Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 5 наурыздағы
N 93
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
________________________________
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің
80-бабын
іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса беріліп отырған орман тұқымдарын, өңдеуді және сақтауды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының
2005 жылғы 6 маусымдағы
N 132 бұйрығымен бекітілген
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіруге арналған орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді және сақтауды ұйымдастыру тәртібін реттейді.
2. Орман тұқымдарын дайындау тұрақты орман тұқым базасы объектілерінде (ТОТБ) жүзеге асырылады, ал олар жетіспеген жағдайда қалыпты екпелерде тұқым дайындауға жол беріледі.
Орман кодексінің
80-бабының
2-тармағының талаптарына сәйкес орман тұқымдарын кемістігі бар екпелерден және кемістігі бар ағаштардан дайындауға тыйым салынады.
3. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу және сақтау олардың селекциялық санаттары: сортты, жақсартылған, қалыпты санаттар бойынша бөлек жүргізіледі.
4. Тұқымның, ал кейіннен көшет материалының және өсірілген жасанды орман екпелерінің тегі мен генетикалық сапасының жойылуына жол бермеу мақсатында орман тұқымдарын дайындау, өңдеу және сақтау біртекті партиялармен жүзеге асырылады.
2. Орман тұқымдарын дайындауды ұйымдастыру тәртібі
5. Мемлекеттік орман қоры территориясында орман тұқымдарын дайындауды ұйымдастыруды сүрек дайындау үшін мемлекеттік орман қорының учаскелері ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітіп берілген орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар жүзеге асырады.
6. Орман тұқымдарының қажетті мөлшері мен олардың түр алуандығын орман иеленуші:
1) орман орналастыру айқындайтын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру, орман өсіру жөніндегі іс-шаралардың көлемін;
2) басқа заңды және жеке тұлғалардың тұқымдар жөніндегі қажеттілігін, соның ішінде экспортқа тұқым шығаруды қанағаттандыруды;
3) жеміс беру кезеңділігі ұзақ жекелеген ағаш түрлері тұқымдарының резервтік қорын құру қажеттігін басшылыққа ала отырып белгілейді.
7. Тұқым дайындауды ұйымдастыру кезінде:
1) орман тұқымдарының аудандастырылуын сақтау және тұқымды орман өсіру жағдайларына сәйкес пайдалануға кепілдік беретін түрлер бойынша тұқымның бөлек жиналуын қамтамасыз ету;
2) тұқымның жоғары сапалы болуы тән ТОТБ-ының жеміс беретін объектілерінде тұқымның барынша көп жиналуын қамтамасыз ету;
3) тұқым дайындауды бір текке жататын алуан түрлер бірге өскен жағдайда түрлері бойынша бөлек, ал фенологиялық нысандары анық байқалатын ағаш түрлерінің тұқымы үшін - осы нысандар бойынша бөлек жүргізу қажет.
8. Орман иеленушілер тұқым жаппай пісіп-жетілмей тұрып оның шығымдылығын анықтау мақсатында тұқым жинауға арналған барлық жеміс беретін объектілерге алдын ала тексеру жүргізіледі.
9. Тұқымнан күтілетін өнімге болжам жасау алдын ала бөлінген көлемі кемінде 0,25 га сынақ алаңында осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес алты баллдық шәкіл бойынша көзбен бақылау әдісімен жүргізіледі.
10. Жемісті (тұқымды) бақылау мақсатында жинау үшін учаскеде тозаңдану және жарықтану жағдайлары әртүрлі 3-10 қалыпты ағаш бөледі. Тұқымды ұшар басының әр қабатынан осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орташа үлгінің мөлшерлі салмағы көлемінде жинайды.
Тұқым сапасының бастапқы бағасын заңнамамен белгіленген тәртіппен кесу немесе өсіру әдісімен анықтайды.
11. Тұқым жинау осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген мерзімде ол толық піскеннен кейін жүзеге асырылады.
12. Тұқым өсіп тұрған, кесілген ағаштар мен бұталардан, сондай-ақ жер бетінен (шашылып қалған тұқымдар) дайындалуы мүмкін.
13. Өсіп тұрған ағаштар мен бұталардан бүрлер мен тұқымдар қолмен немесе кескіш, тістегіш құралдарды, әртүрлі сатыларды, көтергіш құрылғылар мен машиналарды пайдаланып жиналады.
Бұл ретте өсіп тұрған ағаштардың бұталарын шабуға және кесуге, сондай-ақ сексеуілдің бұталарын сындыруға болмайды.
14. Жер бетінен негізінен ірі жемістер: емен жаңғағы, жабайы жемістер, грек жаңғағы, сондай-ақ сүйір жапырақты үйеңкі, шегіршін және басқа да ағаштардың тұқымдары жиналады, бұл ретте тұқым жиналатын жердің беті алдын ала тазартылады.
15. Уақытша орман тұқымы учаскелерінде (бұдан әрі - УОТУ) және кеспеағаштарда (қалыпты екпелерде) кесілген ағаштардың бүрлері мен жемістерін дайындау үшін ағаш дайындау мерзімі тұқым жинау мерзімімен ұштастырылады. Шабылған бұтақтардан бүрлер мен жемістер жинау ағаштар құлатылған жерден кемінде 50 м қашықтықта жүргізіледі.
3. Орман тұқымы шикізатын өңдеу тәртібі
16. Жиналған бүрлер мен құрғақ жемістерді сақтау кезінде өздігінен қызып кетпеуі үшін кептіріп алу қажет.
17. Тез бұзылатын шырынды жемістерді (тұт, қарақат, сары өрік және басқалары) тұқымын ажыратып алу үшін бірден өңдеуге жібереді.
18. Орман тұқымы шикізатын өңдеу ағаш тұқымдарына, жемістің түрлеріне, тұқым шикізатының жай-күйіне байланысты осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.
&1. Қылқан жапырақты ағаштардың тұқымын өңдеу
19. Қылқан жапырақты ағаштардың тұқымын бүрлерден және бүржемістерден ажырату механикалық тәсілмен немесе бүрлердің ашылуы үшін оларды кептіру жолымен жүзеге асырылады.
20. Қарағайдың кейбір түрлерінің (самырсынды, корейлік), сібір майқарағайының және аршалардың тұқымдарын ажырату үшін механикалық өңдеу тәсілі қолданылады.
Бұл орайда бүрлер арнайы машиналарда немесе қолмен ағаш балғалармен немесе ағаш үккішпен ұнтақтау арқылы үгітіледі.
Сібір майқарағайының, шығыс биотасының және батыс боз аршасының бүрлері олар толық піскенге дейін жиналады, пісуі үшін кептіреді және арнайы машиналарда үгітеді. Бүрлерді арнайы машиналарда немесе қолмен ұнтақтайды.
21. Кәдімгі қарағайдың, шыршаның, сібір балқарағайының, сібір майқарағайының бүрлерін тұқым ажырату үшін бүркептіргіштерде немесе табиғи ауа мен күн жағдайында кептіреді.
Бүрлерден ажыратып алынған тұқымдарды тұқымтазартқыш машиналарда, қанатсыздандырғыштарда, желпігіштерде немесе торларда қанатсыздандырады және желпиді.
22. Кәдімгі қарағай мен шыршалардың тұқымын сумен қанатсыздандыруға болады. Бұл орайда қанатсыздандырылмаған тұқымдарды жылы бөлмеге (ауа температурасы 25 о С) жайманың үстіне 10 см-ге дейін қалыңдықпен шашып, 1 кг тұқымға 100 г суға есебімен бүріккішпен біркелкі дымқылдайды. Күні бойы тұқымдарды бірнеше рет аударыстырады, содан соң желпиді.
23. Сукачев балқарағайы мен Шренк шыршасының толық дәнді тұқымын дәні жоқ тұқымдардан оларды: балқарағайды - 4-5 сағат және шыршаны 15-20 сағат суға батырып қою арқылы бөліп алуға болады. Тұқым мен судың арақатынасы 1:5-ке сәйкес келеді.
Судың бетіне қалқып шыққан тұқымдарды жинап алады, суды төгіп тастайды, ал түбінде қалған толық дәнді тұқымдарды стандарттармен белгіленген дымқылдылыққа дейін кептіреді.
24. Табиғи ауа-күн жағдайында кептіру құрғақ және желдетілетін бөлмелерде немесе күн астында жүргізіледі. Бұл ретте кептіру процесін жеделдету үшін бүрлерді жұқалап жайып қояды, күніне 1-2 рет араластырып тұрады. Ашылған бүрлерді тұқым тазалағыш машиналарда немесе қолмен үгітеді.
&2. Жапырақты ағаш түрлерінің жемісі
мен тұқымын өңдеу
25. Жапырақты ағаш түрлерінің тұқымдары былай бөлінеді:
1) құрғақ (емен, қайың, үйеңкілер және басқалар);
2) шырынды, соның ішінде:
шырынды жеміссерігімен (қарақат, тұт және басқалар);
етті (сары өрік, қара өрік және басқалар);
еті құрғақ жеміссерік (пісте, жаңғақ және басқалар).
26. Жеміс серігімен құрғақ тұқымдар мен жемістерді жинап алғаннан кейін шіріп кетпеуі үшін оларды кеуіп құрғап қалғанша кептіреді. Бұл үшін оларды бастырманың астына немесе жақсы желдетілетін бөлмелерде жайманың үстіне немесе сөрелерде 3-4 см (қарағаштар) 10-15 см (емен жаңғағы, жаңғақтар) қалыңдықта жайып тастайды.
27. Кептіру ұзақтығы ағаш түріне және ауа райы жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында қарағаш тұқымдарын кептіруге 2-3 күн, жаңғақ жемістілері - 3-5 күн, үйеңкілер мен шағандардың қанатты тұқымдары - 5-7 күн, емен жаңғағы үшін - 10 күнге дейін қажет болады.
28. Құрғақ жемістерді кептіру үшін бүркептіргіштерді немесе ауылшаруашылық астық кептіргіштерін пайдалануға болады.
29. Кептіріп алған соң құрғақ тұқымдарды түрлі бөтен қоспалардан (бұтақтар, жеміс тұғырлары, жапырақтар және тағы басқалар) тазартады, тұқым тазалайтын машиналарда қанатсыздандырып (қарағаштардың, сексеуілдің, шаған мен үйеңкілердің және тағы да басқалардың қанатты тұқымдары), кейіннен желпиді.
30. Бұршақ тұқымды ағаштардың, жұпаргүлдің, теректер мен талдардың жемістерін алдымен жайманың бетіне төгіп көлеңкеде кептіреді, сосын күн астында толық ашылғанша жиі-жиі араластырып, соңынан үгітеді және жеміссеріктері мен басқа да қоспалардан тазартады.
31. Жидектердің шырынды жемістері, жеміс шоғыры, сүйекті шырынды жемістер бұзылып кетпес үшін тұқымын ажыратып алу мақсатында өңдеуге жіберіледі.
32. Аз ғана мөлшерде өңдеу кезінде шырынды жемістерден, соның ішінде жидектерден, жеміс шоғырынан, сүйекті жемістерден, шекілдеуік тұқымды ағаштар жемісінен (алма, алмұрт және басқалары) және сүйекті тұқымды ағаштар жемісінен (сары өрік, қара өрік және басқалары), сондай-ақ қына ағашының, ұшқаттың, шетеннің және итмұрынның жемісінен тұқымды ажырату қолмен кесу, оны езу және кейіннен етін ағын сумен шаяды.
34. Жемістердің үлкен партиялары жеміс өңдейтін кәсіпорындарда қолданылатын жеміс үгітетін, жеміс сүйегін ажырататын және жуу машиналарында жылу қолданылмай өңделеді.
35. Ормандарды қалпына келтіруге және орман өсіруге арналған дайындалған, сондай-ақ орман иеленуші сатып алған тұқымдарды есепке алу осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жүргізіледі.
4. Тұқым партияларын қалыптастыру
және орташа үлгіні құрау тәртібі
36. Жиналған және өңделген тұқымдар партияларға бөлінеді, олардың барынша ауыр массасы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.
38. Үлгілер сұрыптауды және орташа үлгіні құрауды орман иеленушінің (орман пайдаланушының) үлгілер сұрыптау жөніндегі уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.
&1. Тұқым партияларын қалыптастыру
39. Партия біртекті тұқымдардан:
1) түрі немесе түр алуандығы;
2) өсетін орнының жағдайлары;
3) жас топтары (жас балауса, орта жастағы, пісуге жақын, пісіп жетілген);
4) селекциялық санаттары (сортты, жақсартылған, қалыпты);
5) екпелердің шығу тегі (табиғи, жасанды);
6) тұқымды жинау, өңдеу, сақтау тәсілі;
7) түр-түсі, жылтырлығы, иісі және дымқалдану деңгейі бойынша қалыптастырылады.
40. Белгілі бір түр тұқымдарының әртүрлі партияларын, соның ішінде массасы бойынша шағын партияларын араластыруға болмайды.
41. Қалыптастырылған тұқымдар партиясы осы Ереженің 5, 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша паспортпен және заттаңбамен куәландырылады.
&2. Орташа үлгіні құрау тәртібі
42. Орташа үлгіні тұқымдардың қалыптастырылған партиясынан үлгілер сұрыптау және бастапқы үлгіні құрау жолымен алады.
43. Үлгі ағаштың түріне және тұқым партияларын сақтау жағдайларына байланысты арнайы сүңгілермен (конус, дорба, цилиндр пішінді) немесе қолмен алынады:
1) үюлі күйінде сақтаулы ұсақ және орташа тұқымдар үшін үлгілер сұрыптау әр қабаттың бес түрлі жерінен (жоғарғы - тереңдігі 10 см, орташа-үйінді биіктігінің жартысы, төменгі - еденнен) жүргізіледі, яғни 15 үлгіден кем болмауы керек;
2) ірі тұқымдар үшін (жаңғақтар, сүйекті жемістер және басқалары) - әр қабаттың он түрлі жерінен 3 үлгіден алады;
3) қаптарда (10 қапқа дейін) сақтаулы сусымалы тұқымдар үшін әр қаптан жоғарғы, орта, төменгі қабаттан бір-бірден кемінде үш үлгі, 10 қаптан көп болған жағдайда - алынған үлгінің тереңдігін алмастыра отырып, әр қаптан бір-бір үлгіден алады;
4) шыны бөтелкелерде, темір ыдыстарда, жәшіктерде және басқа да ыдыстарда сақтаулы тұқым партияларынан сүңгілермен немесе қолмен үлгі сұрыптап алу мүмкін болмаған жағдайда тұқымды тегіс жерге төгеді, араластырады, тегістейді және әр ыдыстың тұқымы төгілген жердің әр тұсынан қолмен кемінде бес үлгі сұрыптап алады.
44. Сұрыптап алынған тұқым үлгілерін (жеке-жеке) тегіс жерге төгеді, мұқият қарап шығып, партияның біртектілігін анықтау үшін қоқыстануы, иісі, түр-түсі, жылтырлығы және басқа да белгілері бойынша салыстырады.
45. Жекелеген үлгілердің күрт айырмашылықтары болмаған жағдайда оларды бастапқы үлгі етіп біріктіреді, оның массасы орташа үлгінің кемінде он мәрте массасы мөлшерінде болуы керек.
47. Орташа үлгіні бөліп алу үшін бастапқы үлгіні тегіс жерге төгеді, араластырады, ұсақ тұқымдар үшін қалыңдығы 3 см дейін және ірі тұқымдар үшін 10 см астам шаршы түрінде тегістейді, содан соң диагоналдары бойынша 4 ұшбұрышқа бөледі. Екі қарама-қарсы орналасқан ұшбұрыштан тұқым алып тасталынады, ал қалғанын біріктіріп, келесі бөлу үшін қайтадан шаршы түрінде тегістейді. Бөлуді 2-қосымшада көрсетілген белгіленген массаның орташа үлгісін алғанға дейін жүргізеді.
48. Сұрыптап алынған орташа үлгіні алдын ала суға қайнатып дезинфекцияланған тығыз матадан тігілген таза дорбаларға салады, кендір жіппен байлап, тұқым сапасын, оның энтомологиялық зақымдануын және фитопатологиялық залалдануын анықтау үшін ілеспе құжаттармен бірге (5, 6, 7-қосымшалар) уәкілетті органның мамандандырылған ұйымына жөнелтеді.
49. Тұқымның ылғалдылығын анықтау үшін үлгіні бастапқы үлгі тұқымының қалдығынан дәл осылай құрайды.
Сұрыптап алынған үлгіні таза, құрғақ ыдысқа орналастырып, оны тұқым әбден толтырылғаннан кейін аузын тығынмен нығыздап жабады да, сургуч, балауыз немесе парафин құяды. Орташа тұқым үлгісін ылғал өткізбейтін пленкадан жасалған сыйымдылығы кемінде 0,5дм қапқа салуға болады, қаптың шеттері онда барынша аз ауа қалдыра отырып, ыстық әдіспен жабылады немесе мықтап байланады, содан кейін дәл осындай екінші қапқа салынып, ауызы тығыз байлап тасталады. Заттаңбаның бір данасы ыдыстың немесе қаптың ішіне салынады, екіншісін сыртына желімдейді.
50. Қалыптастырылған партиялардан орташа тұқым үлгілерінің сұрыпталу дұрыстығына бақылау жасау мақсатында уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы бақылау үлгілерін сұрыптап алуы мүмкін, оларды талдау нәтижелері бойынша тұқым дайындаушыға оң жақтағы жоғарғы бұрышында "Мемлекеттік бақылау" деген белгісі бар тұқым сапасы туралы тиісті құжат беріледі, ал бұдан бұрын берілген тұқым сапасы туралы құжаттар мемлекеттік үлгілер сұрыпталуымен бір мезгілде алып қойылады.
5. Тұқымды сақтау және себуге дайындау тәртібі
51. Себуге арналған орман тұқымдары арнайы қоймаларда (тұқым қоймаларында), ал олар болмаған кезде - 8-қосымшада көрсетілген жағдайларға сәйкес осыған лайықталған құрғақ үй-жайларда сақталуға тиіс.
52. Орман тұқымдарын сақтайтын үй-жайлар ауа сору-тарту желдеткіштерімен, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасын тіркеуге арналған приборлармен жабдықталуға тиіс. Бұл орайда үй-жай ішіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 %-дан аспауға тиіс. Үй-жай тұқым сақтайтын қажетті ыдыспен және үлгілер сұрыптауға арналған құрал-сайманмен: науалармен, дән құйғыштармен, шелектермен және тағы да басқалармен қамтамасыз етілуге тиіс.
53. Орман тұқымдарының қауіпті зиянкестерімен және ауруларымен күресу үшін олар сақталатын үй-жайлар жылына екі рет газ қолдану әдісімен, аэрозольды және дымқыл (түтін шашкаларымен, фунгицидтер мен инсектицидтер ерітінділермен) әдістермен дезинфекцияланады.
54. Үй-жайлар мен тұқым ыдыстарын дезинфекциялау жұмыстарын орман патологтарының басшылығымен жүргізеді.
55. Тұқымды жабық және ашық күйінде сақтайды.
Жабық күйінде тұқымды әртүрлі бітеу жабық ыдыстарда (бөтелкелерде, канистрлерде, бидондарда, контейнерлерде) сақтайды.
Ашық күйінде - қаптарда, жәшіктерде және үйілген күйінде сақталады.
57. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасы көп мөлшерде құбылып тұратын жағдайда тұқым бітеу жабық ыдыста сақталады.
58. Қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы міндетті түрде хлорлы кальций түтікшесі бар тығынмен жабылған және тұқымның ылғалдылығын ауық-ауық қадағалап отыру үшін тікелей бөтелке ішіне кобальт қағазы салынған шыны бөтелкелерде сақталады.
59. Орман тұқымдарын цемент, асфальт, тас немесе жер едендерде ашық күйінде сақтауға, сондай-ақ тұқымды қант, тұз және химиялық препараттар салынған ыдыстарда сақтауға болмайды.
60. Қоймаларда тез ылғал тартатын заттарды (тұз, селитра, улы химикаттар және басқалар), тез жанатын сұйық заттарды (бензин, керосин және басқалар), сондай-ақ сапасыз тұқымды, тұқым сақтауға қатысы жоқ мүлікті, материалдарды және құрал-саймандарды сақтауға, қоқыс пен тұқым қалдықтарын қалдыруға болмайды.
Орман тұқымдарын
дайындауды, өңдеуді
және сақтауды ұйымдастыру
ережесіне 1-қосымша
Орман тұқымдарының күтілетін өнімін көз
мөлшерімен бағалау шәкілі
(В.Г.Каппер бойынша)
Гүлдену
|
Балдың сипаттамасы |
1 |
2 |
|
Екпелер үшін |
0 |
Гүлденбейді және тұқым бермейді |
1 |
Гүлденуі немесе өнім беруі өте нашар (гүлі, бүршігі немесе жемісі орман шетіндегі ағаштар мен жекелеген ағаштарда болымсыз мөлшерде және екпелерде өте аз) |
2 |
Гүлденуі және өнімі нашар (еркін тұрған ағаштар мен орман шетіндегі ағаштарда - қанағаттанарлық, ал екпелерде өте нашар) |
3 |
Гүлденуі, өнімі (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда - тәуір, ал орта жастағы және піскен алқаағаштарда қанағаттанарлық) |
4 |
Гүлденуі немес өнімі жақсы (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда - өте жақсы, ал орта жастағы және піскен алқаағаштарда - жақсы) |
5 |
Гүлденуі, өнімі өте жақсы (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда, орта жастағы) және піскен алқаағаштарда - өте жақсы |
|
Бұталар үшін |
1 |
Гүлденуі, жеміс беруі нашар (гүлдері немесе жемістері бірен-саран кездеседі) |
2 |
Гүлденуі, жеміс беруі - орташа (гүлімен жемісі жартысында жеткілікті) |
3 |
Гүлденуі мен жеміс беруі жақсы (бұталардың басым көпшілігі немесе бәрі жақсы гүлденіп, жеміс береді). |
Ескерту: Жаппай тұқым дайындау үшін пайдаланылатын
селекциялық санаты әртүрлі барлық жеміс беретін екпелерде алдын ала
тексеру бірыңғай шәкіл бойынша жүргізіледі.
Орман тұқымдарын
дайындауды, өңдеуді
және сақтауды ұйымдастыру
ережесіне 2-қосымша
Тұқымдар партиясының және орташа үлгінің массасы
р/с
|
Түр атауы |
Бір үлгі
|
Орташа
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Кәдімгі өрік
|
500 |
2500 |
2. |
Тұшақурай
|
100 |
100 |
3. |
Кәдімгі қарақат
|
100 |
100 |
4. |
Салпыншақ қайың
|
75 |
25 |
5. |
Кәдімгі қынаағаш
|
100 |
200 |
6. |
Кәдімгі долана
|
100 |
300 |
7. |
Далалық шие
|
200 |
400 |
8. |
Кәдімгі шие
|
400 |
500 |
9. |
Жылттырлы тегіс шегірін
|
100 |
50 |
10. |
Қарағаш
|
100 |
75 |
11. |
Үш тікенді қарамала
|
400 |
500 |
12. |
Кәдімгі алмұрт
|
100 |
150 |
13. |
Сәнтал
|
200 |
300 |
14. |
Черештат емені
|
5000 |
2500 |
15 |
Кәдімгі шырша
|
50 |
50 |
16. |
Сібір шыршасы
|
50 |
50 |
17. |
Шренк шыршасы
|
50 |
75 |
18. |
Кәдімгі ұшқат
|
50 |
50 |
19. |
Татар ұшқаты
|
50 |
50 |
20. |
Кәдімгі шәңгіш
|
200 |
150 |
21. |
Сары қараған
|
100 |
200 |
22. |
Европалы екпе талшыны
|
2000 |
3500 |
23. |
Ақ үйеңкі
|
300 |
500 |
24. |
Сүйір жапырақты үйеңкі
|
300 |
500 |
25. |
Дала үйеңкісі
|
200 |
300 |
26. |
Татар үйеңкісі
|
200 |
300 |
27. |
Ат талшыны
|
2000 |
3500 |
28. |
Үлкен жапырақты жөке
|
300 |
500 |
29. |
Кіші жапырақты жөке
|
200 |
300 |
30. |
Сібір балқарағайы
|
50 |
75 |
31. |
Жіңішке жапырақты жиде
|
200 |
500 |
32. |
Виргин аршасы
|
100 |
200 |
33. |
Қара арша
|
100 |
150 |
34. |
Шырғанақ
|
100 |
150 |
35. |
Греция жаңғағы
|
1000 |
5500 |
36. |
Кәдімгі шабдал
|
1000 |
2500 |
37. |
Сібір самырсыны
|
100 |
100 |
38. |
Шығыс биотасы
|
100 |
150 |
39. |
Ақ инеш
|
100 |
150 |
40. |
Итті раушан
|
100 |
150 |
41. |
Кәдімгі шетен
|
50 |
25 |
42. |
Ақ сексеуіл
|
500 |
50 |
43. |
Қара сексеуіл
|
500 |
50 |
44. |
Жалқын
|
75 |
75 |
45. |
Қараөрік
|
400 |
750 |
46. |
Соғды қараөрігі
|
500 |
1500 |
47. |
Қарақат
|
30 |
30 |
48. |
Шығыс сараңы
|
500 |
100 |
49. |
Шеркез, Рихтер сараңы
|
500 |
100 |
50. |
Сібір самырсыны
|
500 |
1000 |
51. |
Кәдімгі қарағай
|
50 |
50 |
52. |
Ақ терек
|
30 |
15 |
53. |
Қара терек
|
30 |
15 |
54. |
Батыс аршасы
|
30 |
25 |
55. |
Ақ тұт
|
30 |
30 |
56. |
Қаратұт
|
30 |
25 |
57. |
Орман алмасы
|
100 |
150 |
58. |
Паллас алмасы немесе сібір
|
75 |
50 |
59. |
Жасыл шаған
|
200 |
300 |
60. |
Кәдімгі шаған
|
200 |
400 |
61. |
Соғды шағаны
|
200 |
300 |
Ескерту:
Барынша ауыр массаның 1/25 бөлігін құрайтын тұқым партиясы
шағын партия деп есептеледі.
Массасы бойынша шағын партиядан орташа үлгі белгіленген
массаның тең жартысын құрайтын тұқым үлгісі сұрыптап алынады.
Бір түр тұқымдарының массасы бойынша шағын бірнеше партиясын
араластыруға болмайды және олардан бір орташа үлгі сұрыптап алуға
жол берілмейді.
Артықшылығы бар ағаштардан және ерекше бағалы тұқымды
ағаштарынан жиналған тұқымдар үшін орташа үлгілердің белгіленген
массасын сақтамауға болады.
Орман тұқымдарын
дайындауды, өңдеуді
және сақтауды ұйымдастыру
ережесіне 3-қосымша
Қазақстандағы негізгі ағаш және бұта тұқымдыларының
гүлдену, пісіп-жетілу және олардың жемістерін, бүрлерін
және тұқымдарын жинау күнпарағы
|
Түр атаулары |
Уақыты (айлар) |
|||
гүл-
|
пісуі |
жиналуы |
піскен
|
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қылқан жапырақтылар |
|||||
1. |
Сібір шыршасы |
ІІІ-Ү |
ҮІІІ |
ҮІІІ-ІХ |
құба |
2. |
Шренка шыршасы |
Ү |
ІХ |
ІХ |
қоңыр жылтыр |
3. |
Сібір балқарағайы |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ-ІХ |
ҮІІІ-ІХ шұғыл |
ашық-
|
4. |
Кәдімгі арша |
Ү |
Ү |
Ү |
қара-
|
5. |
Вергин аршасы |
Ү |
ІХ |
ІХ |
қызыл,
|
6. |
Сібір самырсыны |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-Х |
құба,
|
7. |
Сібір қарағайы |
ҮІ |
ҮІІІ-ІХ |
ҮІІІ-ІХ шұғыл |
сұр-қоңыр |
8. |
Кәдімгі қарағайы |
Ү-ҮІ |
ІХ-Х |
ІХ-ІІІ |
сұр,
|
9. |
Батыс бозаршасы |
ІҮ-Ү |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
сұр-
|
Жалпақ жапырақтылар |
|||||
10. |
Кәдімгі өрік |
ІІІ-ІҮ |
ҮІ-ҮІІІ |
ҮІ-ҮІІІ |
қызыл-
|
11. |
Ақ қараған немесе ақ инеш |
Ү-ҮІ |
ІХ-Х |
күз-қыс |
қоңырлау-
|
12. |
Сары қараған |
Ү-ҮІ |
ҮІІ-ҮІІІ |
ҮІІ-ҮІІІ |
сары-құба |
13. |
Тушақурай |
ҮІ-ҮІІ |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
қоңырлау |
14. |
Салпыншақ қайың |
Ү |
ҮІІІ-ІХ |
ҮІІІ-ІХ |
сары-
|
15. |
Түкті қайың |
Ү |
ІХ |
ІХ-Х |
ашық-
|
16. |
Кәдімгі қынаағаш |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-ХІ |
қара,
|
17. |
Кәдімгі долана |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ |
ҮІІІ |
құба-
|
18. |
Кәдімгі аюбадам |
Ү |
ҮІІ-ҮІІІ |
ҮІІІ |
қызыл,
|
19. |
Дала шиесі |
Ү |
ҮІІ |
ҮІІ |
қызыл |
20. |
Жылтыр шегіршін |
ІҮ |
Ү-ҮІ |
Ү-ҮІ |
сұр |
21. |
Кіші жапырақты шегіршін |
ІҮ |
ІҮ-Ү |
ІҮ-Ү |
құм түсті |
22. |
Кәдімгі қарала |
Ү-ҮІ |
ІХ-Х |
күз-қыс |
қара-
|
23. |
Алмұрт |
ІҮ-Ү |
ҮІІІ-Х |
ҮІІІ-Х |
көк-жасыл |
24. |
Уссури алмұрты |
Ү |
ҮІІІ-ІХ |
ҮІІІ-ІХ |
жасыл,
|
25. |
Сәнтал, көріктал |
ҮІ |
ІХ |
ІХ-Х |
қара |
26. |
Емен |
ІҮ-Ү |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
қара-
|
27. |
Кәдімгі ұшқат |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ-ІХ |
ҮІІІ-ІХ |
қара-
|
28. |
Татар ұшқаты |
Ү-ҮІ |
ҮІІ-ҮІІІ |
ҮІІ-ҮІІІ |
ақшыл-
|
29. |
Ақ тал |
ІҮ-Ү |
ҮІ |
ҮІ |
сары-
|
30. |
Шәңгіш |
Ү-ҮІ |
ІХ |
ІХ |
ашық-
|
31. |
Сәнағаш |
ҮІ-ҮІІ |
ІХ-Х |
ІХ-ХІ |
құба |
32. |
Еуропа талшыны |
Ү-ҮІІ |
ІХ-Х |
ІХ-ХІ |
құба-
|
33. |
Гиннал үйеңкісі |
ҮІ |
ІХ |
ІХ-Х |
ақшыл-
|
34. |
Ақ үйеңкі |
Ү |
ІХ |
ІХ-ІХ-Х |
ашық-
|
35. |
Сүйір жапырақты үйеңкі |
ІҮ-Ү |
ІХ |
ІХ-Х |
құба-
|
36. |
Дала үйеңкісі |
ІҮ-Ү |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-Х |
жасыл-
|
37. |
Татар үйеңкісі |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-Х |
сары-
|
38. |
Ат талшыны |
Ү-ҮІ |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
жасыл,
|
39. |
Үлкен жапырақты жөке |
ҮІ-ҮІІ |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
қара-сұр |
40. |
Кіші жапырақты жөке |
ҮІ-ҮІІ |
ІХ-Х |
күз-қыс |
құба-қоңыр |
41. |
Жіңішке жапырақты
|
Ү-ҮІ |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
ақшыл |
42. |
Шырғанақ |
ІҮ-Ү |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-Х |
қызыл,
|
43. |
Грек жаңғағы |
ІҮ-Ү |
ҮІІІ-Х |
ІХ-Х |
сары
|
44. |
Көк терек |
ІІІ-Ү |
Ү-ҮІ |
Ү-ҮІ |
қатты-
|
45. |
Жабысқақ қандыағаш |
ІІІ-ІҮ |
Х-ХІ |
Х-ХІ |
қызыл-
|
46. |
Кәдімгі шабдал |
ІҮ |
ҮІІ-ІХ |
ҮІІ-ІХ |
сары-
|
47. |
Итті раушан |
Ү-ҮІ |
ІХ-Х |
Х |
қызғылт-
|
48. |
Кәдімгі шетен |
Ү-ҮІ |
ҮІІ-ІХ |
ІХ-Х |
қызғылт-
|
49. |
Ақ сексеуіл |
ІІІ-ІҮ |
Х |
Х-ХІ |
ашық-
|
50. |
Қара сексеуіл |
ІІІ-ІҮ |
Х |
Х-ХІ |
сұр |
51. |
Жалқын |
Ү-ҮІ |
ҮІ-ҮІІ |
ҮІ-ҮІІ |
сұр-
|
52. |
Тікенді қараөрік |
ІІІ-ІҮ |
ҮІІ-ІХ |
ҮІІ-ІХ |
қара-көк |
53. |
Соғды қараөрік |
ІІІ-ІҮ |
ҮІІІ-ІХ |
ҮІІІ-ІХ |
күргін,
|
54. |
Сары қарақат |
Ү |
ҮІІ |
ҮІІ |
қара-
|
55. |
Қара қарақат |
Ү |
ҮІІ |
ҮІІ |
қара |
56. |
Шығыс сораңы |
ҮІ-ҮІІ |
Х |
Х-ХІ |
сұр |
57. |
Сораңы |
ҮІ-ҮІІ |
Х |
Х-ХІ |
сұр-күміс |
58. |
Бальзам терегі |
ІҮ-Ү |
ҮІ |
ҮІ |
жасыл-
|
59. |
Ақ терек |
ІІІ-ІҮ |
Ү-ҮІ |
Ү-ҮІ |
ашық-
|
60. |
Қара терек |
ІҮ |
Ү-ҮІ |
Ү-ҮІ |
жасыл |
61. |
Батыс бозаршасы |
ІҮ-Ү |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
ақшыл-
|
62. |
Ақ тұт |
Ү |
Ү-ҮІІ |
Ү-ҮІІ |
ақ, жа-
|
63. |
Қаратұт |
Ү |
ҮІ-ҮІІ |
ҮІ-ҮІІ |
қара-
|
64. |
Жапон бежесі |
ІҮ-Ү |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
сары-
|
65. |
Орман алмасы |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ-ІХ |
ҮІІІ-ІХ |
сары-
|
66. |
Жасыл шаған |
ІҮ-Ү |
ІХ |
ІХ-Х |
құба |
67. |
Кәдімгі шаған |
ІҮ-Ү |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-ХІ |
жасыл-
|
68. |
Соғды шағаны |
ІҮ-Ү |
ІХ |
ІХ-Х |
құба |
Ескерту: Күнпарақта жаппай гүлденуінің және жемістердің
(бүрлердің) пісуінің мөлшерлі мерзімдері көрсетілген, олар қолайсыз
жағдайларда кешірек басталуы мүмкін. Тұқым жинау үшін сондай-ақ
болжамды мерзімдер келтірілген. Сары қараған, қайың, терек пен
көкталдың жемістері мен сырғаларын толық піспей тұрып біраз ертелеу
жинайды, өйткені піскеннен кейін тұқымдар тез шашылып қалады.
Кәдімгі шағанның, қабыржықтың және итмұрынның жемістерін де
тұқымды себуге неғұрлым ойдағыдай әзірлеу үшін біраз піспеген
күйінде жинаған жақсы.
Орман тұқымдарын
дайындауды, өңдеуді
және сақтауды ұйымдастыру
ережесіне 4-қосымша
ОРМАН ТҰҚЫМДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ КІТАБЫ
Ағаш тұқымы _____________________ түр атауы
Осы
|
Тұқымның
|
Тұқым
|
Тұқым-
|
Тұқым сапасы |
||
Тұқым
|
Құжат-
|
Сапа
|
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Тұқым шығыны, кг |
Жыл басына
|
||
Тұқымның
|
Пайдала-
|
Есептен
|
|
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: Орман тұқымдарын есепке алу кітабы нөмірленуге,
жіппен байлануға және тұқым дайындаушы - орман иеленушінің (орман
пайдаланушының) мөрімен куәландырылуға тиіс.
Орман тұқымдарын
дайындауды, өңдеуді
және сақтауды ұйымдастыру
ережесіне 5-қосымша
Паспорт N _____
_________________________________________________ 200 ж. құрылған
(күні, айы)
______________________________________________________тұқым партиясы
(толық қазақша, латынша түрлік тұқым атауы)
____________________________________________________ кг, массамен
(жазбаша) (цифрмен)
1. __________________________________осы тұқым партиясын дайындады
(дайындаған, бағыныштылығын көрсете отырып)
2. Шаруашылық мекен-жайы және пошта индексі_________________________
____________________________________________________________________
3. Шаруашылықтың телеграф адресі ___________________________________
4. Тұқым, жеміс жиналатын уақыты _____________________________200 ж.
5. Тұқым, жеміс, бүршік жиналатын орын:_____________________________
(айы, жылы)
____________________________________________________________________
(орман, орман тұқым ауданының индексі, облысы, республикасы)
____________________________________________________________________
(орман шаруашылығы ООШ, Орманшылық)
Орман тұқымы объектісінің санаты____________________________________
(ООШ, ТОТУ, УОТУ т.б.)
Сортты және жаңартылған тұқым _____________________________________
(плантация N, учаске, орам, телім)
6. Алқаағаштардың, плантацияның, учаскенің таксациялық сипаттамасы:
құрамы ___________ бонитеті ____________ орман түрі ______________
жас тобы ___________________________________________________________
(балаусалар, орта жастағылар, пісіп келе жатқан, піскен)
Селекциялық тобы ___________________________________________________
Тұқымның орман өсіру бағалығы ______________________________________
(дұрыс, жақсартылғаны, іріктелгені)
Басқа мәліметтер____________________________________________________
7. Таулы жағдайлар үшін көрсетіледі:________________________________
а)теңіз деңгейінен биіктігі_________________________________________
б) бөктері (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік)______________________
8. Тұқым, жеміс, бүршіктерді жаппай дайындау алдында кіммен және
қашан алқаағаштарға алдын ала тексеру жүргізілді____________________
9. Бүршіктен тұқым қашан және қандай әдіспен алынады, бүршік
кептірушінің тұрпаты, температурасы және т.б._______________________
10. Қылқан жапырақтылар тұқымы қандай әдіспен және қандай механизмді
қолданумен қанатсыздандырылған және тазартылған__________
____________________________________________________________________
11. Тұқым құрған және шырынды жемістерден қандай әдістермен алынған___________________________ тұқым қандай әдіспен тазартылған
12. Тұқым тазарту қашан аяқталған__________________________________
(күні, айы, жылы)
13.Тұқым қайда сақталады____________________________________________
____________________________________________________________________
(жете көрсету: арнайы тұқым сақтағышта, ыңғайландырылған,
____________________________________________________________________
суық немесе жылы бөлмелерде, орларда, погребтерде және т.б.)
14. Тұқым қандай ыдыста сақталады___________________________________
(бөтелкеде, қапта, жәшікте және т.б.)
15. Тұқым қай жылдың жоспарына дайындалған__________________________
16. Тұқым қандай мақсатта дайындалған_______________________________
(өз шаруашылығында себу, басқа шаруа-
____________________________________________________________________
шылықты қамтамасыз ету, тәжірибе жасау үшін және т.б.)
М.О. Паспорт құрастыруға жауапты адамның,
қызметі және қолы
Орман тұқымдарын
дайындауды, өңдеуді
және сақтауды ұйымдастыру
ережесіне 6-қосымша
Заттаңба
1. Тұқымның түрлік атауы____________________________________________
2. Тұқымның орман тұқымдылық құндылығы ____________________________
____________________________________________________________________
(жақсы жақсартылған, іріктелген)
3. Орман тұқым ауданы, орман өсірілетін өңір, аймақ тармағы
4. Орам, телім нөмірі_______________________________________________
5. Артықшылығы бар ағаш нөмірі______________________________________
6. Шаруашылық атауы (ұйымы) ________________________________________
7. Дайындау жылы мен айы ___________________________________________
8. Паспорттың нөмірі мен берілген күні_____________________________
9. Партияның алғашқы массасы ____________________________________кг.
10. Ыдыс түрі және орам саны_______________________________________
11. Ыдыстың реттік нөмірі___________________________________________
12. Ыдыстағы тұқым массасы__________________________________________
(алғашқысы, және кейінгілері,
____________________________________________________________________
пайдалану тұқым мөлшері бойынша)
13. Тұқымның жарамдылығы туралы куәліктің нөмірі және берілген күні
_______ тұқымның сапа сыныбы __________ күшінде болу мерзімі _______
Тұқым сақтауға жауапты кісінің қызметі
және қолы
Орман тұқымдарын
дайындауды, өңдеуді
және сақтауды ұйымдастыру
ережесіне 7-қосымша
Осы акті бойынша іріктелген
барлық үлгілер орман шаруа-
шылығының мамандырылған
өкілетті органына жіберіледі
Акт N
Тұқым сапасын анықтау үшін орташа үлгілер алынған мекеме ұйым ______
____________________________________________________________________
(мекеме, ұйымының атауы) (аудан, облыс, республика)
200 ж. _______________ мен, тұқым жинауға уәкілетті адам
(күні, айы)
__________________________________________________________________
(қызметі, мекемесі, ұйымы)
__________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
______________________________________________________қатысушымен
(әрқайсысының қызметі)
мына төмендегі партиялардағы тұқымға тексеру жасалды және орташа
үлгілер бойынша сақталады_________________________________________
(сақталатын орын, шаруашылық ұйым)
р/с
|
Тұқым-
|
Тұқым-
|
Тұқым
|
Тұқым
|
Тұқым
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Ыдыс-
|
Пас-
|
Тұқым-
|
Орташа
|
Тұқым
|
Тұқым
|
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Тұқым үлгісін жіберген ____________________________________________
(орман тұқым станциясының аты)
13056.1-67 МемСТ бойынша үлгі тұқымы алынған
Тұқымды сақтауға жаупты кісінің
қызметі және қолы
Комиссия мүшелерінің қолдары:
Тұқым партияларының дұрыс сақталу жағдайларын жасауға, араласпауына,
қоқыстанбауына кепілдік беруші______________________________________
____________________________________________________________________
(шаруашылық ұйым, мекеме атауы)
Шаруашылық (ұйым) басшысының қолы __________________________________
____________________________________________________________________
(қызметі, аты-жөні, тегі)
Тұқым сақтауға жауапты адамның қолы_________________________________
____________________________________________________________________
(қызметі, аты-жөні, тегі)
Орман тұқымдарын
дайындауды, өңдеуді
және сақтауды ұйымдастыру
ережесіне 8-қосымша
Әртүлі ағаштар мен бұталардың тұқымдарын, жемістерін,
бүрлерін жинау, өңдеу және сақтау ерешеліктері
р/с
|
Жемістер мен
|
Жемістер
|
Жеміс
|
Тұқым сақтау |
||
сақ-
|
сақ-
|
ыл-
|
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Шырша: сібір, Шренк немесе Тянь-Шань |
|||||
1 |
Бүрлерді өсіп
|
Тұқымдарды
|
2-4 |
гер-
|
|
|
|
Сібір балқарағайы |
|||||
2 |
Тұқым жинауды
|
Жиналған
|
4-6 |
-"- |
4-5 |
8-9 |
|
а) ағаш
|
|
|
|
|
|
|
б) ағаш діңін
|
|
|
|
|
|
|
в) вибрациялық
|
|
|
|
|
|
|
Арша: виргиния; кәдімгі |
|||||
|
Бүржидектерді өсіп түрған
|
Бүржидек-
|
10-15 |
-"- |
2-3 |
|
|
Майқарағай: еуропа: Нордман немесе Кавказ; Сахалин; Сібір |
|||||
4 |
Бүрлерді өсіп тұрған немесе кесілген ағаштардан жинайды. Бүр жинауға, ағаштардың оңтүстік бетіндегі бүрлер шашыла бастағанда кіріседі. |
Бүрлер жақсы пісу үшін оларды жақсы желдетіле-
|
Еуропа майқа-
|
-"- |
2 дей-
|
11-
|
|
Қарағай: самырсынды; сібір самырсынды; корей немесе маньчжур, самырсынды қарағай |
|||||
5 |
Піскен бүрлерді
|
Бүрлерді
|
Сібір
|
Құр-
|
1
2 |
12-
|
|
Кәдімгі қарағай |
|||||
6 |
Бүр жинауды,
|
Тұқымды бүрлерден бүр кеп-
|
1-2 |
Гермети-
|
5-6 |
6-
|
|
Батыс бозаршасы |
|||||
7 |
Бүрлері піскен
|
Бүрлерді
|
4-10 |
-"- |
2-3 |
- |
|
Өрік: кәдімгі, маньчжур |
|||||
8 |
Жемістерін піскен кезде жинайды. Қанатсызданды-
|
Сүйектерін
|
Кә-
|
Сал-
|
2 |
кә-
|
|
Бұталы туша қурай |
|||||
9 |
Жеміс беретін бұтақтарды күзде және қыста қолға қолғап киіп жинайды |
Жеміс бұтақтарын кептіріп, електерде тазалайды
|
60-70 |
Гер-
|
3-4 |
11-12 |
|
Салпыншақ қайың |
|||||
10 |
Сырғаларда өсіп түрған ағаштар-
|
Сырғаларды жақсы желдеті-
|
Қабыр-
|
Гер-
|
|
|
|
Қайың: даур немесе қара, үлпек, орман және тас |
|||||
11 |
Сырғаларды өсіп тұрған ағаш-
|
Жоғарыда-
|
Даур қабығы -20
|
-"- |
-"- |
- |
|
Кәдімгі қынаағаш |
|||||
12 |
Жемісі піскен соң қолмен жинайды |
Жидектерді електен өткізіп, сумен жуады, електе қалыңдығын 1,5-2 см етіп жайып кептіреді. Немесе жи- дектерді електен өткізген соң мезга бар тұқымды кептіріп, сұрыптайды. Жемістер-
|
8-18 |
-"-
|
1-2 |
8-10 |
13 |
Жемісті ерте күзде себу үшін олар пісе бастағанда жинайды; ал ұзақ сақтау үшін - толық піскен соң жинайды. |
Долана: тікенді немесе кәдімгі; алқызыл; жемісті жеміс езгіште немесе електе, ағаш
|
15-20 |
Таза қап-
|
2 |
|
|
Аюбадан: кәдімгі, қызыл, қара |
|||||
14 |
Жеміс бұтақта-
|
Жемістерді електе ағаш ыдыстарда ағашпен тазалайды, жеміс езгіштерде өңдейді. Тұқымды сумен жуып, шүберек тартылған рамаларға 1 см қалыңдықта төсеп кептіреді, сұрыптайды |
Қызыл аюбадам -3-5;
|
Гер-
|
2 |
8-10 |
|
Шие: бұталы, дала, кәдімгі |
|||||
15 |
Жемісін бұтақтан қолмен үзіп жинайды, жеміс бақтарында жеміс жинау машинасы - ВСО-25 "Стрела"
|
Жемістен сүйекті алу үшін сүйек сылитын машина немесе жеміс езгіш қолданады. Аз дайын-
|
Бұталы шие - 12-15;
|
Таза қап-
|
2 |
10-12 |
|
Шегіршін: жылтыр; жапырақты, қарағаш; ұсақ жапырақты, бұжыр жапырақты |
|||||
16 |
Қанаттары сарғай баста-
|
Жемістерді
|
Жылтыр шегір-
|
Тұ-
|
-
1 |
7-8
|
|
Кәдімгі қарамала |
|||||
17 |
Піскен жемістерді өсіп тұрған ағаштардан жинайды жемісті қолға қолғап киіп үзеді, бұтақкескішпен кеседі, төселген төсенішке таяқпен ұрып түсіреді |
Жемістерді күн көзінде желділетін орында немесе бүр кептіргіште
|
20-25 |
қа-
|
4-5 |
11-12 |
|
Жемісті піскен соң өсіп тұрған ағаштан сілку немесе төселген брезентке ілгішпен түсіру арқылы жинайды. Жемістер біркелі піспесе, оларды қолмен жинайды. |
Алмұрт: кәдімгі: уссурий;
|
Кәдімгі алмұрт -0,6-
|
Гер-
|
2-3 |
10 |
|
Дерен: ақ, алқызыл және сәнтал |
|||||
18 |
бұтадан жеміс толық піскен кезде қолмен үзу немесе сілку арқылы жиналады |
Жемісті електен өткізеді. Тұқымды жеміс жұсағынан сумен жуып ажыратады, қалыңдығын 2-3 см етіп елекке жайып, сұрыптайды. |
Ақ
|
Таза қап-
|
1-2 |
10-12 |
|
Емен: қызыл, монғол, жартас, кәдімгі |
|||||
19 |
Дәмін жерде жинайды. бір учаскеде жинауды 3-5 күннен кейін қайталайды. Бірінші ауру,
|
Дәндерді
|
Емен: монғол
|
Қысқа сақтау:
|
Дән жи-
|
55-60 құрғақ
|
|
Ұшқат: Маак; кәдімгі; татар |
|||||
20 |
Жидектерді ашық жерлерде, орман шетінде қолмен үзу арқылы жинайды |
Жемісті електе, жеміс терка-
|
3-9 |
-"- |
2 |
|
|
Ақ күміс тал, тал |
|||||
21 |
Сырғаларын өсіп тұрған ағаштар-
|
Дайындал-
|
2-10 орташа 4,5-5 |
Герме-
|
1 жылға
|
6-7 |
|
Кәдімгі шәңгім |
|||||
22 |
Толық піскен жемістерді қолмен жинайды |
жемістерді жеміс теркасында, електе өңдейді және ағаш ыдыста езеді. Тұқымын (сүйегін) жеміс жұмсағынан сумен ажыратып, 1,5-2 см қалыңдықта жайып, кептіреді, сұрыптайды |
8-10 |
-"- |
2 |
8-10 |
|
Ағаш тәріздес қараған және сары қараған |
|||||
23 |
Жемістерді олар жарылмай тұрып бұтақтарын ұзындығы 0,5 м таяқпен ұрып төселген
|
Дәндерді пологқа
|
15-20 |
Жәшік-
|
3-4 |
11-12 |
|
Кәдімгі сәнағаш |
|||||
24 |
Жемісін өсіп тұрған ағаштардан піскен кезде қолмен үзіп және секатормен кесіп жинайды |
Жемістерді кішкене
|
22-25 |
жәшік-
|
2-3 |
|
|
Еуропа, себу талшыны |
|||||
25 |
Жемісін бірінші үсіктен кейін (жаппай түседі) жинайды |
Жиналған жемістерді ашық ауада жаңғағы шыққанға дейін кептіреді. Плюскадан аршылған жемістерді 8-10 см қалыңдықта жайып,
|
60 |
Қысқы
|
Жи-
|
|
|
Үйеңкі: ақ; далалық; үшкір жапырақты |
|||||
26 |
Өсіп түрған ағаштардан жиналады. Қанаттар
|
Жемістерді қолмен сағағынан, ұсақ бұтақтан т.б. тазартады. 5-10 см қалыңдықта жайып кептіреді. Тұқымдар-
|
70-90 |
Жә-
|
1 |
10-12 |
|
Кәдімгі атталшын |
|||||
27 |
Жемістерін бірінші үсіктен кейін жерден жинайды (бұл кезде олар жаппай түседі) |
Қорапша-
|
90-95 |
Ыл-
|
Жи-
|
14 |
|
Жөке: амур; кавказ; ірі жапырақты; ұсақ жапырақты
|
|||||
28 |
Жемістерін кесілген және өсіп тұрған ағаштардан қолмен үзу немесе гүлшоғырын бірге кесіп жинайды; таяқпен төселген төсенішке немесе қатты қарға түсіреді |
Жемістерді сағағынан, гүлінен тағы басқа қоспалар-
|
амур жөкесі 70-75; ірі
|
Гер-
|
2-3 |
10-12 |
|
Жіңішке жапырақты жиде |
|||||
29 |
Жемістерін ағаштардан қолмен үзеді, қолды тікеннен зақымдаудан
|
Дәнін алу үшін жемісті жеміс теркасынан өткізеді, дәнді сумен жуып, 2,5-3 см қалыңдықта төсеп кептіреді. Жемістің үлкен партия-
|
30-45 |
Таза қаптар-
|
3-4 |
12 |
|
Шырғанақ |
|||||
30 |
Жемісті күзде төселген пологқа
|
Мұздатыл-
|
10 |
Герме-
|
2 |
10-14 |
|
Жабысқақ қандыағаш |
|||||
31 |
Бүрлерді өсіп тұрған және кесілген ағаштардан қолмен немесе секатормен кесу арқылы жинайды. Бүрді су
|
Бүрлерден жеміс алуды бүр кептіргіште 40-45
0
С 1-2 тәулік немесе жылытыла-
|
3,5-12 (қазан-
|
Герме-
|
2-3 |
5-7 |
|
Грек жаңғағы |
|||||
32 |
Жемісін жерден жинайды. Жемістің түсуін тездету үшін бұтақтарды ілгіші бар ұзын таяқпен сілкиді. 10 га асатын бақтарда жеміс жинайтын ВСО-25 "Стрела"
|
Жемістерді жеміс жұмсағынан тазартуды қолмен немесе жаңғақ тазалайтын машинада жүргізеді. Қоспалар-
|
70-80 |
Салқын жерде
|
1 |
11-12 |
|
Көктерек |
|||||
33 |
Сырғаларды өсіп тұрған немесе кесілген ағаштардан қолмен жинайды. Тұқымның ұшуы бірнеше күн жүреді.
|
Тұқымның пісуі үшін сырға/ды желдеті-
|
|
Жина-
|
-
-
1 дей-
|
5-6
5,6
- |
|
Кәдімгі шабдал |
|||||
34 |
Жемістерді өсіп тұрған ағаштардан пісуі бойынша қолмен жинайды |
Жемістерді өңдейтін жерге жәшіктер-
|
10-35 |
Таза қап-
|
1-2 |
10 |
|
Раушан: даур, тікенді: қоқыр, ит |
|||||
35 |
Жемісті қолға қолғап киіп үзеді |
Жемістерді жеміс теркасында немесе тұқым тазалайтын машиналарда өңдейді. Шағын партиялар-
|
Даур розасы
|
Таза қап-
|
2 |
10-12 |
|
Кәдімгі метен |
|||||
36 |
Жемісі бар бұтақтарды өсіп тұрған ағаштардан қолмен үзеді немесе төселген төсенішке секатормен, бұтақкескішпен кесіп түсіреді. |
Жиналған жемістерді қоспалар-
|
3 |
Ыдыс-
|
2 |
9-10 |
|
Сексеуіл: ақ, құмды, қара |
|||||
37 |
Жемісті жинауды бірінші үсіктен кейін жүргізеді (бұл кезде жемістің жаппай түсуі
|
Тұқымды күн көзінде 2-3 күн бойы 6-7 % ылғалдыққа дейін 10 см қалың-
|
46 |
жақ-
|
|
|
|
Жалқын |
|||||
38 |
Жемісі пісе салысымен қысқа мерзімде қолмен жиналады. Қолға қолғап кию керек. Төселген төсенішке
|
Сыпырғыш-
|
15-45 |
Гер-
|
2 |
10 |
|
Қара өрік: үй, алша, уссурий, тікенді |
|||||
39 |
Жинауды қолмен жүргізеді. Бақтарда жеміс жинау үшін ВСО-25 "Стрела"
|
Сүйек
|
үй |
сал-
|
1-2 2 2 2 |
11 10-12 9-10 14-16 |
|
Қарақат: қызыл; қара |
|||||
40 |
Жидекті қолмен үзу немесе төселген төсенішке сілку арқылы жинайды. Үлкен плантацияда электр жидек жинайтын ЭЯМ-200-8 машинасын қолдануға
|
Жидектерді ағаш ыдыста, торда өңдейді, тұқымда суда жуады, қалқып шыққан бос тұқымды мезганы тастайды. Жемістен сок алу үшін жидекті преспен қысады. Алынған затты сумен араласты-
|
|
Не-
|
|
|
|
Сорақ: Палецкий; қара-черкез; Рихтер, геок черкез (Рихтер черкез) |
|||||
41 |
Қанатты жемістерді төселген төсенішке сілку арқылы қолмен жинайды. Орта аз ОШҒЗИ ауа
|
Жемістерді 2-4 күн желдетіле-
|
|
Құр-
|
жи-
|
6-7 |
|
Терек: ақ немесе күміс; қара |
|||||
42 |
Сырғаларды өсіп тұрған ағаштардан қолмен жинайды. Қорапшалар ашылып, ауада бірінші ұшпалар пайда болғанда жинайды |
Сырғалар толық пісу үшін оларды брезентке немесе фанердың бетіне 2-3 сырғадан қабаттап құрғақ жерде жаяды. 2-3 күннен кейін қорапшалар ашылып, ұшпалар пайда болғанда, сырғаларды тұқым алу үшін тұқым тазалайтын машинада немесе тесігі 2х2 мм темір тордан қолмен өткізеді. Ақ теректің сырғаларын торда 1 рет, қара бірінші өңдеуден кейін бір күн ауада кептіріп, екінші рет өңдейді.
|
ақ терек -4-11; қараша 3,5-12 |
Тұ-
|
-
1г дейін |
7-8
|
|
Жемісін піскен соң қолмен жинайды |
Жемісін жеміс теркасында немесе қолмен електеп ұсақтайды. Тұқымын қалдықтан жуып, қалыңдығын 1,5-2 см етіп жайып кептіреді |
3-10 |
Гер-
|
2 |
8-10 |
|
Тұт ағашы; ақ, тұт, шовтун, қара. |
|||||
43 |
Жеміс шоғыры төселген төсенішке бір бірүйлі немесе аталықпен қатар өсіп тұрған аналық ағаштан сілкіп түсіреді. Жемісі бірдей піспейтіндік-
|
Жеміс шоғыры жиналған күні өңдейді. Тұқымын алу үшін жемісті преспен қысады немесе қалқа салып тордан қолмен өткізеді. Тор тесікте-
|
2-4 |
Гер-
|
3 |
8-10 |
|
Алма: үй; паллас; сібір; қытай, жидекті |
|||||
44 |
Жемісін піскен соң өсіп тұрған ағаштардан ілмегі бар ұзын таяқпен жиналады. Бақтарда жеміс жинайтын - ВСО-25 "Стрела"
|
Қосымша өнімсіз тұқым алу үшін жемісті жеміс ұнтақтай-
|
|
Гер-
|
2 3 |
ор-
|
|
Шаған: жасыл; маньчжур,
|
|||||
45 |
Жемістерін өсіп тұрған ағаштардан қолмен, секатормен және бұтақкескішпен кесіп, төсенішке немесе тазаланған учаскіге сілкіп жинайды. |
Жемістерді сағағынан, ұсақ бұтақтан, жапырақтан және басқа қоспалар-
|
Шаған: кәдімгі 75-85;
|
Жә-
|
2 |
10-12 |