Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Банктi ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келiсiм беру және банктiң есеп айырысу-касса бөлiмдерiн ашу, жабу ережесiн және банктiк әрi банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргiзуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 12 шiлдедегi N 197 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 220 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 20 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3740. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 9 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 9   қаулысымен .
____________________________

      Банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi одан әрi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Агенттiк Басқармасының "Банктi ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келiсiм беру және банктiң есеп айырысу-касса бөлiмдерiн ашу, жабу ережесiн және банктiк әрi банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргiзуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 12 шiлдедегi
N 197  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3034 тiркелген, "Қаржы хабаршысы" N 10 журналында 2004 жылы жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      Аталған қаулымен бекiтiлген Банктi ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келiсiм беру және банктiң есеп айырысу-касса бөлiмдерiн ашу, жабу ережесiнде:
      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жеке және заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу";

      18-тармақтағы "дербес және шағын кәсiпкерлiк, микробизнес субъектiлерiн қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдамайды, банк шоттарын ашпайды және жүргiзбейдi, сондай-ақ заңды тұлғалардың экспорт-импорт операциялары бойынша төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырмайды".

      19-тармақтағы "он күнтiзбелiк күн" деген сөздер "бiр ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақтың 6) тармақшасының үшiншi абзацы алып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға

      Келiсiлдi
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі

      25.06.2005 ж.
      (қолы, күні, елтаңбалық мөр)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады