Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 230 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3755. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 145 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008.10.02 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Банктік және сақтандыру қызметін, бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерін, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлардың қызметін нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Заң департаменті (Байсынов М.Б.):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және орталық депозитарийге жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы      
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу   
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 
2005 жылғы 25 маусымдағы N 230     
қаулысының қосымшасы          

      Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 39 қаулысымен .         

Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар
рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік
инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары
үшін оффшорлық аймақтардың тізбесі

      1) Андорра князьдігі;
      2) Лихтенштейн князьдігі;
      3) Либерия Республикасы;
      4) Монако князьдігі;
      5) Маршалл аралдары (Маршалл аралдары Республикасы);
      6)-12) алынып тасталды .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады