Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұқымдар мен көшет материалдарын пайдалану, тасымалдау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 мамырдағы N 110 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3666. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 553 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.01  № 553 (ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 79-бабын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұқымдар мен көшет материалдарын пайдалану, тасымалдау ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрлігі  
Орман және аңшылық        
шаруашылығы комитеті төрағасының
2005 жылғы 4 мамырдағы      
N 110 бұйрығымен         
бекітілген             

  Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұқымдар
мен көшет материалдарын пайдалану, тасымалдау
ЕРЕЖЕСІ

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман  кодексіне сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін орман тұқымдары мен көшет материалдарын пайдалану, тасымалдау тәртібін реттейді және орман иеленушілер немесе орман пайдаланушылар үшін, соның ішінде жекеше орман қоры жерлеріндегі орман иеленушілер немесе орман пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады.

      2. Орман тұқымдары мен көшет материалдарын пайдалану, сондай-ақ оларды тасымалдау ормандарды жасанды жолмен қалпына келтіру және орман өсіру үшін тұқымдар мен көшет материалын пайдаланудың географиялық және экологиялық таралу аймағы (тасымалдау шекарасы) реттелетін орман тұқымдарын аудандастырумен қатаң сәйкестілікте жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында отандық және шетелдік тұқымдар мен көшет материалын пайдалану өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның карантиндік, фитосанитариялық сертификаттары мен импорттық карантиндік рұқсатнамалары болған жағдайда жүзеге асырылады.

      4. Орман егу және көшет материалын өсіру кезінде тек тексерілген және кондициялы тұқымдар ғана пайдаланылады. Шетелдік тұқымдар мен көшет материалы карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен жасырын залалданудың болуына интродукциялық-карантин питомниктерінде тексерілуге тиіс.

      5. Себу үшін пайдалануға жататын тұқымдар олардың жаппай өсіп-өнуін ынталандыру және топырақта өсіп шығуын арттыру мақсатында себу алдындағы өңдеуден өтеді.

      6. Тұқымдарды себу алдында өңдеудің мынадай тәсілдері қолданылады: тұқымды стратификациялау (тұқымның өніп шығуын жеңілдету) (тұқымды тоңазыту), тұқымның сыртқы қабаттарына механикалық, жылумен және химиялық әсер ету, тұқымдарды микроэлементтермен және өсу стимуляторларымен өңдеу, дыбыспен, ультрадыбыспен және магнитпен әсер ету, тұқымдарды дәрілеу және улау.
      Тұқымдарды тегіне байланысты себу алдында әзірлеу шараларын жүргізу тәсілдерінің ерекшеліктері осы Ереженің 1-қосымшасында келтірілген.

      7. Тұқымдарды себуге стратификациялау арнайы үйлерде, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі (жылы стратификация тұқымның түріне байланысты +10-нан +35 0 С-қа дейін, салқын стратификация 0-ден +7 0 С-қа (+10 0 С сирек) дейін температурада жүргізіледі).

      8. Стратификацияның ұзақтығы тұқымның физиологиялық тыныштығының сипатына, тұқымның өсіп-өнуін тежейтін басқа да факторлардың болуына байланысты.

      9. Тұқымды стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте өнген тұқымдарды құрғап қалғанша кептіріп, содан кейін егеді.

      10. Орман тұқымдарын тасымалдау (тасу) кезінде олардың бүлінуіне жол бермеу үшін тұқымдарды белгілі бір ылғалдылыққа дейін жеткізіп, кептіреді де, 5-6 қабат қағаз немесе мата қаптарға, ағаш жәшіктерге және басқа ыдысқа тығыздамай салады. Ыдысқа салынған тұқымдардың бір орнының массасы 50 килограмнан аспауға тиіс.

      11. Қап-жәшіктің әрбір орыны тұқымның түр атауы, массасы, паспортының нөмірлері мен мерзімі, жөнелтуші мен алушы ұйымдардың атаулары мен мекен-жайлары көрсетілген ішкі және сыртқы заттаңбалармен жабдықталады.

      12. Тамыр жүйесі ашық екпе көшеттер, тікпе көшеттер және қысқы (сүректенген) қалемшелер көктемгі және күзгі кезеңдерде ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылады.
      Тамыр жүйесі жабық екпе көшеттер мен тікпе көшеттерді (топырақ түйнегімен, контейнерлердегі және басқалар) тамыр жүйесі кеуіп қалудан сақталған жағдайда бүкіл жыл бойына отырғызуға болады.

      13. Орман иеленуші мен орман пайдаланушы ормандарды жасанды жолмен қалпына келтіру және орман өсіру үшін өсірген немесе сатып алған көшет материалы орман шаруашылығы бойынша техникалық және технологиялық стандарттарға, сондай-ақ 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген осы Ереженің талаптарына сай келуге тиіс.

      14. Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру кезінде тегіс діңшелері, толық сүректенген өркен ұштары, тыныштық жағдайындағы әбден қалыптасқан бүршіктері, сондай-ақ шашақты тамырларының мөлшері жеткілікті жақсы тармақталған сау тамыр жүйесі бар екпе көшеттер мен тікпе көшеттер пайдаланылады.

      15. Ағаштар мен бұталардың барлық тұқымдарының діңшесінің биіктігі 10 сантиметрден 60 сантиметрге дейінгі екпе көшеттері стандартты көшет материалы болып есептеледі. Бұл ретте стандартты көшет материалының тамыр жүйесінің ұзындығы мынадай болады:
      топырақ мол ылғалданған жағдайда - 10-20 см;
      қалыпты ылғалданған жағдайда - 15-20 см;
      жеткіліксіз ылғалданған жағдайда - 20-30 см.

      16. Орман дақылдарын өсіру кезінде стандартсыз көшет материалын пайдалануға болмайды.

      17. Бұталарды қоспағанда, діңшелері қосарланған және басты өркені тармақталған, сондай-ақ әртүрлі зақымдары бар, соның ішінде зиянкестер мен аурулар бүлдірген көшет материалы стандартсыз материал болып есептеледі және ландшафтық-рекреациялық екпелер өсіру кезінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

      18. Көшет материалын сапасы мен саны бойынша орман иеленушінің (орман пайдаланушының) питомниктерде қабылдап алуды комиссия жүзеге асырады.

      19. Көшет материалы топ-тобымен қабылдап алынады. Топ болып бірдей жағдайларда өсірілген және осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген бір тұқымның, жасы мен шығу тегі бір екпе көшеттердің, тікпе көшеттердің кез-келген мөлшері есептеледі.

      20. Тасымалдау кезінде көшет материалы орамдарға түйіліп, саңылаулары бар жәшіктерге, қаптарға, себеттерге салынады.
      Тамыр жүйесінің кеуіп қалуына жол бермеу мақсатында көшет материалын жеткілікті мөлшерде дымқылдап, оған ағаш үгіндісін, қар себеді, сабанмен немесе қамыспен жауып тастайды.

                                   Ормандарды молықтыру және орман
                                    өсіру үшін тұқымдар мен көшет
                                        материалдарын пайдалану,
                                         тасымалдау ережесіне
                                               1-қосымша

         Тұқымдарды тегіне байланысты себу алдында
                    өңдеудің ерекшеліктері

р/с
N

Тегі

Тұқымды себуге дайындау тәсілдері

Тұқымдар-
дың өсу
қуатын
және
олардың
жердегі
өнгішті-
гін
ынталан-
дыруға
әзірлеу
әдістері

күзгі

көктемгі

1

2

3

4

5

1

Кәдімгі
өрік

Тұрақты
аяздарға екі
ай қалғанда
себілсе стра-
тификациялан-
байды.
Күз аяғында
себілсе
жиналған
сәттен бастап
жазғы транше-
яларда немесе
үй-жайларда
құм салынған
жәшіктерде
стратифика-
циялайды

3-5 0 С температу-
рада дымқыл
құм салынған
жәшіктерде
90-100 күн бойы
немесе қыста
тоңазымайтын
траншеяларда
стратификация-
лайды

Тұқымды тем-
пературасы
35 0 С суға
жібітеді,
үшінші
тәулікте
температу-
расы
16-18 0 С
су құяды.
Содан
кейін
темпера-
турасы 30-35 0 С
үй-жайлар-
да құм салынған
жәшіктерде
стратифи-
кациялайды.
Қоспаны
күніне 2-3
рет ауда-
рыстырып тұрады.
12-15-ші күні
өсіп-өне
бастайды.

2

Биік
айлант

Дайындамайды

2-3 күн бойы
суға жібітеді


3

Бұталы
аморфа

Дайындамайды

24 сағат бойы
суға жібітеді


4

Қара
жемісті
арония

Дайындамайды

Марганец қышқылы
калий ерітінді-
сінде (0,5 %) 2
сағат бойы жібі-
теді, содан
кейін 60 күн
стратификация-
лайды


5

Қотыр
қайың

Ерте жазда
себілсе алдын
ала тұқымды
жабысқақ күйге дейін жібітіп
алады, күз
аяғында және
қыста себілсе
дайындалмайды

Алдын ала
ішінара жабысқақ
күйге дейін
жібітіп алады
(2-3 тәулік)
немесе құрғақ
күйінде себеді

Алдын ала
жібітілген
тұқымды 2
тәулік
бойы қарға
аунатып, тоңазы-
тып алады.
Қарға аунату
ұзақтығы -
30 күн.
Темпера-
турасы
төмен
(0 0 С-қа жуық)
үй ішінде
құм салынған жәшіктерде
30 күн страти-
фикация-
лайды және
ТМТД-мен
немесе
фентиурам-
мен
дәрілейді.
Тұқымды 6
сағат бойы
0,005 % күкірт қышқы-
лы кобальт
ерітінді-
сімен
(COSO 4 ) неме-
се 0.001 %
молибден
ерітінді-
сімен
(NH 4 ) MoO 4
өңдейді.  
Марганец
қышқылы
калийдің
0,5 %
ерітінді-
сімен 2 сағат
дәрілейді

6

Түкті
қайың

Қажет емес

Алдын ала 2
тәулік бойы
жібітіп алады
немесе құрғақ
күйінде себеді

Қарға
аунатып
алады
немесе төмен
температу-
рада
(0 0 С-қа жуық)
алдын ала
жібітіл-
ген тұқым-
ды құм
салынған
жәшіктерде
30 күн
бойы
стратифи-
кациялай-
ды.
Алдынала
жібітілген
тұқымды
брезентке
үйіп, жабыс-
қақ күйге
дейін жеткізеді. ТМТД-мен немесе
фентиурам-
мен
дәрілейді.

7

Шығыс
биотасы

Тәулік бойы
жібітіп алады

Тәулік бойы жібітіп алады


8

Кәдімгі
қына-
ағаш

Қыркүйектен
кешіктірмей
себілсе дайын-
дамайды;
неғұрлым кеш
себілсе 30
күн стратифи-
кациялайды

80-90 күн бойы
0-5 0 С температу-
рада құм салын-
ған жәшіктерде
стратификация-
лайды

Тұқымды
50 0 С
темпера-
турадағы
суда 2
тәулік
бойы
жібітеді

9

Тікенді
(кәдім-
гі)
долана

Сеппейді

12-24 сағат бойы
45 % күкірт
қышқылы ерітін-
дісінде жібітеді,
жуып-шаяды және
температурасы
20-25 0 С үй
-жайларда180-240
күн стратифика-
циялайды


10

Алқызыл
долана

Сеппейді

Жинап алғаннан
кейін бірден
5-10 0 С темпера-
турада 160-260
күн бойы үнемі
ылғалдандыра
және араластыра
отырып стратифи-
кациялайды


11

Бір
аналық
долана

Жинаған соң 1
жыл ішінде
стратифика-
циялап, келесі
күзде себеді.
Стратификация
алдында 3-4
күн жібітеді

Сеппейді


12

Кәдімгі
шие
және
дала
шиесі

Жиналған
сәттен бастап
себуге дейін
жаңа жиналған,
кептірілмеген
тұқымдарды
жазғы траншея-
ларда немесе
салқын үй
ішінде страти-
фикациялайды

Жинаған сәттен бастап 180 күн ішінде (дала шиесі үшін - 120-180 күн)
үйжайда немесе
тоңазымайтын
траншеяларда
стратификация-
лайды


13

Жылтыр шегір-
шін

Жинағаннан
кейін бірден
құрғақ күйінде
себеді немесе
2 сағат суға
жібітіп,
кептіріп
алады



14

Үш
тіке-
некті 
(кәдім-
гі) қа-
рамала

Тұқымды жина-
ған сәттен
бастап себуге
дейін жазғы
траншеяларда
немесе құм
салынған
жәшіктерде
стратифика-
циялайды.
Құрғақ тұқымды
ерте көктемде
себуге болады

Тұқымға тым
ыстық су (90 0 С)
құяды, содан соң
салқындаған суда
10 сағат
қалдырады. Су
мен тұқымның
арақатынасы 3:1.
Ісінбеген тұқымды
қайта өңдейді.

Ыстық су
құюды күкірт
қышқылының
концентра-
тымен 2
сағат
өңдеу мен
алмасты-
руға болады

15

Кәдімгі
алмұрт

Аязға 1,5 ай
қалғанда
себер болса
дайындамайды,
кешірек себетін
болса жинаған
сәттен бастап
жазғы траншея-
ларда страти-
фикациялайды

Алдын ала 2 тәу-
лік жібітілген
тұқымды қыста
тоңазымайтын
траншеяларда
немесе үйжайда
0-5 0 С температу-
рада стратифика-
циялайды.
Стратификация
мерзімі - құмда
90 күн, шымтезек
ұнтағында 75 күн

Стратифи-
кациялан-
баған
тұқымды
гибберел-
линнің
0,002%
ерітінді-
сінде 3
тәулік
бойы
жібітеді,
содан
кейін
дымқыл
құммен
аралас-
тырады.
Тұқым 6-7
күннен
кейін
өсіп-өнеді.
ТМТД-мен
немесе
фентеурам-
мен
дәрілейді

16

Ақ
дерен
және 
алқызыл
дерен 
(сви-
дина)

Жинаудан себуге дейін бірден
жазғы траншея-
ларда стратифи-
кациялайды.
Жинаған
соң дайындық-
сыз бірден
себуге болады.

Үйжайларда құм
салынған жәшік-
терде 180 күн
бойы немесе
жинаған соң
бірден жазғы,
содан кейін
қысқы тоңазымай-
тын траншеяларда
240-270 күн бойы
стратификация-
лайды

Тұқымды 15
күн бойы
қарға аунатып
алады,
содан
кейін оны
үй-жайлар-
да 90 күн
бойы 5-6 0 С
темпера-
турада
стратифи-
кациялайды

17

Өте әдемі емен

Дайындамайды

Қыста траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде сақталған соң дайындықты қажет етпейді


18

Кәдімгі шырша және сібір шыршасы

Дайындамайды

9-12 сағат суға жібітеді

Жібітілген
тұқымды
себу алдында
60-90 күн
бойы қарға
аунатып
алады.
Марганец
қышқылы
калийдің
0,5 % ерітін-
дісінде 2
сағат жібітеді. ТМТД-мен, 
фентиу-
раммен,
БМК-мен немесе
фундазол-
мен
дәрілейді. 
Мынадай
микроэле-
менттердің
су ерітін-
ділерінде
12-18
сағат
жібітеді:
күкірт қышқы-
лы кобальт
(0,03 %),
күкірт қышқы-
лы мыс
(0,03 %)
немесе мар-
ганец қышқылы
калийдің,
бор қыш-
қылының,
күкірт
қышқылы
мыстың, мырыштың
және кобальттің
(0,002
%-тен)
қоспасы

19

Шренк
(тянь-
шань)
шыршасы

Сеппейді

Алдын ала бір
тәулік суға жі-
бітілген тұқым
қарға аунатылады.
Қарға аунату
мерзімі 1-1,5 ай.
Қарға аунатқаннан
кейін 0,5% KMnO 4
ерітіндісінде
30 минут дәрілейді

Тұқымды
темпера-
турасы
35-40 0 С
суға
салып, 24
сағат ұстайды.
Содан соң
оны 0,5 %
KMnO 4 ері-
тіндісін-
де 30
минут
дәрілеп,
көлеңкеде
әбден
кептіріп
алып себеді.

20

Кәдімгі
ұшқат

Дайындауды
қажет етпейді

Қысқы тоңазымай-
тын  траншеяларда
немесе үйжайларда
2-5 0 С температу-
рада 60-90 күн
стратификация-
лайды


21

Татар
ұшқаты

Дайындауды
қажет етпейді

Қысқы суық
траншеяларда
немесе үй-жай-
ларда 2-5 0 С
температурада
50-60 күн стра-
тификациялайды

Себу
алдында
шағын
қаптарға
салып
1,5 ай
бойы қар
үстіне
қойып
қояды
немесе
5-8 0 С
темпера-
турада
аптасына
2 рет
ылғалдан-
дыра және
аралас-
тыра
отырып
ағаш
үгінді-
лерінде
стратифи-
кация-
лайды.
18-20
күннен
кейін
тұқым
өнеді

22

Кәдімгішәңгіш

Жаңа жиналған
тұқымдарды
жазғы траншея-
ларда страти-
фикациялағанда
өскіндер бір
жылдан кейін
пайда болады.

Жинаған соң
алдымен жазғы,
одан кейін қыста
тоңазымайтын
траншеяларда
немесе алдымен
үй-жайларда
15-18 0 С темпе-
ратурада, содан
соң қыста 5 0 С 
дейін төмен
температурада
стратификация-
лайды


23

Ағаш
тәріз-
дес
қара-
ған
(сары
қара-
ған)

Дайындауды
қажет етпейді

Бөлме температу-
расындағы суда 5
сағат жібітеді

45 күн
бойы
қарға
аунатады
немесе
0 0 С мұзда
30 күн
бойы
ұстайды

24

Кәдімгі
аттал-
шын

Дайындауды
қажет етпейді

Қысқы тоңазымай-
тын траншеяларда
сақтау кезінде
дайындайды

Сақтаудан
кейін жылы
жерде бірнеше
күн ұстап,
өнгенше,
аралас-
тырып
және
ылғал-
дандырып
тұрады

25

Жалған
сүйір
жапы-
рақты
үйеңкі
(явор,
ақ
үйеңкі)

Ерте күзде
себуді дайын-
дықсыз жүргі-
зеді, ал кеш
себілетінде-
рін жиналған
сәттен себуге
дейін жазғы
траншеяларда
стратифика-
циялайды

Алдымен үй-жайда
0-3 0 С темпера-
турада 45 күн
стратификация-
лайды, содан
кейін 45 күн
бойы қар астында
ұстайды.
Тұқымды 3 тәулік
бойы жібітеді,
содан соң
алдымен 5-10 0 С
температурада
үй-жайда 60 күн,
одан кейін
0 0 С-та 60 күн
стратификация-
лайды

Қарда
45-60
күн
страти-
фикация-
лайды.
Молибден
аммоний-
дің 3%
ерітін-
дісінде
24 сағат
жібітеді,
содан
соң 8
күн бойы
күніне
3 рет
4 минутқа
жылы суға
(35-38 0 С)
және суық
суға
(0 0 С)
салады  

26

Сүйір
жапы-
рақты
үйеңкі
(пла-
тан
тәріздіүйеңкі)

Ерте күзде
себуді дайын-
дықсыз жүргі-
зеді, ал кеш
себілетінде-
рін жиналған
сәттен себуге
дейін жазғы
траншеяларда
стратифика-
циялайды

Үй-жайларда
немесе қысқы
тоңазымайтын
траншеяларда
стратификация-
лайды.
Стратификациялау
мерзімі 45-60
күн.

Қар араласты-
ра отырып
45-60 күн
стратифи-
кациялайды.
Тұқымға
жылы
(40 0 С) су
құйып, брезентпен
жауып, 3
тәулік ұстайды.
Содан
кейін
30 0 С жуық
температу-
радағы үй-
жайларда
құм
салынған
жәшіктерде
ұстап, күн
сайын аралас-
тырып және
ылғалданды-
рып тұрады.
Тұқымдар 7-ші
күні өнеді.
ТМТД-мен
немесе фенти-
ураммен
дәрілейді

27

Дала
үйең-
кісі

Жиналғаннан
кейін жазғы
траншеяларда
себуге дейін
кемінде 45
күн стратифи-
кациялайды

Жинағаннан кейін
алдымен жазғы,
содан кейін
қысқы тоңазымай-
тын траншеяларда
150-180 күн стра-
тификациялайды

Тұқымды 3
күн жібі-
тіп,
алдымен
үй-жайларда
10-15 0 С
темпера-
турада
60 күн,
содан
кейін
0 0 С тем-
перату-
рада
30-60 күн
страти-
фикация-
лайды

28

Күміс
үйеңкі

Сеппейді

Жинаған соң дайындықсыз бірден себіледі
(мамырдың аяғы -
маусымның басы)

Құрғақ ауа
райында
екпелерді суару
міндетті

29

Татар
үйең-
кісі
(үйеңкі
емес,
қара
үйеңкі)

Жиналғаннан
себуге дейін
жазғы траншея-
ларда страти-
фикациялайды

Күзден бастап
қысқы тоңазы-
майтын траншея-
ларда стратифи-
кациялайды

Тұқымды
құм салын-
ған жәшік-
терде
0-3 0 С
темпе-
ратурада
әрбір 2-3
күн сайын
ылғал-
дандыра
және ара-
ластыра
отырып
страфика-
циялайды.
30 күннен
соң ылғал-
дандыруды тоқтатады, темпера-
тураны
0 0 С дейін
төмен-
детеді. 2-ші күні
тұқымды
қайта
ылғал-
дандырып,
темпера-
тура-
ны 5 0 С
дейін
көтереді.
Бұдан
кейін
тұқым
18-20-шы
күні өнеді.
Дайын-
дықтың
жалпы
ұзақтығы
50 күн

30

Шаған
жапы-
рақты
үйеңкі

Дайындауды
қажет етпейді

Үй-жай ішінде 30
күн стратифика-
циялайды немесе
1 ай қар астында
ұстайды


31

Ірі
жапы-
рақты
жөке

Тұқымды
жиналғаннан
бастап жазғы
траншеяларда
немесе құм
салынған
жәшіктерде 90
күн бойы
стратифика-
циялайды

Алдымен жазғы
траншеяларда
немесе үй-жай-
ларда, ал содан
кейін 0-5 0 С
температурада
қысқы тоңазымай-
тын траншеяларда
стратификация-
лайды. Стратифи-
кация ұзақтығы -
180 күнге дейін


32

Ұсақ
жапы-
рақты
жөке

Тұқымды жина-
ғаннан соң
себуге дейін
жазғы траншея-
ларда страти-
фикациялайды

Тұқымды жазғы,
содан соң қысқы
тоңазымайтын
траншеяларда
стратификация-
лайды

Тұқымды
ауық-ауық
ауысты-
рылып
тұратын
суда
10 күн
жібітеді,
содан
соң 30
күн
15-25 0 С
темпера-
турада
және
90-120
күн 0 0 С темпера-
турада
страти-
фикация-
лайды

33

Сібір
балқа-
рағайы

Дайындауды
қажет етпейді

9-12 сағат суға
жібітеді және
1-1,5 ай қарға
аунатады; КМn O 4
0,5% ерітінді-
сінде 30 минут
дәрілейді

Тұқымды 3
тәулік марга-
нец қыш-
қылы
калийдің
0,004 %
ерітін-
дісін-
де +26 0 С
темпера-
турада жібітеді,
содан
кейін дәке
дорбаларға
салып,
дымқыл
ағаш үгінділе-
рімен
(1,5-2 см
қабатпен)
көміп, 2
тәулік ұстайды.
Тұқымды
24 сағат бром
калийінің
0,5 % ерітін-
дісінде
немесе
0,05 %
колхицин
ерітін-
дісінде
жібітеді.
Тұқымды
себуге 30
сағат қал-
ғанда
әлсіз
әк ері-
тіндісінде
(10 л
суға
200-250
гр әк)
жібітеді.

34

Жіңішке жапы-
рақты
жиде

Ерте күзде
сепкенде
жинаудан кейін
дайындамайды;
кеш себілсе,
жиналған
кезден бастап
сепкенге
дейін жазғы
траншеяларда
стратификация-
лайды

Алдын ала 4
тәулік жібітіл-
ген тұқымды
қысқы тоңазымай-
тын траншеяларда
немесе 16-20 0 С
температурада
үй-жайлар ішінде
стратификация-
лайды. Стратифи-
кациялау ұзақтығы
- 90-120 күн

Тұқымға ыстық
су
(50-60 0 С
құйып, бір
тәулік
жібітеді. Содан
кейін
темпера-
турасы
16-20 0 С
үй-жайда
құм са-
лынған
жәшіктерде
стратифи-
кация-
лайды.
15-20-шы
күні өне
бастайды.

35

Кәдімгі
бадам

Дайындауды
қажет етпейді

Үй-жайларда
немесе траншея-
ларда 30-60 күн
стратификация-
лайды


36

Вирги-
ния
аршасы

Топырақтың
қатуына 1,5-2
ай қалғанда
себілетін
болса, дайын-
дауды қажет
етпейді

Үй-жай ішінде
20-30 0 С
температурада 30
күн, 15 0 С темп
ратурада 120 күн
стратификация-
лайды

Тұқымды 30-50
мин мөл-
шерде
күкірт қышқылы концентра-
тымен өңдейді,
сумен
шаяды,
содан
кейін
0-5 0 С
темпе-
ратурада
90-120
күн стра-
тифика-
циялайды

37

Кәдімгі арша

Топырақтың
қатуына 1,5-2
ай қалғанда
себілетін
болса, дайын
дауды қажет
етпейді

Үй-жай ішінде
20-30 0 С темпера-
турада 30 күн,
15 0 С температу-
рада 120 күн
стратификация-
лайды


38

Түр-
кістан
аршасы

Жаңа жиналған
тұқымды
дайындамай
сол күйінде
тамыз айы
ішінде себеді

Өткен жылғы
терең тыныш-
тықтағы тұқымды
жазда шілдеде-
тамыздың бас
кезінде себеді.


39

Жарты
шар
тәрізді
арша

Бұл да
қыркүйектің
бірінші
жартысында
себіледі

Бұл да солай


40

Шыр-
ғанақ

Топырақ
қатпай тұрып
1 айдан
кешіктірмей
себілсе,
дайындауды
қажет етпейді

Үй-жайда 0-5 0 С температурада
құм салынған
жәшіктерде 90
күн стратифика-
цияланады

3 тәулік
суда
жібітіп
алып, үй-
жайда 30
күн стра-
тифика-
циялайды

41

Грек
жаңғағы

Дайындамайды

Үй-жайда құмда
0-5 0 С температу-
рада 30-45 күн
стратификация-
лайды

Тұқымды
көктемде
себуге
5-7 күн қалғанда
қапқа
салынған күйінде
тау өзе-
нінің
ағын
суына
малады.

42

Кәдімгі
шабдал

Дайындауды
қажет етпейді

Үй-жайда 0-5 0 С
температурада
100-120 күн
стратификация-
лайды


43

Сібір самыр-
сыны

Дайындауды
қажет етпейді

Алдын-ала жібі-
тілген тұқымды
30 күн 0-5 0 С
температурада
құм салынған
жәшіктерде
стратификация-
лайды

Алдын-ала
жібітілген
тұқымды 30
күн қарға
аунатады

44

Жалған
қара-
ған
(ақ
қара-
ған)

Сеппейді

Тұқымды страти-
фикациялайды
немесе температурасы 80-85 0 С
су құйып,
алғашқы 15-20
мин араластырып,
суығанша қалды-
рады. Қажет
болса ісінбеген
тұқымдарды елек-
тен өткізіп алып,
оларды өңдеуді
қайталайды


45

Тюрин-
ген
үлбі-
регі

Шала піскен
жемістер
тұқымын
сепкенде
дайындауды
қажет етпейді

Шала піскен
жемістер тұқымын
үй-жайда 0-5 0 С
температурада
құм салынған
жәшіктерде
210-240 күн
стратификация-
лайды


46

Кәдімгі шетен

Жинап алған-
нан бастап
сепкенге дейін
жазғы траншея-
ларда немесе
үй-жайда
стратифика-
циялайды 

Температурасы
0-5 0 С үй-жайда
дымқыл  құмда
90-120 күн
стратификация-
лайды, содан
кейін қармен
көмеді Стратификацияның
жалпы ұзақтығы -
150-180 күн

Стратифи-
кациялан-
баған
тұқымды
гибберел-
линнің 0,002%
ерітінді-
сінде 3
тәулік
жібітеді,
содан
кейін
дымқыл
құммен
араласты-
рады. 7
күннен
кейін
өнеді

47

Ақ сек-
сеуіл,
және
қара
сек-
сеуіл

Қыста сепкенде
дайындауды
қажет етпейді

Дайындауды қажет
етпейді


48

Кәдімгі
мамыр
гүл

Дайындауды
қажет етпейді

Үй-жайда 0-5 0 С
температурада
құм салынған
жәшіктерде 45
күн стратифика-
циялайды

10-15
сағат
суда
жібітеді,
содан
кейін
дымқыл
ағаш
үгінді-
сінде
немесе
шымтезекте
2-8 күн
ұстайды

49

Үй
қара-
өрігі

Жазғы траншея-
ларда 90 күн
стратификация-
лайды

Қысқы тоңазымай-
тын траншеяларда 
кемінде 150 күн
стратификация-
лайды


50

Тікенді қара-
өрік
(шо-
мырт)

Ерте жазда,
тамызда себе-
тілетін болса
дайындауды
қажет етпейді,
кеш себілетін
болса жинал-
ғаннан бастап
себуге дейін
(2 ай бойы)
жазғы траншея-
ларда, өткен
жылдың тұқымын
- 80 күн стра-
тификациялайды

Жинала салысымен
үй-жайда 150-180
күн немесе қысқы
тоңазымайтын
траншеяларда
180-210 күн стра-
тификациялайды


51

Алхоры
өрік
(алша)

Жинала салысы-
мен себуге
дейін жазғы
траншеяларда
стратифика-
циялайды.
Өткен жылғы
тұқымды 60-90
күн стратифи-
кациялайды

Жинала салысымен  жазғы траншея-
ларда стратифика-
циялайды, ал
содан кейін
қысқы тоңазымай-
тын траншеяларда
120-170 күн
немесе темпера-
турасы 3-5 0 С
үй-жайда 150 күн 
стратификация-
лайды


52

Қызыл күрең қарақат

Жазғы
траншеяларда
45-60 күн стратифика-
циялайды

Үй-жайда 90-120
күн стратифика-
циялайды

Тұқымды бас-
тапқы темпе-
ратурасы
50 0 С суда 24 сағат
жібітеді.
Содан
кейін
12-15 0 С темпера-
турада
күн сайын
араласты-
рып,
ылғалдан-
дырып 30 күн стра-
тифика-
циялайды.
Ауыспалы темпера-
турада
(жылы және
суық)  стратифи-
кацияла-
ғанда тұқымды
30 күн
дайындайды.

53

Қара
қарақат

Жазғы транше-
яларда 45-60
күн стратифи-
кациялайды

Үй-жайда 90-120
күн стратифика-
циялайды


54

Сібір
самыр-
сын қа-
рағайы

Дайындамайды,
тек марганец
қышқылы калий-
дің 0,5 %
ерітіндісінде
жібітеді

Тұқымды алдын-ала
3 тәулік жібі-
теді, дымқыл
құммен, ағаш
үгіндісімен
немесе шымтезек
ұнтағымен ара-
ластырып, жәшік-
термен қар астына
немесе салқын
0 0 С үй-жайға
себуге дейін 2-3
ай қойып қояды.
Қысқы тоңазымай-
тын траншеяларда
сақтағанда да
дайындалады

Құммен
араласты-
рылған
тұқымды
(2:1) қалың-
дығы 20 см,
50% дейін
толық ыл-
ғал сақтағанша
сулап,  
30-40 0 С
температу-
рада 12
сағат
бүркептір-
гішке қояды,
содан
кейін
қарға көмеді.
Бұдан
кейін
қайта сулап,
бүр кеп-
тіргіш-
терге
қояды, содан
соң қар астына қояды.
Екі мәрте
өңдеуден
өткен тұқымды
10-11 күн
стратифи-
кациялайды.
ТМТД неме-
се фентиу-
раммен
дәрілейді.

55

Қырым
қара-
ғайы

Себілмейді

Тұқымды 9-12
сағат суға
жібітеді


56

Кәдімгі қарағай

Дайындауды
қажет етпейді

Тұқымды 9-12
сағат суға
жібітеді.
Дорбаларға
салынған құрғақ
немесе жібітіл-
ген тұқымды 1-2
ай қарға қояды. 

Тұқымды жібітіп, өнгенше
ылғалды
күйінде
ұстайды және
1-2 айға қар
астына
шығарып қояды.
Микориз
құрайтын майқұлақ саңырауқұ-
лағының  таза
дақылымен
тұқым микори-
зациясын
жүргізеді.
24 сағат
0,02 % дейін
күкірт
қышқылы
мырыш, күкірт
қышқылы
марганец
(0,1 %
және
одан төмен),
бор
қышқылы
(0,025%)
және гетеро-
ауксин (0,01
% және
одан
төмен)
ерітін-
дісінде
жібітеді.
Жиілігі
22,5кГц және
қуаты 15 Вт
ульрта-
дыбыспен
10 минут
өңдейді.

57

Ақ
терек

Дайындауды
қажет етпейді
(жиналған соң
бірден себіледі)



58

Қара терек

Дайындауды
қажет етпейді
(жиналған соң
бірден себіледі)



59

Батыс
боз
аршасы 

Дайындауды
қажет етпейді.

Жібітілген
тұқымды бір ай
бойы қарға
аунатады


60

Нағыз
пісте

Себілмейді.

Тұқымды 12-15 сағат жылы суда
(40 0 С) жібітіп,
құм салынған
жәшіктерде (1:3)
немесе траншея-
ларда 30-40 күн
стратификация-
лайды

Тұқымды 12-15
сағат жылы
суда (40 0 С)
жібітіп,
қаппен
жылы
жерге іліп
қояды және
өнебаста-
ғанша 9-12
күн анда-
санда сулап тұрады

61

Кәдімгі
мойыл

Дайындауды
қажет етпейді.

Үй-жайда 0-5 0 С
температурада
150-180 күн стра-
тификациялайды


62

Жабайы
орман
алмасы


Суда 2 тәулік
жібітеді, содан
кейін 0-5 0 С
температурада
құмда, шымтезек-
те немесе ағаш
үгіндісінде
75-105 күн стра-
тификациялайды

Стратифи-
кациялан-
баған
тұқымды
гибберл-
линнің
0,002%
ерітінді-
сінде 3 тәулік
жібітеді,
содан
кейін
дымқыл
құммен араласты-
рады.
Тұқым
6-7-ші
күні
өнеді.

63

Кәдімгі шаған

Онша толыспа-
ған тұқымды
жазғы траншея-
ларда маусым
айынан себуге
дейін страти-
фикациялайды

Үй-жайда алдымен
18-20 0 С темпера-
турада 2-3 ай,
содан кейін
5-11 0 С темпера-
турада стратифи-
кациялайды.
Стратификация-
лаудың жалпы
ұзақтығы 180-200
күн (шала піскен
тұқымдар)


                                      Ормандарды молықтыру және орман
                                    өсіру үшін тұқымдар мен көшет
                                        материалдарын пайдалану,
                                         тасымалдау ережесіне
                                               2-қосымша

        Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру үшін
       пайдаланылатын екпе көшеттерге қойылатын талаптар

Тұқымдардың атауы

Жасы,  жыл

Тамыр
мойнындағы діңнің
жуандығы,
(кем емес),
мм

1. Қылқан жапырақты
тұқымдар:



1.1. Шырша,
самырсын, арша

3-5

2,0

1.2. Қарағай,
қызылқарағай

2-3

2,5

2. Жапырақты
тұқымдар (бұталардан
басқа)

1-3

3,5

3. Бұталар

1-3

2,5

      Ескерту: Бұл талаптар тамыр жүйесі ашық көшеттерге қатысты

                                   Ормандарды молықтыру және орман
                                    өсіру үшін тұқымдар мен көшет
                                        материалдарын пайдалану,
                                         тасымалдау ережесіне
                                               3-қосымша

       Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру үшін
       пайдаланылатын көшет материалына (қалемшелерге)
                         қойылатын талаптар

р/с N

Тұқымдардың атауы

Орман өсе-
тін
аймақ-
тар

Жасы, жыл

сорт

Тамыр
мойнын-
дағы
діңнің жуанды-
ғы (кем
емес),
мм

Жердегі бөлі-
гінің биікті-
гі
(кем
емес),
см

1

2

3

4

5

6

7

1

Салпыншақ қайын
(қотыр қайың)
Betula pendula
Roth (B.verucosa
Ehrh.)

барлық аймақ

3-4

1

2

8

5

50

35

2

Кәдімгі қынаағаш
Ligustrus
vulgare L.

таулы аудан-
дар

2-3

1

2

9

6

80

60

3

Қарағаш
Ulmus pinnato-ramosa
Dieck.

орман-
ды
дала,
дала

2-3

1

2

8

6

55

40

4

Кәдімгі алмұрт
Pirus communis
L.

барлық аймақ

2-3

1

2

7

5

45

30

5

Өте әдемі емен
Quercus robur L.

барлық аймақ

3-4

1

2

9

6

45

30

6

Кәдімгі немесе
еуропалық шырша
Picea abies
(L.) Karst.

барлық аймақ

5-6

1

2

5

4

20

15

7

Сібір шыршасы
Picea obovata
Lebed.

орман-
ды дала

5-6

1

2

6

4

30

20

8

Шренк шыршасы
Picea
Schrenkiana
Fischet Meg.

таулы аудан-
дар

5-6

1

2

6

4

25

15

9

Ағаш тәріздес
қараған (сары
қараған)
Caragana
arborescens Lam.

барлық аймақ

3-4

1

2

6

4

35

25

10

Еуропалық екпе
талшыны
Castanea sativa
Mill.

барлық аймақ

2-3

1

2

15

10

60

45

11

Жалған платанға
ұқсас үйеңкі
(явор, ақ
үйеңкі)
Acer
pseudoplatanusL.

барлық аймақ

2-3

1

2

10

6

55

40

12

Сүйір жапырақты
үйеңкі
(платан тәрізді
үйеңкі)
Acer
platanoides L.

барлық аймақ

3-4

1

2

8

6

35

25

13

Ат талшыны
Aesculus
hippocastanum L.

барлық аймақ

2-3

1

2

15

10

40

25

14

Кіші жапырақты
жөке
Tilia cordata
Mill.

барлық аймақ

3-4

1

2

9

5

50

30

15

Сібір
балқарағайы
Larix sibirica
Ledeb.

орман-
ды дала

3-4

1

2

9

5

40

25

16

Шырғанақ
Hippophae
ramnoides L.

барлық аймақ

3-4

1

2

9

7

35

25

17

Грек жаңғағы
Juglans regia L.

барлық аймақ

3-4

1

2

20

10

60

40

18

Сібір
майқарағайы
Abies sibirica
Ledeb.

таулы аудан-
дар

6-8

1

2

6

4

25

15

19

Шығыс биотасы
Biota
orientalis Endl

барлық аймақ

4

1

2

12

7

60

40

20

Жалған қараған
тәрізді инеш
(ақ қараған)
Robinia
pseudoacacia L.

барлық аймақ

1-2

81

12

8

6

70

50

21

Кәдімгі шетен
Sorbus
aucuparica L.

барлық аймақ

3-4

1

2

9

7

35

25

22

Сібір самырсыны
Pinus sibirika
Du Tour

барлық аймақ

6-7

1

2

10

6

30

20

23

Кәдімгі қарағай
Pinus
silvestris L.

орман-
ды
дала

3-4

1

2

8

5

25

20

24

Ақ терек (күміс
терек)
Populus alba L.

орман-
ды дала, дала

2-3

1

2

10

7

100

70

25

Қара терек
Populus nigra L.

орман-
ды дала

2

1

2

7

6

80

60

26

Орман алмасы
Malus
silvestris (L.)
Mill.

барлық аймақ

2-3

1

2

8

6

45

30

27

Кәдімгі шаған
Flaxinus
excelsior L.

барлық аймақ

3-4

1

2

9

7

35

25

      Ескерту: Аумақ жөнінен орман өсетін аймақтарға, қосымша аймақтарға және табиғи өңірлерге енетін әкімшілік аудандар:
      1. Орманды дала аймағы:
      Солтүстік Қазақстан облысы;
      Қостанай облысының солтүстік аудандары;
      Павлодар облысының солтүстік-шығыс аудандары.
      2. Дала аймағы:
      Қостанай облысы (солтүстік аудандардан басқа);
      Павлодар облысы (солтүстік-шығыс аудандардан басқа);
      Көкшетау, Ақмола, Шығыс-Қазақстан (таулы аудандардан басқа);
      Атырау және Ақтөбе облыстары;
      Қарағанды облысының солтүстік бөлігі.
      3. Таулы аудандар:
      Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

                                   Ормандарды молықтыру және орман
                                    өсіру үшін тұқымдар мен көшет
                                        материалдарын пайдалану,
                                         тасымалдау ережесіне
                                               4-қосымша

                         көшет материалына
                      N _____  ТӨЛҚҰЖАТ

                                        "__"____________ 200 __ ж.
___________________________________________________________________
          (питомник, орман иеленуші, орман пайдаланушы,
___________________________________________________________________
               заңдық, пошталық мекен-жайы)
өсірілген _________________________________________________________
             (көшет материалының түрі: екпелер, тікекпелер,
___________________________________________________________________
соның ішінде тамыр топырағымен, тұқымы)

                     1. Сапа көрсеткіштері

Партия
нөмірі

Екпелердің (тікекпелердің)
стандарт талаптарына
сәйкестігі

Жасы

Сорты

Мөл-
шері,
саны






  Қазылған уақыты_______Қаттау уақыты_____Жіберілген уақыты__________
Пайдалану мақсаты _________________________________________________
                   (дербес қажеттілік, өткізу, тасымалдау ауданы)
Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның берген
құжаты_____________________________________________________________
              (көшет материалы карантин ауданынан басқа жерге
___________________________________________________________________
                     әкетілгенде толтырылады)

                 2. Тұқым материалының шығу тегі

Тұқым жиналған жер_________________________________________________ 
                  (облыс, аудан, орман иеленуші, орман пайдаланушы,
___________________________________________________________________
                   орманшылық, орам)
Тұқымның сапасы туралы куәлік _____________________________________
                                  (N, қашан және кім берген)
Тұқым селекциялық санаты___________________________________________
                               (сортты, жақсартылған, қалыпты)

                          3. Өсіру шарттары

Өсіру тәсілі ______________________________________________________
                  (ашық жер, бақылау жасалатын орта жағдайлары)
Топырақ жағдайлары, қолданылатын субстрат __________________________
Тыңайтқыш шашу, басқа агротехникалық іс-шаралар ____________________
                                                   (атауы, доза,
____________________________________________________________________
                      кезеңділігі, т.б.)
Зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арамшөптермен күресу
жөніндегі іс-шаралар_______________________________________________
                     (препараттың түрі, атауы, өңдеу мерзімі мен
___________________________________________________________________
                                  кезеңділігі)
Орман иеленуші, орман пайдаланушы _________________________________
                                             (қолы, т.а.ж.)

М.О.

___________________________________________________________ тіркелді
(орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру
___________________________________________________________________
және орман өсіру саласындағы аумақтық орган)

N___ "____" _________200  ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады