Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындарының жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 891 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 17 маусымдағы N 282 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3693. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындарының жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 891  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда N 3319 болып тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 5 (214) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындарының жекелеген санаттарының тізбесінде:
      2-бағандағы 26-жолдағы "60 аса" деген сөздер "кем дегенде 30" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады