Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұқымдар мен егу материалдарын пайдалану, тасымалдау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6537 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 79-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұқымдар мен көшет материалдарын пайдалану, тасымалдау ережесі бекітілсін.
      2. «Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұқымдар мен көшет материалдарын пайдалану, тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 мамырдағы № 110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2006 жылы № 2, 204-құжат жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж.Ы. Омаров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдің м.а.                                    Е. Аман

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2010 жылғы 1 қыркүйектегі    
№ 553 бұйрығымен бекітілген   

Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұқымдар мен егу материалдарын пайдалану, тасымалдау ережесі

      1. Осы ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін орман тұқымдары мен егу материалдарын пайдалану, тасымалдау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 79-бабына сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін орман тұқымдары мен егу материалдарын пайдалану, тасымалдау тәртібін реттейді және орман иеленушілер немесе орман пайдаланушылар үшін, соның ішінде жекеше орман қоры жерлеріндегі орман иеленушілер немесе орман пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады.
      2. Орман тұқымдары мен егу материалдарын пайдалану, сондай-ақ оларды тасымалдау ормандарды жасанды жолмен қалпына келтіру және орман өсіру үшін тұқымдар мен егу материалын пайдаланудың географиялық және экологиялық таралу аймағы (тасымалдау шекарасы) реттелетін орман тұқымдарын аудандастырумен қатаң сәйкестілікте жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында отандық және шетелдік тұқымдар мен егу материалын пайдалану өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның карантиндік, фитосанитариялық сертификаттары мен импорттық карантиндік рұқсатнамалары болған жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Орман егу және егу материалын өсіру кезінде тек тексерілген және кондициялы тұқымдар ғана пайдаланылады. Шетелдік тұқымдар мен егу материалы карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен жасырын залалданудың болуына интродукциялық-карантин питомниктерінде тексерілуге тиіс.
      5. Себу үшін пайдалануға жататын тұқымдар олардың жаппай өсіп-өнуін ынталандыру және топырақта өсіп шығуын арттыру мақсатында себу алдындағы өңдеуден өтеді.
      6. Тұқымдарды себу алдында өңдеудің мынадай тәсілдері қолданылады: тұқымды стратификациялау (тұқымның өніп шығуын жеңілдету) (тұқымды тоңазыту), тұқымның сыртқы қабаттарына механикалық, жылумен және химиялық әсер ету, тұқымдарды микроэлементтермен және өсу стимуляторларымен өңдеу, дыбыспен, ультрадыбыспен және магнитпен әсер ету, тұқымдарды дәрілеу және улау.
      Тұқымдарды тегіне байланысты себу алдында әзірлеу шараларын жүргізу тәсілдерінің ерекшеліктері осы Ереженің 1-қосымшасында келтірілген.
      7. Тұқымдарды себуге стратификациялау арнайы үйлерде, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі (жылы стратификация тұқымның түріне байланысты +10-нан +350С-қа дейін, салқын стратификация 0-ден +70С-қа (+100С сирек) дейін температурада жүргізіледі).
      8. Стратификацияның ұзақтығы тұқымның физиологиялық тыныштығының сипатына, тұқымның өсіп-өнуін тежейтін басқа да факторлардың болуына байланысты.
      9. Тұқымды стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте өнген тұқымдарды құрғап қалғанша кептіріп, содан кейін егеді.
      10. Орман тұқымдарын тасымалдау (тасу) кезінде олардың бүлінуіне жол бермеу үшін тұқымдарды ауа құрғақ ахуалдығына дейін жеткізіп (ылғалдығы 12 %) кептіреді де, 5-6 қабат қағаз немесе мата қаптарға, ағаш жәшіктерге және басқа ыдысқа тығыздамай салады. Ыдысқа салынған тұқымдардың бір орнының массасы 50 килограмнан аспауға тиіс.
      11. Қап-жәшіктің әрбір орыны тұқымның түр атауы, массасы, паспортының нөмірлері мен мерзімі, жөнелтуші мен алушы ұйымдардың атаулары мен мекен-жайлары көрсетілген ішкі және сыртқы заттаңбалармен жабдықталады.
      12. Тамыр жүйесі ашық екпе көшеттер, тікпе көшеттер және қысқы (сүректенген) қалемшелер көктемгі және күзгі кезеңдерде ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылады.
      Тамыр жүйесі жабық екпе көшеттер мен тікпе көшеттерді (топырақ түйнегімен, контейнерлердегі және басқалар) тамыр жүйесі кеуіп қалудан сақталған жағдайда бүкіл жыл бойына отырғызуға болады.
      13. Орман иеленуші мен орман пайдаланушы ормандарды жасанды жолмен қалпына келтіру және орман өсіру үшін өсірген немесе сатып алған егу материалы орман шаруашылығы бойынша техникалық және технологиялық стандарттарға, сондай-ақ 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген осы Ереженің талаптарына сай келуге тиіс.
      14. Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру кезінде тегіс діңшелері, толық сүректенген өркен ұштары, тыныштық жағдайындағы әбден қалыптасқан бүршіктері, сондай-ақ шашақты тамырларының мөлшері жеткілікті жақсы тармақталған сау тамыр жүйесі бар екпе көшеттер мен тікпе көшеттер пайдаланылады.
      15. Ағаштар мен бұталардың барлық тұқымдарының діңшесінің биіктігі 10 сантиметрден 60 сантиметрге дейінгі екпе көшеттері стандартты егу материалы болып есептеледі. Бұл ретте стандартты егу материалының тамыр жүйесінің ұзындығы мынадай болады:
      орманды дала аймағы - 15-20 см;
      дала аймағы - 20-30 см.
      16. Орман дақылдарын өсіру кезінде стандартсыз егу материалын пайдалануға болмайды.
      17. Бұталарды қоспағанда, діңшелері қосарланған және басты өркені тармақталған, сондай-ақ әртүрлі зақымдары бар, соның ішінде зиянкестер мен аурулар бүлдірген егу материалы стандартсыз материал болып есептеледі және ландшафтық-рекреациялық екпелер өсіру кезінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
      18. Егу материалдарының сапасы мен саны бойынша орман иеленуші (орман пайдаланушының) тұқымбағының барлық қазып алынатын алаңда қабылдап алуды комиссия жүзеге асырады, оның құамында:
      тұқымбақтың өкілдері (тұқымбақ бастығы немесе орман екпелерінің инженері);
      карантиндық қадағалау қызметінің өкілдері;
      орман тұқымы станциясының өкілі.
      Қабылдап алу актының негізінде егу материалдарға паспорт беріледі. Қабылдап алу жылына екі рет көктемгі және күзгі егу материалдарын қазып алу алдында жүзеге асырылады
      19. Көшет материалы топ-тобымен қабылдап алынады. Топ болып бірдей жағдайларда өсірілген және осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген бір тұқымның, жасы мен шығу тегі бір екпе көшеттердің, тікпе көшеттердің кез-келген мөлшері есептеледі.
      20. Тасымалдау кезінде егу материалы орамдарға түйіліп, саңылаулары бар жәшіктерге, қаптарға, себеттерге салынады.
      Тамыр жүйесінің кеуіп қалуына жол бермеу мақсатында егу материалын дымқыл ағаш үгіндісімен, қармен, сабанмен немесе қамыспен көміп тастайды.

Ормандарды молықтыру және орман
өсіру үшін тұқымдар мен  
егу материалдарын пайдалану,
тасымалдау ережесіне 1-қосымша

Тұқымдарды тегіне байланысты себу алдында өңдеудің ерекшеліктері

Р/с№

Тегі

Тұқымды себуге дайындау тәсілдері

Тұқымдардың өсу қуатын және олардың жердегі өнгіштігін ынталандыруға әзірлеу әдістері

күзгі

көктемгі

1

2

3

4

5

1

Кәдімгі өрік

Тұрақты аяздарға екі ай қалғанда себілсе стра тификацияланбайды.
Күз аяғында себілсе жиналған сәттен бастап жазғы траншеяларда немесе үй-жайларда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

3-50С температурада дымқыл құм салынған жәшіктерде 90-100 күн бойы немесе қыста тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды температурасы 350С суға жібітеді, Үшінші тәулікте Температурасы 16-180С су құяды. Содан кейін температурасы 30-350С үй-жайларда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды. Қоспаны күніне 2-3 рет аударыстырып тұрады. 12-15-ші күні өсіп-өне бастайды.

2

Биік айлант

Дайындамайды

2-3 күн бойы суға жібітеді


3

Бұталы аморфа

Дайындамайды

24 сағат бойы суға жібітеді


4

Қара жемісті арония

Дайындамайды

Марганец қышқылы калий ерітіндісінде (0,5 %) 2 сағат бойы жібітеді, содан кейін 60 күн стратификациялайды


5

Қотыр қайың

Ерте жазда себілсе алдын ала тұқымды жабысқақ күйге дейін жібітіп алады, күз аяғында және қыста себілсе дайындалмайды

Алдын ала ішінара жабысқақ күйге дейін жібітіп алады (2-3 тәулік) немесе құрғақ күйінде себеді

Алдын ала жібітілген тұқымды 2 тәулік бойы қарға аунатып, тоңазытып алады. Қарға аунату ұзақтығы - 30 күн. Температурасы төмен (00С-қа жуық) үй ішінде құм салынған жәшіктерде 30 күн стратификациялайды және ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді.
Тұқымды 6 сағат бойы 0,005 % күкірт қышқылы кобальт ерітіндісімен (COSO4) немесе 0.001 % Молибден ерітіндісімен (NH4)2 MoO4 өңдейді. Марганец қышқылы
Калийдің 0,5 % ерітіндісімен 2 сағат дәрілейді

6

Түкті қайың

Қажет емес

Алдын ала 2 тәулік бойы жібітіп алады немесе құрғақ күйінде себеді

Қарға аунатып алады немесе төмен температурада (00С-қа жуық) алдын ала жібітілген тұқымды құм салынған жәшіктерде 30 күн бойы стратификациялайды. Алдынала жібітілген тұқымды брезентке үйіп, жабысқақ күйге дейін жеткізеді. ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді.

7

Шығыс биотасы

Тәулік бойы жібітіп алады

Тәулік бойы жібітіп алады


8

Кәдімгі қынаағаш

Қыркүйектен кешіктірмей себілсе дайындамайды;
неғұрлым кеш себілсе 30 күн стратификациялайды

80-90 күн бойы 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

Тұқымды 500С температурадағы суда 2 тәулік бойы жібітеді

9

Тікенді (кәдімгі) долана

Сеппейді

12-24 сағат бойы 45 % күкірт қышқылы ерітіндісінде жібітеді, жуып-шаяды және температурасы 20-250С үй -жайларда 180-240 күн стратификациялайды


10

Алқызыл долана

Сеппейді

Жинап алғаннан кейін бірден 5-100С температурада 160-260 күн бойы үнемі ылғалдандыра және араластыра отырып стратификациялайды


11

Бір аналық долана

Жинаған соң 1 жыл ішінде стратификациялап, келесі күзде себеді. Стратификация алдында 3-4 күн жібітеді

Сеппейді


12

Кәдімгі шие және дала шиесі

Жиналған сәттен бастап себуге дейін жаңа жиналған, кептірілмеген тұқымдарды жазғы траншеяларда немесе салқын үй ішінде стратификациялайды

Жинаған сәттен бастап 180 күн ішінде (дала шиесі үшін - 120-180 күн) үй-жайда немесе тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды


13

Жылтыр шегіршін

Жинағаннан кейін бірден құрғақ күйінде себеді немесе 2 сағат суға жібітіп, кептіріп алады



14

Үш тікенекті  (кәдімгі)  қарамала

Тұқымды жинаған сәттен бастап себуге дейін жазғы траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде стратификациялайды. Құрғақ тұқымды ерте көктемде себуге болады

Тұқымға тым ыстық су (900С) құяды, содан соң салқындаған суда 10 сағат қалдырады. Су мен тұқымның арақатынасы 3:1.
Ісінбеген тұқымды қайта өңдейді.

Ыстық су құюды күкірт қышқылының концентратымен 2 сағат өңдеу мен алмастыруға болады

15

Кәдімгі алмұрт

Аязға 1,5 ай қалғанда себер болса дайындамайды, кешірек себетін болса жинаған сәттен бастап жазғы траншеяларда стратификациялайды

Алдын ала 2 тәулік жібітілген тұқымды қыста тоңазымайтын траншеяларда немесе үй-жайда 0-50С температурада стратификациялайды.
Стратификация мерзімі - құмда 90 күн, шымтезек ұнтағында 75 күн

Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік бойы жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады.
Тұқым 6-7 күннен Кейін өсіп-өнеді. ТМТД-мен немесе Фентеураммен дәрілейді

16

Ақ дерен және  алқызыл дерен  (свидина)

Жинаудан себуге дейін бірден жазғы траншеяларда стратификациялайды.
Жинаған соң дайындықсыз бірден себуге болады.

Үй-жайларда құм салынған жәшік терде 180 күн бойы немесе жинаған соң бірден жазғы, содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 240-270 күн бойы стратификациялайды

Тұқымды 15 күн бойы қарға аунатып алады, содан кейін оны үй-жайларда 90 күн бойы 5-60С температурада стратификациялайды

17

Өте әдемі емен

Дайындамайды

Қыста траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде сақталған соң дайындықты қажет етпейді


18

Кәдімгі шырша және сібір шыршасы

Дайындамайды

9-12 сағат суға жібітеді

Жібітілген тұқымды себу алдында 60-90 күн бойы қарға аунатып алады. Марганец қышқылы Калийдің 0,5 % ерітіндісінде 2 сағат жібітеді. ТМТД-мен, фентиураммен, БМК-мен немесе фундазолмен дәрілейді. Мынадай микроэлементтердің су ерітінділерінде 12-18 сағат жібітеді:
күкірт қышқылы кобальт (0,03 %), күкірт қышқылы мыс (0,03 %) немесе марганец қышқылы калийдің, бор қышқылының, күкірт қышқылы мыстың, мырыштың және кобальттің (0,002 %-тен) қоспасы

19

Шренк (тянь-шань) шыршасы

Сеппейді

Алдын ала бір тәулік суға жібітілген тұқым қарға аунатылады.
Қарға аунату мерзімі 1-1,5 ай. Қарға аунатқаннан кейін 0,5% KMnO4 ерітіндісінде 30 минут дәрілейді

Тұқымды температурасы 35-400С суға салып, 24 сағат ұстайды. Содан соң оны 0,5 % MnO4 ерітіндісінде 30 минут дәрілеп, көлеңкеде әбден кептіріп алып себеді.

20

Кәдімгі ұшқат

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы тоңазымайтын траншеяларда немесе үй-жайларда 2-50С температурада 60-90 күн стратификациялайды



21

Татар ұшқаты

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы суық траншеяларда немесе үй-жайларда 2-50С температурада 50-60 күн стратификациялайды

Себу алдында шағын қаптарға салып 1,5 ай бойы қар үстіне қойып қояды немесе 5-80С температурада аптасына 2 рет ылғалдандыра және араластыра отырып ағаш үгінділерінде стратификациялайды. 18-20 күннен кейін тұқым өнеді

22

Кәдімгі шәңгіш

Жаңа жиналған тұқымдарды жазғы траншеяларда стратификациялағанда өскіндер бір жылдан кейін пайда болады.

Жинаған соң алдымен жазғы, одан кейін қыста тоңазымайтын траншеяларда немесе алдымен үй-жайларда 15-180С температурада, содан соң қыста 50С дейін төмен температурада стратификациялайды


23

Ағаш тәріздес қараған (сары қараған)

Дайындауды қажет етпейді

Бөлме температурасындағы суда 5 сағат жібітеді

45 күн бойы қарға аунатады немесе 00С мұзда 30 күн бойы ұстайды

24

Кәдімгі атталшын

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы тоңазымайтын траншеяларда сақтау кезінде дайындайды

Сақтаудан кейін жылы жерде бірнеше күн ұстап, өнгенше, араластырып және ылғалдандырып тұрады

25

Жалған сүйір жапырақты үйеңкі (явор, ақ үйеңкі)

Ерте күзде себуді дайындықсыз жүргізеді, ал кеш себілетіндерін жиналған сәттен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Алдымен үй-жайда 0-30С температурада 45 күн стратификациялайды, содан кейін 45 күн бойы қар астында ұстайды.
Тұқымды 3 тәулік бойы жібітеді, содан соң алдымен 5-100С температурада үй-жайда 60 күн, одан кейін 00С-та 60 күн стратификациялайды

Қарда 45-60 күн стратификациялайды. Молибден аммонийдің 3% ерітіндісінде 24 сағат жібітеді, содан соң 8 күн бойы күніне 3 рет 4 минутқа жылы суға (35-380С) және суық суға (00С) салады

26

Сүйір жапырақты үйеңкі (платан тәрізді үйеңкі)

Ерте күзде себуді дайындықсыз жүргізеді, ал кеш себілетіндерін жиналған сәттен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Үй-жайларда немесе қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды.
Стратификациялау мерзімі 45-60 күн.

Қар араластыра отырып 45-60 күн стратификациялайды. Тұқымға жылы (400С) су құйып, брезентпен жауып, 3 тәулік ұстайды. Содан кейін 300С жуық температурадағы үй- жайларда құм салынған жәшіктерде ұстап, күн сайын араластырып және ылғалдандырып тұрады.
Тұқымдар 7-ші күні өнеді. ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді

27

Дала үйеңкісі

Жиналғаннан кейін жазғы траншеяларда себуге дейін кемінде 45 күн стратификациялайды

Жинағаннан кейін алдымен жазғы, содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 150-180 күн стратификациялайды

Тұқымды 3 күн жібітіп, алдымен үй-жайларда 10-150С температурада 60 күн, содан кейін 00С температурада 30-60 күн стратификациялайды

28

Күміс үйеңкі

Сеппейді

Жинаған соң дайындықсыз бірден себіледі (мамырдың аяғы - маусымның басы)

Құрғақ ауа райында екпелерді суару міндетті

29

Татар үйеңкісі (үйеңкі  емес, қара үйеңкі)

Жиналғаннан себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Күзден бастап қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды құм салынған жәшіктерде 0-30С температурада әрбір 2-3 күн сайын ылғалдандыра және араластыра отырып страфикациялайды. 30 күннен соң ылғалдандыруды тоқтатады, температураны 00С дейін төмендетеді. 2-ші күні тұқымды қайта ылғалдандырып, температураны 50С дейін көтереді. Бұдан кейін тұқым 18-20-шы күні өнеді. Дайындықтың жалпы ұзақтығы 50 күн

30

Шаған жапырақты үйеңкі

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 30 күн стратификациялайды немесе 1 ай қар астында ұстайды


31

Ірі жапырақты жөке

Тұқымды жиналғаннан бастап жазғы траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде 90 күн бойы стратификациялайды

Алдымен жазғы траншеяларда немесе үй-жайларда, ал содан кейін 0-50С температурада қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды. Стратификация ұзақтығы - 180 күнге дейін


32

Ұсақ жапырақты жөке

Тұқымды жинағаннан соң себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды жазғы, содан соң қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды ауық-ауық ауыстырылып тұратын суда 10 күн жібітеді, содан соң 30 күн 15-250С температурада және 90-120 күн 00С температурада стратификациялайды

33

Сібір балқарағайы

Дайындауды қажет етпейді

9-12 сағат суға жібітеді және 1-1,5 ай қарға аунатады; КМn O4 0,5% ерітіндісінде 30 минут дәрілейді

Тұқымды 3 тәулік марганец қышқылы калийдің 0,004 % ерітіндісінде +260С температурада жібітеді, содан кейін дәке дорбаларға салып, дымқыл ағаш үгінділерімен (1,5-2 см қабатпен) көміп, 2 тәулік ұстайды.
Тұқымды 24 сағат бром Калийінің 0,5 % ерітіндісінде немесе 0,05 % колхицин ерітіндісінде жібітеді. Тұқымды себуге 30 сағат қалғанда әлсіз әк ерітіндісінде (10 л суға 200-250гр әк) жібітеді.

34

Жіңішке жапырақты жиде

Ерте күзде сепкенде жинаудан кейін дайындамайды;  кеш себілсе, жиналған кезден бастап сепкенге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Алдын ала 4 тәулік жібітілген тұқымды қысқы тоңазымайтын траншеяларда немесе 16-200С температурада үй-жайлар ішінде стратификациялайды. Стратификациялау ұзақтығы - 90-120 күн

Тұқымға ыстық су (50-600С) құйып, бір тәулік жібітеді. Содан кейін температурасы 16-200С үй-жайда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды. 15-20-шы күні өне бастайды.

35

Кәдімгі бадам

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайларда немесе траншеяларда 30-60 күн стратификациялайды


36

Виргиния аршасы

Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда себілетін болса, дайындауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 20-300С температурада 30 күн, 150С темпратурада 120 күн стратификациялайды

Тұқымды 30-50 мин. мөлшерде күкірт қышқылы концентратымен өңдейді, сумен шаяды, содан кейін 0-50С температурада 90-120 күн стратификациялайды

37

Кәдімгі арша

Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда себілетін болса, дайын дауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 20-300С температурада 30 күн, 150С температурада 120 күн стратификациялайды


38

Түркістан аршасы

Жаңа жиналған Тұқымды дайындамай сол күйінде тамыз айы ішінде себеді

Өткен жылғы терең тыныштықтағы тұқымды жазда шілдеде-тамыздың бас кезінде себеді.


39

Жарты шар тәрізді арша

Бұл да қыркүйектің бірінші жартысында себіледі

Бұл да солай


40

Шырғанақ

Топырақ қатпай тұрып 1 айдан кешіктірмей себілсе, дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 90 күн стратификацияланады

3 тәулік суда жібітіп алып, үйжайда 30 күн стратификациялайды

41

Грек жаңғағы

Дайындамайды

Үй-жайда құмда 0-50С температурада 30-45 күн стратификациялайды

Тұқымды көктемде себуге 5-7 күн қалғанда қапқа салынған күйінде тау өзенінің ағын суына малады.

42

Кәдімгі шабдал

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада 100-120 күн стратификациялайды


43

Сібір самырсыны

Дайындауды қажет етпейді

Алдын-ала жібітілген тұқымды 30 күн 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

Алдын-ала жібітілген тұқымды 30 күн қарға аунатады

44

Жалған қараған (ақ қараған)

Сеппейді

Тұқымды стратификациялайды немесе температурасы 80-850С су құйып, алғашқы 15-20 мин араластырып, суығанша қалдырады.
Қажет болса ісінбеген тұқымдарды електен өткізіп алып, оларды өңдеуді қайталайды


45

Тюринген үлбірегі

Шала піскен жемістер тұқымын сепкенде дайындауды қажет етпейді

Шала піскен жемістер тұқымын үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 210-240 күн стратификациялайды


46

Кәдімгі шетен

Жинап алғаннан бастап сепкенге дейін жазғы траншеяларда немесе үй-жайда стратификациялайды

Температурасы 0-50С үй-жайда дымқыл құмда 90-120 күн стратификациялайды, содан кейін қармен көмеді Стратификацияның жалпы ұзақтығы - 150-180 күн

Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. 7 күннен кейін өнеді

47

Ақ сексеуіл, және қара сексеуіл

Қыста сепкенде дайындауды қажет етпейді

Дайындауды қажет етпейді


48

Кәдімгі мамыр гүл

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 45 күн стратификациялайды

10-15 сағат суда жібітеді, содан Кейін дымқыл ағаш үгіндісінде немесе шымтезекте 2-8 күн ұстайды

49

Үй қара өрігі

Жазғы траншеяларда 90 күн стратификациялайды

Қысқы тоңазымайтын траншеяларда кемінде 150 күн стратификациялайды


50

Тікенді қара өрік (шомырт)

Ерте жазда, тамызда себетілетін болса дайындауды қажет етпейді, кеш себілетін болса жиналғаннан бастап себуге дейін (2 ай бойы) жазғы траншеяларда, өткен жылдың тұқымын - 80 күн стратификациялайды

Жинала салысымен үй-жайда 150-180 күн немесе қысқы тоңазымайтын траншеяларда 180-210 күн стратификациялайды


51

Алхоры өрік (алша)

Жинала салысымен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды. Өткен жылғы тұқымды 60-90 күн стратификациялайды

Жинала салысымен жазғы траншеяларда стратификациялайды, ал содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 120-170 күн немесе температурасы 3-50С үй-жайда 150 күн стратификациялайды


52

Қызыл күрең қарақат

Жазғы траншеяларда 45-60 күн стратификациялайды

Үй-жайда 90-120 күн стратификациялайды

Тұқымды бастапқы температурасы 500С суда 24 сағат жібітеді. Содан кейін 12-150С температурада күн сайын араластырып, ылғалдандырып 30 күн стратификациялайды.
Ауыспалы температурада (жылы және суық) стратификациялағанда тұқымды 30 күн дайындайды.

53

Қара қарақат

Жазғы траншеяларда 45-60 күн стратификациялайды

Үй-жайда 90-120 күн стратификациялайды


54

Сібір самырсын  қарағайы

Дайындамайды, тек марганец қышқылы калийдің 0,5 % ерітіндісінде жібітеді

Тұқымды алдын-ала 3 тәулік жібітеді, дымқыл құммен, ағаш үгіндісімен немесе шымтезек ұнтағымен араластырып, жәшіктермен қар астына немесе салқын 00С үй-жайға себуге дейін 2-3 ай қойып қояды. Қысқы тоңазымайтын траншеяларда сақтағанда да дайындалады

Құммен араластырылған Тұқымды (2:1) қалыңдығы 20 см, 50% дейін толық ылғал сақтағанша сулап, 30-400С температурада 12 сағат бүркептіргішке қояды, содан кейін қарға көмеді. Бұдан кейін қайта сулап, бүр кептіргіштерге қояды, содан соң қар астына қояды. Екі мәрте өңдеуден өткен тұқымды 10-11 күн стратификациялайды. ТМТД немесе фентиураммен дәрілейді.

55

Қырым қарағайы

Себілмейді

Тұқымды 9-12 сағат суға жібітеді


56

Кәдімгі қарағай

Дайындауды қажет етпейді

Тұқымды 9-12 сағат суға жібітеді.
Дорбаларға салынған құрғақ немесе жібітілген тұқымды 1-2 ай қарға қояды.

Тұқымды жібітіп, өнгенше ылғалды Күйінде ұстайды және 1-2 айға қар астына шығарып қояды.
Микориз құрайтын майқұлақ саңырауқұлағының таза дақылымен тұқым микоризациясын жүргізеді. 24 сағат 0,02% дейін күкірт кышқылы мырыш, күкірт қышқылы марганец (0,1% және одан төмен), бор қышқылы (0,025%) және гетероауксин (0,01% және одан төмен) ерітін дісінде жібітеді. Жиілігі 22,5 кГц және қуаты 15 Вт ульртадыбыспен 10 минут өңдейді.

57

Ақ терек

Дайындауды қажет етпейді (жиналған соң бірден себіледі)



58

Қара терек

Дайындауды қажет етпейді (жиналған соң бірден себіледі)



59

Батыс боз аршасы

Дайындауды қажет етпейді.

Жібітілген тұқымды бір ай бойы қарға аунатады


60

Нағыз пісте

Себілмейді.

Тұқымды 12-15 сағат жылы суда (400С) жібітіп, құм салынған жәшіктерде (1:3) немесе траншеяларда 30-40 күн стратификациялайды

Тұқымды 12-15 сағат жылы суда (400С) жібітіп, қаппен жылы жерге іліп қояды және өне бастағанша 9-12 күн анда-санда сулап тұрады

61

Кәдімгі мойыл

Дайындауды қажет етпейді.

Үй-жайда 0-50С температурада 150-180 күн стратификациялайды


62

Жабайы орман алмасы


Суда 2 тәулік жібітеді, содан кейін 0-50С температурада құмда, шымтезекте немесе ағаш үгіндісінде 75-105 күн стратификациялайды

Стратификациялан бағатұқымды гибберллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. Тұқым 6-7-ші күні өнеді.

63

Кәдімгі шаған

Онша толыспаған тұқымды жазғы траншеяларда маусым айынан себуге дейін стратификациялайды

Үй-жайда алдымен 18-200С температурада 2-3 ай, содан кейін 5-110С температурада стратификациялайды. Стратификациялаудың жалпы ұзақтығы 180-200 күн (шала піскен тұқымдар)


Ормандарды молықтыру және орман
өсіру үшін тұқымдар мен көшет
материалдарын пайдалану, 
тасымалдау ережесіне 2-қосымша

Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру үшін пайдаланылатын екпе көшеттерге қойылатын талаптар

Тұқымдардың атауы

Жасы, жыл

Тамыр мойнындағы діңнің жуандығы, (кем емес), мм

1. Қылқан жапырақты тұқымдар:



1.1. Шырша, самырсын, арша

3-5

2,0

1.2. Қарағай, қызылқарағай

2-3

2,5

2. Жапырақты тұқымдар (бұталардан басқа)

1-3

3,5

3. Бұталар

1-3

2,5

Ескерту: Бұл талаптар тамыр жүйесі ашық көшеттерге қатысты

Ормандарды молықтыру және орман
өсіру үшін тұқымдар мен көшет
материалдарын пайдалану, 
тасымалдау ережесіне 3-қосымша

Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру үшін пайдаланылатын көшет материалына (қалемшелерге) қойылатын талаптар 

Р/с №

Тұқымдардың атауы

Орман өсетін аймақтар

Жасы, жыл

Сорт

Тамыр мойнындағы діңнің жуандығы (кем емес), мм

Жердегі бөлігінің биіктігі (кем емес), см

1

2

3

4

5

6

7

1

Салпыншақ қайын (қотыр қайың)
Betula pendula Roth (B.verucosa Ehrh.)

барлық аймақ

3-4

1
2

8
5

50
35

2

Кәдімгі қынаағаш
Ligustrus vulgare L.

таулы аудандар

2-3

1
2

9
6

80
60

3

Қарағаш
Ulmus pinnato-ramosa Dieck.

орманды дала, дала

2-3

1
2

8
6

55
40

4

Кәдімгі алмұрт
Pirus communis L.

барлық аймақ

2-3

1
2

7
5

45
30

5

Өте әдемі емен
Quercus robur L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
6

45
30

6

Кәдімгі немесе еуропалық шырша
Picea abies (L.) Karst.

барлық аймақ

5-6

1
2

5
4

20
15

7

Сібір шыршасы
Picea obovata Lebed.

орманды дала

5-6

1
2

6
4

30
20

8

Шренк шыршасы
Picea Schrenkiana Fischet Meg.

таулы аудандар

5-6

1
2

6
4

25
15

9

Ағаш тәріздес қараған (сары қараған)
Caragana arborescens Lam.

барлық аймақ

3-4

1
2

6
4

35
25

10

Еуропалық екпе талшыны
Castanea sativa Mill.

барлық аймақ

2-3

1
2

15
10

60
45

11

Жалған платанға ұқсас үйеңкі (явор, ақ үйеңкі)
Acer pseudoplatanusL.

барлық аймақ

2-3

1
2

10
6

55
40

12

Сүйір жапырақты Үйеңкі (платан тәрізді үйеңкі)
Acer platanoides L.

барлық аймақ

3-4

1
2

8
6

35
25

13

Ат талшыны
Aesculus hippocastanum L.

барлық аймақ

2-3

1
2

15
10

40
25

14

Кіші жапырақты жөке
Tilia cordata Mill.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
5

50
30

15

Сібір балқарағайы
Larix sibirica Ledeb.

орманды дала

3-4

1
2

9
5

40
25

16

Шырғанақ
Hippophae ramnoides L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
7

35
25

17

Грек жаңғағы
Juglans regia L.

барлық аймақ

3-4

1
2

20
10

60
40

18

Сібір майқарағайы
Abies sibirica Ledeb.

таулы аудандар

6-8

1
2

6
4

25
15

19

Шығыс биотасы
Biota orientalis Endl

барлық аймақ

4

1
2

12
7

60
40

20

Жалған қараған тәрізді инеш (ақ қараған)
Robinia pseudoacacia L.

барлық аймақ

1-2

81
12

8
6

70
50

21

Кәдімгі шетен
Sorbus aucuparica L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
7

35
25

22

Сібір самырсыны
Pinus sibirika Du Tour

барлық аймақ

6-7

1
2

10
6

30
20

23

Кәдімгі қарағай
Pinus silvestris L.

орманды дала

3-4

1
2

8
5

25
20

24

Ақ терек (күміс терек)
Populus alba L.

орманды дала, дала

2-3

1
2

10
7

100
70

25

Қара терек
Populus nigra L.

орманды дала

2

1
2

7
6

80
60

26

Орман алмасы
Malus silvestris (L.) Mill.

барлық аймақ

2-3

1
2

8
6

45
30

27

Кәдімгі шаған
Flaxinus excelsior L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
7

35
25

      Ескерту: Аумақ жөнінен орман өсетін аймақтарға, қосымша аймақтарға және табиғи өңірлерге енетін әкімшілік аудандар:
      1. Орманды дала аймағы:
      Солтүстік Қазақстан облысы;
      Қостанай облысының солтүстік аудандары;
      Павлодар облысының солтүстік-шығыс аудандары.
      2. Дала аймағы:
      Қостанай облысы (солтүстік аудандардан басқа);
      Павлодар облысы (солтүстік-шығыс аудандардан басқа);
      Көкшетау, Ақмола, Шығыс-Қазақстан (таулы аудандардан басқа);
      Атырау және Ақтөбе облыстары;
      Қарағанды облысының солтүстік бөлігі.
      3. Таулы аудандар:
      Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

Ормандарды молықтыру және орман
өсіру үшін тұқымдар мен егу 
материалдарын пайдалану, 
тасымалдау ережесіне 4-қосымша

Егу материалына
№ _____ ТӨЛҚҰЖАТ

"__"____________ 20__ ж.

_________________________________________________________________
          (тұқымбақ, орман иеленуші, орман пайдаланушы,_________________________________________________________________                     заңдық, пошталық мекен-жайы)
өсірілген _______________________________________________________                   (егу материалының түрі: екпелер, тікекпелер,_________________________________________________________________                  соның ішінде тамыр топырағымен, тұқымы)

1. Сапа көрсеткіштері

Партия нөмірі

Екпелердің (тікекпелердің) стандарт талаптарына сәйкестігі

Жасы

Сорты

Мөлшері, дана






Қазылған уақыты_______Қаттау уақыты_____Жіберілген уақыты_________
Пайдалану мақсаты ________________________________________________
                   (дербес қажеттілік, өткізу, тасымалдау ауданы)
Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның берген
құжаты ___________________________________________________________
             (егу материалы карантин ауданынан басқа жерге__________________________________________________________________
                       әкетілгенде толтырылады)

2. Тұқым материалының шығу тегі

Тұқым жиналған жер________________________________________________
                 (облыс, аудан, орман иеленуші, орман пайдаланушы,__________________________________________________________________
                                  орманшылық, орам)
Тұқымның сапасы туралы куәлік ____________________________________
                                  (№, қашан және кім берген)
Тұқым селекциялық санаты _________________________________________
                              (сортты, жақсартылған, қалыпты)

3. Өсіру шарттары

Өсіру тәсілі ______________________________________________________
                   (ашық жер, бақылау жасалатын орта жағдайлары)
Топырақ жағдайлары, қолданылатын субстрат _________________________Тыңайтқыш шашу, басқа агротехникалық іс-шаралар ___________________
                                                   (атауы, доза,___________________________________________________________________
                            кезеңділігі, т.б.)
Зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арамшөптермен күресу
жөніндегі іс-шаралар ______________________________________________
                             (препараттың түрі, атауы, ___________________________________________________________________
                     өңдеу мерзімі мен кезеңділігі)
Орман иеленуші, орман пайдаланушы _________________________________
                                              (қолы, т.а.ж.)

М.О.

_________________________________________________________ тіркелді
(орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру
_________________________________________________________________
            және орман өсіру саласындағы аумақтық орган)

№___ «____» _________20__ ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады