жергілікті және алыс қатынастағы" деген сөздер алынып тасталсын;

      90-тармақта "Жергілікті және алыс қатынастағы" деген сөздер "Халықаралық және облысаралық қатынастағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      91-тармақтың бірінші абзацында "өзі" деген сөз алынып тасталсын;

      92-тармақтың екінші абзацы ", құжаттарды ресімдеу және төлемдерді қайтару 94-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес жүргізіледі." деген сөздермен толықтырылсын;

      94-тармақтың 2) тармақшасында:
      төртінші абзац "поезд жөнелгенге дейін кемінде 6 сағатта" деген сөздерден кейін "және жөнелгеннен кейін 3 сағаттан аспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы абзацта "(топтықтан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;

      97-тармақта: абзац "Қаламаңындық" деген сөз "ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацта "мынадай тәртіппен жүргізіледі:" деген сөздер "поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 7 тәулік бұрын, бірақ 3 тәуліктен кешіктірмей жүргізіледі, плацкарт құнының 50 % ұсталады; поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 3 тәулік бұрын плацкарт құнының 100 % ұсталады. Ақшалай төлемдер жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алған заңды тұлғаның есеп айырысу шотына немесе почта арқылы қайтарылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацта "бір ай ішінде" деген сөздер "алты ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзацта "1" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын;
      сегізінші абзацта "Қала маңындағы" деген сөздер "Ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      101-тармақта "жолаушыға қайтарылады" деген сөздер "жолаушыдан алынады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      103-тармақтың алтыншы абзацында "Қала маңындағы" деген сөздер "Ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      105-тармақта:
      бірінші абзацта "қала маңындағы" деген сөздер "ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "қала маңындағы" деген сөздер "ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      120-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Толық емес 5 кг толыққа есептеледі.";

      129-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жолаушы вагондарында, сондай-ақ ауданаралық, облысаралық және халықаралық қатынастағы багаж вагондарында иттерді, ұсақ жануарларды және құстарды тасымалдағаны үшін багаж данасына немесе 20 кг ретіндегі орынға төлейді.";

      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "130. Жолаушы поездарында ірі тұқымды, соның ішінде қызметтік иттерді тасымалдау:
      1) шынжырмен немесе белбеумен байланып, осы вагонда жол жүріп келе жатқан иелерінің немесе ілесіп жүретін тұлғалардың қадағалауымен жүргізіледі. Тасымалдау оң бетінде "Жолаушы қолындағы багаж" деген жазуы бар багаж түбіртегі бойынша жүргізіледі;
      2) иттерді тобымен тасымалдау поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 5 тәуліктен кешіктірмей тасымалдаушыға берілетін алдын ала өтінімдер бойынша ғана, багаж вагондарында жалға алу шартында рұқсат етіледі;
      3) иесінің қадағалауымен ауданаралық немесе ішкі қатынастағы поездың тамбурында (екі иттен артық емес);
      4) осы вагонда жол жүруі тиіс иелерінің немесе ілесіп жүретін тұлғалардың қадағалауымен багаж вагондарында арнайы контейнерлерде немесе табандығы бар жәшіктерде. Иелері немесе ілесіп жүретін тұлғалар иттерді тасымалдау үшін арнайы контейнерлерді немесе табандығы бар жәшіктерді қамтамасыз етеді;
      5) зағиптар жолсерік-иттерді өзімен барлық санаттағы поездардың барлық қатты вагондарында өз жанында алып жүреді;
      6) жабайы жануарларды, кеміргіштерді, ақ тышқандарды тасымалдау рұқсат етілмейді";

      171-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жүк багажын жөнелтудің ең аз есептік салмағы 10 кг. 10 кг артық жөнелтімдердегі толық емес 10 кг толық болып есептеледі. Салмағы 1000 кг артық жөнелтімдердегі толық емес 100 кг толық болып есептеледі.";

      202-тармақта "қала маңындағыдан" деген сөздер "ауданаралық және ішкіден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      229-тармақта:
      1) тармақшада "республикалық" деген сөз "облысаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "қала маңындағы" деген сөздер "ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      230-тармақта "қала маңындағы" деген "ауданаралық және ішкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      239-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "239. Жолаушы поезында билетсіз жолаушы анықталған жағдайда уәкілетті органның лауазымды тұлғалары билетсіз жол жүруге актісін (3-данада) жасайды және әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек бойынша айыппұл өндіріп алынады. Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары бір мезгілде ГУ-57 түбіртегі бойынша отырған орыннан бастап ең жақын тарифтік станцияға дейінгі жол жүру құнын өндіріп алады. Жолаушының одан әрі жол жүруі осы Ереженің 54-тармағына сәйкес жүзеге асырылады";

      240-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "240. Жол жүру құжатындағы жолаушының тегі жеке басының куәлігіндегі немесе төлқұжатындағы тегімен сәйкес келмеген кезде уәкілетті органның тексеруші лауазымды тұлғалары жол жүру құжатын алып қояды, билетсіз жол жүру актісін (3-данада) жасайды және айыппұл өндіріп алады. Актінің екінші данасы жолаушы әрі қарай жол жүруі үшін поезд бастығына (бригадир-механикке) тапсырылады. Осымен бір мезгілде уәкілетті органның лауазымды тұлғалары ГУ-57 түбіртегі бойынша отырған орнынан бастап жету орнына дейінгі жол жүру құнын өндіріп алады";

      241-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қателесіп, жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген бағыттан өзге поезға отырған жолаушы ең жақын тарифтік станцияда түседі. Бұл ретте поезд бастығы (бригадир-механик) ол жол жүру ақысын төлемей негізгі станцияға дейін қайтып бару құқығын беретін акт жасайды. Актіде поезды құрастыратын темір жол көлігі ұйымының мөртабаны болуы тиіс";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тарифтік емес станцияларда жолаушыларды поездан түсіруге рұқсат берілмейді";

      243-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жолаушы оның жол жүру құжатына тиісті вагонға ауысуға міндетті және бос орындар болған кезде осы вагонда қалуы және осы Ереженің 81-тармағына сәйкес одан әрі жол жүруді ресімдеуі мүмкін.";

      245-тармақта:
      "бақылаушы" деген сөз "уәкілетті органның лауазымды тұлғасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "акт" деген сөзден кейін "(3 данада)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші және үшінші сөйлемдер мынадай мазмұндағы сөйлеммен ауыстырылсын:
      "Жол жүру құжаты (билет) ақаулы ретінде алынады және тексеру және шаралар қабылдау үшін актінің екі данасына қоса беріледі, үшінші дана жолаушының әрі қарай жол жүруі үшін поезд бастығына тапсырылады";

      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады